«№2 лицей» кмм 2013-2014 оқу жылына ОҚу-тәрбие жұмысының ЖҰмыс жоспары



жүктеу 2,39 Mb.
бет5/19
Дата21.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Тұжырымдамалар мен ұсыныстар:

1.    Келесі мұғалімдер көтермеленсін: 


•     Сон Е.Г. –ОТЖ бойынша директордың орынбасары, сынып жетекшілері- Новосельцева И.М. и Фомич Л.Г. , мемлекеттік қорытынды аттестаттауды нақты дайындағаны және ұйымдастырғаны үшін.
•      Белова М.Ю., Шугар Е.Т.  – мектеп бітірушілерді математикадан ҰБТ сапалы дайындағаны үшін.

2.   Білім сапасын жақсарту үшін Қазақстан тарихын оқытуды инспекциялық-бақылау қызметін күшейту.


3.    ҰБТ енгізілген барлық пәндер бойынша бақылау-өлшеу банкын құру бойынша жұмысты жалғастыру, электрондық түрде, Интернет-ресурстарды пайдалану.
4.    ҰБТ-2013 мониторингын ыждағатты зерделеп, 2014 жылғы мемлекеттік (қорытынды) аттесстаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша кафедралар жұмысын жетілдіру.
5. Әкімшілікке оқытудың сапасын арттыру мақсатында, оқушылардың негізгі мектептен жоғары мектепке көшуде жұмыс жүйесінің сабақтастығын ойластыру.
6.    Бақылауға алу:
    - мұғалімдердің заманауи білім технологияларын қолануына;

    - пәндер бойынша жұмыс жоспарларына және оқу сабақтарына оқу жылы ағымында мемлекеттік қорытынды аттестаттауға оқушыларды жүйелі түрде дайындауды енгізу.


Әдітемелік жұмыс


  • Әдістемелік қызметтің құрылымын, нысандарын және әдістерін жетілдіру мақсатында, лицейде әдістемелік кеңестің жұмысы ұйымдастырылған.
    Әдістемелік кеңес отырыстарында қаралған негізгі мәселелер:
    1.    Дарынды балалармен жұмыс.
    2.   Жаңа ұрпақтың федералдық білім беру стандарттарын енгізу жағдайында оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалаық қызметтерін ұйымдастыру.
    3.    Мұғалімнің және оқушылардың портфолиосы.
    4.   Педагогикалық ұжымның тексеріс органдары тарапынан болатын бақылауына дайындық ахуалы.

      Педагогтар өз жобаларымен жұмыс жасады, оқу пәндері және арнайы курстар, оқулықтар, сабақтардың әдістемелік әзірлемелері бойынша жұмыс жоспарларын әзірледі. Мұғалімдердің табысты жұмысы компьютерлік кабинеттердің техникалық толық жабдықталуымен қамтамасыз етілді. Кабинеттерде аудио және видео құралдары бар, Интернетке қолжетімді, мемлекеттік саясаттың негізін құратын және регламенттейттін барлық қажетті құжаттар бар. Барлық қажетті құралдарды, білімдерді иелене отырып, бізідің лицейдің педагогтары өз педагогикалық тәжірибелерін белсенді таратпайды, өз кәсібиліктерін жарияламайды. Осы факторлардың барлығы қаланың білім беру ұйымдарының рейтингтерінде бізідің оқу орынының беделін түсіреді. Осыған орай келесі оқу жылында осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.


    «Бейіндеуді ескере отырып, жеке білім беру бағытын қалыптастыру» политехникалық цикл пәндері;

  • «Ғылыми-жаратылыстану кафедрасында бейіндік оқытуды ұйымдастырудың нысандары» ғылыми-жаратылыстану цикл пәндері;

  • «Кәсіптік оқытудың үлгісін құрудағы тілдік пәндерді меңгертудің құзыреттілігі» тіл пәндері кафедрасы;

  • «Бейіндік оқытуға көшу жағдайында гуманитарлық цикл пәндері оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» гуманитарлық цикл пәндері.

        Педагогикалық ұжымда мұғалімдердің білімін арттыру бойынша мәселелер болған жоқ. Әкімшілік мұғалімдердің курстық дайындықтардан өтуіне, қалалық пәндік ӘБ, қалалық және облыстық семинарларға қатысуларына қатаң бақылау жүргізіп отырады. Мұғалімге әдістемелік көмек берудің ең тиімді нысаны- лицей әкімшілігінің олардың сабақтарына, сабақтантыс іс-шараларына қатысып, талдау жасау болып табылады. Сабақтарға қатысып, соңынан талдау жүргізу лицейішілік бақылау жоспары бойынша өткізілді.


Тексеріс барысында анықталғаны:
•    барлық оқу кабинеттерінің санитарлық ахуалы СанПин талаптарына сәйкес келеді;

•    оқушылармен сабақтар қатаң сабақ кестесі бойынша өткізіледі;


•    сабақты себепсіз босату мәселесі 9 және 11 сыныптарда байқалды; 
•   мұғалімдердің жұмыс жоспарлары барлық талаптарға сәйкес келеді, оқу жоспарының барлық пәндері бойынша мемлекеттік бағдарламалары орындалған;
•    лицей мұғалімдерінің көбі сынып журналдарын жүргізуге жауапкершілікпен қарайды, біріңгай орфографиялық режимді сақтайды.
  Сонымен қоса лицей мұғалімдерінің бір қатары сабақтарды дәстүрлі нысанда өткізу басым екенін атап өткен жөн. Заманауи педагогикалық технолггиялар элементтері өте баяу меңгерілуде; көптеген мұғалімдер оқытудың репродуктивтік нысандарын қолданады, бұл оқу нәтижесіне тікелей әсер етеді ( оқушылардың 41% қанағаттанарлық білімге ие). Оқушылардың үй жұмысының көлеміне жеткіліксіз бақылау жасалуда, саралай оқыту жеткіліксіз колданылады.

Тұжырымдамалар мен ұсыныстар:

 1. Әдістемелік жұмыс шеңберінде нәтижені болжау, мониторинг жүргізу, тәуекелдер мен оң сәттерді есептей білу қажет .


2. Әдістемелік міндеттерді жүзеге асыру барысында келесі мәселелер анықталды:
    - «Жыл мұғалімі» конкурсының лицейлік кезеңі өткізілмеген;
    - 2 басылым жұмысы ғана ұсынылған;
    - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің жеткіліксіз құзіреттілігі;
    - Мұғалімдердің инновациялық режимде, эксперимент режимінде жұмыс істеуге дайындығын зерттеудің нақты көрінісі жоқ;

3. Құзіретті педагогика аясында заманауи сабақты жобалай білуді үйрену;


 4. Өздігінен талдау және өзін-өзі бағалау арқылы сабақ мониторингы әдістерін меңгеру;

5. Оқудың барлық сатылары оқушыларының оқу уәждемесін арттыру бойынша педагог қызметін жетілдіру.



Лицейді ақпараттандыру
Лицейдің ақпараттық-білім беру ортасы дамып келеді. Білім беру үрдісін ақпараттандыруға, АКТ енгізу есебінен оқудың тиімділігі мен сапасын арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Лицейде пән мұғалімдері мен оқушылар сабақтарға неғұрлым сапалы дайындалу үшін, Интернет жүйесінде жұмыс істеуге қол жеткізілген. Лицейдің барлық мұғалімдері компьютерді меңгерген және жұмыс дағдыларын растайтын сертификаттары бар.

Берілген деректерден лицейдің оқытушылар құрамының көбі өз сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатынын көруге болады, бұдан жыл ағымында сабақтарға қатысқандық расталады.



Мектепішілік бақылаудың талдауы

Мектепішілік бақылау оқу жылы ағымында «№2 лицей» КММ «Лицейішілік бақылау туралы Ереже» негізінде жүргізілді және оқу-тәрбие үрдісінің спасын арттыруға бағытталған.


Лицейде келесі бағыттар бойынша оқу қызметінің мониторингы жүзеге асырылады:
•    «Білім туралы Заңды» орындау

•   оқу пәндерін оқытудың ахуалы

•    оқушылардың білім сапасы

•    мектеп құжаттамаларын жүргізу сапасы

•   оқу бағдарламаларын және практикалық бөлімін орындау

•    педагогикалық кеңестер мен жиналыстардың шешімдерін орындау

•    әдістемелік дайындық және педагогтардың кәсіби шеберліктерінің өсуі

9 сыныптардың сыныптық-қорыту бақылауы


Мақсат : үлгерімнің төмендеу себептерін анықтау (1 тоқсан қорытындысы бойынша 28 % және 48% ), оқыту деңгейін зерделеу және оқушыларға қойылатын біріңғай талаптардың орындалуы, мұғалімдер мен оқушылардың мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауға дайындығы бойынша жұмысының талдауы.

Бақылау шеңберінде сабақтарға қатысылды, күнделіктер мен дәптерлер тексерілді, сынып жетекшілерімен әңгімелер жүргізілді.

2012-2013 оқу жылының 22-27 қазан аралығындағы 10 сыныптың сыныптық-қорыту бақылауы

Мақсаттар:

1. Оныншы сынып оқушыларының жоғары мектепке бейімделу деңгейін анықтау.

2. Оқытудың екінші және үшінші сатылары арасындағы сабақтастық принциптерінің сақталуы.

3. Пәндерді оқыту ахуалын бақылау

4. мектеп құжаттамасының ахуалы

Жұмыс мазмұны:

1.Пәндер бойынша сабақтарға қатысу және талдау (әкімшілік)

2. Сынама тестілеу өткізі және оның талдау(әкімшілік)

3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру( кафедра меңг.)

4. оқушылардың күнделіктерін тексеру (ОТЖ бой.дир.орынб.)

5. 10 сыныптың сынып журналын тексеру (ОТЖ бой.дир.орынб.)

6. Үй жұмысының мөлшерін бақылау (ОТЖ бой.дир.орынб.)

7. Сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесін жасау (сынып жетекшілері)

8. Оқушылардың 10 сыныпқа бейімделуі бойынша анкеталау және диагностикалау(психолог)

9. Тәрбие жұмысының талдау (әкімшілік)

10. Ата-аналар жиналысы (әкімшілік, сынып жетекшілері)

1.    Тақырыптық бақылау: 


•    оқушылардың оқу әдебиетімен және оқулықтармен қамтамасыз етілуі
•    жұмыс бағдарламаларының орындалу сапасы және нәтижелілігі
•   мемлекттік бағдарламаның және оның тәжірибелік бөлімінің орындалуы
•    оқу жылы соңында оқу материалдарын қайталауды ұйымдастыру
«Білім туралы Заңның» орындалуы, білімнің қолжетімділігі қағидасын жүзеге асыру
•   үлгерімі төмен оқушыларман жеке және саралап оқыту жұмыстары

•    мұғалімдердің мектеп құжаттамаларымен жұмыс жүйесі және сапасы.


3. Келесі пәндер бойынша білім деңгейін әкімшілік бақылау: қазақ тілі, орыс тілі,  математика, физика.



Тұжырымдар мен ұсыныстар:

1. Лицей әкімшлігі мүшелерінің құзыреттілігі мен әдістемелік дайындық деңгейі оқу-тәрбие үрдісінің барлық бағыттарында басқаруды қамтамасыз етуге жеткілікті.


2. Бақылаудың нысандары мен әдістері педагогикалық ұжымның оқу жылына қойған міндеттеріне сәйкес келеді.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында, қорытынды педагогикалық кеңесте SWOT-талдау жасалды:


Ішкі орта

Күшті жақтар(басқалар алдында басымдық беретін ұжымның қасиеттері)

  1. Кадрлық әлеует: 75% мұғалімдер I және жоғары санатты.

  2. Оқушылардың уәждемелерінің деңгейінің жоғарылығы(конкурстық негізде оқуға түсуі)

  3. ҰБТ жоғары нәтижелер (сыртқы баға)

  4. Әртүрлі зияткерлік алаңдарда өз білімдерін дәлелдеп жүрген дарынды балармен жұмыс жүйесі әзірленген.

  5. Бейіндік пәндер бойынша оқу бағдарламалары әзірленген:математика, физика.

  6. ҚР Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білімге көшу жүзеге асырылуда

Әлсіз жақтар (оқу орынының жұмысын әлсірететін қасиеттер)

  1. Лицейді корпоративті басқару жүйесінің болмауы.

  2. Лицейдің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қаражат мәселелерін шеше алатын демеушілерді тарта білмеу.

  3. Педагогикалық ұжымның үлкен бөлігінің заманауи педагогикалық технолгияларды енгізуге мүддесіздігі.

  4. Оқытудың топтық және жекеше нысандарының әлсіз дамуы.

  5. Ұжымның эксперимент режимінде жұмыс істеуге мүддесіздігі.




Сыртқы орта

Мүмкіндіктер (мақсатқа жетуге қосымша мүмкіндік беретін сыртқы ықтимал факторлар)

  1. Қазақстанның, Ресейдің ЖОО сыртқы байланыстар.

  2. Оқу орынының қала орталығында, облыс орталығында орналасуы.

  3. Қоғамдық ұйымдармен белсенді серіктестік (мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мәдени орталықтар).

  4. «Бейіндік мектеп» экспериментін енгізу.

Қауіптер (мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы ықтимал факторлар)

  1. Барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешені ҚР білім беруді дамытудың заманауи талаптарына сәйкес келмейді.

  2. Қаладағы білім ұйымдары арасындағы жоғары бәсекелестік.

  3. Оқушылардың және олардың ата-аналарының ұстанымдары мен өмірлік құндылықтарының өзгеруі (ҰБТ қосымша мүмкіндік ретінде тапсыру, шетелде оқу)





Жүргізілген жұмысқа сәйкес келесідей қорытынды жасалды:


  1. Лицей қызметінің негізгі бағытын сақтап қалу:

  • Ғылыми-зерттеулік қамтамасыз ету;

  • Оқу-әдістемелік қамтамсыз ету;

  • Білім беру қызметін ұсыну сапасының мониторингы;

  • Оқу үрдісін ақпараттандыру.

  1. Лицеистердің функционалдық сауттылығын қалыптастыру негізін қамтамсыз ету;

  2. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін артыру бойынша жұмысты жалғастыру;

  3. Халықаралық деңгейге жету үшін, негізгі және жоғары мектеп оқушылары мен педагогтарының ғылыми-зерттеу қызметін жалғастыру.

  4. Білім сапасын арттыру бойынша жұмыс істеу.

  5. Корпоративтік басқару жүйесін енгізу.


Мектеп бітірушілердің ЖОО түсуінің талдауы

№2 лицейде оқушылардың дайындық сапасын бақылау жүйесі орнатылған. Пәндер және білім салалары бойынша диагностика мұғалімдермен, лицей басшылығымен жүргізіледі. Келесі нысандарда жүйелі түрде аралық, қорытынды бақылаулар жүзеге асырылып отырады: тестілеулер, бақылау жұмыстары, есептер мен емтихандар.



Жыл сайын лицей бітірушілерінің жоғары оқу орындарына 100% түскендігі байқалып отыр. Мектеп бітірушлеріміз тек Қазақстанның жетекші ЖОО ғана емес, сонымен қатар Ресейдің және шет елдердің жоғары оқу орындарын түседі. Біздің лицей бітірушлерінің жұмысқа тұру нәтижесі , лицей ата-аналардан балаларының жан-жақты дамуына, зияткерлік, коммуникативті, ақпарттық салаларда жетістікке жеткізетін әлеуметтік тапсырыс алатынын көрсетеді.





жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау