Ядролық күштер. Ядроның массасы және байланыс энергиясы
Ядролық күштер. Ядролардағы нуклондардың орасан зор байланыс энергиясының болуы (атомдағы электрондардың байланыс энергиясымен салыстырғанда) нуклондар арасында қуатты ядролық тартылыс күштерінің әрекет ететіндігін білдіреді, бұлармен салыстырғанда электромагниттік тебіліс күштері жүздеген есе әлсіз. Осы күштердің ерекше өзгешеліктерін атап өтейік. (Х. Юкава, 1935):
Ядролық күштер жақыннан әрекет етуші күштер, бұлардың әрекет ету радиусы r ~ 10-15 м.
Ядролық күштер зарядтық тәуелсіздік байқатады; екі протон арасындағы, екі нейтрон арасындағы, нейтрон – протон арасындағы өзара әрекет ету күштері бірдей болады.
Ядролық күштер қанығу қасиеттеріне ие (әрбір нуклон оған ең жақын көрші нуклондардың шектеулі санымен өзара әрекеттеседі).
Ядролық күштердің шамасы нуклондардың спиндерінің бағытына тәуелді болады (дейтрон – дейтерий ядросы, егер нуклондарының спиндері параллель болса орнықты болады).
Достарыңызбен бөлісу: |