(іс нөмері)
Ұ Й Ғ А Р Ы М
«__» « ________» жыл Ақтау қаласы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының № 2 соты құрамында төрағалық етуші судья (аты-жөні), хатшылықта (аты-жөні) отырып, тараптардың қатысуымен өзінің ашық сот отырысында талапкер (аты-жөні)-тың жауапкер (аты-жөні)-ке келтірген ақша өндіру туралы азаматтық ісін қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Талапкер жоғарыда көрсетілген талаппен сотқа жүгініп, арызында 25.09.2008 жылы жауапкердің 110 000 теңге көлемінде қарызға ақша, сол жылы қайтарып берем деп міндетеме алғанын, сол туралы қолхат жазып бергенін, алайда осы күнге дейін ақшаны қайтармай жүргенін көрсетіп, жауапкерден өзінің пайдасына 110 000 теңге ақшаны және 1100 теңге сот шығыны өндіріп беруді сұраған.
Сот отырысында тараптар бітімгершілікке келгендерін уәж етіп, істі қысқартып араларында төмендегідей жағдайда жасақталған бітімгершілік келісімін бекітуді.
Талапкер (аты-жөні) жауапкер (аты-жөні)-тен қарыз 110 000 теңге соманы және 1 100 тенге сот шығындарын өндіру талабынан бас тартады.
Тараптар өзара қарыз мөлшерін 111 100 теңгеге белгілейді және жауапкер (аты-жөні), талапкер (аты-жөні)-ке 2011 жылдың шілде айны дейін, мынадай тәртіппен мерзімде, яғни:
15 ақпан 2011 жылы – 11 100 теңге
15 наурыз 2011 жылы – 20 000 теңге
15 сәуір 2011 жылы – 20 000 теңге
15 мамыр 2011 жылы – 20 000 теңге
15 маусым 2011 жылы – 20 000 теңге
15 шілде 2011 жылы – 20 000 теңге, яғни барлығы 111 100 теңге көлемінде қайтарады.
Тараптар жоғарыда көрсетілген міндеттеменің кез-келгені бұзылған жағдайда, соттан атқару парағын жаздырып алуға құқылы екенін белгілейді.
Тараптар соттан бітімгершілік келісімді бекітіп, істі өндірісімен қысқартуды сұрайды.
Тараптармен жасақталған бітімгершілік келісімнің заңға қайшы келмейтіндігін, тараптардың мүддесінде жасақталғанын, келісімді орындау барысында басқа тұлғалардың құқықтарына нұқсан келмейтіндігін ескеріп, сот бітімгершілік келісімді бекіту қажет деп санайды.
Сот тараптарға бітімгершілік келісімді бекіту және АІЖК-нің 247-248 баптарында көрсетілген істі өндірісімен қысқарту салдарын түсіндірді.
Жоғарыдағылардың негізінде және АІЖК-нің 247-248,251 баптарын басшылыққа алып, сот
Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:
Талапкер (аты-жөні)-тың жауапкер (аты-жөні)-ке келтірген ақша өндіру туралы азаматтық ісі бойынша тараптардың төмендегідей негіздер бойынша жасақталған бітімгершілік келісімін бекітуге.
1. Талапкер (аты-жөні) жауапкер (аты-жөні)-тен қарыз 110 000 теңге соманы және 1 100 тенге сот шығындарын өндіру талабынан бас тартады.
Тараптар өзара қарыз мөлшерін 111 100 теңгеге белгілейді және жауапкер (аты-жөні), талапкер (аты-жөні)-қа 2011 жылдың шілде айны дейін, мынадай тәртіппен мерзімде, яғни:
15 ақпан 2011 жылы – 11 100 теңге; -15 наурыз 2011 жылы – 20 000 теңге
15 сәуір 2011 жылы – 20 000 теңге; -15 мамыр 2011 жылы – 20 000 теңге
15 маусым 2011 жылы – 20 000 теңге; -15 шілде 2011 жылы – 20 000 теңге, яғни барлығы 111 100 теңге көлемінде қайтарады.
Тараптар жоғарыда көрсетілген міндеттеменің кез-келгені бұзылған жағдайда, соттан атқару парағын жаздырып алуға құқылы екенін белгілейді.
Талапкер (аты-жөні)-тың жауапкер (аты-жөні)-ке келтірген ақша өндіру туралы азаматтық ісін өндірісімен қысқартуға.
Ұйғарымға наразы тараптар 10 күн ішінде Маңғыстау облыстық сотына апелляциялық тәртіппен жеке шағым немесе наразылық келтіруі мүмкін.
Судья (аты-жөні)
Қорытынды
Жоғарыда жазылған жұмысымды талдай келе, бірінші сатыдағы сот актілері деген не, оның құрылымы жағынан қандай, олардың құрамында қандай мәселелер қарастырылуы тиіс, шығарылған сот актісіндегі орын алған қателерді жөндеуге байланысты қандай әрекеттер қолданылуы керек екеніне, сол сот актісін процеске қатысушы тұлғаларға қалай түсіндіру керек деген мәліметтер қатарын қарастырған болатынмын.
Бұл бойынша, сот шешімі белгілі бір азаматтық істің келтірілген талаптары негізінде түйн шешімін тапқан кезде шығарылатын сот актісі деп қорытынды жасауға болады. Ал ұйғарым анықтамасы қысқаша, азаматтық істің талапкер тарапынан келтірілген талабының түйін шешімі шыққанға дейінгі сотпен қолданылатын әрекеттерінің ресми құжат негізінде көрініс табуы деген қорытынды жасадым. Ұйғарымдар шешім шыққанға дейін істі азаматтық өндіріске қабылдау, әзірлеу, тағайындау сияқты немесе сараптамаға тағайындау, істі қозғалыссыз қалдыру, немесе бітімгершілік келісімге келу секілді сот тарабынан орын алатын әрекеттер шегін айтамыз.
Бірінші сатыдағы сот актілері орындалуға міндетті болып келетіндігі анық. Олар заңды күшіне енуіне не дереу орындалуына байланысты. Сот актілері, яғни сот шешімі мен ұйғарымы белгілі бір мерзім ішінде орындалады. Осымен айтпағым, сот шешімі оған қарсы наразылық немесе шағым келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Өзіміз білетіндей сот шешімінің заңды күшіне ену мерзімі 15 күн болса, ал сырттай қабылданған сот шешімінің заңды күшіне ену мерзімі 20 күн шамасын құрайды. Сонымен қатар сот ұйғарымының мерзімі 10 күнді құрайтыны белгілі.
Жоғарыда сондай-ақ дереу орындалатын сот актілерінің, шешімнің тізімін қарастырдым. Онда дереу орындалуға жататын сот шешімінің тізімі келесімен толықтырылды: алимент алып беру туралы, қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы, жұмысқа қайта орналастыру туралы мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы, ереуілді заңсыз деп тану туралы, қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралышешімдері.
Қорыта келе айтқым келгені, Қазақстан сот жүйесінің дамуы өз кезегінде бірінші сатыдағы соттан бастау алатындығы. Не дегенімен, кейінгі инстанциялардағы соттарға жету сол бірінші сатыдағы сот негізінде жүзеге асырылады. Бірінші сатыдағы сот актілері де осыдан көрініс табады. Сот актісінің (шешім немесе сот ұйғарымының) әділ және аса маңызды оның сапалы қағаз бетіне түсірілуі мен оның мүлтіксіз орындалуы, барлығы да адам баласының, осы салада жұмыс істейтін адам баласының қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі – Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 136 б.
2. М.А.Аленов, А.С.Мадиярова. Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы. – Астана, 2011. – 431 бет.
3. Баймолдина З.Х. Производство по пересмотру судебных актов по гражданским делам: Учеб.пособие. - Алматы: Изд-во КазГЮУ, 2012.
4. Ильясова Г.А.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы (ерекше бөлім) :оқу құралы.-Қарағанды,2014.-141 бет.
5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. М.К. Треушникова. — М.: ООО «Городец-издат», 2014 — 720 с.
6. Гражданское процессуальное право: Учебник / С. А. Алехина, Г75 В. В. Блажеев и др.; Под ред. М. С. Шакарян. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2015. — 584 с.
7. Елисейкин П.Ф. Предмет и принципы советского гражданского
8. Шерстюк В.М.Система советского гражданского процессуального права: -М.,
9. Авдюков М.Г. Принцип законности в гражданском судопроизводстве.
10. Баймолдина З.Х. К вопросу о сущности принципа
11. Боннер А.Т. Принцип законности в советском гражданском
12. Семенов В.М. Конституционные принципы гражданского судопроизводства. –
13. Стецовский Ю.И. Судебная власть: Учебное пособие. –
14. Постановление Пленума Верховного суда РК от 14
15.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.
16.Баймолдина З.Х. Гражданский процесс. право РК Алматы:
17. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы –
18. Гражданское право Республики Казахстан, Алматы –
19. Атқарушы іс жүргізу органдарының қызметтері мен
20. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері//Алматы –
Достарыңызбен бөлісу: |