435
өзінің ішкі саясаты, бұл орайда түріктер гегемондық рөл атқармайтынын,
бірақ ізгі ниет жолында баспахана, компьютер сияқты қажетті бұйымдар
жағынан мемлекет тарапынан туысқан республикаларға көмектесу ниеті
барын білдірді. Латын алфавитінің дүниежүзінде кең таралғандығы,
оның мәдениеті мен экономикасын біліп, үйренуге қолайлы жағдай
туғызғандығы айтылды.
«Жас алаш», 19 наурыз 1993ж.
(Сұхбаттасқан М. Қайыңбаев)
Жаңа қазақ әліпбиі Латын графикасының қай қарпін
таңдаймыз? Бұл ойланып шешетін ортақ іс
Латын графикасы негізінде қазақтың ұлттық жазуын қалыптастыру
мәселесінің сөз болып жүргеніне де жеті жылдан астам уақыт өтіпті.
Бұл мәселе жөніндегі айтылатын ой-пікірлер мен ортаға салатын
ұсыныстардың бәрі болмаса да, біразы айтылып болған сияқты.
Қазақтың ұлтжанды азаматтары мен зиялы қауымы дәл бүгінге дейін әліпби
жөнінде жиырмадан астам жоба-үлгілерін ұсынып, баспа бетінде жариялап
та үлгерді. Мұның бәрі осынау бір игілікті істің қазақ топырағында да жүзеге
асырылуына қалың жұрттың белсене атсалысуын көрсетеді.
Алайда, бізге латын жазуын қабылдаған жағдайда қазақ тілі үшін
ойланып-толғанып жасалған, мақсат-мүддемізге сай, тіліміздің өзіндік
табиғатына сәйкес және бүгінде бүкіл әлемде қарқындап дамып отырған
компьютерлік жүйеге оңтайлы бір-ақ жоба қажет. Ал, ондай төрт аяғынан
тік тұрған әліпби жобасы дүниеге бірден келмейтіні баршамызға белгілі.
Дегенмен, латын мәселесіне байланысты адам өміріндегі кейінгі бір серпіліс,
“жатқан тастың астына су бармайды” дегендей, зиялы қауым тарапынан да
бір пәрменді әрекеттің қажет екенін көрсетіп отыр. Кейде мәселені бастау
қиын. Ал, бір басталған істі аяусыз тастау одан да қиын. Қазақстанда латын
мәселесінің ресми түрде сөз болғанына да біраз жыл өтті. Елбасымыздың
тапсыруымен үкімет тарапынан да біраз шаралардың істелгені рас. Бірақ олар,
өкінішке орай, әлі нәтижесіз. Бұл туралы біз өз пікірімізді газет бетінде де
айтқан едік (Қар. Жеті жыл жыр болған жазу жайында...// Егемен Қазақстан,
16 маусым, 2000ж.).
Енді, міне, осы бас газетіміздің ұсынысы бойынша кейінгі жылдары
дүниеге келген көптеген жоба-үлгілердің бірі ретінде мен өз тарапымнан
кезінде (1993ж.) газет бетінде жарияланған Латын әліпбиінің қазақ тіліне
ыңғайланған жобасын (кейбір өзгерістермен) қайта жариялап, тағы да
жұртшылықтың назарына ұсынуды жөн көрдім.
436
Алайда, мен “бұл жоба басқа жобалардың ішіндегі ең жақсысы!” деген
пікірден мүлдем аулақпын. Бұл жоба туралы да сын-пікірлердің айтылуы
сөзсіз. Бірақ пікір таластырып, сын айту үшін де, нақтылы ұсыныс беру үшін
де тілге тиек етер жұртшылық қолында бір “үлгі” болу керек сияқты.
Осы мақсатпен ұсынылып отырған жобаның өзі туралы елге айтып,
алдын ала ескертетін біздің де бірер пікіріміз бар. Олар мыналар:
1. Бұл жоба 1993ж. ірі алты түркі мемлекетінің (Түркия, Әзербайжан,
Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан) өкілдері бас қосқан
Анкара қаласында өткен құрылтайда қабылданған 34 әріптен тұратын ортақ
әліпбиге сәйкес алынып отыр. Бұл - барлық түркі тілдеріне бірдей қойылатын
талап. Одан ауытқуға болмайды.
2. Жоба, көріп отырғаныңыздай, 9 дауысты, 19 дауыссыз дыбысты
белгілейтін барлығы 28 латын әрпінің таңбасынан тұрады. Бұл
әріптердің бәрі “бір дыбысқа - бір әріп” принципін қатал сақтауға
байланысты алынған компьютер жүйесіндегі негізгі 21 (a, b, d, e, g, i, j,
k, q, l, m, n, o, p, r, s, t, u, w, y, z) таңбадан және сол компьютер кодында
бар диакритикалық белгілерді пайдалану арқылы алынған қосымша
7 (a
Латин әліпбиі
Баспа түрі
Латын әліпбиі
Жазба түрі
Кирилл
әліпбиі
Әріптердің аталуы
1
А а
А а
а
2
A
Ә ә
ә
3
B b
В в
бы
4
D d
Д д
ды
5
Е е
Е е
е
6
G g
Г г
гі
7
Ğ ğ
Ғ ғ
ғы
8
Ї ї
Ы ы
ы
9
İ і
І і
і
10
Ј j
Ж ж
жы
11
К к
К к
кі
12
Q q
Қ қ
қы
13
L l
Л л
лы
14
M m
М м
мы
15
N n
H н
ны
16
Ň n
Ң ң
ың
17
О о
О о
о
18
O
Ө ө
ө
19
Р р
П п
пы
20
R r
P p
ры
21
S s
C c
сы