2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет70/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   176

202

– деген адамды ешкім де, ешқашан да айыптауға аузы бармайды. «Басқа 

тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – деген Қадырдың сөзіне де құлақ 

асайық, халайық! Олжас ініме де осыны айтам.



«Егемен Қазақстан», 1994. 29 наурыз.

Қия жол, қиын сапар 

Әрбір өткен жылға баланып, күнпарақтың бетіндей аударылысымен 

тарихқа айналып жатқан осынау бір аламан-топыр, алмағайып заманда 

халі мүшкіл, болашағы бұлдыр тартқан ана тіліміздің ғайыптан маңдайы 

жарқырап, мемлекеттік мәртебе (статус) алып марқайғанына да, міне, 

табаны  күректей  бес  жыл  толған  екен.  Бұл  бір  күрделі  әлеуметтік 

құбылыстың  мән-жайы  мен  қоғамдық  өмірдегі  маңызын  болашақ 

ұрпақтың  өзі  бағалай  жатыр.  Ал  бүгінгі  таңда  бұл  халқымыздың 

рухани,  мәдени  өміріндегі  келелі  кезең,  қоғамдық  санамызда  көпке 

дейін сақталатын тарихи оқиға болып қалуы сөзсіз.

Шынында  да:  «Тіршілік  қарбалысымен  тез  өтіп  кеткен  осы  5 

жылдың  мәні  неде?  –  деген  заңды  сұраққа  жауап  беру  үшін  біз  осы 

жылдардың бүгінгі биігінен соңымызға қарап, қол жеткен азын-аулақ 

табыстарымыз бен қателескен, қия басқан жолымызға, бір сүрініп, бір 

тұрып келе жатқан қадамдарымызға сын көзбен қаруымыз керек сияқты.

Сонда біздің байқайтынымыз: Тіл тағдырына байланысты қоғамдық 

өмірде қуаныш пен реніш, сүйіну мен күйіну алма-кезек тең түсіп, не 

жеңгенімізді,  не  жеңілгенімізді  білмейтін  беймәлім  күй  кешудеміз. 

«Тіліміз  мемлекеттік  мәртебе  алды!»  –  деп  жар  салып,  қалпағымызды 

аспанға атқан бір кездегі қуанышымыз да су сепкендей басылып, алабұртқан 

көңіліміздің де суына бастағанын несіне жасырамыз. Енді міне, арамыздан 

«тым  ерте  қуандыңдар»  деп  табалайтындар  да  табылып  жатыр.  Рас, 

қуанғанымызды жасыра алмадық. Бірақ, «қуанған да, қорыққан да – бір» 

дегендей, біздің ол айғайымыз бір жағынан қуаныш сезімін білдірсе, екінші 

жағынан апатқа ұшырап, теңіз толқынына көмілген кемедегі тұншыққан 

жандардың  көмек  сұрап  (өркениетті  елдерде  оны  «SOS!»  деп  атайды) 

шырылдаған жан айғайының жалғасы іспеттес еді.

Мүмкін, біздің бұл дауысымыз Тәңірдің құлағына шалынған шығар. 

Шынында да Тәңірге сенетіндер бұл мәртебені «қол жайып, құдайдан сұрап 

алдық» деп, ғайыбына, құпия күшке сенсе, енді біреулер «күш көрсетіп, 

тартып алдық» деп күпсінеді. Екі жорамалдың да қисыны бар сияқты, бірақ 

себебі басқашалау: бір жағынан, сол кездегі тепсе тебінгі үзетін партия мен 

тоталитарлық  режимге  жалынып-жалбарынғандай  қылық  көрсеткеніміз 



203

рас болса (басқаша талап қою мүмкін емес еді), екінші жағынан, санасы 

ояна бастаған қалың бұқараның қолдауына сүйеніп, мемлекеттік мәртебе 

талап еткеніміз де рас (қорқыту деген сөз орынсыз).

Ал  мәселенің  шындығына  келсек,  бұл  өзгерістердің  түп-төркіні 

80-жылдардың  екінші  жартысынан  тартып,  жүз  бере  бастаған  еліміздегі 

жаңа  демократиялық  үрдісте  жатыр.  Қайта  құрудың  лебінен  мұз  еріп, 

сең  жүретінін  барша  жұрт  партияның  сол  кездегі  съезі  мен  парламент 

мәжілістерінен-ақ  байқай  бастаған  едік.  Сол  кездегі  ел  басшысы  Колбин 

мырзаның: «Кремль не айтса, соны қолдаңдар!» – деп әбден «пысықтап» 

апарған  Қазақстан  депутаттары  ұлт  тілдерінің  тағдыры  додаға  түсіп 

жатқанда, ана тіліміздің мүшкіл халы туралы (бір-екеуі болмаса) жұмған 

аузын аша алмай, ауылға оралған азаматтарымызды да барша жұрт жақсы 

біледі. Бірақ дүмпуі ішіне түскен бітеу жарадай болған бұл мәселенің сол бір 

үлкен мәслихатта, біздің депутаттар болмаса да, басқалар алғаш рет ашық 

сөз еткен болатын. Ал шынайы демократ, гуманист-академик А. Сахаров 

болса,  ағынан  жарылып,  «КСРО-дағы  халықтар  өз  алдына  44  дербес 

мемлекет  болмай,  оларда  ұлттық  мемлекеттік  тіл  болмай,  бұл  басталған 

демократиялық  үрдіс  тынбайды»,  –  деп  айтып  та  тастаған  болатын 

(«Комсомольская правда» газетінде басылды).

Шынында да, көп ұзамай, КСРО құлады, тәуелсіз мемлекеттер бірінен 

соң бірі бой көтерді; олардың әрқайсысы өз ұлт тілдерін мемлекеттік тіл 

деп таныды. Кештің соңында біз де осыны қайталадық. Демек, Қазақстан 

Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге жеке өзінің ғана 

ие болуы осы тарихи даму тұрғысынан қарағанда заңды да объективті 

процесс  еді.  Алайда,  бұл  біреуді  қуантса,  енді  біреудің  іш  қыжылын 

қайнатты. Бірақ демократиялық үрдістің алғашқы дүмпуімен бұл қыжыл 

бірден  біліне  қоймаған  еді.  Ол  кейінірек  байқалды:  мемлекеттік  тілге 

қарсылық  басқа  себептерден  емес,  тек  орыс  тілінің  (орыс  тілдерінің) 

мүддесін  қорғау  сылтауымен  оның  көптен  бері  жүргізіліп,  әбден 

қалыптасып  қалған  өктемдігін  сақтаудан  туындағаны  бүгінгі  таңда 

толық айқындалып отыр. Бұл – өз алдына мәселе.

Ана  тіліміздің  мемлекеттік  мәртебе  алған  бес  жылдығында 

айтылатын әңгіме бұл ғана емес. Егер біз мемлекеттік тіліміздің бүгінгі 

таңдағы алдынан шығып отырған тосқауылдар мен кертарпа әрекеттерді 

қоя тұрып, осы бір игілікті істің сонау бастауына көз жіберіп, зерделеп 

бақсақ, ең алдымен демократиялық толқыннан соққы алған ескілік есін 

жия алмай, жаңалық әлі есі кіре алмай тұрған қоғамдағы «өліара кезеңде» 

көрсетілген батыл іс-әрекеттер көз алдыңызға келеді. «Тіл тағдыры – ел 



204

тағдыры» деп ұрандатып шыққан «Қазақ тілі» қоғамы мен оның айбынды 

үні – «Ана тілінің» осы бес жыл беделінде тындырған істерін – қалың 

көпшіліктің  санасын  ояту  арқылы  тіліміздің  төмендеп  кеткен  беделін 

көтеріп, мемлекеттік мәртебе биігіне шығарудағы ерен еңбегін, Тіл заңы 

мен  оның  бағдарламасын  қабылдаудағы  табандылығын,  Тіл  комитетін 

құруға аянбай атсалысуын, т.б. – ұмытсақ, ар алдында күнәһар боламыз.

Біле білсек, өткен он бес жыл – ол да тарих. Тарих қана емес-ау, тілді 

ту етіп, шеру тартқан тіліміздің мыңдаған жанашырлары мен қазақтың 

зиялы қауымы үшін бұл кезең ана тілінің алдындағы азаматтық парыз 

бен перзенттік борыштың өтелуге тиіс сәті еді. Оны абыроймен ақтаған, 

ақтап келе жатқан азаматтар да арамызда аз емес.

Бірақ, «бес саусақ бірдей емес» дегендей, ел басына келген осынау 

бір қатал сында сыр беріп алғандар да жоқ емес. Алғашқы дүрмекпен 

елдің  алдына  озып,  тіліміздің  жоғын  жоқтап,  зарын  зарлап,  айғайға 

аттан қосқан азаматтардың біразы ұзаққа шаба алмай, өз күйін күйттеп 

кетсе,  енді  біразы  «өйту  керек,  бүйту  керек»  деген  өсиетін,  ақылын 

айтып, «осымен істі тындырдым» деп жайымен кетті. Тілімізге берілген 

мемлекеттік мәртебе – бір рет берілетін сый-құрмет емес, мемлекеттің 

дербес өмір сүруіне қажетті алғышарт, рәміздердің бір екенін, ол үшін 

ел-жұрт болып ұзақ жылдар бойы табанды түрде күресу қажет екенін 

әлі күнге дейін біреу түсінсе де, біреу түсінбей келеді. Бір-екі жылда 

оны  төрт  аяғынан  тік  тұрғызғысы  келетіндер,  сан  алуан  кертартпа, 

кедергіден  жүрмей  жатқанын  көріп,  кейбіреулер  одан  күдерін  үзіп, 

күрес  сапарынан  етегін  қағып,  шығып  кетіп  жатса,  енді  біреулер 

«жығылған үстіне – жұдырық» дегендей мемлекеттік тілді даттаумен 

шұғылдануда.  Ал  енді  тағы  біреулер  болса:  «Қазақ  тілі  орыс  тілін 

ығыстырып  жатыр,  оны  екінші  мемлекеттік  тіл  етіп  алмасақ,  күні 

қараң болады», – деп байбалам салуда. Мұндай қауесетті әдетте орыс 

халқының  атынан  сайлау  алдында,  алқалы  жиындарда  сөйлеп,  өзіне 

саяси  ұпай  жинау  үшін,  ұлттар  арасына  іріткі  салуға  жаны  құмар 

кейбір  орыс  тілді  саясаткер,  экстремистердің  айтатынын  біз  жақсы 

білеміз, олардың мақсатын да түсінеміз. Ал енді дәл осы мәселелерді 

қазақ  бауырларымыздың  өздері  көтеріп,  отқа  май  құйып  отырғанын 

көргенде,  «Әй,  қазағым-ай,  қашан  ел  болар  екенбіз!»  –  деп  жүрегіміз 

қарс  айрылады.  Сөз  жүзінде  мемлекеттік  тілді  қолдаған  болып,  іс 

жүзінде міз бақпай, биік-биік мінберлерден тек орысша сөйлеп, өз тілін 

менсінбей отырған басшылар мен парламент мүшелері болса анау.

Несін  жасырамыз,  соңғы  бес  жылдың  ішінде,  бүкіл  әлемдегідей, 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау