Әсерлесу түрі
|
А әсерлесу тұрақтысы
|
Күштердің әрекет ету радиусы r, м
|
Ыдырау уақыты τ,с
|
күшті
|
1
|
10-15
|
10-23
|
электромагниттік
|
10-2
|
∞
|
10-16
|
әлсіз
|
10-6
|
10-18
|
10-8
|
гравитациялық
|
10-38
|
∞
|
-
|
А тұрақтысы күшті әсерлесу үшін шартты түрде бірлік ретінде алынған, әсерлесудің басқа түрлері үшін тұрақтылар күшті әсерлесуге қатысты анықталады.
Элементар бөлшектердің топтастырылуы. Элементар бөлшектерді әдетте төрт топқа бөледі. Бірінші топты әсерлесуді тасымалдаушылар құрайды. Екінші топты лептондар, үшінші – мезондар және төртінші – бариондар құрайды.
Өзара әрекеттерді тасымалдаушылар
|
Леп-тондар
|
адрондар
|
мезондар
|
бариондар
|
Нуклон-дар
|
Гиперондар
|
γ, W±, Zo, глюондар
|
е, μ, τ, νе, νμ, ντ
|
π, κ, η және резонанс-тар
|
p, n
|
Λ, Σ, Ξ, Ωжәне резонанстар
|
Өзара әрекеттердің тасымалдаушыларына фотон, W±және Zo – бозондар, және де глюондар жатады. Фотон электромагниттік өзара әрекеттесу тасымалдаушысы болып табылады, алW± және Zo – бозондар әлсіз өзара әрекеттесуді тасымалдайды.
Глюондар күшті әрекеттесуге жауап береді.
Лептондар. Лептондар (көне гректің – жеңіл) деп күшті әсерлесуге қатыспайтын, спині ½- ге тең, элементар бөлшектерді айтады, яғни лептондар – фермиондар. Лептондарға электрон е-, мюон μ-, τ – лептон, нейтриноның барлық түрі (νе электрондық, νμ – мюондық, ντ τ – лептондық) және бұлардың антибөлшектері жатқызылады.
Барлық лептондар әлсіз әсерлесуге қатынасады. Электрлік заряды бар лептондар (электрондар, мюондар және τ – лептондар) әлсіз әсерлесумен қатар, электромагниттік әсерлесуге де қатысады.
Мезондар. Күшті әсерлесуге қатысатын элементар бөлшектер адрондар деп аталады. Адрондар өз кезегінде екі топқа: мезондар және бариондарға бөлінеді.
Мезондар (көне грекше – орташа, аралық) деп нөлдік немесе бүтін санды спинге ие адрондар осылай аталады. Бұлардың қатарына π -, κ-, η-мезондар, және де мезондық резананстар, яғни өмір сүру уақытының реті 10-23 с мезондар жатады. Барлық мезондар – бозе-бөлшектер болып табылады. Мезондар күшті электромагниттік (егер электр заряды болса) және әлсіз әсерлесуге қатысады.
Бариондар. Бариондар (көне грекше – ауыр) деп бүтіннің жартысына тең спинге ие адрондарды айтады. Бариондардың ең жеңілі протон. Барлық бариондар ферми-бөлшектер болып табылады.
Бариондарға нуклондар (протн және нейтрон), гиперондар және бариондық резонанстар жатады.
Протоннан басқа барлық бариондар орнықсыз. Олар нуклондарға және жеңіл бөлшектерге ыдырайды.
Кварктар. Іргелі жорамал бөлшектер. Қазіргі заман түсініктері бойынша барлық белгілі адрондар кварктардан тұрады.
Кварктардың спині ½-ге тең (ћ бірлігінде), өйткені тек фермиондардан фермиондарды да (ферминдардың тақ санынан), бозондарды да (фермиондардың жұп санынан) «құрастырып» алуға болады.
Кварктарға электрлік және бариондық бөлшек зарядтар таңылады.
2.4.2. Есеп шығару үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |