ПОӘК 042-18.30.1.40/02-2014
|
№ 2 баспа 11.09.2014
|
Бет -
|
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Мектепке дейінгі педагогика»
мамандық үшін 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей – 2014
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 03.09.2014
аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1. 03.09.2014ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама №1. 05.09.2014ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1. 11.09.2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
Мазмұны
1. Жалпы ережелер
2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
4. Пәннің форматы
5. Пәннің саясаты
6. Баға қою саясаты
7. Әдебиетт
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы тжәне пән уралы жалпы мәліметтер
Мухметова Раукен Женисовна- Аға оқытушы.
Педагогика кафедрасы.
Байланыс ақпараты – тел. 33-43-33, Таңірбергенов 2 ғимарат, 310 кабинет
Сабақ өткізу орны – №2 ғимарат
Пән аты – «Мектепке дейінгі педагогика»
Кредит саны: 3
1.2. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер әлемдік деңгейде мамандар даярлау мәселесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Бұл талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ұйым мамандарын даярлауда «Мектепке дейінгі педагогика» пәнінің маңызы зор.
Пәннің мазмұны студенттерді мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу теориясымен, мектеп жасына дейінгі шақтағы балалардың даму ерекшеліктерімен, мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігімен, отбасымен жұмыс әдістемесімен, мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен сабақтастығы мәселесімен таныстыруды қамтиды.
1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:
Студенттерді тәрбиеші мамандығы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі туралы біліммен қаруландырып, практикалық дағдысы, кәсіби біліктілігін, құзыреттілігін, жаңаша жұмыс істеу қабілетін дамыту.
1.5. Оқытудың нәтижелері:
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
-Білу:
- мектепке дейінгі педагогика ғылымының зерттеу әдістерін;
- сәби шақтағы балалардың дамуы мен тәрбиелеу заңдылықтарын;
- мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін;
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негіздерін білуі керек;
-Игеру:
- жаңа сұранысқа сәйкес оқу-тәрбие процесін жүргізетін, әдіс-тәсілдерді түрлендіретін, педагогикалық технологияларды меңгергеруі керек
- кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, қазіргі заманның маманына қойылатын талаптарды меңгеруі керек.
-Ұғып алу:
- мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерінің ерекшеліктерін;
-Түсіну:
- мектепке дейінгі педагогикадан меңгерген теориялық білімін практикалық мәселелерді шешуде қолданудың қажеттігін түсінуі керек;
-Қалыптастыруы тиіс:
дағдысы:
- Компьютерлік және коммуникативті сауаттылық;
- Балалардың шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға арналған инновациялық жаңалықтарды қолдана отырып оқу-тәрбиені ұйымдастыру және өткізу;
- Педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.
құзыреттілігі:
- Балалардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру;
- Балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторнигін жасау;
1.6 Пән пререквизиті:
1.6.1 Педагогикалық мамандыққа кіріспе;
1.7 Пән постреквизиті:
1.7.1 Педагогика
1.7.2 Психология және адам дамуы
1.7.3 Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
1.7.4 Этнопедагогика
2.ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
Кесте 1
№
|
Тақырыптары
|
Сағаттар
|
Әдебиеттер
|
Д/С
|
П/С
|
ЛБ
|
Білім алушының ОӨЖ
|
Білім алушының ӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
| Модуль 1. Мектепке дейінгі педагогикның негізгі мәселелері |
|
|
|
|
|
|
1
|
Тақырып 1. Кіріспе. Мектепке дейінгі педагогикағылым ретінде: пәні, қызметі
Мектепке дейінгі педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және ғылымдар жүйесіндегі орны. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістері.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.
|
2
|
Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы қазіргі отандық және шетел теориялары, оларға сипаттама
«Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдары. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар. Тұлға дамуының жас кезеңдері және оларды тәрбиелеу. Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы отандық және шетел теориялары.
|
2
|
1
|
|
|
|
Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.
|
3
|
Нәрестелік шақтағы балалардың дамуы және оларды
тәрбиелеу
Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы: туғаннан 3-айға дейінгі балалар тәрбиесі; 3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесі; 6 - айдан 9 - айға дейінгі балалар дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері; 9 - айдан 12 - айға дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуы.
|
2
|
1
|
|
|
|
Аймағамбетова Қ.А. Мектепке дейінгі және бастауыш білім курсы бойынша семинарлық, практикалық сабақтар.-Алматы, 2002-262б.
|
4
|
Сәбилік шақтағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу
Сәбилік шақтың ерекшелігі. Сәбилік шақта балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасуы. Сәбилік шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу. 3 – жас дағдарысы.
|
2
|
1
|
|
|
|
Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.
|
|
Модуль 2. Мектепке дейінгі жастағы оқыту және тәрбиелеу негіздері
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, көркемдік-эстетикалық тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
|
2
|
1
|
|
|
-
|
Жұмабекова Ф. Балабақшадағы көркемдік тәрбие.- Алматы, 2000-151б.
|
6
|
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру
Әлеуметтендіру түсінігі. Әлеуметтендіруге әсер ететін факторлар. Әлеуметтендіру институттары. Әлеуметтендіру агенттері және құралдары.
|
2
|
1
|
|
|
|
Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.
|
7
|
Балабақшадағы дидактика
Оқыту ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары және қозғаушы күштері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері.
|
2
|
1
|
|
|
|
Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.
|
8
|
Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс: теориялық негізі, мәні, құрылымы, оның компоненті
Педагогикалық үрдіс туралы түсінік. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістегі балалар әрекеттерінің ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі және оның құрылымы. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
Күребаева Г.А. Мектеп жасына дейінгі балалрды ойлау әрекетінің диагностикасы.-Семей, 1999-46б.
|
9
|
Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуы
Денсаулық сақтау құзыреттілігі. Коммуникативті-тілдік құзыреттілік. Танымдық құзыреттілік. Шығармашылық құзыреттілік. Әлеуметтік құзыреттілік. Балалардың құзыреттілік дамуының индикаторы, оның қызметі, құрылымы, сипаттамасы.
|
2
|
1
|
|
|
|
Адашкявичине Э.И. Спортивные игры и упражнения в детском саду.-Москва, 1992-159с.
|
10
|
Мектепке дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті
Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті - ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи әлеуметтік сипаты. Ойын түрлері және олардың мазмұны, ұйымдастырылу ерекшеліктері. Заттық-дамытушы ортаны құру.
|
2
|
1
|
|
|
|
Дүкенбаева Г.Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992-59 б.
|
11
|
Балалар ойыншығы
Ойыншықтар және олардың балалар өміріндегі маңызы. Ойыншық түрлері және оның жіктелуі. Әртүрлі жастағы балалардың ойыншықтары және оның педагогикалық үрдістегі орны.
|
2
|
1
|
|
|
|
Артемова Л.В. Окружающий мир в дидактических гирах дошкольников.-Москва, 1992-96с.
|
|
Модуль 3. Отбасы, мектепке дейінгі ұйым және мектептің сабақтастығы
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Баланы мектепке дайындау
Қазақстан Республикасында балаларды мектепке дайындау мәселелері. Мектепалды балаларын мектепке оқуға даярлаудағы психолог-педагогтардың зерттеулері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындау.
|
2
|
1
|
|
|
|
Жұмабекова Ф. Балабақшадағы көркемдік тәрбие.- Алматы, 2000-151б.
|
13
|
Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс формалары. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.
|
2
|
1
|
|
+
|
|
Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.
|
14
|
Мектепке дейінгі ұйым және отбасы
Отбасы – мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптастыру ортасы. Қазақстандағы отбасы саясаты және демография. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері. Халық тәжірибесінде отбасының балаларды тәрбиелеудегі орны.
|
2
|
1
|
|
|
|
Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.
|
15
|
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқыту нәтижелері туралы ұғым. Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау.Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың маңызды нәтижесі ретінде.
|
2
|
1
|
|
|
|
Күребаева Г.А. Мектеп жасына дейінгі балалрды ойлау әрекетінің диагностикасы.-Семей, 1999-46б
|
3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар.
Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.
Реферат жазуға әдістемелік нұсқау
Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.
Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Фактілі дәлелдер (аргументтер);
Теоретикалық негіздеме;
Терминдерді қолдану;
Цитаталарды келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылыққа мән беру.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:
1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;
2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;
4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
5. Безендірілу сипатына;
6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
4. ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті , өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу бақылау түрінде өткізіледі.
Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды ескеру қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.
5. ПӘН САЯСАТЫ
Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар
Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.
Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .
Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.
Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс.
Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.
Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.
Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттердің теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.
Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:
біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;
өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;
жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;
топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез-құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.
Сонымен, студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында орындауы , өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларына бағытталған белсенділігі және т.б. студенттердің пәнді толық Жан-жақты меңгеруінің кепілі болмақ.
6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
пәнін оқытуда екі рет аттестация қойылады. Әр аттестацияны есептеу үшін келесідей критерийлер қарастырылады:
Дәріс сабағына қатысу төмендегідей бағаланады:
дәріс сабағы – 30 баллға тең.
Тәжірибелік сабақтың жауабы –баллмен бағаланада.
БОӨЖ бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады
БӨЖ-де бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады
«Мектепке дейінгі педагогика» пән пән бойынша баллдардың реттелуі
Кесте 2
Апта
|
Бақылау түрі
|
Жалпы балл
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1-7 апта аралығында дәрісханалақ сабақтарға қатысу
|
30
|
|
1 апта
|
Кіріспе. Мектепке дейінгі педагогикағылым ретінде: пәні, қызметі
|
|
|
2 апта
|
Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы қазіргі отандық және шетел теориялары, оларға сипаттама
|
|
|
3 апта
|
Нәрестелік шақтағы балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу
|
50
|
|
БӨЖ: Мектепке дейңнгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу тарихы. форма: хонологиялық кесте жасаңыз
|
40
|
|
4 апта
|
Сәбилік шақтағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу
|
|
|
5 апта
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі
|
|
|
6 апта
|
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру
|
50
|
|
БӨЖ: Мектепке дейінгі балалардың жас кезеңдеріне анықтама беріңіз. форма: кесте құрыңыз
|
40
|
|
7 апта
|
Балабақшадағы дидактика
|
|
|
Межелік бақылау 1
|
90
|
|
1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл
|
300
|
|
|
8-15апта аралығында дәрісханалақ сабақтарға қатысу
|
30
|
|
8 апта
|
Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс: теориялық негізі, мәні, құрылымы, оның компоненті
|
|
|
9 апта
|
Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуы
|
|
|
10 апта
|
Мектепке дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті
|
|
|
11 апта
|
Балалар ойыншығы
|
50
|
|
БӨЖ: Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогика элементтерін қолдану жолдары. Форма: шығармашылық жоба (слайд)
|
40
|
|
12 апта
|
Баланы мектепке дайында
|
|
|
13 апта
|
Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы
|
|
|
14 апта
|
Мектепке дейінгі ұйым және отбасы
|
50
|
|
|
БӨЖ: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетіндегі ойыншықтар, ойыншық түрлері, оларға қойылатын талаптар. Форма: жаднама жасаңыз
|
40
|
|
15 апта
|
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу
|
|
|
Межелік бақылау
|
90
|
|
8-15- апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл
|
300
|
|
Емтихан үшін жалпы балл
|
400
|
|
Академиялық кезең бойынша жалпы балл
|
1000
|
|
7 ӘДЕБИЕТ
Негізгі әдебиеттер:
Аймағамбетова Қ.А. Мектепке дейінгі және бастауыш білім курсы бойынша семинарлық, практикалық сабақтар.-Алматы, 2002-262б.
Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.
Балаларды міндетті мектепалды даярлау тұжырымдамасы – Алматы, 1999.
Балбөбек бағдарламасы. - Алматы, 2000.
Едігенова А. Ж. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық кеңес: даярлық және өткізу.- Алматы, 2006.- 60 бет.
Жұмабекова Ф. Балабақшадағы көркемдік тәрбие.- Алматы, 2000-151б.
Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.
Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.
Родинова Ж.Н.Формирование эстического воспрятия художественного текста у детей дошкольного возраста.-Барнаул,2010.-90б.
Қосымша әдебиеттер:
Адашкявичине Э.И. Спортивные игры и упражнения в детском саду.-Москва, 1992-159с.
Артемова Л.В. Окружающий мир в дидактических гирах дошкольников.-Москва, 1992-96с.
Артемова Л.В. Театрализованные игры дошкольников.-Москва, 1991-127с.
Баймұратова Б.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.-Алматы, 1990-144 б.
Баймұратова Г. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағыты бойыншы (әдістемелек нұсқау).-Алматы, 1992.-208б.
Бакраденова А. Баймұратова Б. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы,1992-208б.
Венгер Л.А. Педагогика способностей.-Москва, 1973-117с.
Ветлуги Н.А. Нраственно-эстетическое воспитание ребенка в детском саду.-Москва, 1989-79с.
Ветлугина Ж.А.Эстетическое воспитание в детском саду.-Москва, 1985-207с.
Галеева Г.С. Примеры с разработки занятия по русскому языку для национальных дошкольных учереждений и подготовительных классов.-Алма-ата, 1985-96с.
Демурова Е.Ю. Островская Л.Ф. О руководстве демском саду.-Москва, 1973-159с.
Дошкольная педагогика. в 2-х ч.Ч.1.-М.,1988, Ч.2-М.,1988.
Дүкенбаева Г. Дамашева А. Шағын (құрама) балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.-Алматы, 1991-106 б.
Дүкенбаева Г.Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992-59 б.
Жұмабекова Ф. Балабақшадағы тұрмыстық талғам.-Алматы, 1994-30б.
Жүнісбек Ә.Қазақ тілі балабақша бастауыш мектептеріне арналған ойын құралы.-Алматы,1992-23б.
Күребаева Г.А. Мектеп жасына дейінгі балалрды ойлау әрекетінің диагностикасы.-Семей, 1999-46б.
Қасымжанова М. Жол және бала.-Алматы,1992-69б.
Лучич М.В. Детя о природе.-Москва, 1989-143с.
Марковекая М.М.Урок природы в детском саду.-Москва, 1989-144с.
Мейжанова Ә. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 1982-239б.
Метшина Л.С. Математика в детском саду.- Москва, 1984-256с.
Нисканен Л.Г. Методические рекамендаций к изучению курса, основы природоведения и методика ознакомления детей с природой.-Москва, 1990-80с.
Пустынникова Л.Н. Коньки в детском саду.-Москва, 1988-80с
Сакулина Н.Б., Камарова Т.С. Изобразительная деятельность в детском саду.-Москва, 1982-208с.
Халезова Н.Б. Лепка в детском саду.-Москва, 1986-144с..
Чумичева Г.М. Дошкольникам о живописи.-Москва, 1992-126с.
Шишикина В.А. Движение+движение: кн для воспитание детском саду.-Москва, 1992-95с.
Мерзімді басылым:
ВолошинаА.Становление профессионилизма будущих педагогов дошколбного образование // Дошкольное воспитание, 2011, №6 , 93-95 с.
Данашева А. Заттың дамытушы ортаның мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіруге орны //Бастауыш мектеп, 2009, №10, 9-12б.
ЖиенбаеваС. Балабақшаның еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибиесін қалыптастыруда даралығын ескеру // Қазақстан орта мектебі, 2008, №5-10, 7-15б.
Жұсқабайев О. Балабақша бүлдіршіндерді әлеуметтендіру институты ретінде // Ұлт тағылымы, 2010, №3, 60-63 б.
Кереева А. Ерте жастан үш тілге қатар үйрету // Отбасы және балабақша, 2012, №6, 4-5б.
Крулехт М. Инновационные программы дошкольного образования: Научно-методические и организационные методы их реализации // Дошкольное воспитание, 2003, №5, 74-79 с.
Өтеген Б. Мектеп жасына дейінгі жастағы балардың танымдық процестерін анықтау әдістері // Білім=Оброзование, 2010, №2, 71-73б.
Пірашев С. Ұлтжандылыққа ұрпаққа салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу ережелері // Білім=Оброзование, 2010, №2, 51-57б.
ТрубайчукЛ.Учет гендерной специфики в образовании детей дошкольного возраста // Дошкольное воспитание, 2011, №7, 35-38 с.
Тіленбаева Н.Б Дидактикалық ойынның маңызы // Отбасы және балабақша, 2009, №2, 30-31бет.
Феоктисрова Т. Из опыта духовно-нравственного воспитания старших дошкольников // Дошкольное воспитание, 2006, №4, 30-33 с.
Достарыңызбен бөлісу: |