2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет30/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   176

83

келеді.  «...я  не  согласен  с  тем,  что  в  ряде  республик  он  (русский 

язык  –  Ә.Қ.)  выбирался  языком  межнационального  общения.  Это  – 

предмет не Конституций, а сама жизнь – в каждой деревне по-своему» 

(«Комсомольская правда» 16.12.1989).

Орыс  тілін  Конституциямызға  ұлтаралық  тіл  ретінде 

қабылдағанымызда, біз оның әр кезде, әртүрлі тілдік ортада өзгеріп 

тұратын ерекшелігін емес, көп ұлтты Қазақстан жағдайында ұзақтан 

бері  атқарып  келе  жатқан  тарихи  миссиясын,  дәстүрге  айналған 

қоғамдық-мәдени  қызметін  көз  алдымзға  елестетеміз.  Бұл  дәстүрді 

бірден қиып тастау мүмкін емес, ол әлі де өз жалғасын таба бермекші. 

Сондықтан  да  орыс  тілінің  «Ұлтаралық»  деген  мәртебесінен 

(статусынан)  шошына  берудің  реті  жоқ.  Мәселе  оның  мемлкеттік 

тілмен қарым-қатынасын дұрыс анықтап, заңдастырылуына және сол 

ретте  жүзеге  асырылуында.  Бұл  республика  жұртшылығының  өзіне 

байланысты.  Ал  Конституция  қабылданғаннан  кейін  кейбір  басшы, 

зиялылардың ел алдына шығып алып: «Ал енді мен Конституцияда 

көрсетілген  ұлтаралық  тілде  сөйлеймін...!»  деп  баяғы  ескі  әніне 

басуына  қоғам  өз  сөзін  айтуға  тиісті.  Бұл  –  мемлекеттік  тілді 

құрметтемеу болып саналады. 

Міне,  қазақ  тілінің  мемелекеттік  мәртебесін  алған,  ресми 

түрде  паш  еткен  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 

рухына сәйкестендірілетін Тіл заңына ғалымдардың шұқшия қарап, 

оның  әрбір  сөзіне  мән  беріп  талап-тілектерін  ашық  айтып,  ағынан 

жарылуында осындай сыр бар. 

«Ана тілі», 1993. 18 ақпан. 

Ел мәдениеті тілден басталады

Ана  тілінің  қадір-қасиетін  біле  білген  екі  қазақтың  бірі  оны 

ұлттың рухына, халықтың қазына-байлығына балайтыны бар. Талас 

жоқ, бәрі дұрыс. Халықтың қасиетті тілімізге беріп жүрген бағасы бұл 

ғана  емес.  Кейбіреулерін  атап  өтейік:  «Тіл  –  халықтың  жаны,  ділі, 

рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы», «Тіл – атадан қалған асыл 

мұра»,  «Тіл  –  асыл  ойдың  бұлағы»,  «Тіл  –  ел  басқарудың  құралы», 

«Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры», «Тіл – елдігіміздің іргетасы», «Тіл – 

білім, тәрбие тұғыры», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – тәуелсіздік 

тұғыры»,  «Тіл  –  достықтың  мерейі»,  «Әдеп  басы  –  тіл»,  «Тілді 

қорлау  –  халықты  қорлау»,  «Тілі  өлген  ел  –  тірі  өлген  ел»,  «Тіл  - 

өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем», «Ұлттың қуаты – тілінде».



84

Бұл тәрізді халықтың жүрегінен шыққан, ана тіліне деген мейірім, 

махаббат  сезімін  білдіретін  қанатты  сөздер  көп-ақ.  «Халықтікі»  деп 

отырғанымыздың себебі – көбісінің авторы белгісіз, ұмыт болған. Бірақ 

олар  –  ел  қамын  жеген,  тіл  тағдырына  бейтарап  қала  алмаған  халық 

перзенттері.  Және  бұлар  ойланып-толғанып  барып,  ақиқатқа  көзін 

жеткізіп барып айтылған ой-тұжырымдар. Бұл тәрізді ой-тұжырымдардың 

баршасы – ел аузынан түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған 

қанатты сөздер.

Сөзіміз  дәйекті  болу  үшін  бірер  дерек  келтіре  кетейік:  мәселен, 

«Тәрбие басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған 

қанатты сөзді ХІ ғасырдың ұлы филологі – Махмут Қашғари айтса, «Әдеп 



басы – тіл» деген тағылым-өсиет ХІІ ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі 

– Ахмет Йүгнәкийдің есіміне қатысты.

Бұлардың баршасы - өз кезінде айтыла салған әсіре қызыл сөз емес, 

ойшыл да ақылман бабаларымыздың өмірден алынған, жүрегінен қайнап 

шыққан,  құдіреті  күшті  ана  тіліміздің  қадір-қасиетін  терең  түсінуден 

туындаған қанатты сөздер.

Үзілмей  келе  жатқан  даналық  дәстүрінің  жалғасын  біз  бүгінгі 

ұрпақтан да көріп отырмыз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын 

асыл да абзал қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөзге айналдырып 

жіберген  зиялыларымыз  да  баршылық.  Олардың  бір  айырмашылығы: 

тіл  туралы  айтқан  ой-тұжырымын  нақтылы  деректермен  дәлелдеп, 

сипаттап  айтады.  Мысалы,  заманымыздың  әйгілі  жазушысы  Шыңғыс 

Айтматовтың:  «Әрбір  халық  жер  бетінде  мәңгі-бақи  жасау  үшін 

келеді» деген пікірі бар. Осы пікірге унисон айтылған Ғабеңнің де тілге 

байланысты «Тіл – мәңгіліктің мәңгілігі» деген пікірі бар. Және бұл пікір 

мынандай жағдаятта дүниеге келгенін көреміз:

«Ана  тілі  дегеніміз  –  сол  тілде  жасаған,  жасап  келе  жатқан  (және 

жасай  да  бермекші  -  Ә.Ә.)  халықтың  баяғысын  да,  бүгінгісін  де, 

болашағын  да  танытатын,  сол  халықтың  мәңгілігінің  мәселесі.  Ана 

тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. 

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол 

үзеді» (Ғ.Мүсірепов).

Тағы бір мысал. «Тіл – халықтың жаны» деген қанатты сөздің жәй 

айтыла  салған  әсіре  қызыл  сөз  емес,  өмірлік  мәні  зор  философиялық 

кредо  екендігін  дәлелдейтін  ой-тұжырымды  біз  жазушы  Дүкенбай 

Досжаннан естідік. Ол: «Менің жаным - қазақ тілінде» деп алып, соны 

дәлелдейді. Ана тіліміздің жаршысы, ар-намысы, ұйытқысы саналатын 




85

қаламгерлер  қауымының  жаны  өз  тілінде  болса,  онда  халқының  жаны 

да сол тілде болғаны ғой. Сол Д.Досжан әңгімесін мынандай салыстыру 

арқылы өрбітеді:

«Ертеде  былай  дейтін:  «Пәлен  жерде  Өтеген»  деген  сұрапыл  күш 

иесі  дәу  тұрады.  Оны  жеңу  өте  қиын.  Өйткені,  оның  жаны  кеудесінде 

емес, басқа жерде. Оны өлтіремін десең, биік дарақ басына іліп қойған 

сандық  бар,  сандық  ішінде  балапан  кептер  бар,  әлгі  сандықты  атып 

түсірсең, кептер ұшып шығады, кептерді атып түсірсең, сонда ғана әлгі 

дәудің  жаны  шығады»  -  дейтін.  Мына  өмір  де  айна  қатесіз.  Біздердің, 

қазақ тілінде жазатын жазушылардың жаны ана сүтімен сіңген ұлттық 

тілімізде. Қазақ тілі, әсіресе, бұл – қаламгерлердің жаны, ана тілі өлген 

күні  олардың  да  күні  бітеді»  -  деп,  жазушы  өзін  алып  күш  иесі  дәуге, 

кеудесіндегі жанын – ақ кептерге балайды («Ана тілі», №29, 24.07.2003, 1).

Бұл  ой-тұжырым  негізінде  символика  жатса  да,  ана  тіліміздің 

табиғаты мен тағдыр-тауқыметін дұрыс көрсетіп тұрған шындық.

Бұл  тәрізді  қанатты  сөздерді  хан  да  айтқан,  қара  да  айтқан  және 

қарақан басының қамы үшін емес, халқының қасиетті тілінің тағдыры 

үшін қабырғасы қайыса отырып айтқан ғой.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті елбасын 

да  аз  ойландырып,  аз  толғандырып  жүрген  жоқ.  Сондықтан  да  болар, 

елбасының  уәли  ауыздан  шыққан:  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ 



тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», 

ал кейінгі (2005) Қазақстан халықтарына арналған жолдауында айтылған: 

«Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі 

–  еліміздің  мемлекеттік  тілін,  барлық  қазақтардың  ана  тілін,  одан  әрі 

дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» (Н.Назарбаев) деген 

уәжінде қазақ тілін Қазақстан халықтарының басын біріктіруіне ұйытқы 

болуын уағыздап отыр.

Міне,  елбасының  осы  сияқты  ұлағатты  ой-тұжырымдары 

Мемлекеттік мәртебеге ие болса да, діттеген биігінен көріне алмай келе 

жатқан қазақ тілін жай мадақтау үшін ғана емес, оның зор болашағына 

деген  сенімін,  тарихтың  талғауымен  (тәлкегімен)  көп  ұлттың  өкілдері 

қауышып,  қауымдаса  өмір  сүріп  келе  жатқан  Қазақ  жерінде  соларды 

дүрліктірмей,  дүрдараз  қылмай,  тас-түйін  болып  бірігіп,  бейбіт  өмір 

сүруіне ұйытқы болатын аса биік миссиясының барлығын да аңғартып 

отыр. «Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» 

деген  қанатты  сөздің  мән-мағынасы  бәрінен  де  терең.  Өйткені  ұлт 

болу  –  этникалық  дамудың  ең  жоғары  сатысы,  шарықтау  шегі.  Оны 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау