|
10. Электростатикалық өріс потенциалы. Потенциалдар айырмасын өлшеу
|
Дата | 31.05.2020 | өлшемі | 31,94 Kb. | | #30788 |
| магнетизм 10-12.
10. Электростатикалық өріс потенциалы. Потенциалдар айырмасы. Потенциалдар айырмасын өлшеу.
Потенциал – бірлік оң зарядты электр өрісінің берілген нүктесінен басқа нүктеге көшіргенде өріс күштерінің жұмысымен анықталатын физикалық шама. Электростатикалық өрістің берілген нүктесіндегі потенциалы осы нүктеге орналастырылған бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясымен анықталатын скаляр физикалық шама.
Электростатикалық өрістің 1 және 2 нүктелерінің потенциалдар айырмасы бірлік оң зарядты 1-ші нүктеден 2-шіге орын ауыстырғандағы өріс күштерінің атқаратын жұмысына тең:
Потенциалдың өлшем бірлігі – вольт (В): 1Кл зарядтың 1Дж потенциалдық энергияны иеленетін өріс нүктесінің потенциалы 1В-қа тең деп алынады.
Потенциалдар айырмасы - электр заряды бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда электр өрісі күшінің атқаратын жұмысының сол зарядтың шамасына қатынасы. Потенциалдар айырмасының өлшем бірлігі — вольт (В). Потенциалдар айырмасы ұғымы өріс күшінің жұмысы зарядтың қозғалыс траекториясына тәуелсіз болғанда ғана қолданылады. Бұл жағдайда екі нүктенің Потенциалдар айырмасы осы нүктелердің орындары арқылы бір мәнді анықталады.
11. Электростатикалық өріс кернеулігі мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс. Эевипотенциал беттер.
Қозғалмайтын электр зарядтарының элетр өрісі электростатикалық өріс деп аталады.
берілген нүктедегі өрістің потенциалы.
-потенциалдар айырымы.
Потенциалдар айырымы электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
Электр өрісінің кернеулігі қарастырылатын нүктелер арасындағы кернеудің олардың ара қашықтығына қатынасына тең.
Потенциалдың таралуын график жүзінде бейнелу үшін эквипотенциал беттер пайдаланылады. Эквипотенциал беттер дегеніміз барлық нүктесінде потенциалдары бірдей мәнде болатын беттер.
Көбіне эквипотенциал беттерді екі көрші эквипотенциал беттердің арасындағы потенциалдар айырымы бірдей болатындай етіп жүргізеді. Сонда эквипотенциал беттердің қалыңдығы әртүрлі нүктедегі өріс кернеулігін көрнекі етіп сипаттайды. Осы беттер қалың орналасқан жерде өріс кернеулігі үлкен.
Нүктелік заряд үшін потенциал , сондықтан эквипотенциал беттер концентрлік сфера болады. Екінші жағынан кернеулік сызықтар радиал түзулер болады. Сонымен кернеулік сызықтары эквиотенциал беттерге перпендикуляр.
Барлық жағдайда векторы эквипотенциал бетке перпендикуляр және барлық уақытта потенциалдың кему бағытына қарай бағытталғанын көрсетуге болады.
12. Электр сыйымдылық. Электр сыйымдылығының бірлігі.
Электр Сыйымдылық – өткізгіштің немесе өткізгіштер жүйесінің электр зарядтарын жинау және ұстап тұру қабілетін сипаттайтын физикалық шама. Өткізгіштің (жеке оқшау өткізгіштің) электрлік сыйымдылығы – өткізгіштен шексіз қашықтықта орналасқан нүктенің электр потенциалы нөлге тең деп қабылданған және басқа барлық өткізгіштер шексіз қашықтықта орналасқан деп ұйғарған жағдайда (жеке оқшау өкізгіш деп ) өткізгіш зарядының оның электр потенциалы қатынасына тең скаляр шама:
С = Q/U.
Екі өткізгіштің өзара электр сыйымдылығы олардың өлшемдеріне, пішіндеріне, өзара орналасуына және олардың арасындағы ортаның диэлектрик өтімділігіне (ɛр) тәуелді болады. Электрлік сыйымдылық тың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі – фарад (Ф). Электрлік сыйымдылықты өлшеу үшін сыйымдылық өлшеуіштерді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|