412
Бұл, бір. Екіншіден, қашанда болмасын, ғылым тілі белгілі бір
жүйеге түскен терминологиялық лексикаға негізделеді. Ол лексика
тілдің жалпы лексикалық байлығының бір тұтас бөлшегі ретінде ең
алдымен ғалымдарға қызмет етуі керек. Үшіншіден, бұл лексиканың
қалыптасуына, жүйеленуіне, реттелуіне және байып, да муына ана
тіліміздін өз мүмкіншіліктерімен қатар орыс тілінен және ол арқылы
шетел тілдерінен қабылданған терминдер мен терминдік тіркестер де
негіз болды. Төртіншіден, терминологиялық лексика ғылым-техника
салаларының өзара жүйеленуіне және іштей дифференцияға ұшырауына
байланысты әр саладан жасалған терми нологиялық сөздіктер негізінде
қалыптасады.
Осы бір объективті процесті жалпы әдеби тіл статусы мен
қолданыс тұрғысынан алып, оның бүгінгі нақтылы жағдайын сын
көзбен қарастырып көрсек, жалпы ұлт тілінің жан-жақты дамуына
нұқсан келтіретін келеңсіз жағдайларды көруге болады. Алайда біз
бұл жағдайларды біле тұрсақ та тоқырау жылдарында ашық айтып,
оның объективті себеп-салдарын анық көрсете алмадық. Ал, бүгінгі
күні плюрализм принциптерінің дамуына байланысты, ащы болса
да шындықтың бетін ашып, ана тілімізге кінарат келтіріп отырған
кемшіліктер мен келеңсіздіктерді жөндеуге саналы түрде ат салыспасақ
болмайтын сияқты.
1. Осыған орай ең алдымен мойындайтынымыз: ғылым тілі
бүгінде әдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон арқасы. Сондықтан
да оның өзіндік мәселесі аз емес, айта берсең, өзге проблемалардың
ішінде өзектісі де, тіл тағдырына тікелей қатыстысы да ғылым тіліне
байланысты. Өйткені ғылым тіліне тек «таза» ғылым мен техника
атаулары ғана емес, сонымен қатар оған ғылыми негізде дамып отырған
бүкіл рухани, мәдени өміріміздегі сан алуан құбылыстардың мән-
мағыналарын жүйелі түрде анықтайтын, саралайтын, түсіндіретін
ұланғайыр лексикалық байлығымыз да жатады. Ресми түрде
қалыптасып, іштей жіктелгенімен олардың қолданылмайтын саласы
кемде-кем. Арнаулы ғылыми-техникалық терминдерді былай қойғанда,
мектептегі оқу-тәрбиеден бастап, әр саладан мамандық беретін жоғары
оқу орындарына дейін, саяси-әлеуметтік өмірде, өндіріс-шаруашылық
саласында, мәдени-тұрмыс жағдайында күнделікті қолданылып
жүрген жүздеген, мыңдаған көпшілік қолды терминдердің өзі қаншама.
Осылардың барлығы әдеби тіліміздің актив қорына жатады. Шын
мәнісінде солай болу керек еді, бірақ ол іс жүзінде олай емес.
413
2. Оның бірнеше себебі бар сияқты. Күн санап, тоқтаусыз
жасалып, толығып, байып жатқан терминологиялық лексиканың
жалпы тілдік лексикамен арақатысында үлкен алшақтық байқалады.
Мәселен, қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде
1
варианттар
мен диалектизмдерді, етістіктің парадигматикалық формаларын
қосып есептегенде, 67 мыңдай лексикалық единица қамтылған екен.
Олар 103,5 мыңдай мағына береді
2
. Бұл сөздікке бірен-саран болмаса,
ғылыми-техникалық терминдер енбеген. Сонда, «байырғы лексикалық
байлығымызға енбеген термин мен бір тұтас мағына беретін терминдік
тіркестер қанша?» деген сұрақ тууы мүмкін ғой.
Совет дәуірінде жарык көрген 83 терминологиялық сөздік терминдік
лексиканың жалпы санын шамамен айтуға мүмкіндік беретін сияқты.
Біздің шамалауымызша техника және табиғат ғылымдары саласынан
жасалған 51 сөздік пен қоғамдар ғылымы бойынша жасалған 32
сөздіктегі терминдік единицалардың жалпы саны 10 томдық сөздіктегі
сөздердің санынан әлдеқайда артық. Мәселен, М. Исабаев тарапынан
жасалған
орысша-латынша-қазақша
медицина
терминдерінің
сөздігінің бір өзі
3
шамамен 10 мыңдай терминдік единицаны қамтыса,
сол сияқты 500-ден 3 мыңға дейін термин енген сөздіктер қатарына
жалпы биология
4
, металлургия
5
, экономика
6
, математика
7
, физика
8
,
заң
9
, әдебиеттану
10
, тіл білімі
11
сөздіктерін жатқызуға болады. Тек
1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Т. 1–1974; Т. 2 – 1976; Т. 3 – 1978; Т. 4 – 1979;
Т. 5 – 1980; Т. 6 – 1982; Т. 7 – 1983; Т. 8 – 1985, Т. 9 – 1986, Т. 10 – 1986.
2
Ысқақов А. Қазак тілінің он томдық түсіндірме сөздігі: (Соңғы сөз орнына) // КТСС.
10-т., 1986, 500-6.
3Исабаев М. Орысша-латынша-қазақша терминология сөздігі. 5: Медицина. Алматы,
1960.
4
Мұсақұлов Т. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1960;
Сол
автор. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. Биология терминдері. Алматы, 1962.
5 Бехмухаметов Е. Краткий русско-казахский словарь терминов металлургической
промышленности. Алма-Ата, 1959.
6 Насырова М. И. Русско-казахский краткий словарь социально-экономических терминов.
Алма-Ата, 1979.
7 Әмірбаев М., Бектаев К. т. б. Математика терминдерінің орысша-казақша сөздігі.
Алматы, 1959.
8 Аққошқаров Е. Физика терминдерініц орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1974.
9Байсалов С., Уәлиев М., Әбжанов К. т. б. Зац терминдерінің орысша-қазақша
түсіндірме сөздігі. Алматы, 1986.
10Әбетов Ғ. Әдебиеттану терминдерінің қысқаша қазақша сөздігі. Алматы, 1962.
11Кеңесбаев І. К., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орыс ша-қазақша сөздігі. Алматы,
1962.