417
Енді қазақ тіліндегі терминологиялық лексиканың жасалу,
қалыптасу жолдары мен оның тұлғалық және мағыналық құрамына
әдеби тіл статусы тұрғысынаи аз-кем тоқталып өтелік.
30-жылдары қабылданып, күні бүгінге дейін барлық ұлт тілдерінде
қолданыс тауып келе жатқан «әрбір тілдің ішкі мүмкіншіліктерін
сарқа пайдалану» және «орыс тілінен және орыс тілі арқылы шет
тілдерден қабылдау» деген ғылыми принциптер негізінде барлық ұлт
тілдерінде терминологиялық фонд жасалғандығы бәрімізге белгілі.
Терминология мәселелері әрбір тілде бір шама зерттелсе де, осы бір
ортақ дүниенің тілдік табиғатымен жасалу жолдары, кұрамы мен
мазмұндық сапасы әлі күнге дейін арнайы да, салыстырылып та сөз
болған емес
121
.
Дегенмен осы мәселенің егжей-тегжейін ойластыратын уақыт
жеткен сияқты. Өйткені түркі тілдерінде жасалып жатқан ортақ
терминологиялық фонд жайында біз көп айтамыз да, осы фондтың
құрамы мен мазмұнына, әрбір тілдің табиғатына үйлесімділігі мен
сыйымдылығына көп мән бермейміз, бұл процестің сыры мен сипатын
жеке тілдердің шеңберінен шығып барып, бүгінгі талап биіктігінен
қарамаймыз.
Ал ол қажет екен. Қажет болатын себебі, біріншіден, өз күйін
күйттеп, өзінше термин жасап жатқан туыстас тілдердің лексикалық
байлығындағы «ортақ интернационалдық фонд» дегенді анықтау
үшін болса, екіншіден, сол дүниенің, әрбір тілдегі қолданыс активтігі
мен пассивтігін айқындай түсу үшін керек.
Ең алдымен туыстас тілдердің терминологиялық лек сика
құрамындағы интернационалдық фонд деген не, соған тоқталайық.
Мәселен, қазақ, қырғыз, өзбек т. б. туыстас түркі тілдердің бәрінде
де революциядан кейін термин жасаудың бірден-бір қайнар көзі және
оны бағыттаушы, бағдарлаушы, әрбір тілдің өзіндік потенциясын
ашушы орыс тілі болып саналады. Ғылым мен тех ника саласындағы
жаңа ұғымдар мен саяси-әлеуметтік өмірімізде күн санап туындап
жатқан жаңа түсініктердің бәрі де ең алдымен орыс тілінің негізінде
қалыптасып, СССР халықтарының тілдеріне бірдей «тарап» отыруда.
«Тарау» деген сөздің мәнісін жоғарыда аталған термин жасаудың
екі принципі тұрғысынан «термин жасау», «термин қабылдау» деп
түсіну керек.
12 Кайдаров А. А., Абдрахманов А. А. Казахская терминоло гия // Развитие терминологии
на языках союзных республик. М., 1987 С. 29–49.
418
Шынында да осы екі принцип бойынша мыңдаған ғылыми-
техникалық, табиғи және қоғамдық терминдерді жасауда әрбір тіл
өзінің лексикалық байлығын, дербестігін, өзіне тән ерекшелігін сақтап
келеді.
Осының нәтижесінде бір «ортадан» тараған терминдер мен
терминдік тіркестер бірде аударылып, бірде аударылмай сол қалпында
туыстас тілдерден орын алып келеді. Мәселен, орыс тіліндегі
Центральный Комитет деген саяси терминді қазақ тілі Орталық
Комитет, қырғыз тілі Борбордук Комитет, татар тілі Өзәклек Комитет,
ұйғыр тілі Мәркизий Комитет, ноғай тілі Центральный Комитет
түрінде қабылдап отыр. Дәл осы тілдердің алдыңғы төртеуінде бұл
термин жартылай калька болса, кейінгі біреуінде ауыс-түйіс ретінде
қабылданған. Қалай болған жағдайда да аталмыш тілдерге ортақ бір
терминнің 5 түрлі ұлттық варианты жасалып отыр. Ал бұл терминнің
жер жүзіндегі тілдердің көбіне тарағанын ескерсек, оның халықаралық
интернационалдық терминдер санатына жататыны сөзсіз.
Орыс тілі арқылы тарап, СССР халықтарының тілдерінде
қолданыс тауып отырған осындай ғылыми-саяси терминдер көп-ақ.
Сондықтан да бізге оларды әртектес тілдерде кең тарауына байланысты
интернационалдық термин деп қарауға болатын сияқты.
Ендігі мәселе осы ұлтаралық ортақ терминдердің ара салмағын
ажыратуда. Бұл мәселенің төркіні, түптеп келгенде, тілімізде термин
жасаудың алғашқы кезеңдеріне барып саяды. Біз жоғарыда тіліміздегі
терминологиялық лексиканың жалпы лексикалық байлығымыздан (сан
жағынан) асып бара жатқанын ескерткен едік. Енді осы терминологиялық
лексикамызды іштей сұрыптап, тілдік табиғатына қарай жіктеп көрсек,
терминдік мәнге ие болған байырғы қазақ сөздері (оған тілімізге ертерек
еніп, сіңісіп кеткен араб, парсы, монғол элементтері де жатады) мен
орыс және иптернационалдық термии-сөздерінің ара салмағы айрықша
назар аударады.
Біздің пайымдауымыз бойынша 70 мыңнан асып ба ра жатқан
тіліміздегі терминологиялық лексиканың басым көпшілігі совет-
интернационалдық терминдердің үлесіне тиеді екен. Сөзіміздің
дәлелді болуы үшін біз мәдени өмірімізде басқаларға қарағанда көбірек
қолданылатын әлеуметтік-экономикалық терминдердің орысша-
қазақша сөздігіне
13
талдау жасап көрдік. Осы сөздікте қамтылған
1150 терминнің тікелей орыс тілінен қабылданғандары 531 единица
13
Айтбаев Ө. Қазақ, терминологиясының атасы // Қазақстан әйелдері. 1989. № 4. 7–8-6.
419
(олар мына тәрізді: коммюнике, компаньон, комплекс, локаут, ломбард
сияқты жеке сөздер мен компрадор буржуазия – компрадор ская
буржуазия, монополиялық рента – монопольная рента, гектарлық
принцип – гектарный принцип сияқты калька-сөз тіркестері) болса,
232-сі (сыртқы заемдар – внешние заемы, ішкі рынок – внутренний
рынок, қорытынды баланс – заключительный баланс тәрізді) жартылай
калька да, қалған 387 единица (алым – по дать, пайда – прибыл, өсімқор
– ростовщик, қайта құру – перестройка; реорганизация, қосымша еңбек
– приба вочный труд) тәрізді таза қазақ тілінде жасалған тер миндер
екен. Сонда орыс тілінен толық, жартылай каль ка түрінде қабылданған
жеке терминдер мен терминдік тіркестер (жалпы саны 763 единица)
таза қазақша алынған терминдерден (ол 387 единица) екі еседей артық
болып тұр.
Осы келтірілген деректер дәл болмаса да, жалпы тіліміздегі
терминологиялық лексиканың тілдік құрамын, қазақша терминдер мен
шеттен қабылданып жатқан совет-интернационалдық және құрамы
аралас терминдердің ара салмағын біршама дұрыс айқындайтыны
сөзсіз. Сонда қазақ тілінде жасалған терминдердің үлесіне 34-35
процент тисе, қалған 64-65 процент орыс тілінен алынған таза және аралас
терминдердің есесіне тиіп тұр.
Бұл объективті факторлар нені көрсетеді? Біріншіден, бұдан
біз тіліміздегі совет-интернационалдық терминдерінің қазақ тілі
негізінде жасалған терминдерден басым екендігін көрсек, екіншіден,
«қазақшаланған» терминдердің көпшілігі халықаралық емес, орыс тілі
негізінде жасалған терминдердің баламасы болып отыр. Оған дәл осы
сөздіктің өзінен де көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен:
прибавочный продукт – косымша өнім, прибавочная стоимость – қосымша
құн, платежеспособность – төлем кабілеттілігі, издержки производства
– өндіріс шығындары, срочная ссуда – мерзімді қарыз, торговая прибыль
– сауда пайдасы. Уде шевление – арзандату, удорожание – қымбаттату
т. б.
Бұдан шығатын қорытынды: орыс тілінде жасалған терминдердің
ұлт тілдеріне аударылуға бейім тұратындығы. Оның бір себебі: түсінуге
жеңіл, аударуға оңай. Орыс тілінің ұлтаралық қатынас кұралы ретінде
басқа ұлт өкілдеріне етене жақын болуы, белгілі дәрежеде меңгерілуі оның
аударылуына мүмкіншілік тудырып отыр. Ал халықаралық терминдер
жайында оны айтуға болмайды. Олар (мәселен: коммунизм, социализм,
демократия т. б.) термин ретінде тұтас қабылданады да, оның кұрамы, о
Достарыңызбен бөлісу: |