2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет27/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   176

74

тәрбиенің  жемісі»  деп,  тілдік  тәрбиенің  де  тым  ерте  басталуын 

талап  етеді.  Демек,  ата-ана  алғашқы  ұстаз.  Ал  ұстаздың  ұстазы  әр 

үйдің алтын қазынасы әжелер, аталар емес пе? Ұлы Пушкин де, ұлы 

Абай да өздерінің бойындағы ең асыл ақындық қасиеті үшін Арина 

Родионовна, Зере сынды әжелеріне өмір бойы бас иіп кеткен емес пе 

еді?

Шынында  да,  жас  баланың  тілді  қабылдау,  жадында  сақтау 



қабілеті  өте  күшті  болады.  Тілші  психолог  ғалымдар  пікірінше, 

баланың  8-9  жасқа  келгенше  сөйлеу  аппараты  толық  қалыптасып 

болады. Дәл осы кезге дейін ол кез келген тілді жетік меңгере алады 

екен. Демек, тәлім-тәрбиенің басын тіл деп түсінсек, сол тіл тәрбиесі 

тым ерте, яғни семьядан басталып, бала бақшасында қалыптасқаны 

абзал деп білеміз. Жастайынан өзін қоршаған тілдік ортаның рухына 

бойлай өскен бала ана тіліне де суық тарта береді. Ал тілді кенжелеп 

барып,  ересек  тарта  үйренген  бала  көбінесе  оның  нәзік  те  көркем 

табиғатына  терең  бойлап,  ұлан-ғайыр  байлығын  толық  меңгере 

алмаса керек. 

Екітілділік  –  ұлт  республикалары  жағдайында  дүниеге  келген 

тарихи  фактор,  социалистік  мәдениетіміздің  бүгінгі  даму  сипатын 

анықтайтын  қоғамдық  құбылыс.  Бір  топ  хаттың  иесі  орыс  тілін 

үйреніп, оны жетік меңгеруге деген елдің талабын және бұл орайдағы 

кедергі-кемшіліктерді сөз етеді. Мәселен, Ақтөбе облысы Қарабұтақ 

поселкесінен  хат  жолдап  отырған  Әбдібай  Жетіруов:  «Орыс  тілі 

–  Ленин  тілі,  орыс  халқының  тілін  білуді  парыз  санаймын»  десе, 

Шымкент  облысы,  Мақтаарал  ауданынан  Кәмшат  Дүйсебаева:  «Біз 

орыс тілін меңгеруге ынтықпыз, – деп ағынан жарыла отыра, оның 

себебін  де  жасырмайды,  –  Ауданда  ауруханаға  көрінуге  барған 

адам  орыс  тілін  жөнді  білмесе,  орыс  дәрігерлер  оған  күледі,  ал 

өздері  бір  ауыз  қазақша  білмейді».  Дәл  осы  арадан  біз  екітілділік 

проблемасының  қаулыда  айтылған  екі  жағын  да,  яғни  тіл  білуге 

екі  жақ  та  бірдей  ынталанудың  қажеттігін  көріп  отырмыз.  Жамбыл 

облысы  Қордай  ауданының  тұрғыны  Құдайбергенов  Нұрділда, 

алматылық  Жұмағалиев,  шымкенттік  Рүстемов  Мұхамеджан, 

Петропавл  қаласынан  Кәдірбаев  Бәйкен,  ақтөбелік  соғыс  ардагері 

Ділманов  Айтқали  және  басқалары  да  осы  екітілділікті  дамыту 

мәселелерін сөз етеді. 

Аталмыш  қаулыларды  орындауға  байланысты  қабылданған 

шаралардың  біразы  анықтама  құралдар,  оқулықтар,  программалар 



75

шығару болса, енді біразы орыс, қазақ тілдерін жер-жерде оқытуға, 

оқу  процестерін  ұйымдастыруға  бағытталған  еді.  Алайда  16 

адамның қолы қойылып Семей облысынан келген хатта қаулылардың 

орындалуына  байланысты  аталған  көп  кемшіліктердің  қатарында 

«қазақ тілін оқып-үйрену үйірмелері жоқ» деп хабарланған. 

Бұл  салада  Қазақ  ССР  Оқу  министрлігі,  Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясының Тіл білімі институты, Қазақ Совет энциклопедиясының 

бас  редакциясы,  «Мектеп»,  «Қазақстан»  баспалары  біршама  жұмыс 

істегенін  атап  айтуға  болады.  Мәселен  Орал  облысынан  мұғалім 

Оңғарбай  Жұбатқановтың  хатында  Орал  облыстық  мұғалімдер  білімін 

жетілдіру институты негізінде 1987 жылы өткізілген мәжіліс жайы сөз 

болады.  Мұнда  қос  тілді  оқып-үйренуге  байланысты  жұмыстардың 

сапасын  арттыру  шаралары,  тілден  олимпиада  өткізудің  шарттары 

бекітіліп, басқа да игілікті істер атқарылған.

Біраз  хаттарда  жалпы  тіл  мәдениетіне,  жазу-сызу  сауатын  ашуға, 

тіл  байлығына,  терминдерге  қатысты  анықтама  құралдардың,  әртүрлі 

сөздіктердің қажеттілігі сөз етіледі. Бұл жөнінде айтарымыз мынау: Тіл 

білімі  институты  тарапынан  жоспардан  тыс  дайындалған  40  мыңнан 

астам сөз бен сөз тұлғаларын қамтитын «Қазақ тілінің орфографиялық 

сөздігінің» түзету енгізілген жаңа үшінші басылымы үстіміздегі жылдың 

бірінші  жартысында  жарық  көрмекші.  Сондай-ақ  «Қазақ  тіліндегі  кісі 

аттары»  деп  аталатын  үлкен  сөздік  те  биыл  баспадан  шыққалы  отыр. 

Істеліп  жатқан  осындай  басқа  да  жұмыстар  баршылық.  Москвадан 

шығатын «Қазақша-орысша үлкен сөздік» қазір редакциялау үстінде. 

Қорыта келгенде айтарымыз: ана тілі тағдыры – әрбір халық үшін 

өмірінің  өзекті  мәселесі;  қос  тіл  тағдыры  –  халықтар  достығының 

мызғымас негізі, ана тілі мен аға тілдің үйлесімділігі – бүгінгі социалистік 

дәуірдің  салтына  сай  болашаққа  бастайтын  сара  жол.  Ұлтаралық 

қатынастың да, интернационалдық бірліктің де кепілі – қарым-қатынас 

құралы тілде! Тәлім-тәрбиенің бәрі тілден басталады. 

«Социалистік Қазақстан», 1988 .21 сәуір. 

 

Бұрынғы тіл заңының заманы өтті

Халқымыздың қайта туып, өркениет әлемінде егеменді де тәуелсіз ел 

санатына қосылуын паш етуші ресми құжат – Қазақстан Республикасының 

жаңа  Конституциясы  қабылданып,  жаңа  дүниемізді  бір  жадыратып-ақ 

тастады.  Бірақ  қуаныш  арты  өкініш  болмау  үшін  қолға  келген  бақытты 

маңдайынан  қақпай,  бағалай  білген  де  жөн,  оны  баянды  етудің  қамын 



76

қазірден  бастап,  жатпай-тұрмай  ел-жұрт  болып  ойланған  абзал.  Өйткені 

өзінің ұзақ та қасіретті тарихында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының 

қолына  мұндай  бақыт  құсы  күнде  қона  бермейді.  Сондықтан  да  «ендігі 

мақсат-мұратымыз не болмақшы?» деген сауал әрбір саналы азаматты бей-

жай қалдырмаса керек. 

Осыған орай бізді толғандыратын тағы да сол тіл мәселесі, ана тіліміздің 

тағдыры. 

Иә,  республикамызда  қазақ тілінің  мемлекеттік тіл болып, еліміздің 

Негізгі  Заңына  алғашқы  рет  жазылуы,  өткен-кеткен  әңгімелердің  бәріне 

салауатпен    қарағанда,  үлкен  тарихи  оқиға.  Осының  өзіне  бір  шүкіршілік 

айтып алудың еш артықтығы жоқ. Өйткені, бүгінгі аумалы-төкпелі заманда 

«өзімнің айтқаным болмады, ойлағаным орындалмады» деп астамшылдық 

жасап,  өзге  жұрттың  өкпе-назын  қоздырудың,  ұлтаралық  наразылықты 

өршітудің,  сөйтіп  қазірше  бейбіт  өлкемізді  өртке  шалдықтырып  алмаудың 

өзі, біле-білсек сол мемлекеттік тіліміздің бүгінгі қамы мен ертеңгі болашағы. 

Конституциямыздың  8-тармағында  мойындалып,  заңдастырылған 

мемлекеттік  тіл  мен  ұлтаралық  тілдің  ресми  мәртебесін  осы  құжаттың 

негізгі  мәселесі  деп  қарасақ,  оның  төңірегінде  айтылып  жатқан  кейбір 

«түсініктемелер» мен «ескертпелер» жөнінде бұдан бұрын да аз болмаған 

дау-дамайды  соза  түсудің  ендігі  жерде  реті  жоқ  сияқты,  өйткені  «көш 

қозғалып  кетті».  Мұндайда  өркениетті  қауым  «өткенге  салауат!»  деп, 

қабылданған Заңның қасіретін емес, қасиетін арттыруға, өскелең өмір талабы 

мен қоғамдық дамудың жаңа үрдісіне сай оның тиімді де пайдалы жақтарын 

саналы түрде дамытуға тырысады. Өйткені, қандай Заң болмасын, ол – қағаз 

бетінде ғана қалатын қасаң қағида емес, өмірдің өзімен өзектес, соның барша 

мүддесін қорғайтын құжат. Ал Заңның осылайша іс жүзіне асырылуы ендігі 

жерде басқаға емес, Заң қабылдаушы қауымның өзіне сын.

Олай болса, барша жұртшылықтың тілдің шынайы жанашырларының 

ендігі  мақсаты  –  Жаңа  Конституциядағы  Тіл  туралы  тұжырымдаманың 

(концепцияның) ғылыми-практикалық маңызын терең де дұрыс түсіне біліп, 

бүгіннен  басталатын  тарихымыз  бен  жарқын  болашағымыз  үшін  ерекше 

мәні бар мемлекеттік мәртебелі ана тілімізді жан-жақты дамытудың бағыт-

бағдарын айқындап алу.

Конституция  қабылданғаннан  кейінгі  мүдде-мақсатты  осыншама  бір 

көтеріңкі  көңілмен,  оптимистік  кейіппен  сөз  етуімізе  үш  түрлі  объективті 

себеп бар. 

Біріншіден, төрт құбыласы сай, төрт аяғынан бірден тік тұра қалатын 

Заң  бірден  дүниеге  келе  бермейді.  Бұл  заңымыздың  да  «толғағы»  жеңіл 




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау