|
2 пән Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросының физикасы, астрономия
|
бет | 1/10 | Дата | 29.05.2023 | өлшемі | 33,61 Kb. | | #42831 |
| физика ответы
2 пән Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросының физикасы, астрономия
Кинематика. Механикалық қозғалыс
Механикалық қозғалыс туралы түсінік. Санақ жүйесі, орынауыстыру, жылдамдық, үдеу. Қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар және кинематикалық ұғымдар. Түзу сызықты және қисық сызықты, біркелкі, біркелкі емес, тербелмелі қозғалыстар. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилей түрлендірулері. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы. Дененің шеңбер бойымен қозғалысының және тербелмелі қозғалыстың сипаттамалары. Қозғалыстың сызықтық және бұрыштық сипаттамалары және олардың арасындағы байланыс.
Механика – материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым. Бұл қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады. Галилей-Ньютонның механикасы классикалық механика деп аталады және жылдамдығы жарық жылдамдығымен салыстырғанда өте аз болатын макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдарын оқытады. А.Энштейннің тұжырымдауы бойынша макроскопиялық денелердің жарық жылдамдығымен салыстырмалы жылдамдығының қозғалыс заңдары - салыстырмалық теориясы көмегімен қарастырылады. Макроскопиялық денелер (жеке атомдар және элементар бөлшектер) қозғалысын сипаттау үшін классикалық механика заңдары қолданылмайды - оларды кванттық механика оқытады Кинематика – денелер қозғалысын, осы қозғалысты тудыру себептерін қарастырмай оқытатын бөлім Динамика – денелер қозғалысының заңдарын, осы қозғалысты тудыратын және өзгертетін себептерді қарастыра отырып оқытатын бөлім Статика – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады. Егер денелер қозғалысының заңдары белгілі болса, онда олардың көмегімен тепетеңдік заңдарын тұжырымдауға болады. Сондықтан физикада статика заңдарын динамика заңдарынан бөліп-жарып қарастырмайды. Механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайымы болып материялық нүкте қозғалысы табылады.
Механикалық қозғалыс. Материялық нүкте. Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Материялық нүкте – деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады. Материялық нүкте - бұл абстрактілі ұғым, оны енгізу көптеген физикалық құбылыстарды оңайлатады. Мысалы, орбита бойымен Күнді айнала қозғалып жүрген планеталарды материялық нүкте ретінде қарастыруға болады. Себебі планеталардың бір-бірінен немесе Күннен ара қашықтығы өзінің өлшемінен бірнеше есе аз. Қозғалыстағы дене уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатысты өзінің орнын өзгертіп отырады. Сондықтан да материялық нүкте қозғалысын сипаттау үшін, осы нүктенің кеңістіктегі орнын және уақыт өтуіне қарай оның қалай өзгертетінін білуіміз керек. Қарастырылып отырған материялық нүктенің орны алдын-ала таңдап алынған қандай да бір басқа денеге қатысты анықталады. Ол дене санақ денесі деп аталады. Бірақ, оның да қозғалыста болуы әбден мүмкін. Сондықтан да қозғалыс алдын-ала таңдап алынған қандай да бір денеге қатысты қарастырылады. Осылай таңдап алынған дене шартты түрде қозғалмайтын болып есептеледі де, ал онымен байланысып тұрған х1, у1 және z1 координаталар жүйесі материялық нүктенің орнын анықтайтын санақ жүйесі деп аталады. А нүктесінің кеңістіктегі орны (декарттық координаталар жүйесінде) санақ басынан берілген нүктеге дейін жүргізілген r радиусвекторымен немесе осы вектордың х1, у1 және z1 осьтеріндегі проекциялары арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|