Алматы облысы, Үшқоңыр ауылы, Қарасай ауданы «М.Әуезов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Шонкина Гульсара Нурмухамбетовна



жүктеу 147,39 Kb.
бет1/2
Дата21.12.2017
өлшемі147,39 Kb.
#5421
түріСабақ
  1   2

Алматы облысы, Үшқоңыр ауылы, Қарасай ауданы

«М.Әуезов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі Шонкина Гульсара Нурмухамбетовна

6 сынып

Тақырып: Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі.

Құжаттарды құру және сақтау. Пішімдеу.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндік процессор туралы мағлұмат беру. Мәтінмен жұмыс

жасаудың жолдарын үйрету.



Дамытушылық: Оқушылардың мәтіндік процессормен жұмыс жасау дағдылары мен

Қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік: Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге баулу.

Сабақ түрі: теориялық сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Технология: Деңгейлеп саралап оқыту

Әдіс-тәсілдер: деңгейлеп саралап оқыту әдісінің элменеттерін қолдану, түсіндірмелі –

иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап арқылы



Көрнекіліктер: слайд, электрондық оқулық SinKaz, деңгейлік тапсырмалар,

перфокарталар, жұмыс дәптері



Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, бейнепроектор

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушыламен сәлемдесу;

ә)сынып тазалығына көңіл бөлу;

б)оқушыларды түгендеу.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу деп нені айтады?

  3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

  4. Модельдеудің мақсаты қандай?

ІІІ. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру

Перфокартада тест тапсырмасын орындау

Тест

1.Алгоритм дегеніміз - ......

а/ командалардың кез-келген ретсіз тізбегі

б/көрсетілгендер ішінде дұрыс жауабы жоқ

в/блоктар мен сызбалар түріндегі арнайы құрылымдар

г/берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

2. Модельдеудің негізгі өасиеттері

а/ алгоритмдер, блок-схемалар

б/бейімділік, дәлдік, құндылық

в/машиналық тілдегі нұсқаулар

г/ драйверлар

3. Блок-сызбалар .....

а/ сызықтармен байланысқан команда жазылған блоктар түріндегі арнайы құрылымдар

б/программалау тіліндегі нұсқаулар

в/машиналық тілдегі нұсқаулар

г/аспаздық нұсқаулар

4. «Басы» сөзі жазылған эллипс нені белгілеуде қолданылады?

а/программаның соңын

б/блокаралық байланысты

в/орындалып жатқан әрекеттерді

г/ программаның басын

5. «Соңы» сөзі жазылған эллипс нені белгілеуде қолданылады?

а/шартты тексеруді

б/орындалып жатқан әрекеттерді

в/программаның соңын

г/программаның басын

6. Тіктөртбұрыш нені белгілеуге қолданылады?

а/шартты тексеруді

б/орындалып жатқан әрекеттерді

в/блокаралық байланысты

г/программаның басын

7. Алгоритмнің түрлері:

а/ сызықтық

б/ тармақталу

в/ циклдік

г/ сызықтық, тармақталу, циклдік

8. Модель ...?

а/ іс-әрекеттердің мағынасы, айқын, нақты анықталған болуы керек

б/ нақты объектіні процессті немесе құбылысты ықшам, әрі шағын түрде бейнелеп көрсетеді?

в/ циклдік

г/ сызықтық, тармақталу, циклдік

9. Модельдеу дегеніміз ...

а/ іс-әрекеттердің мағынасы, айқын, нақты анықталған болуы керек

б/ нақты объектіні процессті немесе құбылысты ықшам, әрі шағын түрде бейнелеп көрсетеді?

в/ объектілерді процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру

г/ сызықтық, тармақталу, циклдік

ІV.Жаңа тақырыпқа кіріспе

SinKaz Электрондық оқулықтан MS Word туралы қысқаша мәлімет беріп, іске қосу жолдарын көрсету.

VІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Электрондық оқулықтан программа интерфейсі туралы көрсетіп баяндау.

MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.



Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие. Олар:

  1. құжаттарды құру және теру;

  2. қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  3. кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  4. емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  5. іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға

  6. Шеберді және Шаблонды пайдалану;

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

  1. математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  2. растрлық графикаларға арналмаған.

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен қосуға болады. Ол үшін келесі команданы орындаймыз:

Пуск – Программы - Microsoft Office - MS Word.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. MS Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі редактор терезесінің жоғары бөлігіне негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама.

MS Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын айдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақтасы мен Форматтау тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау шығады.

Мәтіндік құжатты құру үшін: Файл  Құру  Жаңа құжат командаларын орындау арқылы

Мәтіндік құжатты сақтау үшін:

1. Файл  Сақтау командасын орындау арқылы



2. CTRL+S пернелерін басу арқылы

Мәтіндік құжатты пішімдеу.
Мәтін теріліп және өңделіп болғасын оны пішімдеу жүргізіледі. Пішімдеу- мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Пішімдеуді құжат құрғанша да немесе соңынан да жүргізуге болады. Ең бастысы пішімдеу құжатты баспаға шығармастан бұрын жүргізілуі керек.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:
• әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
• жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі өрістерін айқындауға;
беттегі мәтінді туралауға;
• жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
• мәтінді бағандарға бөлуге;
• мәтінді жиектеудің әртүрлі типтерін таңдауға;
• мәтінді ресімдеуге байланысты басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту

1. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. MS Word процессорын қалай іске қосуға болады?

  2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?

  3. Форматтау тақтасына қандай операциялар жатады?

  4. Жаңа MS Word құжатты қалай ашады:

  5. MS Word құжатын қалай сақтауға болады?

2.Компьютермен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар:

А-деңгей

  1. MS Word процессорын іске қос

  2. Қаріп типін таңдап, өлшемін белгіле

жүктеу 147,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау