БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
26 қыркүйек 2012 жыл
Ақтау қаласы
«Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» Инвестициялық Форумы шеңберінде
меморандумдар мен келісімшарттарға қол қою
Ақтау қаласында 24-26 қыркүйек күндері (2012 жыл) Маңғыстау, Атырау және
Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауы арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан
әрі ҚМГ) ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» Инвестициялық
Форумы өтеді.
Форумға әлемнің 35 елінен 400-дей делегат қатысады. Және батыс облыстары
әкімдіктерінің,
мүдделі
министрліктер
мен
ведомстволардың
,
ірі
мұнайгаз
кәсіпорындарының, шетелдік және отандық компаниялардың басшылары, инвесторлар мен
банкирлер қатысады.
Форумды өткізудегі негізгі мақсат Қазақстанның батыс аймағында жаңа жұмыс
орындары мен жаңа өндірістер ұйымдастыруға инвестиция салатын шетел компанияларын
көптеп тарту болып табылады. Форум шеңберінде жаңа жұмыс орындары мен жаңа
өндірістер ашуға негіз болатын меморандумдар мен келісімшарт түріндегі бірқатар
құжаттарға қол қойылады. Оның ішінде мынадай құжаттар бар:
ҚМГ және «Castle Oil&Gas Fields Services LLC» (Италия) компаниялары
арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Маңғыстау облысы әк і мді гі мен «Актив Солар» ГмбХ (Австрия) компаниясы
арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Маңғыстау облысы әк і мді гі мен « Алтын КДТ» ЖШС компаниясы арасындағы
өзара түсіністік туралы меморандум.
ҚМГ, «СамұрықҚазынаИнвест» ЖШС, Маңғыстау облысының әкімдігі және
«Vallourec&Mannesmann Tubes» (Франция, Германия) (одан әрі –VMT) компаниялары
арасында келісімшарт жасау;
ҚМГ мен «DKG-East» (Венгрия) компаниясы арасындағы өзара түсіністік
туралы меморандум;
ҚМГ және Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (ҚХР) арасындағы өзара
түсіністік туралы меморандум.
ҚМГ, ТШО, НКОК және КПО компаниялары арасында бірлескен іс-қимыл
туралы
Ақтау декларациясы.
ҚМГ және «Castle Oil&Gas Fields Services LLC» компаниялары арасындағы
өзара түсіністік туралы меморандум
Осы меморандум аясында ҚМГ мен «Castle Oil&Gas Fields Services LLC»
компаниялары Жаңаөзенде индустриалдық парк құру бойынша жобаны зерттеу мақсатында
күш-жігерлерін біріктіруге шешім қабылдады.
Castle Oil&Gas Field Services LLC Батыс Қазақстан облысында «Ақсай
индустриалдық паркі» жобасын жүзеге асырушы компания болып табылады. Бұл - дербес
өндірісті қалпына келтіру және жаңа технологияларды енгізу үшін Қазақстанға инвесторлар
тартатын технологиялық орталық.
Жаңаөзенде аталған паркті құру, парк алаңдарында түрлі жаңа өндіріс
ұйымдастыруға, оның ішінде орта және шағын бизнеске қажетті жағдай жасайды.
Индустриалдық парк пайдалануға берілген соң оның аумағында Жаңаөзен
тұрғындары үшін 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Маңғыстау облысы ә к і мд і гі мен «Актив Солар» ГмбХ (Австрия) компаниясы
арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум
Фотоэлектрлік модульдерді өндіру жөніндегі Жобаны жүзеге асыру. Аталмыш
Жобаның аясында «Ақтау порты» Арнаулы экономикалық аймағында инновациялық
технология қолданылатын қуаттылығы жылына 100 МВт өндірістік жүйені жобалау,
құрылысын салу және іске қосу көзделуде.
Бұл Жобаны жүзеге асыру Тараптар арасында инновациялық технология мен күн
қуаты саласында инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді
ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіз болып табылады.
Маңғыстау облысы ә к і мд і гі мен «Алтын КДТ» ЖШС компаниясы арасындағы
өзара түсіністік туралы меморандум
«Алтын КДТ» ЖШС компаниясы ҚР Маңғыстау облысында Беке кенішінің битум тектес
түрін өңдеу жөніндегі завод салуды жоспарлайды. Қуаттылығы жылына 2 500 000 тонна
бұл заводқа қазақстандық мамандар тартылатын болады.
Маңғыстау облысының Әкімдігі өз кезегінде «Алтын КДТ» ЖШС компаниясына
белгіленген тәртіптегі өз құзырының шеңберінде аталмыш заводтың салынуына қажетті
көмек көрсететін болады.
Бұл кәсіпорында жетекші әлемдік шығарушылардың инновациялық технологиялары
қолданылатын болады. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде 150 адамға жаңа
жұмыс орнын ашады деп күтілуде.
ҚМГ, Манғыстау облысы, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және
Vallourec&Mannesmann Tubes компаниялары арасындағы келісімшарт
Меморандум шеңберінде айналдыра қаптайтын (обсадты) және жоғары герметикалық
жалғағыштары бар сорғы-компрессорлық құбыр жасау зауыты құрылысы жобасын жүзеге
асыруға ниет білдірілуде. VMT–тұтас болат құбыр мен мұнайгаз кәсібі құбырларының
жоғары сапалы жалғастырушы элементтерін шығаратын әлемдік өндіруші.
Кәсіпорын өнімдері негізінен Қазақстан Республикасындағы офшорлы және ірі
мұнайгаз жобаларына арналатын болады.
Зауытты «Морпорт Актау» еркін экономикалық аймағы аумағында орналастыру
алдын-ала жоспарланған.
Жоспарланған күрделі шығындар алдын-ала 30 миллион доллар құрайды және зауыт
толық қуатында жұмыс істеген кезде ол 50 миллион долларға жетеді.
Толық қуатында жұмыс істегенде кәсіпорында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.
ҚМГ және «DKG-East» компаниясы арасындағы өзара түсіністік меморандумы
«DKG-East» компаниясы Венгриядағы жетекші мұнайгаз өндірісі болып табылады және
Қазақстан Республикасында мұнайгаз жабдықтарын шығаратын кәсіпорын құруға ниетті.
Аталған меморандум шеңберінде ҚМГ осы жобаны табысты жүзеге асыру үшін өз
өкілеттігі аясында қажетінше ықпал жасайды.
Жаңа кәсіпорында ыдыс жабдықтарын, сүзгілердің алуан түрін, сепараторларды,
«сұйық-сұйық», «сұйық-газ», «газ-газ» қабатты құбыр жылу алмастырғыштарын, мұнай мен
газды дайындау үшін технологиялық блоктар, құбырларды тазартатын шығару-қабылдау
камералары жабдықтарын өндіруді жолға қою жоспарлануда.
Жоспарланған күрделі шығындар алдын-ала есептеу бойынша 15-20 миллион доллар
шамасында, кәсіпорын толық іске қосылғанда зауытта 130-150 адам жұмыс істейтін болады.
ҚМГ мен Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы арасындағы өзара түсіністік
меморандумы
ҚҰМК Қазақстан Республикасының батыс аймағы облыстарының бірінде мұнайгаз
компанияларында сұранысқа ие мұнайгаз жабдықтарының алуан түрін шығаратын
кәсіпорын құруды жоспарлауда және оған қазақстандық мамандарды тартпақшы.
Мұнымен бірге ҚМГ өз құзыры аясында ҚҰМК-ге Қазақстан Республикасы
аумағында аталған кәсіпорынды құруға тиісінше ықпал етеді. Кәсіпорын механикаландыру
жолымен мұнай өндірген кезде қолданылатын жоғары технологиялы мұнайгаз
жабдықтарының алуан түрін шығаруға мамандандырылатын болады. Осы мақсатта жоспар
жасалынуда.
Қазіргі таңда аталған жоба құнының экономикалық есеп-қисабы жасалынып жатыр.
ҚМГ, ТШО, НКОК және КПО компаниялары арасында бірлескен іс-қимыл туралы
Ақтау декларациясы
Лондон пікірлесуінің жалғасы болып табылатын Аталмыш Декларация тараптардың
(ҚМГ, ТШО, НКОК және КПО) қолдауын білдіреді және жергілікті өндірісті дамыту
жөніндегі операторлардың, инвесторлардың және мемлекеттік мекемелердің жекелеген
бағдарламаларын біріктіру тегерішін қамтамасыз етуге, сонымен бірге мәліметтермен
алмасу мүмкіндігін беруге және тұрақты нәтижеге жетуге және мерзімді іске қосуға
жетелейтін жаңа бастамаларды дамытуға міндетті.
Декларация «KazSupplyChain» үйлестіруші аппаратын және Жұмысшы тобын құруды
қарастырады.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы
мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және
тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.
Баспасөз қызметі
Пресс-служба
Press Office
«ҚазМұнайГаз» ұлттық
компаниясы» АҚ
Қазақстан, 010000, Астана қ., Қабанбай
батыр
д-лы, 19
тел. +7 (7172) 976277, факс: +7 (7172) 976329
www.kmg.kz