2-китап indd


Тiл үшiн күрес жалғаса бермекшi



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет22/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   176

59

Тiл үшiн күрес жалғаса бермекшi

Тағдырдың  тәлкегiне  ұшырап‚  қасiретке  шалдыққан  қайран  қазақ 

тiлiнiң  қайғы-мұңы  айта  берсек‚  көп-ақ.  Ұлт  бойындағы  бұл  iндеттiң 

ғасыр бойы толастамай‚ бiрде асқынып‚ бiрде бәсеңдеп‚ күнi бүгiнге дейiн 

созылып‚  халықтың  санасын  сарсылтып‚  болашағын  мұнарландырып 

келе жатқандығы кiмдi болса да ойландырмай‚ толғандырмай қоймайды.

Өткендегi ұзын сонар тарих шеруiн шоли қарасақ‚ өз еркiмен дами 

алмай  келе  жатқан  тiлiмiздiң  тағдырына  күйiне  қараған‚  өз  тарапынан 

әрекет еткен жанкүйер‚ жанашыр азаматтар мен зиялы қауым өкiлдерi аз 

болмаған екен. Кешегi Ахмет Байтұрсынұлы‚ Мiржақып Дулатов‚ Сәкен 

Сейфуллин т.б. сынды азаматтардың тiлiмiзге деген жанашыр сөздерi мен 

әрекеттерi аумалы-төкпелi заманның бiр дәуiрi болып‚ тарих жадында‚ 

жас әулет санасында сақталуда.

Сондықтан  да  болар‚  тiлiмiздiң  ескi  әңгiменiң  жалғасы  кешегi 

Желтоқсан оқиғасында қанға бөленген қазақ жастарының «Елiм менiң‚ 

тiлiм менiң ...!» деген жан айғайынан тағы естiлдi... 

Қалың  жұртшылық  қолдауымен  басталған  бұл  күрес  қазақ  тiлiне 

мемлекеттiк  мәртебе  әперумен  тынды.  Алайда‚  тiл  төңiрегiндегi  дау-

дамай мұнымен тынбады. Мемлекет мәртебесiне ие болған өз тiлiн «Ата 

заңы арқылы қорғау» деген тiл жанашырларының асыл арманы осы күнге 

дейiн толық жүзеге асырылмай отыр. Сондықтан да‚ қазақ жеріне жаңа бiр 

тарихи кезеңдi алып келген егемендiгiмiздiң 10 жылдығы дау-дамайдан 

басы арылмай келген сол баяғы күрестiң кейiнгi 10 жыл бойына созылған 

жалғасы болып отыр. Қайта бұл күрестеріміз бұрынғыдан өрши түскен, 

өршелене түскен, ұлт тағдырына қатысты‚ үлкен саясатпен астарлас‚ бiр 

сәт толастап көрмеген‚ екпiндi де пәрмендi күреске айналып отыр.

Шынында да‚ тiл үшiн күрес – күрестердiң ең күрделiсi‚ ол елдiң 

елдiгiне қатысты‚ тәуелсiз мемлекеттiң бүгiнгi қалыптасу‚ даму үрдiсiн 

бағдарлайтын‚ болашағын айқындайтын т.б. қат-қабат саяси-әлеуметтiк 

проблемалардың  түйiндi  жерiне  жатады.  Осының  себебiнiң  неде 

екендiгiне  сәл  ойланып‚  тереңiрек  ойлап  қарайықшы:  қазақ  қауымы, 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы санасын оятып отырған қалың жұрт 

қазақ тіліне байланысты бүгін не үшін, кіммен және қалай күресіп отыр?

Ойлап қарасаңыз: өз жерiнде отырған, өз егемендiгiн қолына алған, 

өзінің  тәуелсіз  мемлекеті  бола  тұрып,  қазақ  халқының  мемлекеттік 

мәртебеге ие болған өзінің ұлттық тiлiн еркiн дамытуына қарсы‚ әсiресе 

кейiнгi 10 жыл бойы бiз көрiп отырған дау-дамайлар қоғамдық өмiрде 



60

сирек кездесетiн «ғажайып» құбылыстар емес пе? Сонда қалай‚ «кейiнгi 

он жыл бойы Ата заңын арқаланып‚ үкiмет қабылдаған талай қаулы-

қарарлары мен тұжырым‚ бағдарламалардың орындалмай отыруына не 

себеп?» деген сауал туады. Тiл үшiн күрестiң әр кезеңiнде оған деген 

қарсылықтар мен тосалғылар да өзгерiп отыратындығы белгiлi. Сонда‚ 

10  жылды  артқа  салып,  дәл  бүгінгі  күнге  жалғасып,  алдымыздан 

шығып‚ шоғырлана түскен кесел‚ кесапаттарға не жатады?

Бұл сауалдың жауабы тым көп. Олардың бастылары мен нақтыларын 

өзара  топтастырып  айтсақ  –  екеу.  Бiреуi  –  бүгiнгi  тiл  дамуының  тым 

тереңде  жатқан  тарихи  тамыры;  оны  қозғап-қобыртпай-ақ  тіліміздің 

болашағы үшін күресуге болады, бірақ оны білу қажет, өйткені, сайып 

келгенде,  мәселенің  түп-негізі  «Батпандап  кірген  дерт  мысқылдап 

шығады»  деген  нақыл  сөз  мағынасына  барып  тіреледі.  Екiншiсi  – 

бұлар  бүгiн  ғана  туған  жаңа  көзқарастар  емес‚  көне  құбылыстардың 

бүгiнгi көрiнiстерi. Бұлардың көбiсi жаңа заман лебiн сезбейтiндердiң 

бойында,  бұрынғыдан  сақталып‚  жалғасып  келе  жатқан  ескi  дерттiң 

зардабы;  олар  қазақ  тiлiне  деген  кейбiр  бұзық  пиғылдан‚  терiс 

көзқарастардан‚ керенау-кердең кеудемсоқтан‚ аяқтан шалып‚ етектен 

тартар кертартпалардан‚ өз қағынан жерiген тоғышарлардан‚ азаматтық 

тұғыры төмен бишiкештер мен дәулетке мас байшыкештерден‚ үшiншi‚ 

тiптi  төртiншi  әулетке  ауысып  үлгiрген  «тiл  дертiнен»  т.б.  айқын 

көрiнедi.

Тiл  мәселесiне  байланысты  дау-дамайлар  мен  қарсылықтардың 

бiр  себебiн  бiлгiмiз  келсе‚  бiз‚  мiне‚  осы  құбылысқа  қарсы  «замана 

сардарларының»  әр  тұста  және  әр  деңгейде  көрсетiп  жүрген  қиғаш 

қылықтары мен қисық мiнездерiнен‚ қоғамдық өмiрдiң болашақ үрдiсiн 

дұрыс  түсiне  алмай  жүрген  бейшаралығынан  туындаған  әрекеттер 

екенiн  айыра  бiлгенiмiз  жөн.  Алайда‚  бұрынғы  күрестердiң  жөнi  бiр 

бөлек те‚ ал егемендi ел болып‚ тәуелсiздiгiмiздiң арқасында өркениеттi 

мемлекеттермен  бой  салыстырып‚  есiмiздi  жиып  еңсемiздi  көтерген 

тарихымыздың жаңа бiр дәуiрiнде қайта басталып отырған бұл күрес‚ бiле 

бiлсек‚ ең соңғы әрi пәрмендi күрес болмақшы. Өйткенi қазақ халқы осы 

күресiнiң нәтижесiнде ана тiлiнiң даму үрдiсiн‚ қолданыс аясын‚ дербестiгi 

мен еркiндiгiн мемлекеттiк биiк дәрежесiнде қамтамасыз ете алмаса‚ ол 

сол  өзiнiң  бұрынғы  күйi  қалпында‚  қоғамдық  өмiрден  аулақтап‚  жетiм 

бала күйiнде қалатыны сөзсiз. Онда егемендігіміздің сәні мен салтанаты, 

халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті сақталады дегенге сену қиын, бүгiнгi 

ұрпақтың  болашағы  жарқын  болады  деп  кепiлдiк  беруге  болмайды. 



61

Өйткенi осы айтылғанның бәрі тәуелсiздiгiмiз де‚ болашағымыз да ұлттық 

тiлiмiздiң  денсаулығына  байланысты‚  елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Қазақстанның болашағы – қазақ тiлiнде» деп жариялаған жалынды ұраны 

да сонда ғана жүзеге аспақшы. 

«Бүгiнгi таңда тiл тағдырын шешудiң‚ оның мемлекттiк тiл деңгейінде 

еркiн дамуына қажеттi iс-шаралар және оларды жүзеге асырудың өзектi 

нысандары  мен  мақсат-мiндеттерi  қандай  болмақшы?»  деген  сауалға 

нақтылы  жауап  берудiң  мәнi  зор.  «Мемлекеттiк  тiл!  Мемлекеттiк  тiл!» 

деп  ұрандататын‚  «өйту  керек‚  бүйту  керек!»  деп  өсиет-өнеге  айтып‚ 

көсемситiн «ура – патриоттық» заманның дәуiрi өткен сияқты.

Бүгiнгi өкiмет‚ қоғам‚ зиялы қауым‚ тiл жанашырларының алдында 

тұрған  нақтылы  мiндеттер  мен  түпкi  мақсатына  Конституция‚  Тiл  заңы 

мен  «Тiлдердi  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған 

бағдарламасы»  және  басқа  да  қабылданған  қаулы-қарар  мен  шаралар 

негiзiнде Мемлекеттiк тiлiмiздiң биiк мәртебесiн орнықтырып‚ қоғамдық 

ортада,  мемлекет  жүйесі  мен  оның  негізгі  құрамдарында  өз  деңгейінде 

атқаруға тиiстi мiндетiн‚ қызметiн тұрақты қалыпқа түсiру жатса керек. 

Бұлардың  бәрi  –  бiрден  емес‚  әрине‚  бiртiндеп‚  бiрнеше  жыл  бойында 

атқарылуға тиiстi мiндеттер.

Енді осы күрделi де қиын мiндеттер мен iс-шаралардың iшiнен араға 

10 жыл салып, «Мұсылманшылық әсте-әсте ...» деген принцип бойынша‚ 

өкiмет  тарапынан  жүзеге  асырыла  бастаған  iстердiң  бiрiншi  қадамы 

–  мемлекеттiк  жүйедегi  барша  iс  қағаздарын  мемлекеттiк  тiлге  көшiру 

болып  саналады.  «Мемлекеттiк  тiлге  көшiру»  дегендi  дұрыс  түсiнсек‚ 

барлық iс қағаздарын‚ қатынас қағаздарын (қаулы-қарар‚ бұйрық‚ жарлық 

т.б.) орыс тiлiнен қазақшаға аударып беру емес‚ осы құжаттардың негiзiн‚ түп 

нұсқасын қазақ тiлiнде келтіріп‚ әр жердiң қажетiне қарай орысшаға аударып 

беру болып саналады.

Көрiп отырғанымыздай‚ тiл бағдарламасына сәйкес бұл тәрiздi күрделi 

де алғашқы қадамға үкiметтiң бауырында да толық негiз бар деп ойлаймыз. 

Олар  мыналар:  бiрiншiден‚  iс  қағаздарын  толығымен  мемлекеттiк  тiлге 

ауыстыру  шарасымен  өкiмет  егемендігімізбен  (1991-2001)  бастап  отыр; 

бұл‚  әрине‚  аз  мезгiл  емес;  екiншiден‚  бұл  шараның  «тiл  кеселiнің»  ұлт 

бойына дендеп дарыған көне ауру екенiн‚ оның «батпандап кiрiп‚ мысқалдап 

шығатынын» ескерiп барып‚ қолға алынып отырғанын көремiз; үшiншiден‚ 

бұл iстiң жаппай науқан‚ қарбалас түрiнде емес‚ мемлекеттiк тiлде сөйлеушi 

негiзгi  халық  –  қазақ  жұртшылығының  ең  көп  жасайтын  (тұрғындардың 

75-90 пайызын құрайтын)‚ демографиялық қолайлы аймақтардан бiртiндеп 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау