461
үйренуді жақсарту туралы қаулылары Қазақстан жұртшылығының мәдени
өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды десек, артық айтқандық емес.
Бұл документтер біздің шетелдердегі тұрақты оппонент-даукестеріміздің
құлағын елең еткізіп, тұйыққа тіресе, туыстас республикаларда дәл
осындай мәселелерді шешуге шарапатын тигізіп отыр. Жасыратыны
жоқ, әсіресе, жергілікті қазақ тілін бас қа ұлт өкілдерінің үйренуіне
респуб ликада жағдай жасалуы ілтипатпен қабылданды. Олар бұл
игілікті бастаманы жұмыс бабына байланысты ішкі қажеттіліктен туған
талпыныс, достықтың шынайы көрінісі, интернационалдық өнегенің
нышаны деп топшылауымызды дұрыс бағалап отыр.
Әрине, басқа тілді үйрену яки үйренбеу әркімнің өз ықтияры.
Еркіндік – лениндік прициптің өзекті мәселесі. Бұл принцип барлық
жағдайда бірдей, бірізділікпен сақталуға тиісті. Көптеген ұлт өкілдерінің
орыс тілінің үйренуінде де осы принцип сақталады. Бірақ еркіндік бар
да, қажеттілік, зәрулік тағы бар. Совет еліндегі қостілділіктің барлық
түрі осы принципке нсгізделеді. Осындай қажеттілікке бай ланысты
республикамызда қалыптасып, дами бастаған қостілділіктің алуан түрі
бар. Олардың бір жағында ұлт тілдері тұрса, екінші жағында орыс тілі
тұр. Бірақ барлық жағдайда бұл құбылысты осылай бірыңғай, біржақты
екен деп түсінбеуіміз керек. Орыс және басқа халықтар өздерінің ана
тілімен қатар басқа ұлт тілдерінде де қарым-қатынас жасайды. Осыған
байланысты біз қазақ-орыс қостілділігімен қатар орыс-қазақ қостілділігін
де атай аламыз. Бұл құбылыс орыстардың және орыс тілін меңгеретін
басқа өкілдерінің қазақтармен қазақ тілінде де сөйлесе алатындығының
айғағы. Бірақ екеуі барабар емес. Бірінші қостілділік көпшілік қауымға
тән болса, екіншісі әзірге азшылыққа тән құбылыс. Оны 1979 жылғы
санақтың деректерімен де көрсетуге болады: республикадағы 5.289.349
қазақтың 2.676.599-ы орыс тілін біледі екен, бұл жалпы халықтың 50,6
процентін құрайды. Ал, республикадағы 9.064.875 орыс және бас ка
ұлт өкілдерінің қазақ тілін білетіні – 82.858 адам, яғни, ол жалпы сан-
ның 9 проценті ғана. Бұл проценттің ішіне онсыз да қазақ тілін жақсы
білетін қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, қарашай-балқар сияқты туыстас
халықтардың еніп отырғанын аңғарсақ, орыс, украин, белорустардың
үлесі онша көп болмаса керек. Оны былай қойғанда, қазақтардың
өздерінің ішінен қанша проценті қазақ тілін білмейтіндерін санақ
деректері ашып айта алмайды.
Әрине, бұл келтірілген көрсеткіштер өткен он жылдың ішінде аз-
кем өзгеруі де мүмкін. Бірақ жалпы жағдай шамамен қазір де осылай.
462
Қазақ-орыс қостілділігіне байланысты санақта дәл анықталынбай,
тек долбар, жоба ретінде айтылып келе жатқан мәліметтің бірі – ол
қазақтардың, сондай-ақ басқа халықтардың, орыс тілін қай дәрежеде,
қаншалықты білетіндігі. Қостілділіктің табиғатын анықтай түсу үшін
ғылымда, тіл саясатында бұл мәселенің маңызы зор. Өйткені тілді жетік
білу бар да, қара дүрсін жүрдім-бардым білу деген тағы бар. Ал осы
екі «білудің» арасында талай сыр жатқан сияқты. «Тілін еркін білу»
мен «тілді меңгерудің» өзі бір емес. Үйренген бір-екі ауыз сөзін, «моя-
твоясын» араластыра, шатып-бұтып сөйлеп, анау-мынау ойын түсіндіре
алатындар да өзінше тілін білемін десе, орыс тілінде көсіле еркін
сөйлейтіндер де «білетіндер» санатына жатады. Осылардың бәрін санақ
анкетасы анықтай алмайды, өйткені мәлімет беруші азамат өз білгенінше
жаздырады да, сол негізінде социологтар қорытынды шығарып, неше
саққа жүгіртеді. Бұл документте білуге қатысты басқа да факторлар атап
айтқанда, қостілді адамның жынысы, білім дәрежесі, мамандығы, қызмет
түрі, өзін қоршаған тілдік орта т. б. ескеріле бермейді.
Ал қостілділіктің статусы жайына келсек, ол туралы пікірлер
әртүрлі. Солардың ішінде кең тарағаны – профессор О. С. Ахманованың
анықтамасы. Ол бойынша: «қостілділік – екі тілді бірдей жетік білу»
(Словарь лингвистических терминов. М. 1986, С. 125). Өз басым бұл
сықылды топшылаумен келісе алмаймын. Өйткені екі тілді меңгеруге
әбден болады да, бірақ екеуін тең дәрежеде бірдей меңгеру сирек
кездесетін жағдай. Бұл – екі тілділіктің шарықтау шегі оған «жүзден –
жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, тек Шыңғыс Айтматов, Эфенди
Қапиев, Г. Гулиа, П. Хузангай секілді саңлақтардың ғана қолы жетеді.
Мұндай азаматтар қазақ топырағында да баршылық, олар әсіресе
творчестволық зиялылар, мәдениет, ғылым қайраткерлері арасынан
кездеседі. (Басқа мамандық саласында да қостілде еркін сөйлейтіндер
бар екенін жоққа шығарып отырған жоқпыз). Демек, екі тілге де жетіктік
ұлттық аймақтарда негізінен творчество саласында істейтін қауымға тән
құбылыс болса керек. Егер қостілділіктің биік өресіне соларды жатқызып,
қалғандарын «жақсы», «орташа», «шамалы» тәрізді шартты бағалармен
«қостілді» деп танысақ, онда қазақ-орыс қостілділігі 50.6 процент емес,
одан әлдеқайда жоғары тұрған болар еді. Ш.Айтматов «қырғыздардың
бәрі де қос тілде сөйлейді» дегенде мәселенің осы жағын ескеріп отырған
сияқты.
Біздің қоғамда бүгінде бұқаралық сипат алып отырған қостілділік
феномені тең праволы, паритеттік жағдайда дамып отырса да, екі тілдің
463
біреуі меңгерілуі жағынан басымдау болып келеді, ол билингвтің жетік
меңгерген ана тілі болуы да, немесе екінші тіл болуы да мүмкін. Ол
оның күнделікті тілдік қарым-қатынасында негізгі тіл ретінде жетекші
қызмет атқарып көбірек жұмсалады. Бұл ерекшелікті әрбір қостілді
азамат өз тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан бүгінгі таңда екі
тілділіктің символы ретінде жиі айтылып жүрген «қос канат» деген
тіркесті, «құстың ұшуына қос қанат қандай қажет болса, қостілділік
бізге де сондай қажет» деген сөздерді тура мағынасында емес, ауыс,
бейнелеуіш мағынасында түсінгеніміз жөн.
Қостілділіктің әлеуметтік мәнін, табиғатын дұрыс түсіну
үшін тағы бір жағдайдың бетін ашып алған жөн. Ол «ана тілі» және
«екінші ана тілі» деген ұғымдарға байланысты. Бір қарағанда, бұл
ұғымдардың мәнісі баршамызға түсінікті сияқты. Ал тереңірек ойлап
қарасақ, бұл – күрделі мәселе. Ең алдымен анықтайтын нәрсе: екі тілде
сөйлейтін билингв қай тілді өзінің ана тілі деп есептейді: өзі емін-еркін
сөйлейтін тілді ме, жоқ әлде, ата-анасы сөйлейтін, немесе ата-бабасы
сөйлеген тілді ме? Бірінші жағдай ана тілдің статусы жақсы меңгерген
тілге байланысты да, екіншісінде этностың мұрагерлік дәстүріне
байланысты. Сонда қалай: «ана тілі» деп тану үшін оны жетік меңгеру
принципі сақталу керек пе, әлде, оны атадан балаға қалған мұра деп
таныған жөн бе? Лингвистикада қостілділіктің ұлттық компоненті
(сыңары) доминанттық (жетекшілік) қызмет атқару керек деген қағида
бар. Сонда қалай, білсең де, білмесең де бабаңның, атаңның немесе
туған анаңның тілі ана тілің болып саналмақшы ма? Ал ана тілін
біле бермейтін қала жастары мен кейбір орта жастағы қазақтар үшін
ана тілінің статусы қалай болмақшы? Бұл ойлануды, зерттеуді қажет
ететін өмір салтымыздағы жаңа құбылыс. Біздің дәстүрлі ұғымымыз
бойынша: ана тілі – ананың ақ сүтімен бойға дарыған асыл қасиет, бесік
жырымен нәрестенің құлағына сіңген алғашқы сиқырлы сөз, атаның
ғибратына ұласып, халықтың рухани байлығына айналған мұра.
Олай болса, ана тілі мен екінші ана тіліне байланысты туған ана
немесе екінші ана туралы сөз логикалық тұрғыдан қисынсыз сияқты.
Өйткені бір баланың екі бірдей туған анасы болуы мүмкін емес,
сондықтан да бір адам басында бірден екі ана тілдің болуы да табиғи
шындыққа жатпаса керек. Бұл арада мен өзімнің ұстазым, ғұлама
ғалым Қырғыз ССР Ғылым академиясының академигі К.К.Юдахиннің
бір кезде айтқан сөзін қайталап отырмын. Бұл сөзі үшін ол кісіге кезінде
«қырғыз ұлтшылы» деген айдар да тағылған еді. Бірақ ол уақыттар
Достарыңызбен бөлісу: |