Бұлардан басқа объектіге сілтеме орнататын Оbjесt (Объект) атаулы тип те бар, т.с.с.
Жадта қажетті орындар бөлу үшін айнымалылар Dim не Static операторлары арқылы сипатталады (dimension - статикалық, static – статикалық, қозғалмайтын).
Сипаттау үлгілері:
Dim х% ; Dіт х Аs Іпtеgеr
Dim у, z # ; Віт у Аs single,z Аs Double
Static а$ ; Static a As String, т.б.
Dіm, Static кілттік сөздерінің бірі бір процедура ішінде пайдаланылатын айнымалыларды сипаттау кезінде жазылады. Олардың орнына Ргіvаtе кілттік сөзін жазу да мүмкін.
ОLЕ технологиясы
Элементтер панелінін ОLЕ элементі арқылы формада орнатылған объектіге (ОІ.Е- объектісіне) Windows-та жұмыс істейтін қосымшалар белгішелерін орнатып, оларды формада бірден іске косуға болады (ОLЕ (Оbjесt Lіnkіпg and Еmbеddіпg - объекгілерді қатарластыру және байланыстыру)). Мұндай технология ОLЕ технологиясы делінеді, VВ-ке оның ОLЕ автоматтандыруы деп аталатын жеке түрі енгізілген. Мысалы, ОLЕ- объектісін Word 97 мәтіндік редакторымен жұмыс істеуге пайдалану тәсілі:
Орталықтан жаңа форма ашу.
Формада ОLЕ- объектісін орнату. Тышқан түймесі босатылған кезде қосымшалар тізімі енгізілген oбъектіні кірістіру сұхбаттық терезесі көрінеді (5 - сурет).
3. Тізімнен Документ Місrоsоft Word қатарын таңдап, Белгіше түрінде (В виде значка) жалаушасын орнату. Жалаушаның астыңғы қатарында Word белгішесі орнатылып койылады.
4. Терезенің ОК түймесін шерту. Форма ашылып, оның ОLE объектісі ішінде Word белгішесі көрінеді. Алғашқы рет бірден Word редакторы да іске косылуы мүмкін.
5. Проектіні сақтау.
6. Іске қосу комаңдасын беріп, көрінген форманың ОLЕ объектісінде орналасқан Word белгішесін екі рет шерту. Word редакторы іске косылады да. онымен әдеттегідей жұмыс істей беруге болады. Ашылған бетте құжатты толтырған соң оны сақтау үшін Fіlе — Сохранить копию как ... командасын беру керек.
Word терезесі жабылған кезде экранда форма қайта көрінеді.
5 - сурет. Объектіні кірістіру терезесі
FrontPage web-беттер мен web-түйiндер құруға арналған Microsoft Office 2000 құрамына кiретiн программа. FrontPage пайдаланушыға HTML тiлiне қарағанда көптеген жеңiлдiктер бередi. Дегенмен HTML тiлiнде программалай бiлу Электрондыте web-құжаттар құруда, оларды тиiмдi ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. Ортаның программалау режимiнде HTML тiлiндегi құжаттар құруға болады.
FrontPage ортасын iске қосу Пуск-Программы-Microsoft FrontPage командасы арқылы орындалады. Орта Windows стилiндегi терезе болғандықтан ондағы негiзгi элементтер де стандартты: яғни ортаның аспаптар панелi мен мәзiрiндегi командаларды пайдаланып бетке мәтiндiк және графикалық информациялар, навигациялар панелi мен гиперсiлтемелер жүйесін пайдаланып, web-қҰжаттар арасында түрлі байланыстар орнатуға болады. Front Page ортасында сонымен қатар кестелердi, фреймдердi, жұгiртпе жолдарды, түрлі мультимедиялық эффектiлердi, т.с.с. қолдануға болады.
Ортада Microsoft Office құрамына енетiн MS Word, MS Excel, MS Access, MS PowerPoint сияқты қосымшалардан OLE технологиясының көмегiмен информация тасымалдап енгiзуге болады.
FrontPage басқа қосымшалардан ерекшелiгi онда құжаттың құрылымдық негiзiн түрлі режимде көрумен қатар, ондағы құжаттың программалық кодын, яғни HTML кодын көруге мүмкіндiк бар. Ол үшін арнайы көру және редакциялау режимдерiн iске қосу жеткiлiктi.
Сонымен бiрге құрылған web-беттiң iске қосылуын да алдын-ала көруге болады.
Ортада web-бет құру ең алдымен web-құжатқа енгiзiлетiн мәтiндi теру мен форматтаудан басталады. Мәтiндi теру мен форматтау Word мәтiндiк редакторындағыдай.
Орта терезесiнiң төменгi жағында орналасқан Көру және редакциялау режимдерiн пайдаланып, web-құжаттың HTML кодын және оны iске қосып көруге мүмкіндiк бар.
FrontPage ортасында Кесте (Tables), Сурет (Picture) аспаптар панелдерiн пайдаланып, web-құжатқа кесте, иллюстрациялар кiрiстiруге болады. Кесте және сурет кiрiстiрумен қатар web-құжатқа анимация, баннер, басқару элементтерi бар форма, т.с.с. объектiлер орнатуға болады. Бұл объектiлердiң барлығы Кiрiстiру (Insert) мәзiрiнiң көмегiмен кiрiстiрiледi.
Web-құжат iске қосылған кезде кесте iшiндегi файл iздеу анимациясы орындалып тұрады, ал формадағы 1-баннер не 2-баннер таңдалып, Iске қосу түймесi басылса сәйкес баннер орындалады. FrontPage ортасында гиперсiлтемелер жүйесін құру да тиiмдi Ұйымдастырылған. Гиперсiлтеменi мәтiн не графикалық объект ретiнде алуға да болатыны белгiлi. Тек қажет объект таңдалып мәзiрдiң Кiрiстiру (Insert) пунктiнен Гиперсiлтеме (Hyperlink) командасы орындалса болғаны. Гиперсiлтеменiң мәтiнi әдеттегiдей асты сызылған көк түстi етiп көрсетiледi.
Гиперсiлтемелер арасындағы байланысты Жұмыс режимi панелiнiң Hyperlinks режимi арқылы көруге болады. Мысалы 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi 4-суретте келтiрiлген. Мұнда 1-web құжатының қандай объектiлермен қарапайым байланыстырылғаны (схемадағы 1-web құжатының оң жағындағы объектiлер) және қандай web-құжаттармен гиперсiлтемелер жүйесi арқылы байланысқаны (схемадағы 1-web құжатының сол жағындағы объектiлер) схема түрінде көрсетiлген.
4-сурет. 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi
Visual Basic ортасында «MS Access» курсының компьютерлiк оқыту жүйесін жасаудың алгоритмi:
Оқыту жүйесінiң бас мәзiрiнiң интерфейсiн жобалау;
Курс мазмұнын даярлау;
Тапсырмалар жүйесін даярлау;
Оқыту жүйесінiң интерфейсiн жобалау технологиясы:
2.2 MS Access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану
«Жүйелік бағдарламалау» курсының теориялық материалдары мен тапсырмалар жүйесін құруда FronPage веб-беттер құру ортасы қолданылды. Алдыңғы тарауларда курс мазмұнын құрылымдаудың теориялық негiздерi қарастырылған болатын. Ендi осы оқу материалдарын электронды оқулықты құруда қандай формада, құрылымда беру мәселелерiн қарастырайық. Оқу материалдары әрине бiрiншiден курс мазмұнынан тұрады. Электронды оқулық құрудың инструменталды құралдарын пайдалан отырып, бiз оқу курс мазмұнын оқулықтың сол жақ бөлiгiне орналастырдық және курс мазмұны MS WORD редакторында дайындалады.
Жоғары тарауда атап өтiлгендей курстың теориялық мазмұны мен оның материалдары компьютерлiк оқыту құралының Мазмұн және Тапсырма бөлiмдерінде орналасады.
Курс мазмұнын құрып болғаннан соң, оқу материалдарын компьютерлiк оқыту құралының терезсiнiң оң жақ негiзгi бөлiгiне орналастыру қажет. Ол бiрiншiден оқу материалдарын FrontPage ортасында даярлап алған жөн. Теориялық материалдардың Бұл ортада даярлануы оқу материалдарының арасындағы логикалық байланысты күшейтiп, оқушыға интерактивтi жүйеде жұмыс жасауға мүмкіндiк бередi. Оқу материалдарының арасындағы байланыс гиперсiлтемелер жүйесi арқылы жұзеге асырылады. 11-суретте Стектер тақырыбындағы оқу материалдары мен гиперсiлтемелер келтiрiлген. Гиперсiлтемелер жүйесi кез келген компьютерлiк оқыту жүйесінiң ажырамас бөлiiг ретiнде қарастырылуы тиiс. Ол компьютерлiк оқыту құралындағы интерактивтiлiктi қамтамасыз етедi. Ал интерактивтiлiктi бiлiм алуда үлкен маңызға ие екендiгi барлығымызға белгiлi.
Суреттен көрiп тұрғанымыздай бiрiншi және екiншi сiлтемелер пайдаланушыға сәйкес оқу материалдарын шақырып бередi. Егер ол қажет болмаған жағдайда, яғни оқушы Бұл тақырыптарды игерiп қойған болса, онда ол мазмұннан келесi тақырыпты таңдау арқылы Бұл тақырыптан шығып кетуiне болады.
Тақырыптар арасындағы осындай байланыстарды қамтамасыз ету оқушының нәтижелiк блiмiнiң тиянақты болуын қамтамасыз етедi. Ол осының көмегiмен өз санасында курстың толық құрылымы мен мазмұнынын қалыптастырады және курсты тез игерiп кетедi.
Курстың тапсырмалар жүйесін құруда ұғымдық деңгейдегi тапсырмаларды тастап кетуге болады, себебi қолданбалы программалық қамсыздандыру курсы туралы жалпы теориялық мәлiметтер мен ұғымдық деңгейдегi сұрақтар электронды оқулықтың тест бөлiмiнде толық қарастырылған. Сондықтан мұнда берiлетiн тапсырмалар бiр жағынан лабораториялық жұмыс ретiнде деп есептеуге болады.
Курстың тапсырмалар жүйесi FronPage ортасында веб-беттер түрінде құрылған. Тапсырмалар қадамдап орындау арқылы iске асырылады. Оқушы тапсырманы орындап болғаннан соң оның нәтижесiн оқытушыға мiндеттi түрде өткiзуi тиiс. Операциялық жүйенiң FronPage ортасында құрылған 1-тапсырмасында Санау жүйесінің есептерін шығару iс-әрекетi жүзеге асырылады. 12-суретте тапсырманың жалпы көрiнiсiнiң ортада қалай құрастырылғаны келтiрiлген.
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау
«MS Access» программасын үйрену компьютерлiк оқыту құралын iске қосу үшін “Access программасы.exe” программасын жүктеу қажет. Нәтижеде экранда алты бөлiктен тұратын оқулықтың негiзгi терезесi ашылады (13-сурет). Экранның сол жақ бетiнде пән мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.
a) Access берілгендер қорының анықтамалығын программалау .
Кез келген программаға сол программамен тиімді жұмыс істеу туралы, кейде программа параметрлерін таңдау, өзгерту, тағайындау мүмкіндіктері қарастырылған анықтамалық кіріктіріледі. Бұл анықтамалық ? түймесі түрінде не мәзір түрінде берілді.Windows оператциялық жүйесінің қосымшалары көмегімен үлкен анықтамалықтарды даярлауға болады. Windows-тің кез келген қосымшасы объектілі-бағдарлы программалау жүйесінде құрылған интерфейс екендігін ескертіп ,объектілі-бағдарлы программалау тілдерінің бірі Visual Basic көмегімен анықтамалық қосымша интерфейсін құрдық.
Даярланған қосымшаға Access берілгендер қорын оқыту мүмкіндігі, бақылау жұмыстары қосылды.
Мысал ретінде 14-суретте Access объектілері интерфейстік терезенің сол жақ бөлігінде тізім түрінде келтіреді.
Ол объектілер тізімі;
Кесте
Форма
Сұраныс
Достарыңызбен бөлісу: |