2 курс(типо) студенті: Мырзабеков М.Қ



жүктеу 186,5 Kb.
бет3/4
Дата04.01.2022
өлшемі186,5 Kb.
#31764
1   2   3   4
kurstyk

(іс нөмері)
Ш Е Ш І М

Қ А З А Қ С Т А Н Р Е С П У Б Л И К А С Ы А Т Ы Н А Н


«__» « ________» жыл Ақтау қаласы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының № 2 соты құрамында төрағалық етуші судья (судьяның аты жөні), хатшылықта (хатшының аты-жөні) отырып, ашық сот мәжілісінде талапкер (талапкердің аты-жөні) жауапкер (аты-жөні) келтірген некені бұзу және ортақ мүлікті және жеке мүлікті қайтарып алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Талапкер (талапкердің аты-жөні) өзінің талап арызында жауапкер (аты-жөні), 16.03.1992 жылы заңды некеге отырғанын, осы некеден ортақ 25.05.1992 жылы туылған, (балаларының аты жөні), 12.09.1996 жылы туылған, (балаларының аты жөні), 25.08.2002 жыл туылған, (балаларының аты жөні), 26.10.2005 жылы туылған, (балаларының аты жөні) және 26.10.2005 жылы туылған, (балаларының аты жөні) есімді балаларының барлығын, жауапкермен бірге тұрған жылдар ішінде мінездерінің келіспеуін, араларындағы түсініспеушіліктің орын алуын және сыйластықтың жоғалуын, жауапкердің балаларға материалдық көмек көрсетпейтінін уәж етіп, мұндай жағдайда ары қарай жауапкермен тұра алмайтындығын, жанұяны сақтап қала алмайтындығын көрсетіп, жауапкермен араларындағы некені бұзуды сұраған.

Талапкер сотқа талап арызына қосымша беріп, онда, ортақ мүлікті бөлу және жеке мүлікті қайтарып алу нысанында талап қойды.

Сот мәжілісінде талапкер (аты-жөні), талап арызының некені бұзу бөлігінде толықтай қуаттап, соттан талабын қанағаттандыруды және кәмелетке толмаған балаларын өзінің асырауында қалдыруды, татуласуға уақыт белгілемей ақ некені бұзуды сұрады.

Ортақ мүлікті бөлу және жеке мүлікті қайтарып алу бөлігінде, жауапкердің мүлікті қайтарып беруіне байланысты, талаптың аталған бөлігінде бас тартатынын мәлімдеп, сотқа жазбаша түрде арыз берді.Соттың 26.08.2009 жылғы ұйғарымына сәйкес, іс өндірісі аталған бөлікте қысқартылды.

Жауапкер (аты-жөні), сотқа жазбаша түрде арыз жолдап, онда, жанұяларының әрі-қарай сақтап қалудың мүмкіндігі жоқтығын, талапкермен ортақ бес балаларының болуының осындай келеңсіздікке шыдауына себеп болғанын көрсетіп, істі өзінің қатысуынсыз қарап, некені бұзуды сұраған.

Сот, іс құжаттарын зерттеп, талапкердің түсініктемесін тыңдап, келесі тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 19 бабының 1 бөлігіне сай, егер сот ерлі зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады.

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 19 бабының 1 бөлігіне сай, кәмелетке толмаған ортақ балалры бар ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда сот некені айырылусу себептерін анықтамай-ақ бұзады.

Сот мәжілісінде анықталғандай, тараптар келешекте отбасын сақтап қалу мүмкіндігі жоқ, тараптар арасында некелік қатынас жоқтығын, тараптардың татуласуға үзілді-кесілді қарсы екендігін ескеріп, некені бұзу туралы талап арыз қанағаттандырылуға жатады деп есептейді.

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 65 бабына сай, ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Тараптардың ортақ кәмелетке толмаған, 25.05.1992 жылы туылған, (аты-жөні), 12.09.1996 жылы туылған, (аты-жөні), 25.08.2002 жыл туылған, (аты-жөні), 26.10.2005 жылы туылған, (аты-жөні) және 26.10.2005 жылы туылған, (аты-жөні) анасы (аты-жөні)-мен бірге тұратындығына байланысты және анасының асырауында екенін ескеріп, балалардың тұрғылықты жерін анасымен белгілеу қажет деп есептейді.

Сот некені бұзуды тіркеу кезінде жауапкер (аты-жөні)-тен мемлекет пайдасына 150 % айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж салығын өндіруге жатады, ал асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, талапкер (аты-жөні) мемлекетік баж салығын төлеуден босатылады.

Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасы “Неке және отбасы туралы” Заңының 19, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 217-221, баптарын басшылыққа алып, сот


Ш Е Ш Т І:

Талапкер (аты-жөні)-ның жауапкер (аты-жөні) келтірген некені бұзу туралы талап арызын - қанағаттандыруды.

Талапкер (аты-жөні)-мен жауапкер (аты-жөні)-тың араларындағы, 16 наурыз 1992 жылы Бейнеу аудандық АХАЖ бөлімінде №34 санымен тіркелген некені – бұзуды.

Кәмелетке толмаған балалары, 25.05.1992 жылы туылған, (аты-жөні), 12.09.1996 жылы туылған, (аты-жөні), 25.08.2002 жыл туылған, (аты-жөні), 26.10.2005 жылы туылған, (аты-жөні)және 26.10.2005 жылы туылған, (аты-жөні) - анасы (аты-жөні)-мен бірге қалдыруды.

Неке бұзу туралы куәлігін алу үшін жауапкер (аты-жөні)-тен 150% айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіруге, талапкер (аты-жөні)-ны баж салығын төлеуден босатуға.

Шешім заңды күшіне енген күннен бастап неке тоқтатылады.

Сот тараптарға бөлек тұратын ата-ананың баланы тәрбиелеуге құқылы және міндетті екенін, ал баламен бірге тұратын ата-ананың бұған кедергі жасауға құқы жоқ екенін түсіндіреді.

Шешімге 15 (он бес) күн ішінде Ақтау каласының № 2 соты арқылы Маңғыстау облыстық сотына апелляциялық шағым немесе наразылық келтіруге құқылы.

Судья (аты-жөні)

3.2 Соттың бітімгершілік келісімге келу туралы ұйғарымының үлгісі




жүктеу 186,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау