2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет24/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176

65

Конференцияда  облыс  әкiмi  де‚  Алматыдан  келген  адамдар  да 

сөз  сөйлеп‚  ой-пiкiрлерін  ортаға  салды.  Сөйлегендердiң  мақсаты  – 

мемлекеттiк  тiлдi  қоғам  өмiрiнде  қалыптастыру‚  демографиялық‚ 

әлеуметтiк‚  экономикалық  жағдайға  сәйкес  өлкеде  iс  қағаздарын 

мемлекеттiк  тiлге  түгел  ауыстыру.  Конференцияға  қатысып  отырған 

қалың жұрттың кеудесiн кернеп‚ жүрегiн тербеп отырған бар арманы 

–  өлкеде‚  75-80  пайызы  қазақтар  тұратын  ата-баба  жерiнде‚  ана 

тiлiне  еркiндiк  беру‚  оның  қоғам  өмiрiне  еркiндеп  кiруi  екенді.  Оны 

конференцияға  белсене  қатысып‚  ойын  еркiн  бiлдiрген  жергiлiктi 

азаматтардың жан айқайынан аңғару қиын емес едi. Алайда‚ екiншi рет 

сөз алып‚ мiнберге шыққан әкiмнiң кейбiр сөздерi көпшiлiктiң ойымен 

сәйкес болмады. Ол жоғарыда айтқан сөзiн ел алдында тағы қайталап‚ 

қасиеттi  ана  тiлiмiздiң  алдында  тұрған  «тосалғыларды»  өзiнше 

түсiндiрiп‚ жұрт көңiлiне күдiк ұялатуға тырысты‚ iс қағаздарын түгел 

қазақшалауға ниетiнiң жоқ екенiн анық танытты. 

Қысқасы‚ конференция өз мiндетiн атқарса да‚ дiттеген мақсатына 

толық жете алмады‚ оған көп нәрседен үмiттенiп‚ асыл арманын арқалап 

келген  тiлiмiздiң  шынайы  жанашырлары  «Мемлекеттiк  тiл!»  деп‚ 

мәртебесiн аспандатып‚ «ұлтымыздың ой-санасы‚ елдiгiмiздiң кепiлдiгi» 

деп дабыра етiп‚ өткен он жыл бойы ұрандатып жүрген асыл да қымбат 

дүниесiнiң  әлi  де  аяқасты  болып‚  қоғамдық  ортада  емiн-еркiн  қызмет 

ете  алмайтын‚  көрiнгенге  көзтүрткi  болып‚  әр  әкiмнiң  орынтағымен 

«текетiреске» түсiп‚ бiраз жүретiн нәрсе екен ғой!» деген сенiмсiз оймен 

тарасты.  Алайда  олар  конференция  хабарынан  өзi  сияқты  көршiлес 

облыстарда  –  iс  қағаздарының  түгелдей  қазақ  мемлекеттiк  тiлiнде 

жүргiзiле бастағанын бiлiп тарасты.

Мемлекет  қайраткерi‚  бүгiнде  ҚР  премьер-министрi  Иманғали 

Тасмағамбетов  мырзаның  осы  мәселеге  қатысты  ұсыныс  хатының 

жоғын  жоқтап  жүрген‚  iзiн  қуып‚  Атырауға  келген  бiздер  елiмiздiң 

елдiгiн‚ тiлiмiздiң тағдырын еркiн ойлайтын көптеген ел азаматтарымен 

де‚  баспа-ақпарат  қызметкерлерiмен  де‚  оппозициялық  принциптi 

тұтынушы  жiгiттермен  де  сұхбаттастық.  Сөз  жүзiнде  ғана  емес‚  iс 

жүзiнде  де  iстелiп  жатқан  кейбiр  iс-шаралармен  де  бiршама  танысып 

шығуға мүмкiншiлiгiмiз болды.

Айта  кету  керек‚  Иманғали  Тасмағамбетовтың  аталмыш  ұсыныс 

хатынан  кейiн  (№24-4/И-698‚  3.08.2001)  Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына орай «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 

2001-2010  жылдарға  арналған  бағдарламасын»  iске  асыру  тұрғысынан 



66

бұл  саладағы  iстiң  үрдiсiн‚  нәтижесiн  байқау  мақсатымен  барлық 

мемлекеттiк құрамдағы мекемелерге Маңғыстау облыстық ақпарат және 

қоғамдық  келiсiм  басқармасының  бастығы  А.К.Рзаханов  мырзаның 

қатынас хаты жiберiлген екен. Бiз‚ мiне‚ осы хатқа тиiстi мекемелердiң 

бiразының  берген  ресми  жауабымен  де  танысуға  мүмкіншілігіміз 

болды. Мысалы‚ олар: Маңғыстау облыстық қазынашылық басқармасы 

(орындаушы  А.А.Құдайбергенов)‚  Маңғыстау  облыстық  құрылыс‚ 

тұрғын үй‚ сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы (бастығы 

Қ.Оңғалбаев)‚  Маңғыстау  облыстық  спорт  және  дене  мәдениетi 

басқармасы  (бастығы  А.А.Драч)‚  Маңғыстау  облысы  және  Ақтау 

қаласының әскери комиссары (бастығы Е.Уразов)‚ Маңғыстау облыстық 

қаржы  басқармасы  (басқарма  орынбасары  С.Ерғалиев)‚  Маңғыстау 

облыстық  қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасы  (бастығы  К.Төлешов), 

Маңғыстау  облысы  бойынша  қаржы  полициясы  (бастық  орынбасары 

О.В.Насонов)‚  Маңғыстау  облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы 

(бастығы  А.С.Доспаев)‚  Маңғыстау  облыстық  Iшкi  Iстер  Басқармасы 

(бастық орынбасары О.Әбдiлов)‚ облыстық экономика‚ өнеркәсiп және 

сауда басқармасы (бастығы Ә.Көшеров)‚ облыстық Шағын кәсiпкерлiктi 

қолдау  басқармасы  (бастығы  Қ.Т.Елеусiнов)‚  Маңғыстау  облысы 

бойынша салық комитетi (төраға орынбасары Ж.Албытов)‚ Маңғыстау 

облыстық статистика басқармасы‚ облыстық еңбек‚ халықты жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтiк  қорғау  басқармасы  (бастығы  А.Баужанова‚ 

Маңғыстау  облыстық  әдiлет  басқармасы  (бастығы  Т.Т.Каджиков)‚ 

облыстық  Көшi-қон  және  демография  жөнiндегi  басқармасы  (бастығы 

Ә.Ө.Сахимов)‚  Маңғыстау  облыстық  төтенше  жағдайлар  жөнiндегi 

басқармасы (бастығы Қ.С.Хайрушев) т.б.

Мiне‚  облыстық  ақпарат  және  қоғамдық  келiсiм  басқармасының 

бастығы А.Рзаханов мырзаның атына аталмыш мекемелердiң басшылары 

жазған жауаптарымен танысып қарағанымызда‚ бiз «Тілдерді қолдану мен 

дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»‚ 

ҚР Өкiметiнiң 10.09.1998 ж. №94 «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк 

тiлдi  қолданыс  саласын  кеңейту  туралы  қаулысын»  және  Иманғали 

Тасмағамбетов мырзаның ұсынысын орындауға байланысты Маңғыстау 

облысы  ауқымында  да  бiраз  жұмыстар  iстелiп  жатқандығын  көреміз. 

Олар негiзiнен үш түрлi салада көзге түседi екен: бiр топ мекемелерде 

iс-қағаздарының баршасы (арадағы хат алысу‚ ақпарат алмасу‚ есеп беру 

т.б.) қазақ тiлiне толық көшiрiлсе‚ ендiгi бiр тобында ол iстер екi тiлде 

(қазақша да‚ орысша да) қатар жүргiзiлетiнi көрсетiлiптi; iс қағаздарын 



67

көбiнесе тек орыс тiлiнде ғана жүргiзетiн мекемелер де кездеседi. Оның 

себебiн мекеме басшылары ресми құжаттардың аймақтық мекемелерден 

орыс  тiлiнде  келуiне  байланысты  деп  түсiндiрiптi.  Мәселен‚  Әдiлет 

басқармасының  бастығы:  «Жаңаөзен  қалалық‚  Бейнеу‚  Қарақия‚ 

Түпқараған‚ Маңғыстау аудандық ... бөлiмдерiнiң‚ мемлекеттiк нотариат 

кеңселерiнiң iс-қағаздарын тек қана қазақ тiлiнде‚ ал әдiлет басқармасы 

мен  «Ақтау  қалалық  АХАЖ  бөлiмiнде  iс  қағаздары  екi  тiлде  қатар 

жүргiзiледi»  деп  хабарлапты.  Бұл  мағлұматтар  облыс  аудандарының 

бәрiнде  болмаса  да‚  көбiсiнде  iс-қағаздары  тек  мемлекеттiк  тiлде‚ 

ал  Ақтау  қаласында  екi  тiлде  жүргiзiледi  деп  көрсетiптi.  Мәселен‚ 

облыстық  iшкi  iстер  басқармасы  «төрт  аудандық‚  екi  қалалық  Iшкi 

Iстер  бөлiмдерiнiң  4  аудандағы  (Бейнеу‚  Маңғыстау‚  Түпқараған‚ 

Қарақия)  бөлiмдерiнiң  барлығында  және  Жаңаөзен  қалалық  бөлiмiнде 

iс-қағаздарын тек мемлекеттiк тiлде‚ ал Ақтау қаласы мен облыстық IIБ 

екi тiлде жүргiзедi екен. Денсаулық сақтау басқармасы саласында облыс 

бойынша 55 мекеменiң 5-еуi тек орыс тiлiнде‚ 32-сi тек қазақ тiлiнде‚ ал 

18-де екi тiлде қатар жүргiзедi екен».

Мағлұматтар  осылай  жалғаса  бередi.  Бұл  ақпараттан  бiздiң 

байқағанымыз: Маңғыстау облысында мемлекеттiк тiлдi қалыптастыру‚ 

қолданыс  ауқымын  кеңейту  және  дамыту  жағдайы  кейбiр  басқа 

облыстармен  салыстырғанда  әлдеқайда  жақсы.  Мемлекеттiк 

мекемелердiң шамамен 85-90 пайызы мемлекеттiк тiлмен қарым-қатынас 

жасап‚ оның қоғамдық шеңберiн кеңейтiп отырған сыңайлы.

Егер бiз осы мағлұматтарға толық сенетiн болсақ (сенбеске қақымыз 

жоқ‚  өйткенi  олар  ресми  қағаздарға  жазылып‚  басшыларының  қолы 

қойған қағаздар)‚ бұл өлкеде мемлекеттiк тiлдiң даму қарқыны жалпы 

жағдайларға сәйкес.

Бұл  өлкенiң  жағдайын  жақсы  бiлетiн  ел  азаматы  Иманғали 

Тасмағамбетов  мырзаның  арнайы  әкiмiне  хат  жолдап‚  өз  өтiнiшiн 

жолдауында да толық негiз барлығына бiздiң де көзiмiз жеткен сияқты. 

Сонда облыс әкiмi Ләззат Қиынов мырзаның ер-тоқымын бауырына алып 

тулауына не жорық?! Жоқ‚ әлде ол өзi басқарып отырған облыстағы тiл 

ситуациясына‚ жергiлiктi жұртшылықтың қалауына мән бергiсi келмей 

ме‚ әлде мемлекеттiк тiлдi экономикалық табыстарының құрбандығына 

шалып жiберуге ыңғайлана бастағаны ма? Ол жағын бiз түсiне алмадық.

Бiздiң  ойымызша:  «қазақ  тiлi  мемлекеттiк  тiл  болуға  жарамайды» 

деген кейбiр тоғышарлардың аузы-мұрны қисаймай‚ жиi айтып жүрген 

пiкiрлерiнен ел басқарып отырған саналы азаматтардың аулақ болғаны 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау