440
Екіншіден, қазақ әліпбиіне байланысты біз әзірлеген үлгі сол
Анкарадағы басқосуда қабылданған 34 таңбаның негізінде жасалған
27 әріптен тұрады. Онда қазақ тіліндегі 9 дауысты және 18 дауыссыз
дыбыстың өрнегі бар. Мұнда ана тіліміздегі барлық ерекшеліктерді
ескере отырып, осы 27 таңбалық дыбысқа сыйдыруға тырыстық.
Мәселен, бір-біріне ұқсас «а» және «э» дауысты дыбыстарын алайық.
Түркі тілінде бұл дыбыстардың айырмашылығы аса байқалмайды.
Қазақ тілінде әріптердің өзгешелігі бар және екеуі де дербес мағына
беретін дыбыстар. Жобада «а» кәдімгі кириллицадағыдай «а» әрпінің
өрнегінде берілсе, үстіне екі нүкте қойылған «а» әрпі «ә» болып
оқылады. Бұл тәсіл Еуропа елдері қолданып жүрген латын әліпбиінің
көпшілігінде бар. Сол сияқты «о» мен «ө», «и (ұ)» мен «и» (ү)» дыбыстары
туралы да осыны айтуға болады. Ал, «ы» және «і» дыбыстарына келсек,
қазақ тілінде бұл дыбыстар өзгеше, мұндай ерекшелік қайсыбір түркі
тілдерінде байқалмайды. Жобада «і» кириллицадағыдай төбесіне нүкте
қойылу арқылы берілсе, «ы» әрпі де «і» сияқты жасалады, бірақ төбесіне
нүкте қойылмайды. Енді «қ» мен «к» дауыссыз дыбыстарын алайық.
Кейбір ғалымдар бұл дыбыстарды бір фонеманың екі варианты ретінде
қарастырады. Өйткені, «қ»-ны айтуға келгенде қазақ тілінде дыбысты
жеткізу барысында тіл арты, тіл ортасы тіл алды айтылуы қолданылады.
Түркілерде тіл арты айту варианты жоқ. Яки, олар «қ» дыбысын айта
алмайды. Қырғыздар болса, «қ»-ны айтқанымен, жазғанда оның орнына
«к»-ні қолданады. Сөйтіп, өкінішке орай «қ»-дан айырылып қалды.
Мысалы, «қырғыз» деп ауызша айтқанмен, жазғанда «кыргыз» деп
таңбалайды. Ал, біздің жобада «қ» әрпі «к» әрпіне ұқсайды, бірақ үстіне
диакритика қою арқылы беріледі. Ендігі бір атап өтетін мәселе «ң»
дыбысына байланысты. Түркі халықтарының көпшілігінде бұл дыбыс
мүлде жоқ. Мысалы, әзірбайжандар «таң»-ды «тан» деп дыбыстайды.
Ал, қазақ тілінде бұл дыбыс дұрыс айтылып, дұрыс жазылмаса, сөздің
де, сөйлемнің де мағынасы мүлдем өзгеріп кетеді. Осы әріптің латын
жазуында қолданылуының бірнеше варианты ұсынылып жүр. Біздің
ұсынған жобада «ң» әрпі төбесіне ирек сызық қою арқылы жазылған.
Мұнда ерекше назар аударатын бір нәрсе, Қазақстанда жұртшылық
назарына біз жасаған жоба өзге үлгілерге қарағанда бұрынырақ
ұсынылған. Оның үстіне көп уақыт талқылаулардан өтіп, бірқатар
түзетулер де енгізілген. Осыдан біраз жыл бұрын «Қазақ ақпарат
агенттігі» ұлттық компаниясы (агенттіктік қазақ бөлімі басшысы,
қарымды қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы мырзаның бастамасымен)
441
мемлекеттік тілде дайындаған өз ақпараттарын шет елдерде тұратын
(мәлімет бойынша, қазақтар әлемнің 48 елінде тұрады) қазақ
жұртшылығына арнап латын жазуымен таратуды қолға алған болатын.
Бұл латын жазуының негізіне осы біз жасаған нұсқаның қалап алынуы
да көп жайтты аңғартса керек.
Әрине, бүгінде латын әліпбиіне көшудегі әріптерді таңбалау
мәселесі жөнінде республика жұртшылығының пікірі біркелкі емес.
Тіпті, ақыры әліпби ауыстырады екенбіз, төл жазуымыз Орхон әліпбиіне
көшейік, төте жазуға (А.Байтұрсынұлы жасаған) қайта оралайық, немесе
латыншаға көшпей-ақ кириллицаның өзін неге реформалап, өзімізге
ыңғайлы етіп жасап алмасқа, деген ұсыныстардың да болғандығынан
хабардармыз. Бұған менің уәжім мынадай: кириллицаның славян жазуы
екені белгілі. Дегенмен, кириллицаны әлемдегі славян халықтарының
бәрі бірдей қолдана бермейді. Бүгінгі күнде Еуропадағы көптеген славян
мемлекеттері іс-қағаздарын латын жазуымен жүргізеді. Осы тұста бір
мәселе, славян текті халықтардың арасында рухани тұтастықтың да
шамалы екенін естен шығармау керек. Қысқасы, кириллицаның да
белгілі бір дәрежеде кемшілігі шаш-етектен. Бұл - мәселенің бір жағы.
Екіншіден, жоғарыда атаған жайттарға қоса кириллица жыл алға
озған сайын өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқара алмауда.
Қазіргі кезде Ресей ғалымдары арасында да жаһанданумен байланысты
бір кездері орыс әліпбиінің де латын қарпіне көшу ықтималдығы туралы
сөз бола бастады.
Үшіншіден, бүгінгі түркі халықтары қолданып жүрген кирилл
жазуында айырмашылықтар өте көп. Себебі, кезінде бұл жазудың
біздерге тек қаріптік белгілері, таңбалануы ғана ұсынылды. Ал,
әр халық өзінің тілдік ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің
варианттарын өздері жасап алды. Соның нәтижесінде дүние жүзі
түркі қауымдастығын былай қойғанда, бұрынғы КСРО-да жасайтын
отыз шақты түркі халықтары мен ұлыстарының өзі басын біріктіре
алмады. Керісінше, олар бірінің жазғанын екіншісі еркін оқып түсіне
алмайтындай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орнына,
жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о баста көздеген түркілердің
бастарын біріктірмеу жоспары өз миссиясын толығымен орындап
шықты. Енді, орхонға немесе төте жазуға неге көшпейміз деген мәселеге
келсек, тек қаріп ауыстыру, былайша айтқанда бір таңбаның орнына
екінші бір таңбаны алуда емес, қазақ жазуының әліпбиін өзгерту арқылы
туған тіліміздің табиғи ерекшеліктерін (мәселен, дыбыс құрамын, буын
442
жүйесін, риторикасын, орфография және орфоэпия жүйесін сақтау)
қажеттілігінде болып отыр. Сонымен бірге жазу алмастыру тек тіл
саясатымен байланысты шаруа ғана емес, экономика мен демографиялық
жағдайға да, қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени мәселелерге де, тіпті
еліміздің демократиялық үрдісіне де қажеті зор мәселе. Айталық, басқа
туыстас түркі халықтары латын жазуына көшіп жатқанда, қазақтардың
олардан бөлектеніп орхон немесе төте жазумен жалғыз қалып қоюы –
бүкіл түркі қауымдастығынан, олардың рухани-мәдени өмірінен қол үзіп,
оқшаланумен бірдей болып шығады. Сондықтан, бізге орхонға көшейік,
төте жазуға оралайық деген ешкімге қажеті жоқ ұсыныстар төңірегінде
пікірталасты қайта қоздатып, өрбіткеннен гөрі, Елбасы айтқан латыншаға
көшудің барлық мүмкіндіктерін қарастырып, кешеуілдетпей бір тоқтамға
келетін уақыт болды деп есептейміз. Қазақ елі таңдаудан да, талғаудан да
өткен сияқты. Енді тек латын әліпбиіне уақыт ұттырмай көшу жөнінде,
яғни латыншаға қалай өтеміз, қандай үлгі-жобаларға басымдық берілуі
керек деген мәселелерді ауыз бірлікте жүзеге асырсақ үлкен абырой
болар еді.
«Егемен Қазақстан», 2013. 14 ақпан.
Қазаққа латын жазуы керек пе, жоқ па?
Латын жазуын қабылдау, қабылдамау жөнінде кейінгі үш-төрт
жылдың ішінде аз әңгіме болған жоқ. Сондықтан да қарапайым халық
осы әңгіме неден басталғанын білсе де, немен тынғанын біле алмай,
ділгер отырған жайы бар.
Осыған орай, латынжазуы жөнінде алғаш сөз көтергендердің бірі біз
болғандықтан, ел алдында бар шындықты жайып салуды мақұл көрдік.
Көпшіліктің есінде болар: 1991 жылы 24 қаңтарда «Ана тілі» газетінде
«Латын әліпбиінің болашағы зор» атты мақаламыз жарияланды. Онда
бүгінгі славян жазуын латын жазуымен алмастыру жөнінде алғаш сөз
болған еді.
Мүмкін, мақсатты дұрыс түсіндіре алмаған айып бізден шығар,
әйтеуір, осы мақаладан кейін баспасөз бетінде жалпы,жазу туралы жаппай
пікір алысу басталып кетті. Біреулер көне түркі руникалық жазуды қайта
жаңғырту керек десе, енді біреулер (бұрын қайда жүргенін кім білсін) дәл
осы тұста бойын патриоттық сезім билеп, «егемен елдің басқа жазуларға
ұқсамайтын (қытай сияқты) өзінің төл жазуы болу керек» деп, өңкей
сызықшалардан тұратын «өз жазуын» ұсынып жанталасты. Тағы бір
топ: «бұл дүниеде арабтан асқан жазу жоқ» деп, өз дәлелі болмаған соң,
Достарыңызбен бөлісу: |