Шартты жасасу немес өзгерту туралы шешім. Шарт жасасу барысында серіктестер арасында оның мазмұны бойынша түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Көп жағдайларда осындай түсініспеушіліктер шаруашылық шарттары бойынша тараптардың өзара міндеттемелеріне қатысты туындайды. Түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ерекшеліктеріне байланысты олар өзара қарым-қатынастарын шаруашылық шарттарына сәйкес құрып, қызмет етулері тиіс, әсіресе бұл олардың арасында міндетті түрде шарт жасалуы қажет жағдайлармен тығыз байланысты. Шарт жасасудың міндеттілігі олардың жасау барысында мүдделер қайшылығы болмауы мүмкін емес дегенді білдірмейді. Соттық емес тәртіппен шарт тәжірибесінде тараптар арасындағы ондай қайшылықтар – қайшылықтар хаттамасын жасау жолымен жойылады. Ондай хаттамалардың тармақтары бойынша кәсіпорынның қаржылық және заңи қызметтерініңқатысуларымен келіссөздер жүргізіледі. Шарт талаптары бойынша партнерлар (серіктестер) консенсусқа (екі жаққа да тиімді келісімге) келмеген жағдайда мүдделі тұлғалар сотқа жүгінеді, ал сот өз кезегінде арызда мәлімделген талаптардың мән-жайы бойынша істі шешуі тиіс.
Мүлікті немесе оның құнын алып беру туралы шешім. Мүлікті алып беру туралы туралы істер, әсіресе талап арызда даулы мүліктің кең ауқымды тізімі берілген жағдайларда, айрықша күрделі істер санатына жатады. Мүлікке қатысты құқықтарға тараптар немесе үшінші тұлғалар дау келтіруі мүмкін, ал дауласушы тұлғалардың өзара қарсылық келтірулерінің негіздері әр түрлі болуы мүмкін.
Мемлекеттік тіркеуден өту негізінде құқық берілетін мүлікке қатысты дауды қарастыруда құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқалары негізінде сот үшін даулы мүліктің бар екендігіне көз жеткізу қиынға соқпайды. Тұрғын үйлерге, пәтерлерге, жер телімдеріне, көлік құралдарына және т.б. қатысты белгілі нысанда рәсімделген құжаттар сотқа ұсынылады, ал құжаттардың түпнұсқаларының болуы істі қарау кезінде даулы мүліктің иесі өзгермегендігін көрсетеді.
Тіркелмейтін объектілерге – үйге (күнделікті тіршілікке) қажетті заттарға, үй жануарларына және т.б. мүлікке қатысты даулар бойынша шешім шығару көп жағдайларда сот үшін барынша қиынға соғады. Мұндай істер бойынша шығарылған шешім кейін орындалмай қалмауы үшін, сот даулы мүлік (мысалы, үй жануарлары) бар екендігіне көз жеткізуі керек. Әсіресе талапкер даулы мүлікті тек заттай күйінде алып беруді талап еткен жағдайда сот осы ережені орындауы тиіс.
1.3 Шешімнің заңды күшіне енуі
ҚР АІЖК 235-ші бабымен сот шешімінің заңды күшіне енуінің шарттары мен мерзімдері реттелген. Бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарылған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық наразылық немесе шағым келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді.
Апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, шешім кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.
Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамадар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша, бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілермен құқықтық қатынастарға басқа азаматтық процессте дау келтірулеріне жол берілмейді. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немес олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен төлеу мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.
Кейбір азаматтық істер бойынша талапкер үшін берілген арыздың тек қанағаттандырылғандығы емес, шығарылған сот шешімінің мерзімінде орындалуы маңызды мәнге ие болуы мүмкін. Осыған байланысты ҚР АІЖК 237-ші бабында сотпен шығарылған шешімдер дереу орындалуға жататын жағдайлар тізімі көзделген. Шешімнің қарар бөлігінде және атқару парағында сот актісінің дереу орындалатындығы көрсетіледі.
Шешімдері дереу орындалатын азаматтық істердің нормативтік тізімі:
1) алимент алып беру туралы;
2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;
3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;
4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;
5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;
6) қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы.
Алимент өндіру туралы мәселені шешуде баланы асырауғма міндетті екі ата-анаға да қатысты болғандықтан, заң шығарушы бала мүдделеріне ерекше мән береді. Алимент өндіру туралы шығарылған шешім, осы шешім негізінде материалдық күтімді дер кезінде алу баланың мүдделерін тікелей қозғайды. Жұмысшыға жалақысын алып беру туралы сот шешімдеріне қатысты өндіру мерзімдері заңнамамен шектелген. Заңда көрсетілген мерзім шегінде жауапкер жалақыны дер кезінде төлеуі тиіс.
ҚР АІЖК 238-ші бабы шығарылған шешімнің дереу орындалуына қатысты соттың құқығын белгілеген. Егер айрықша жағдайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушыны елеулі зиянға әкеліп соғуы мүмкін болса, немесе шешім орындалмай қалатындай жағдай туындайтын болса, сот талапкердің өтінуі бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады.
Егре ҚР АІЖК 238-ші бабының бірінші бөлігінде атап көрсетілгендей шешім дереу орындауға жіберілетін болса, сот талап қоюшыдан шешімнің күші жойылған жағдайда шешімнің кері орындалуын қамтамасыз етуді талап ете алады.
Көпшілік жағдайларда талап қоюшы шешім шығарылғанға дейін сот актісінің дереу орындалуы туралы мәлімдейді. Осыған байланысты ол өз ойларын айтып, тәртіп бойынша оларды сот жарыссөздерінде жариялайды. Шешімді дереу орындау туралы мәселе, егер ол негізгі сот актісі шығарылған кезде шешілмесе, сот отырысында бөлек қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі сот шешіміін дереу орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
Азаматтық іс жүргізудежауапкердің (атқарушылық өндіріс бойынша – борышкердің) мүдделерін қорғау үшін шешімді дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілу жөнінде ереже көзделген. Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық берілгендігі бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады (с- кестесін қараңыз).
Бірінші сатыдағы сот шешімінің заңды күшіне енуі
Бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарылған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық наразылық немесе шағым келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді
Сотпен шығарылған шешімнің дереу орындалуы
(ҚР АІЖК 237-ші бабы)
|
Шешімдері дереу орындалатын азаматтық істердің нормативтік тізімі:
|
1) алимент алып беру туралы;
|
2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;
|
3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;
|
4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;
|
5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;
|
кесте. Шешімнің заңды күшіне енуі
1.4 Сот ұйғарымы және бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері
Сот ұйғарымдары олардың іс жүргізушілік мақсаттарына, шығарылу нысаны мен қандай мәселелерді шешу үшін шығарылатындығы бойынша
жіктеледі. Бұл сұрақтар ҚР АІЖК 22-ші тарауының нормаларымен реттелген. Бұл іс жүргізу актілері істі қарау барысында шешім шығарғанға дейінгі аралық мәселелерді шешу мақсатында шығарылады. Сонымен қатар, іс жүргізу заңнамасында ұйғарым шығару жолымен азаматтық іс бойынша іс жүргізуді аяқтау мүмкіндігі де көзделген.
ҚР АІЖК 251-ші бабында берілген нормативтік анықтамаға сәйкес, ұйғарым іс мәні бойынша шешілмеген жағдайда шығарылатын бірінші сатыдағы сот актісі болып табылады. Іс жүргізу заңнамасында ұйғарымдар шыңарудың екі тәсілі көзделген: дербес іс жүргізу құжаты түрінде, немесе ұйғарымды сот отырысының хаттамасына енгізу арқылы. Мұндай жағдайда сот кеңесу бөлмесіне кетпей, ұйғарым мазмұнын іске қатысушыларға бірден жариялайды.
Ұйғарым мазмұны ҚР АІЖК 252-ші бабымен реттелген және бұл бапта көрсетілген талаптар сот шешімдеріне қойылатын талаптармен ортақ сипаттарға ие. Сот ұйғарымында келесі мән-жайлар, мәліметтер көрсетілуі тиіс:
1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;
2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні;
3) іске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немес мәлімделген талап;
4) ұйғарым шығарылған мәселе;
5) соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып сілтеме жасаған заңдар;
6) соттың қаулысы;
7) егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудің тәртібі мен мерзімі.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасында қаулы түрінде бірінші сатыдағы сот актісін шығару сирек жағдайларда көзделген. Мысал ретінде қаулының қабылдану жағдайларын атап өтуге болады: ол ҚР АІЖК 336-шы бабында көзделген негіздер бойынша шығарылады. Осы бапта көрсетілген жағдайда сот қаулы шығару жолымен апелляциялық шағымды қозғалыссыз қалдырады. Сонымен қатар апелляциялық шағымды, немесе прокурордың наразылығын қайтару жөнінде де қаулы шығарылады. (Д) қараңыз
Сот ұйғарымы
1. Бұл іс жүргізу актілері істі қарау барысында шешім шығарғанға дейінгі аралық мәселелерді шешу мақсатында шығарылады.
2. ҚР АІЖК 251-ші бабында берілген нормативтік анықтамаға сәйкес, ұйғарым іс мәні бойынша шешілмеген жағдайда шығарылатын бірінші сатыдағы сот актісі болып табылады.
Сот ұйғарымында келесі мән-жайлар, мәліметтер көрсетілуі тиіс:
|
1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;
|
2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні;
|
3) іске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немес мәлімделген талап;
|
4) ұйғарым шығарылған мәселе;
|
5) соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып сілтеме жасаған заңдар;
|
6) соттың қаулысы;
|
7) егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудің тәртібі мен мерзімі.
|
кесте. Сот ұйғарымы және бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері
1.5 Соттың жеке ұйғарымы
Соттың жеке ұйғарымдарын шығару тәртібі мен негіздері ҚР АІЖК 253-бабында реттелген. Оған сәйкес, сотт отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйғарымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жіберуге құқылы. Олар өздері ұйғарым бойынша қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде сотқа хабарлауға міндетті.
Соттың жеке ұйғарымдарының өзге соттық құжаттардың ерекшелігі сонда, олар істі талқылау барысында заңның бұзылу фактілері анықталған жағдайда шығарылады. Соттың жеке ұйғарым шығаруы заң бұзушылықтардың алдын алу (профилактикалық) сипатына ие, бұл іс жүргізу әрекеті заңның бұзылуына алып келген жағдайларды жоюға және кінәлі адамдарға қатысты шаралар қолдануға бағытталған.
Мысалы, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істі қарастыру барысында сотпен лауазымды тұлғаның кінәсінен өндірісте техникалық қауіпсіздік ережелері орындалмай келгені анықталды. Жауапты адам өзінің қызметтік міндеттемелерін дұрыс орындамағаны, қауіпті еңбек учаскелерінде жұмысшылар қорғаушы арнайы киім кимей жүргендіктеріне көңіл бөлмегені, ешбір бақылау болмағандығы (медициналық, наркологиялық) нәтижесінде бақытсыз жағдай орын алған анықталды.
Өз жеке ұйғарымында сот айқындалған фактілерді көрсетуге және кәсіпорын әкімшілігінен (ұйымынан, мекемеден) тиісті шаралар қолдануларын талап етуге құқылы. Жеке ұйғарымдар тиісті ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға немесе өзге де басқару қызметін атқаратын адамдарға жөнелтіледі, ал олар ұйғарымды шығарған сотқа қабылданған шаралар жөнінде хабарлауға міндетті. Өкілетті адресатқа келіп түскен жеке ұйғарымды олар қараусыз қалдыра алмайды.
Азаматтық істі қарастыру барысында сот нақты тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын фактілерді анықтауы мүмкін. Ол фактілердің анықталғаны жөнінде сот прокурорға хабарлайды; бұл ақпаратты алған прокурор өз өкілеттіктеріне сәйкес кінәлі адамдарды қылмыстық немесе өзге де заңды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.
Соттың жеке ұйғарымының ерекше мәнділігі сонда, ол қандай да бір мән-жайларға қатысты сот процесіне қатысуға тартылған адамдар үшін шешуші маңызға ие. Егер шығарылған шешім мүлікке, мүліктік құқыққа, мүліктік емес құқықтарды қорғауға және т.б. қатысты болса, онда соттың жеке ұйғарымы көпшілік жағдайларда адамға қатысты, ал кейбір жағдайларға адамдарға қарсы бағытталады. Бұл жеке ұйғарым басқа шешімдерге қарағанда өздеріне қатысты шешім шығарылған адамдар үшін барынша маңызға ие екендігін білдіреді. Осыған байланысты заңнамада іс жүргізушілік (процессуалдық) кепілдік қарастырылған, яғни мүдделеріне қатысы бар адамдар ҚР АІЖК 344-ші бабының төртінші бөлігіне сәйкес жеке ұйғарымға шағым келтіре алады.
Шығарылған сот актілерінің мазмұны мүдделі тұлғаларға белгісіз болуы мүмкін. Өздеріне қатысты сот актілерінің қабылданғаны жөнінде білмеулері салдарынан азаматтар дер кезінде өз мүдделерін қорғау туралы шара қолдана алмай қалған жағдайлар кездеседі. Бұл конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін ҚР АІЖК 254-ші бабында жалпы ереже көзделген. Оған сәйкес, coт отырысына келмеген тараптар мен басқа іске қатысушы адамдарға іс бойынша іс жүргізудің (өндірістің)
тоқтатыла тұруы;
қысқартылуы туралы;
арыздың қараусыз қалдырылуы туралы
сот үйғарымының көшірмесі ұйғарым шығарылғаннан бастап 5 күннен кешіктірілмей жіберіледі.
ІІ Шешім шығарылған соң сотпен жасалатын іс жүргізу әрекеттері
2.1 Дәлелді шешім және шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
Дәлелді шешім жасау өз мағынасы бойынша жеке іс жүргізу әрекеті болып табылады, оның мәні азаматтық істі қарастыру нәтижесінде сот қандай тұжырымға келгендігін негіздеумен түсіндіріледі.
Заң шығарушы азаматтық істі қарастыру барысында туындайтын объективтік жағдайларды ескеріп бұл іс жүргізу мүмкіндігін нормативтік түрде қолданыстағы Кодексте бекіткен. Мысалы, шешім шығарылған азаматтық іс өте күрделі болғандықтан түжырымдарды дәлелдеп жазу көп уақытты қажет етуі мүмкін, бұл жұмыс көп санды есептеулермен және сот актісінде үлкен көлемдегі дәлелдемелік мәліметтерді жазып баяндаумен де байланысты болуы мүмкін.
Дәлелді шешім жасауды кейінге қалдыру іс жүргізу уақытын үнемдеуді көздейді, себебі іске қатысушы адамдар судья (сот) қанша уақыт кеңесу бөлмесінде болса, сонша уақыт олар шешімнің жариялануын күтуге мәжбүр болады.
Жалпы ережеге сәйкес шешім істі қарау аяқталған соң дереу шығарылады, ал дәлелді шешімді дайындау барынша айрықша күрделі істер бойынша ғана кейінге қалдырылады. ҚР АІЖК 229-шы бабына сәйкес, айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейін қалдырылуы мүмкін, бірақ қысқаша (қысқартылған) шешімді сот істі қарау аяқталған отырыстың өзінде жариялауға тиіс. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол азаматтық іске қоса міндетті түрде тіркеледі.
Соттың шығарған шешімнің қысқаша және дәлелді түрлерінің кіріспе және қарар бөліктерінің мазмұндары бірдей болуы тиіс. Дәлелді шешім шығарылған соң қысқаша шешім істен алынып тасталмай, іске жеке іс жүргізу құжаты ретінде тіркеледі.
Сонымен қатар, сот актілерінде қателер мен түзетулер мүлдем болмағаны жөн, себебі олардың орын алуы сот процесіне қатысушы тараптардың сенімсіздігін туындатып, сот беделіне теріс әсер етеді. Азаматтық дау мүддесіне сай шешілмеген тарап үшін қателер мен түзетулер - судьяның өкілетісіздігін (адал ниетсіздігін) растау ретінде бағаланады. Іс мүддесіне сай шешілген талапкердің (жауапкердің) көз алдында шешімнің мүндай кемшіліктері олардың әрекетінің дұрыстығын растаған сот актісінің құқықтық маңызын кемітеді. Іске қатысушы кейбір адамдар үшін мұндай жағдайлар тиімді болуы да мүмкін, бірақ қандай болмасын, судья жіберген мұндай қателіктер сот мәртебесіне нұқсан келтіретіндігі сөзсіз. Шешім жарияланғанға жэне іске қатысушыларға көшірмелері берілгенге дейін судья сот актісінің мәтІнін тексеріп, редакциялауы тиіс. Алайда өмір шынайылығы мен судья жұмысының айрықша ерекшелігін ескере отырып, заң шығарушы ҚР АІЖК 230-шы бабында шешім мәтінін теру кезінде орын алған қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету мүмкіндігін қарастырған. Азаматтык іс жүргізу кодексінің бұл ережесін түсінуде тек қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзетуге жол берілетіндігін, яғни тек заңмен көзделген, тек осы екі жағдайда ғана шешімге түзету енгізуге болатындығын естен шығармаған жөн. Мысалы, сот шешімімен азамат С.С. Громовтың жылжымайтын мүлікке құқығы танылды. Шешімнің барлық құрылымдық элементтерінде оның фамилиясы дұрыс жазылып, ал шешімнің қарар бөлігінде «Азамат Хромов Сергей Сергеевичтің (...) адрес бойынша орналасқан тұрғын үйге құқығы танылсын» деп қате жіберілуі мүмкін. Егер шешімнің қарар бөлігінде осы мәтін өзгертусіз қалдырылса, онда бұл шешім (құқықты белгілеуші құжат ретінде) мүліктік құқығы танылған адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмегендіктен, халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) тіркелмей қайтарылады. Айқын арифметикалық қателер санатына мемлекеттпік баж сомасын есептпегенде, іс бойынша шығындарды ұстау кезінде, мерзімді төлем және т.б. есептеп шығарған кезде жіберілген қателер жатады. Мысалы, алимент өндіру бойынша жауапкердің жылдық жалақысын есептеуде сот шешімінде келесідей есептеу жасалған: 70.000 теңге х 12 ай 700.000 теңге. Бұл жерде 700.000 саны - қате, сондықтан бажды есептеу 70.000 және 12 сандарын шынайы көбейту есебінен алынуы тиіс. Сот шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша түзейді. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Шешімнің дұрыс мәтінін жасап негіздегенде төменде көрсетілген ережені сот мызғымас қағида ретінде орындауы керек: жарияланғаннан кейін шешімді шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Бұл ереженің талабы шешім мәтінін қай жағдайда түзетуге болатындығын сот қатаң сақтауы тиіс дегенді білдіреді. Шешімге түзетулер енгізу туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
2.2 Қосымша шешім
ҚР АІЖК 231-ші бабына сәйкес, сотқа қосымша шешім қабылдау құқығы берілген. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету жағдайларындағы сияқты бұл іс жүргізу әрекетін сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың өтінішімен іске асырады.
Іс жургізу тәртібіне сай бұл әрекет ұйғарыммен рәсімделмейді; сотпен шығарылатын акт қосымша шешім деп аталады. Егер сот қосымша шешім қабылдауды негізсіз деп тапса, онда бұл әрекетті жасаудан бас тартуын жалпы тәртіппен шағым келтірілетін ұйғарым шығару жолымен рәсімдейді.
Іс бойынша шешім қабылдаған сот іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда қосымша шешім шығара алады:
іске қатысушы адамдар дэлелдемелер ұсынған жэне түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмай қалса;
егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді шешімде көрсетілмесе;
егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;
егер сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару
туралы мәселесі шешілмесе[5].
Алынып берілетін мүлікке құқық туралы мәселе шешіліп, мүліктің санын (түрін), өндірілген соманың мөлшерін көрсетпеу жағдайлары сот тәжірибесінде өте сирек кездеседі. Егер сот мұндай қателерге жол берсе, ол судьяның кәсіби дайындығының жеткіліксіздігін және оның адал ниетсіздігін көрсетеді. Мысалы, шешімнің қарар бөлігінде сот орындаушысы үшін ешқандай мәнді болып табылмайтын мынандай сөйлем жазылған: «Талап қанағаттандырылсын». Даулы мүлік талап коюшға алынып берілсін», Мұндай санаттағы азаматтық дауларды шешкенде судья тек Азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелерін ғана емес, сондай-ақ атқарушылық өндірісін реттейтін заңнама талаптарын да білуі тиіс. Шешімнің қарар бөлігі сөзбе-сөз атқару парағына енгізіледі, ал сот орындаушысы осындай мазмұндағы құжатпен coт шешімін орындау бойынша әрекет жасауы керек. Мұндай «процессуалдық тұйыққа тірелуден» шығудың бірден-бір жолы қосымша шешім шығару болып табылатындығы даусыз, себебі соттың сот орындаушысына берген атқару парағындағы жазба оған шешімді орындау үшін ешқандай ақпарат бермейді.
Сот өз шешімінде жауапкердің қандай әрекет жасауға міндетті екендігін көрсетпей кету жағдайлары (талап арызда бірнеше талап қойылған болса) орын алуы мүмкін. Мүндай жағдайлар іске бірнеше талап қоюшы және бірнеше жауапкер қатысқанда да жиі кездеседі. Мысал ретінде ар мен абыройды қорғау туралы азаматтық істерді келтіруге болады. Мұнда жауапкерлер ретінде авторлар (журналистер) және талап қоюшы дау келтіріліп отырған мәліметтерді жариялаған басылымдар (занды тұлғалар) процеске қатысады. Әрбір жауапкердің орындауы тиіс нақты әрекеттерді аныктау барысында сот тарапынан қателіктер жіберілуі мүмкін. Біреулері жария түрде кешірім сұрауы керек, екіншілері ол кешірімді жариялауы тиіс, ал үшіншілері талап қоюшыға келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай соманы өтеуі қажет және т.б.
90-шы жылдардың басындағы сот тәжірибесі осындай санаттағы істерді қарастыруда судьялардың тәжірибесі жеткіліксіз екендігін көрсетті. Осындай және осыған ұқсас жағдайларда қосымша шешім шығарылуы қажет әрі дұрыс болып табылады.
Сот шығындары жөніндегі сұрақтың шешусіз қалуы бірнеше талап бойынша шешім шығарылғанда кездеседі. Сот шешімінің орындалуын қайта бұрып аткару туралы қосымша шешім шығару жөнінде жеке айтып өткен жөн.
Біріншіден, бұл тәртіп күші жойылған шешім бойынша талапкерге (өндіріп алушыға) алынып берілген мүлік пен ақшаға таралады;
Екіншіден, бұл іс жүргізушілік әрекет пен оны реттейтін заң нормалары жауапкердің мүліктік мүдделерін қоргауға бағытталған.
«Қайта бұрып атқару» тәсілі Қазақ ССР-нің АІЖК-нде де бұрын көзделген болатын, бірақ қолданыстағы Кодекстің алғашқы редакциясында бұл ереже енгізілмеген еді. Кейіннен ҚР АІЖК-не 11.07.2001 ж. № 238-И Заңымен 240-1 бабы енгізілді. Осы бапқа сәйкес, заңды күшіне еніп, толық немесе ішінара орындалған сот шешімінің
- күші жойылған және сот таланты толық немесе бір бөлігінде қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарған,
- не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы
- немесе талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған жағдайда талапкерден күші жойылған шешім бойынша алғанының бәрі өндіріліп алынады (шешімнің орындалуын қайта бұрып атқару).
Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады жэне оған шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
2.3 Шешімді түсіндіру
Күрделі санаттағы істер бойынша қабылданған сот актілері (шешімдері) іске қатысушы адамдарға қарар бөлігінде, сондай-ақ сот тұжырымдарын негіздеу бөлігінде түсініксіз болуы мүмкін.
Мүліктік (қаржылық) даулар бойынша:
- тараптарға алынып берген заттарға (ақшаларға);
- мезгілдік төлемдердің мерзімдеріне және басталу сәтіне (алимент, жалға беру және т.б. шарттарға);
- сотпен жасалған есептеулер әдісіне және т.б. қатысты сұрақтар жиі туындайды. Мұндай жағдайларда ҚР АІЖК 232-ші бабына сәйкес шығарылған шешім сот тарапынан түсіндіріледі.
Шешімге жиі қойылатын сұрақтар
|
Тараптарға алынып берген заттарға
|
Мезгілдік төлемдердің мерзімдеріне және басталу сәтіне
|
Сотпен жасалған есептеулер әдісіне және т.б.
|
Шешімді түсіндірудегі негізгі 4 шарт
|
шешімді түсіндіру арқылы оның мазмұнын өзгертуге болмайды
|
шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі
|
сот шешімді түсіндіру туралы өтінішті ол өтініш қабылданған күннен бастап он күн мерзімде қарауға міндетті
|
шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында шешіледі
|
5-кесте. Шешімді түсіндіру
Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші, сондай-ақ сот орындаушысының өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы.
Бұл іс жүргізу әрекетін жүзеге асыруда келесі төрт шарт орындалуы тиіс.
шешімді түсіндіру арқылы оның мазмұнын өзгертуге болмайды;
шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі
түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі;
- сот шешімді түсіндіру туралы өтінішті ол өтініш
қабылданған күннен бастап он күн мерзімде қарауға міндетті;
- шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында
шешіледі.
Іске қатысушы адамдарға, қажетті жағдайларда сот
орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны
хабарланады, алайда ол тұлғалардың келмеуі шешімді
тусіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
Соттың шешімді түсіндіру туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
2.4 Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін
ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту
Бұл сұрақтарды шешу барысында сот қабылдайтын іс жүргізу актісі ұйғарым болып табылады. ҚР АІЖК 233-ші бабының бірінші бөлігіне сәйкес, істі қараған сот іске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүліктік жағдайын немесе басқа да мән-жайларды негізге ала отырып, шешімнің орындалу мерзімін кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай-ақ оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгертуге құқылы.
Азаматтық істерді талап қою тәртібінде шешу барысында сот үш маңызды мәселеге назар аударады:
- біріншісі - талапкердің талаптарының материалдық заң ережелеріне сай келуі;
- екіншісі - талапкердің нақты тұлғаға қарсы мәлімдеген талаптарының негізділігі;
- үшіншісі - талап қоюшының материалдық талаптарының жеткілікті көлемдегі дәлелдемелермен қамтамасыз етілуі. Көпшілік жағдайда осыдан өзге сұрақтарға сот назар аудармайды, ал шешімнің орындалу процедурасы жалпы ереже бойынша сот орындаушысының өкілеттігі аясына кіреді [6].
ҚР АІЖК 233-ші бабының ережелерін бағалай келе олардың екі тараптың (өндіріп алушы және борышкердің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын ескерген жөн. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және орындаудың мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту мәселесі іске қатысушылардың арыздары негізінде шешіледі. Мұндай өтініштерді қарастыру барысында сот тараптардың мүліктік жағдайларын немесе де ерекше көңіл бөлінуі тиіс өзге де мән-жайларды ескеруі қажет.
Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру, орындаудың мерзімін ұзарту, шешімді орындау әдісі мен тәртібін өзгерту әрекеттері (шешімдер және бұйрықтармен) өндірілген қаржы және алынып берілген мүлікке қатысты жүзеге асырылады. Бұл сұрақтар ҚР АІЖК 240-шы бабымен реттелген. Азаматтық іс бойынша шешім шығарған сот қажетті іс жүргізу әрекеттерін өзі іске асырады, ал орындау әрекеттері шешім шығарған соттың юрисдикциясынан тыс жерде жасалатын болса, бұл сұрақтар сот актісінің орындалу орнындағы сотпен шешіледі.
Сот орындаушысы немесе атқару өндірісінің тараптары орындау іс әрекетін қиындататын немесе оны орындауды мүмкін емес ететін мән-жайларды көрсете отырып, сотқа өтініш береді. Мысалы, сот шешімі бойынша алынып берілуі тиіс мүлік апатты жағдай орын алған жерде орналасса, яғни апатты (су басып қалуы, сел және т.б.) жағдайларда орындау әрекеттерін жүзеге асыру мүмкін емес.
Сотпен бекітілген бітімгершілік келісімдер бойынша да сот ұйғарымының орындалуын кейінге қалдыру, мерзімін өзгерту, оны орындау әдісі мен тәртібін өзгертуге болады.
Сот орындаушысының өтініші немесе атқару ісін жүргізудегі тараптардың арызы сот отырысында қаралады. Іске қатысушы тұлғаларға отырыс өтетін уақыт және орын хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.
Шешімді орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның орындалу әдісі мен тәртібінің өзгертілуі туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
ІІІ Қосымшалар
3.1 Сот шешімінің үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |