446
қандастарымыздың қалі қандай болмақшы? Ең болмаса, осыны неге
ойланбасқа.
Үшіншіден, жер ижүзінде мәдени, рухани, техникалық, экономикалық
интеграция процесі жіті жүріп жатыр. Жазу да техниканың талабына сай
дамымақшы. Еуразия елдерінің бел ортасындағы түркі халықтарының
қатарында қазақтар да компьютердің ғажайып табыстарын пайдаланбай
тұра алмайды. Дәл осы мақсаттармен кезінде Ресей де, Қытай да латын
жазуына көшуге талпыныс жасаған, әлі де жасауы ғажап емес. Өркениет
елдерге тән осынау бір үрдіске неге үрке қараймыз.
Төртіншіден, ла тын жазуын қабылдауға жаны қас кейбіреулер мың бір
сылтау-себептерін көлденең тартып, «Ойбай, орыс жазуында жаратылған
жарты ғасырлық рухани мұрамыздан айырыламыз», «латын жа зуын үйрену
қиын, тағы сауатсыз боламыз», «экономикалық жағдайымыз көтермейді»,
«ұлтаралық қарым-қатынасқа нұқсан келеді» т.т. деп, байбалам салуын
қоймайды. Бұлардың бәрі біз үшін жаңалық емес. Латын жазуына көшіп
алған, көшіп жатқан, көшуді қалап отырған қазақтардан басқа халықтар
бұл қиыншылықтарды білмей, не көзжұмбай жасап отырған жоқ. Бәрі
де он ойланып, тоғыз толғанып болып, істеп отырғанын бізге де білген
жөн. «Өткендегі рухани мұрамызды жоғалтатын болдық» деп бір
жыласа, өзбектер жылар еді-ау! Түркі халықтарының ішінде түріктерден
кейінгі араб жазу ында ғасырлар бойы жасалған бай мұрасы бар өзбектер
арабты емес, латынды қабылдап отыр. «Латын жазуын меңгеру қиын»
деп үрейленетіндер жазу табиғатын түсінбейтіндер ғана. Шет тілдерін
мектептен бастап үйренуімізге байланысты латын графикасын жұрттың
бәрі біледі. Оның үстіне «латын жазуына бірден, бір жылда көшеміз» деп
отырған ешкім жоқ қой. Ол 5 жылдан 10 жылға дейін созылатын, ұзақ
дайындықпен іске асатын күрделі іс-шара.
Бесіншіден, экономикалық қиын-жағдайды ескеру, әрине, қажет, бірақ
латыннан бас тартуға ол сылтау бола алмай ды. Өйткені, бұл әрекеттің ұзақ
жылдарға созылатындығын бәріміз білеміз. Ал нарықтық экономика күн
сайын өзгеріп жатыр.
Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, латын жазуына байланысты
өзекті мәселе мыналар:
1. Күн тәртібіне қойылып отырған мәселені алдымен арнайы
мемлекеттік комиссия құру арқылы қарауға байланысты республика
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми жарлығы қажет.
2. Мемлекеттік комиссияның міндеті жазу туралы басталған
жалпы дискуссияны (талас-тартысты) жалғастыру емес, «латын жазуы
447
қазақтар үшін қажет пе, жоқ па?» деген бір-ақ нақтылы сұраққа жауап
бере алатын объективті де саналы азаматтарды ұйымдастырып, олардың
өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу.
3. Латын жазуының негізі ретінде қазақ тілі үшін қабылданатын
әліппенің таңбалары олардың мағыналарын анықтаумен қатар, жазудың
өзіндік принциптері мен емле ережелерін айқындау, ол туралы баспасөз
бетінде, мамандар арасында пікір алмасу, оның барысын, нәтижесін
жариялап отыру қажет.
4. Содан кейін ғана қазақ тілі үшін лайықты деп табылған латын
жазуының әліппесі, емле қағидасы, оған сатылап барып өту мерзімі,
қаржыландыру мен қажетті идеялогиялық шаралар т б. ресми түрде
бекітілуі тиіс.
Бұл, әрине, біраз уақыт созылатын күрделі де жауапты мәселе. Дау-
дамайдың болатыны да сөзсіз. Бірақ ол мәселені бүгінгі буын шеше
алмаса, келешек ұрпақ шешетініне мен кәміл сенемін.
Алайда, әрбір істің нәтижелі болу-болмауы онда қалай басталуына
да байланысты. Біздің әңгімеміз де міне, осы жөнінде.
Иншалла, сол бір игілікті істің нәтижесін көруге жазсын халайық!
«Егемен Қазақстан», 1995. 15 қараша.
Туыстық пен тұтастықтың бастауы
Соңғы жылдары ортақ латын әліпбиіне өту қажеттігі түркі тектес
халықтар өмірінде келелі мәселеге айналды. XXI ғасыр түркі дүниесінің
ғасыры болады деген үміттеміз. Болашақта түбі бір, тегі бір туысқан
халықтардың бірігіп, іс-қимыл жүргізуде ортақ әліпбиге көшу мәселесін
өмірдің өзі туындатып отыр. Бұл салада қазақстандық ғалымдарымыз
да тер төгіп, аянбай еңбек етуде. ҚР Тіл білімі институтының құрметті
директоры, ТР Ататүрік мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамының
құрметті академигі, белгілі ғалым, академик Әбдуали Қайдаридың
жаңа әліпби төңірегіндегі толғаныстары мен ой-пікірлерін, газет
тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Ортақ латын әліпбиіне көшу қажеттігін қоғам дамуының
барысы көрсетіп отыр. Осы жаңа әліпбиді қабылдау, қабылдамау
жөнінде нақты бір шешімге тоқтала алмай келеміз. Ортақ әліпбиге
көшу қажеттігі неден туған еді, осы жөнінде әңгімелесеңіз?
– Ортақ латын әліпбиіне көшу мәселесі бұдан 4 жыл бұрын
замана талабына бай ланысты жас тәуелсіз мемлекеттердің ұлттық
жазуын қалыптастыру деген мақсатта әңгіме болған еді. Осыдан
448
тура 4 жыл бұрын «Ана тілі» газетінде (1991 ж., 24 қаңтар) «Латын
әліпбиінің болашағы зор» деп аталған мақала жарияладым. Менің
ниетім – латын жазуын қолдау. Сонау Орхан Енисей жазуы, оның ар
жағында Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам» жанындағы
тостағандағы жазудан бастап күні бүгінге шейін біз ру, тайпа ретінде,
жалпы түркі халқы ретінде 20 шақты жазуды бастан кешірдік.
Неге? Өйткені әрбір халық басынан дұрыс жазуды қалыптастырып,
қатып қалмайды. Өзінің тарихи дамуына, өлеуметтік, саяси,
мәдени жағдайларға байланысты жазу өзгере береді. VІІІ ғасырда
Қазақстанның біраз жерлерін, әсіресе Сыр бойын араб халифаты
жаулап алуына байланысты араб жазуы бізге зорлап енгізілген
болатын. Содан 12 ғасыр бойы (VІІІ-ХХ) біз араб жазуын қолданып
келдік.
1929 жылы А.Байтұрсынов араб жазуының үлгісіндегі қазақ,
әліпбиінің жаңаша жобасын жасады. Өйткені А.Байтұрсыновқа
дейінгі көне жазуды оқу қиын болды. Мысалы, орта ғасырлардағы
қазақ жерінде туындағанжазба ескерткіштерді арабшабілмегендіктен
оқи алмаймыз. Ахмет жасаған жоба тек қазақтарға ғана емес,
көршілес қырғыз, өзбек, татар, т.б. халықтар үшін де қолайлы болды.
Амал нешік, 1926 жылы Бакуде өткен халықаралық түркологтардың
конгресінде араб жазуын ауыстырып, латыншаға көшуге ұсыныс
жасалды. Сөйтіп, латын жазуы қабылданатын болды. 1929 жылдан
бастап әзірбайжандар мен түріктер сол жазуға көшті. 1926-29
жылдары біз араб жазуын, 1929 жылы латын жазуын қабылдадық.
Көшу деген мәселе жоғары жақтан қойылып шешілетін жайт, оны
халықтың өзі қалап алған емес. 1940 жылдан кейін кириллицаға
көштік. Міне, жарты ғасырдан астам уақыт бойы біз кириллицамен
мәдениетімізді дамытып, тілімізді өсіріп келеміз. Жазудан жазудың
артықшылығы жоқ, ол оның дұрыс қабылдануына, тұрақтылығына,
тілдік ерекшелігіне байланысты. Сондықтан мына жазу жаман
екен деп қаралаудың қажеті жоқ. Ал енді латын жазуына көшудің
қажеттігі деген мәселе не ге байланысты? Осыған тоқталайын.
Латын жазуына көшу деген еріккеннің ермегі, не болмаса
Үкімет жаңарып жатыр, демократия деген мақсат емес. Өйткені,
ортақ әліпбисіз түркі дүниесінің ештеңесін ғалымдарымыз бен
мамандарымыз ғана болмаса, жалпы халық оқи алмайды. Латыншаға
көшсек жаңарған жаңа дүниеде жер жүзіне шашылып, бытырап
жүрген түркі халықтары жазу арқылы табысып, өздерінің тегі бір
Достарыңызбен бөлісу: |