|
2 пән Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросының физикасы, астрономияАрнаулы салыстырмалылық теориясының (АСТ) негіздері. Кинематика. Динамика
|
бет | 5/10 | Дата | 29.05.2023 | өлшемі | 33,61 Kb. | | #42831 |
| физика ответыАрнаулы салыстырмалылық теориясының (АСТ) негіздері. Кинематика. Динамика
Эйнштейн постулаттары (алғы шарттары және тұжырымдамалары). Лоренц түрлендірулері және олардың кинематикалық салдары: бір мезгілдің, уақыт аралығының, ұзындық кесіндісінің салыстырмалылығы. Уақыт бойынша абсолют өткен және абсолют алыс оқиғалар. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.
Релятивтік импульс. Релятивтік масса және тыныштық масса мәселелері. АСТ-ғы Ньютонның екінші заңы. Энергия мен импульстің байланысы. Масса мен энергияның өзара байланысы.
Сұйықтар
Термодинамикадағы және МКТ-дағы сұйық агрегаттық күй. Сұйықтықтың беткі қабатының ерекшеліктері. Беттік керілу коэффициенті, оның өлшем бірлігін анықтау. Жұғу және жұқпау. Шектік бұрыш. Лаплас қысымы. Капиллярлық құбылыстар.
Электр зарядтары және электр өрісі
Зарядтың қасиеті. Нүктелік және үздіксіз үлестірілген зарядтың моделі. Өткізгіштер және диэлектриктер. Кулон заңы. Алыстан және жақыннан әсерлесу теориясы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі.
Зарядтың электростатикалық өрісте орын ауыстырғандығы жұмысы. Электростатикалық өрістегі зарядтың потенциялық энергиясы. Потенциал. Эквипотенциал беттер. Суперпозиция принципі. Қозғалмайтын нүктелік зарядтардың жүйесінің энергиясы және электростатикалық өрістің энергиясы.
Диэлектриктер. Бос және байланысты зарядтар. Диэлектриктердің түрлері. Диэлектриктердегі өріс кернеулігі. Электрлік индукция векторы. Диэлектрлік өткізгіштік. Біртекті және гетерогенді өрістегі диэлектрик.
Өткізгіштер. Өткізгіштегі электр зарядының орналасуы. Өткізгіштегі өрістің потенциалы, өткізгіш бетіне жақын маңайында өріс кернеулігінің зарядтың беттік тығыздығымен байланысы. Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіштер. Ықпал арқылы электрлену. Электростатикалық қорғаныс.
Өткізгіштердегі тұрақты электр тогы
Ток ұғымы. Өмір сүру шарттары. Ток күші. Тұрақты ток. Тұрақты ток электр тізбегінің сипаттамалары. Тізбектің бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңы. Дифференциалды және интегралды формалардағы Ом заңы. Сыртқы тізбекте өткізгіштерді және ток көздерін қосу. Тұрақты ток тізбегіндегі жұмыс және қуат. Интегралдық және дифференциалдық формалардығы Джоуль- Ленц заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|