437
22
S
Ш ш
шы
23
T t
Т т
ты
24
U u
Ұ ұ
ұ
25
U
Ү ү
ү
26
W w
У у
у
27
Ү y
Й й
ій
28
Z z
З з
зы
«Егемен Қазақстан», 2000. 26 шілде
Латын әліпбиі ауызбірлікті күшейтеді
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Жолдауында қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесіне
тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне,
латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге
тиіс принципті мәселе» деген болатын. Ал, жаңа жыл қарсаңында
отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде: «Латын
қарпі бізге дүние жүзінің халқымен, әлемнің ғылыми-білімімен қарым-
қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ,
біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық
және ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады. Бұдан қашып құтыла
алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан біз осыған ұмтылуға
тиіспіз. Бірақ, бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен
келуіміз керек», - деп атап көрсетті.
Бірден айтып өтейін, Қазақ елі жарты ғасыр уақыт бойында
мәжбүрлі түрде қолданылып келген кириллицаны қазақ тіліне
икемдірек латын әліпбиіне ауыстыруға байланысты Елбасының
шешімін естігенде, өз басым оны аса зор қуаныш үстінде қарсы алдым.
Өйткені, барлық саналы ғұмырын қазақ тілінің өркендеуі мен дамуына
арнаған тілтанушы ғалым, ғылым саласының қайраткері ретінде мұндай
шешімге келудің жауапкершілігі мен қиындығын басымнан өткердім
және бұл мәселені бір адамдай жақсы білемін. Сондай-ақ, осы мәселені
елімізде тұңғыш (1992 ж.) көтеруші тіл маманы ретінде де, әліпби
проблемасына арналып өткен өзіміздегі және өзге елдердегі көптеген
конференцияларға қатысып, соның ішінде, әсіресе, 1993 жылы Түркия
мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі ұйытқы болып, ең ірі алты түркі
мемлекетінің (Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан
және Түрікменстан) басын қосқан Анкарадағы әйгілі конференцияға
438
қазақ делегациясын бастап барып, барша түркі халықтарына ортақ бола
алатын латын әліпбиінің жобасына қол қоюшылардың бірі ретінде де,
бұл - мен үшін өте маңызды оқиға болып есептеледі.
Еске сала кетсек, бұрынғы КСРО кеңістігінде жасайтын 30-ға жуык
түркі халықтары үшін жазу, әліппе мәселесі 1926 жылдан бері дұрыс
шешімін таба алмай келе жатқан күрделі де жауапты проблемалардың бірі
еді. Әр кезде қолданыста болған (орхон, араб, латын, кирилл) жазулардың
ішінен бүгінгі заман талабына сай, әрі қолайлы, әрі ортақ жазу сайлап
алуға байланысты түркі халықтары арасында кейінгі кезде қайта өріс ала
бастаған қоғамдық үрдістің барысын бағамдап қарасақ, жұртшылықтың
ықылас-ниеті көбіне-көп латын әліпбиіне ауып отырғанын айқын көреміз.
Мәселен, ТМД кеңістігін мекендейтін түркі халықтары ішінде әзірбайжан,
өзбек, түрікмен, қырым татарлары мен гагауыздар латын жазуын қабылдап,
қолданысқа енгізіп үлгерді. Ал, қырғыз, татар, башқұрт, қарашай, балқар,
сақалар арасында бұл мәселе әлі де қызу талқылану үстінде екені бізге
жақсы мәлім. Тек Қазақстан ғана барлық түркі елдерінде басталып кеткен
осы бір қоғамдық үрдіске аса жауапкершілікпен, сарабдал салмақпен қарап,
соңын күткендей сыңай танытып келген еді.
Шындығында, жазу-сызуға реформа жасау әр елде, әр заманда
да болған. Әсіресе, қоғамның әлемдік өркениетке, бүкіл дүниежүзілік
қауымдастыққа байыпты бетбұрыс жасаған өтпелі кезеңінде бұл мәселенің
бірінші кезекке шығатыны тарихтан белгілі. Сондықтан, басқа түркі
елдерінде басталып кеткен бұл қоғамдық үрдістен қазақтардың да сырт
қалуы мүмкін емес болатын, өзге түркі халықтарының соңында болса
да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір әліпби мәселесін шешетініміз сөзсіз еді.
Өйткені, жазу-сызуға реформа жасау – еріккеннің ермегі емес, өмір талабы,
болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі. Ал,
Елбасының 1991 жылы зиялы қауым көтерген бұл мәселені сол уақытта
емес, дәл осы кезде назарға алуының себебі қоғамдық-саяси факторға
байланысты болса керек. Қазақстанның тұрақты даму жолына түсіп,
«ғалымдар не дейді, жұртшылық қалай қарайды?» деп зиялы қауымның
асықпай бір шешімге келуіне, өзара пікір таластыруға мүмкіндік берген
сыңайлы. Қалай дегенде де «қазақ әліпбиін латынға көшіруді көп уақыт
ұмыт қалдырып, оған әлдеқандай себептермен аяқ астынан қайта оралды»
деп үстірт болжам жасауға болмайды. Бұл жайт Елбасын үнемі мазалап
жүргені байқалады.
Осы орайда айта кететін бір нәрсе – қазақ әліпбиін латын жазуына
ауыстыру туралы әңгіме бүгін басталмағаны айқын. Өйткені, бұл
439
мәселе Тәуелсіздік таңы атысымен-ақ, тіпті одан да бұрын айтыла
бастаған. Алғашқы дайындық кезеңі де осы уақытқа тиесілі. Өкінішке
орай, менің кейбір әріптестерім оны білмеген, елемеген сыңай танытады.
Жақында бір баспасөзден Түркі кеңесі Стамбулда жиын өткізіп, онда
түркі халықтарының латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылағаны
жайлы хабар оқыдым. Барлық түркі халықтарының өкілдері қатысқан
осы жиынға Қазақстан атынан Түркі академиясының перзиденті
Шәкір Ыбыраев пен Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай
Құрманбайұлы барыпты. Мені қайран қалдырғаны бұл есімдер емес,
әрине. Мені таңырқатқан нәрсе «Олар түркі жұртына ортақ 34 таңбаның
үлгісін алып келді» деген жолдар еді. Шын мәнінде, бұл мәселе тұңғыш
рет 1993 жылы наурыздың 8-10 аралығында Анкарада өткен жоғарыда
біз атаған конференцияда қаралып, бірнеше күнге созылған осы жиында
мамандар ғылыми негізде жасалған, 34 әріптен тұратын латын әліпбиін
қабылдаған-ды. Және «осы әліпби түркі халықтарының бәріне ортақ,
оны әр ұлт өзінің тілдік ерекшеліктеріне орай қажетінше өзгерте алады»
деген келісімге келгенбіз. Оған Қазақстан атынан өзім қол қойған едім.
Естеріңізде болса, ол кезде түркі жұрттарының ішінде тек Түркия ғана
латын жазуын қолданатын. Айтайын дегенім, Анкара конференциясында
мақұлданып, қабылданған барлық түркі жұртына ортақ 34 әріптен
тұратын латын әліпбиінің үлгісін сол 1993 жылы-ақ елге өзімізбен бірге
әкеліп, газетке жариялаған болатынбыз. Артынша, ғылыми негіздерге
сүйене отырып, әрі түркі халықтарына ортақ келісілген латын әліпбиінің
жобасын басшылыққа алып, қазақ әліпбиінің үлгісін жасап, ғылыми
ортаға ұсынған едік. Содан бері білуімізше, әліпбиге қатысты 100-ге
тарта жобаның үлгісі әзірленіпті деп естиміз. Расында, қайран қаларлық
жағдай. Тіпті, ерінбегеннің бәрі жоба жасағыш болып, «өнертапқыштық
шығармашылықпен айналысып кеткен бе», деп ойлайсың. Айтпақшы,
ескермеуге болмайтын тағы бір нәрсе бар. Сол жолы, яғни 1993 жылғы
Анкара конференциясынан елге орала салысымен «Кемел елге кемел
әліпби керек» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың атына ашық хат жазып, ол «Ана тілі» газетінің 1993
жылғы 30 желтоқсанындағы (№52) санында басылымның үш бетіне
жарияланған еді. Бұл бүкіл жұртшылыққа мәлім. Ашық хаттың соңында
түркі жұртына ортақ әліпбидің 34 таңбадан тұратын жобасы қоса
берілген. Бұдан шығатыны түркі жұртына ортақ әліпбидің үлгісі бұдан
20 жыл бұрын әкелініп, қалың жұртшылыққа белгілі болған. Ол қазір
аяқастынан белгілі болып отырған жайт емес. Бұл – бір.
Достарыңызбен бөлісу: |