2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет129/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   176

368

Зерттеуші  ғалымдар  қазақ  тілінің  тарихына  тікелей  немесе 

жанамалы  түрде  қатысы  бар  көптеген  ортағасырлық  жазба 

ескерткіштерді анықтап зерттеді.

Біздер    үшін  осы  еңбектердің  ішінде  мына  филологиялық 

шығармалар  ерекше  назар  аударады:  1)  «Латынша  -  парсыша  - 

қыпшақша  сөздік»  (1245  ж.).  Мұнда  Евангелияның  және  т.б.  діни 

мәтіндердің қыпшақ тілінде жасалған аудармасы берілген.

Ғалымдардың пікірінше, бұл еңбек «өзінің құндылығы жағынан 

қазақ  тілінің  ортағасырлық  тарихын  зерттеу  ісіне  үлкен  үлес 

қосарлық аса бағалы жазба ескерткіш» (История Каз ССР, 232).

2.  Бүкіл  әлемге  белгілі  қыпшақ  тілі  жазба  ескерткіші  (XIII  ғ. 

аяғы,  ХІV  ғ.  басы  «Кодекс  Куманикус»).  Бұл  еңбектің  тілі  -  Алтын 

Орта  кезеңінде  қалыптасқан  қыпшақ  әдеби  тілінің  негізі  болуға 

ұмтылған қыпшақ-қуман диалектісі.

3. Бізге әзірге тіліміздің ішінде ғана жеткен қаңлы тілінің сөздігі 

–  «Таббийун  әл-луғат  әт  түркі  әл-лисан  әл-Қанғли»  (ХІV  ғ.  басы). 

Белгілі  түркі-ғылыми,  проф.  М.Ф.  Копюрлидің  айтуына  қарағанда, 

бұл лексолографиялық шығарма. Авторы филолог-ғалым Мухаммед 

Ибн  Қаис  (толық  аты  жөні  -  Шамс-ад-Дин  Мухамед  Ибн  Қабис  әр-

Рази). Ол Хорезмшах билігі кезеңінде өмір сүрген рейн оғыздарынан 

шыққан.  Ол  сонымен  қатар,  түркі  тілдерінің  бірінің  «Үлкен  кітап» 

деп  аталатын  грамматикалық  шығармасының  да  авторы.  Қаңлы 

тайпасының  тілі  де,  жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  басқа  қыпшақ, 

қимақ,  керей,  найман  тәрізді  қазақ  тайпаларының  тілдері  тәрізді 

жалпыхалықтық  қазақ  тілі  қалыптасқанға  дейін,  өзінің  дербестігін 

сақтай отырып, қыпшақ әдеби тілімен, жалпы белгілерде ие болғанын 

атап өту орынды.

4.  Бұл  орайда  Жамал  ад-Дин  ат  Түркидің  «Бұлғат  әл-мұштақ 

фи луғат әт түрки уа-л- қыпшақ» (15 ғ. 1- жарт.) атты араб-қыпшақ 

тілдері сөздігі ерекше назар аударады. Түркі тілді шығармалардың 

ішінде бұл сөздік тікелей қыпшақ лексикасына арналған.

Қазіргі  ғылыми  айналымда  жүрген  авторлық  ортағасырлық 

қыпшақ  жазба  ескерткіштері  (ұлттары  әртүрлі:  түріктер,  арабтар, 

ирандықтар,  және  т.б.  аймақтардың  өкілдері:  Дешті-Қыпшақтан, 

Мысырдан,  Орта  Азиядан,  Қазақстаннан,  Ирактан,  Кіші  Азиядан 

және т.б.) еңбектері бір жағдайда - осы тілдің лексика-грамматикалық 

құрылымын  зерттеуге  немесе  осы  тілді  оқып  үйренуге,  үйретуге 

арналса,  екінші  жағдайдан  -  түрлі  жанрдағы  көркем  шығармалар 



369

жазуға және имандылық-этикалық норманы, эстететикалық танымды, 

сондай-ақ шариғаттың шарт-заңдарын түсіндіруге, арналған.

Олардың  бірқатары;  Абу  Хайанның  1313  ж.  жазылған  «Китаб  әл 

сурак  ли-лисан  әл-атрак»  шығармасы  ортағасырлық  қыпшақ  тілін 

үйрену  үшін  жазылған  практикалық  құрал  болып  табылады.  Сол 

сияқты, қыпшақ, оғыз және т.б. тілдерін үйрену үшін Мысырлар (ХV ғ.) 

жазылған  араб  филологтары  еңбектерінен  «Әл-қауанин  әл-куллия  ли-

дабт  әл-луғат  әт-түркие»,  сондай-ақ  филологиялық  еңбек  «Кітаб  әт-

тухфат аз-закиса фил-луғат ат- туркийя» және т.б. шығармаларды атап 

өтуге болады (Н.А. Баскаков, 73).

Бұл  шығармалардың  жағырапиялық  тұрғыда  шоғырлануы, 

зерттелініп отырған тілге сілтемеге ғана назар аударылмайды, сонымен 

бірге жасалуы, олардың авторлары, құрастырушылары, аудармашылары 

туралы, сондай-ақ олардың тіршілік еткен жерлері мен қалалары туралы 

берілген мәліметтерінің де мәні айрықша. Мысалы, олардың арасында 

Орта  Азия  мен  Қазақстаннан,  оның  Фараб,  Сығанақ,  Сауран,  Яссы, 

Барчукент және т.б. қалаларынан шыққан төл иелері авторлар аз емес. 

Өз уақытында көпке белгілі болған ғалым Хамиди әл-Асими Барчынлиғ 

(XIII ғ.) төменгі Сырдария бойындағы Барчинкент қаласынан шыққан. 

Оның замандасы басқа бір, ғалым Хусам Ад-Дин да осы аймақтан, ол 

өзінің  шығармаларын  үш  тілде  -  шешен  араб  тілінде  (фасих),  өткір 

тілді  парсы  (малих)  және  шыншыл  татар  (сахих  яғни,  қыпшақ-Ә.Қ.) 

тілдерінде жазған (В.В. Бартольд). Фараб (Отырар) қаласынан шыққан 

ғалымдардың  үлкен  бір  шоғыры  өз  шығармаларына  ғылымның  түрлі 

саласын арқау етті (Ә.Дербісәлин ...). Біздің қолымызда Дешті Қыпшақтан 

және  Алтын  Ордадан  кейінгі  сол  сияқты  Еділ,  Хорезм,  Қырым  тәрізді 

мәдени  орталықтардан  және  т.б.  аймақтардан  шыққан  авторлардың 

әдеби туындыларының тұтас бір тізбегі бар, Мысалы: Сейф Сарайдың 

«Гулистан  бит-түркиі»  (ХV  ғ.)  (Ә.Нәжіп),  Құтыбтың  поэтикалық 

шығармасы  –  «Хұсрау  уа  Ширин»  (В.В.  Бартольд.  Он  екі  лекция...), 

Жошы ұлысының Шығыс бөлігінен шыққан Хорезмидің «Мұхаббатнама» 

дастаны (А.М. Щербак. «Оғұзнама» және «Мұхаббатнама».. туралы Э. Н 

Наджип. Хорезми «Мұхаббат-намэ»...).

Ғалымдардың пікірінше, «Мухаббатнама» және «Гулистан» аралас 

оғыз-қыпшақ тілінде жазылған (А.М. Щербак). Немесе Мәмлүк қыпшақ  

тілінде  жазылған еңбектердің бірі Абу-л-Лайат а-Самаркандидың «Китаб 

Мукаұдимасы»  (қазірде  Стамбул  кітапханасында  сақтаулы,  Қолжазба  - 

№1451 Айс София) өз уақытында Мәмүлік мемлекетінде ғана емес, одан 



370

тысқарғы аймақтарға да кеңінен тараған. Ең көне поэтикалық шығарма 

құл  Ғалияның  (1183-1236)  «Қисса-және-Жүсіп»  поэмасы  -  құраннан 

алынған  Жақып  пайғамбардың  және  аға-інілерінің  іштарлығының 

құрбаны болған оның ұлы Жүсіп Әулиенің ғибратты істері туралы әңгіме. 

Бұл  қыпшақ  тілінде  жазылған,  1839  ж.  соң  70-тен  астам  рет  басылым 

көрген (М. Усманов) діни мазмұндағы ең көп тараған шығарма.

Осы  тәріздес  қыпшақ  тілінде  жазылған  ортағасырлық  жазба 

ескерткіштер тізімін жалғастыра беруге болар еді. Бірақ, оның қажеттілігі 

жоқ, себебі, қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерін сақтап қалуын, қандай 

күрделі  жағдайларда  қалыптасқанын  көп  я  аз  дәрежеде  дүрыс  көрсете 

алуы үшін көрсетілген жазба ескерткіштер мағлұматы жеткілікті.

Осыған орай, қазақ тілінің қалыптасуына қандай болмасын тарихи 

жағдайлар  мен  этнолингвистикалық  ортада  өткесін  бұл  істе  оларға  ең 

басты негіз болатын мынандай үш себептің маңызы зор олар:

а) Оның негізін құраушы туыс тайпа тілдердің өзіндік табиғаты;

б) Оның көне түркі тілдерімен дәстүрлік жалғастығын мойындау;

3) Оны қоршаған тілдерден және этномизден ортаның әсері.

Осы себептердің әрқайсысының жеке сипатына тоқталамыз:

1. Қазақ тілінің қалыптасуына негіз болған ру-тайпалық тілдер белгілі 

тарихи  жағдайларға  байланысты  негіздердің  негізгі  болып,  яғни  тегі 

жағынан түбірлес және туыстас болады. Басқаша айтқанда, кейбір түркі 

тілдеріне және диалектілерге қарағанда (мысалы, өзбек, түркімен тілдері 

т.б.)  қазақ  тілі  шығу  тегі  жағынан  алғанда  өзара  жақын  ру-тайпалық 

тілдерге сүйенеді, міне оның салыстырмалы түрде тез қалыптасуының, 

құрылымдық тұтастығының сыры осында.

Сондай-ақ  бұл  тілдің  этнотектік  түбірлес  құрылымы  этностың 

Орта  Азия  мен  Қазақстан  аймақтарында  Х-ХV  ғ.  арасында  шолу 

жасалған  тарихи  кеңістікте  ру-тайпалық  негізінің  және  қосылу 

әсеріне  ұшырамауымен  және  өз  құрамына  жатұлттық  (түркі  емес) 

қоспаларды  тартпағандығымен  түсіндіртеді.  Ру-тайпалық  тілдер 

салыстырмалы «таза» күйінде қыпшақ тілдері одағында қала отырып, 

оған  тән  «қыпшақтың  сипаттарын»  дамыта  түсті.  Қазақ  тілінің 

көптеген қыпшақ тілдеріне, сөйленістеріне ортақ бірқатар жалпы және 

біртекті  құрылымдық  (дыбыстық,  лексикалық,  және  грамматикалық 

сипаттарының қатты ұқсас болуын осындай жағдайлармен түсіндіруге 

болады.

2. Біздің пікірімізше, қазақ тілінің ІХ-Х ғ. дейінгі көне тілдермен 



құрылымдық жалғастығы мынадай түп негіздерге сүйенеді: біріншіден, 


жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау