2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет72/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   176

208

болашағына жол ашатын қоғамдық құдіретті күш деп таниды. Оны бір 

ел санасынан туындап жатқан небір тамаша ұсыныстар мен пікірлерден 

айқын көріп отырмыз. Зерек ойдан, зейінді көңілден шығып, толастамай түсіп 

жатқан ақыл-кеңестер кейбір мәселелерді тереңнен ойлап, түбегейлі шешуді 

талап етеді. Соның бірі – съездің шақырылу мерзімі «Ана тілі» қоғамының 

Құрылтай съезі 20–21 октябрьде Алматыда өтпек.

Екінші бір мәселе. Қоғам атының «Ана тілі» аталуында үлкен мән бар. 

Әр халықтың өзіне тән ардақты да абзал ана тілі бар. Біз құрғалы отырған 

Қоғамның  үлкен  мақсаты  тек  қазақ  тіліне  ғана  емес,  сол  сияқты  басқа 

тілдерге де қамқорлық жасау. Бұл Қоғамның гуманистік, интернационалдық, 

демократиялық бейнесін көрсетеді. Алайда пікір айтушы қауым «Қоғамды 

мемлекет  тілімен  атап,  басқа  аз  санды  халықтар  тілдеріне  қажетті 

қамқорлықты  Алматы  қаласында  ашылып  жатқан  ұйғыр,  неміс,  корей, 

дүнген, татар, украин, т.б. ұлттық-мәдени орталықтарға жасаған жөн емес 

пе? деген ұсыныс айтады. Бұл да ойланатын жағдай.

Жалпы  алғанда  алдымыздағы  Құрылтай  жиналысында  қоғам  болып 

кеңесетін осындай жайттар, шешетін проблемалар, қолданылатын шаралар 

аз  емес.  Ендігі  міндет  –  осыған  біз,  әсіресе  съезге  қатысатын  делегаттар, 

саналы азаматтар мен зейінді зиялылар үлкен дайындықпен келуіміз керек 

сияқты. Егер қабылданған Заң республикадағы халықтардың ана тілдеріне 

ресми түрдегі мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық болса, «Ана 

тілі» Қоғамының қамқорлығы қарапайым халық атынан жасалатын ерекше 

қамқорлық.  Тілдер  жөніндегі  Заңды  іс  жүзіне  асыратын  да,  сол  тілдерді 

өзіне тән статус шеңберінде жұмыс істететін де, сайып келгенде, осы Қоғам 

болмақшы.

Сондықтан  да  біз  қалың  көпшілік  арасында  Қоғам  атынан  қызметін 

атқаратын  ана  тіліміздің  (тілдеріміздің)  шынайы  жанашырларына  үлкен 

үміт артамыз. Қоғамды ресми дүниеге келтіретін Құрылтай съезіне қатысу 

үшін барлық облыстардан келетін делегаттар мен қонақтардың қатарынан 

біз  ана  тіліне  деген  сезімі  мол,  азаматтық  позициясы  айқын,  саналы  да 

білімді жандарды көргіміз келеді. Ондай адамдар барлық жерде баршылық. 

Тіпті  кейбір  облыстарда  (Жезқазған,  Целиноград,  Ақтөбе,  т.б.)  бүгінде 

өз  инициативаларымен  тіл  қоғамдарын  ашып,  Қоғам  Уставын  мойындай 

отыра, өз бетінше жұмыс жүргізе бастаған азаматтар да бар. Біз оларға зор 

ризашылық  білдіреміз.  Елдің  елдігі  мен  ердің  ерлігі  танылатын,  сарапқа 

салынатын  сәттер,  міне,  осы.  Құрылтай  съезі  үстінде  қабылданатын 

үлкен  Программа  осындай  азаматтардың  жер-жердегі  инициативасына, 

тапқырлығына, талапкерлігіне, іскерлігіне байланысты.



209

Ал  енді  Қоғам  туралы  сөзді  келіп  түскен  хаттардың  иелеріне 

берелік.

«Ана тілі» Қоғамы туралы  немесе хаттар үніне құлақ түрсек осы Жоба 

жөнінде, болашақ Қоғам жайында өздерінің талап-тілектерін білдірген 

еңбекші жұртшылықтың хаттары Тіл білімі институтының атына көптен 

келіп жатыр. Хат иелерінің барлығы дерлік «Ана тілі» Қоғамын құруды 

дер кезінде қолға алынған игілікті іс деп, қуана құптайтынын білдіреді. 

«Ана тілі» Қоғамының құрылуы республикамыздың мәдени өміріндегі 

аса бір елеулі оқиға болмақ деп бағалайды.

Шығыс  Қазақстан,  Семей,  Павлодар  облыстарының  педагогтері 

Ф.С.Тәшімова, 

Ж.Н.Әбдуәлиева, 

М.М.Әйтиева, 

Д.С.Есілбаев, 

М.Ж.Жамалиденова,  С.Х.Жұмабаев  т.б.  жолдастар  осы  өлкелердегі 

қазақ және орыс тілдерінің қолданылу күйін зерттей келіп, қазақ тілінің 

мемлекеттік  мекемелер  мен  әлеуметтік  институттарда  қолданылмауы 

оның қоғамдық қызметін мүлде құлдыратып жіберді дейді. Мұның өзі 

тілдің болашағы үшін үлкен қауіп. Қазақстан – қазақ халқының тарихи 

қалыптасқан  территориясы  әрі  қазақ  ұлтының,  қазақ  тілінің,  қазақ 

мәдениетінің бірден-бір сақталатын және дамитын жері. Қазақ тілінің 

қазіргі мүшкіл ахуалын түзету үшін ең алдымен оған мемлекеттік тіл 

статусының берілуі қуанарлық жәйт, – дейді. Аталмыш хатқа 49 педагог 

қол қойған.

«Мен,  –  деп  жазады  Алматы  қаласының  тұрғыны,  жұмысшы 

Сайлайқұл Нұрланов, – төрт баланың әкесімін, немере сүйген атамын. 

Балаларым,  келінім,  күйеу  балам  қазақша  білмейді.  Олар  өз  тілін 

білмеген  соң,  балаларын  ана  тіліне  қалай  үйретпек?  Ең  болмаса 

немерелерім  қазақ  тілін  білсе  деймін.  Қоғам  осыған  нақты  жәрдем 

етсе», – деп тілек-талаптарын білдірген.

Хат жолдаушылардың енді бір тобы – Махмұтов Әбдіғапар (геолог, 

доцент),  Мералиев  Н.Т.  (студент),  Әбдәкәрімов  Ә.  (Алматы),  Нүсіпов 

Рамазан  (Семей  обл.  Мақаншы  ауданы):  жазушылар  Қ.Бұғыбаева, 

С.Ғаббасов,  т.б.  және  Жамбыл  аудандық  мәдениет  қызметкерлері 

Қарашев  Қ.,  Әжіғожаева  Б.,  Жарқынбаева  Ж.  (Алматы  обл)  т.б.  қазақ 

тілінің құлдырап кеткен қоғамдық қызметін тілге тиек етеді. Қазақ тілі 

от басы, ошақ қасында ғана қолданылатын тілге айналды. Өйткені саяси 

өмірде, өндірісте, ғылым мен техника саласында қызмет етіп, қарым-

қатынас  мұқтажын  өтемегендіктен,  тіпті  интеллигенциямыздың  өзі 

қазақ тілін қажетсінбеуге айналды. Мұның өзі тілдің болашағына үлкен 

қауіп.



210

Ана тілінің тағдыры Арал тағдырына ұқсамасын. Ана тілін білгенде 

ғана шынайы интернационалист болады. Өз халқының мәдениеті мен 

дәстүрінен қол үзген жан өзге елдің мәдениетін біліп жарытпайды.

Расында,  ұзақ  жылдар  бойы  елімізде  тіл  құрылысы  тек  жақсы 

жағынан  айтылып,  оның  шешілмей  жатқан  проблемалары,  қиын  халі 

мүшкіл  жағдайы  бүркемеленіп,  өткір  қырлары  қырланып-сырланып 

жып-жылмағай  көрсетіліп  келді.  Тіл  жағдайының  төменде  жатқан 

мәселелері  жөнінде  жауырды  жаба  тоқымай,  ашық  айту  қажет.  Міне, 

осындай дәлелді пікірді, уәжді сөз айта келіп хат авторлары тарихшы 

Әбсәлімов  Төлеміш  (Жамбыл),  инженер  Ысқақов  Мұхит  Мырзатұлы 

(Қызылорда),  А.Атағұлов  (Алматы),  Жазықбаев  Ерғазы  (Қарағанды), 

Ахметқалиев Меліс (Екібастұз), еңбек ардагері Шорабеков Шернияздан 

(Шымкент обл. Қызылқұм ауданы), Жылқышиев Н.А. (Шымкент), т.б. 

қазақ тілінің мемлекеттік заң арқылы қорғалып, қазақ тіліне мемлекеттік 

тіл статусының берілуін қуана қоштайды. 

Тіл мәселесіне қатысты тағы бір қиындық: хат жолдаушылардың 

пікірінше,  ана  тілінен  қол  үзген,  не  орыс  тілін  жеткілікті  дәрежеде 

меңгермеген  шала  тілділердің  әлеуметтік  тобы  пайда  болды.  Бірақ 

оларды кінәлай беруден гөрі, қол ұшын беріп, тіл үйренуге мүмкіндік 

жасау қажет деген ойға саяды. Сондықтан болашақ қоғамның мүшесі 

кем  дегенде  бір  адамға  ана  тілін  үйретуді  бағдарға  алады.  Мұндай 

пікірді  қуаттай  отырып,  хат  иелері  Қарамендин  Сейітқали  (Алматы), 

педагогтер:  Аманқұл  Әлімбекова  (Шымкент),  Уанбаев  Дәурен 

(Өскемен), кәсіподақ қызметкері Сапаров Төлепберген (Жезқазған) тіл 

үйірмелерін ашуды, фольклор журналын, қазақша тілашар, сөздік, т.б. 

шығару қажет және қоғамның жанынан қазақ-орыс, орыс-қазақ тілдерін 

оқып-үйренуді  ұйымдастыратын  шаруашылық  есептегі  ғылыми-

методикалық орталығын ашу қажет деген нақты ұсыныстар айтады.

Қазақ  тілінің  тағдыры,  бүгінгі  проблемасы  жөнінде  тек  қазақтар 

ғана  емес,  өзге  ұлт  өкілдері  де  өз  ойларын  ортаға  салып,  достық 

сезімдерін  білдіріп  хат  жолдауы  интернационализмнің  бір  көрінісі 

деуге болады.

Менің    ұлтым  –  орыс,  мамандығым  –  бухгалтер,  деп  жазады 

Семенов Валерий Талдықорған облысы, Панфилов қаласынан. 

–  Барлық  өмірімді  қазақтардың  арасында  өткізіп  келемін.  Қазақ 

ұлтын  құрметтеймін.  Менің  өзім  және  семьям  үшін  қазақтар  көп 

жақсылық  істеді.  Орыс  болсам  да  кейбір  қазақтардың,  әсіресе  қазақ 

жастарының ана тіліне ұқыпсыз қарайтынына жаным ауырады. 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау