1-топ:
Қытайда жасайтын қазақтар (демограф М.Тәтімов деректері
бойынша –1.270 мың);
2-топ:
Орта Азияда (яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан,
Тәжікстан республикаларында) жасайтын қазақтар (954.374 мың);
3-топ:
Ресей Федерациясында жасайтын қазақтар (636.083 мың);
4-топ:
Моңғолияда жасайтын қазақтар (150 мың);
5-топ:
Ауғанстанда жасайтын қазақтар (50 мың);
6-топ:
Түркияда жасайтын қазақтар (25 мың);
7-топ:
Иранда жасайтын қазақтар (15 мың).
Бұлардың сыртында кешегі Кеңес республикаларында (жалпы
саны 25.720), кейбір Еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-та, т.б жерлерде
тұратын (жалпы саны 35 мыңдай) қазақтар тағы бар. Олар туралы әңгіме
қозғамаймыз.
Ал аталмыш 7 топқа келетін болсақ, олардың бәрі – бір тілде сөйлеуші
бір қазақ, бір ұлт. Этникалық құрамы жағынан «жақын шетел» деп атала
бастаған (бұрынғы ҚСРО-дағы) қазақтар құрамында үш жүздің рулары
түгел кездессе, «жырақ шетел» қазақтарының Қытай, Моңғол, Түркия
185
жағындағылары негізінен керей, найман, үйсіннің кейбір руларынан, ал
Ауғанстан, Иран жағындағылары Кіші жүздің кейбір (адай, рамадан, әлім
т.б) руларынан тұрады. Түркия және Еуропадағы қазақтардың кейінгі
кезде Ауғанстан мен Ираннан барғандармен өзара араласуы да байқалады.
Қалай болған жағдайда да, шетел туыстарымыз тегі бір, тілі бір,
діні бір бір тұтас тарихи этностың бөлшектері. Бәріміз үшін айдан анық
бұл нәрсені біз басқа жұрт та біле жүрсін деген оймен айтып отырмыз.
Ғылымда «бір тіл – бір ұлт» деген сөз бар. Бұл сөздің төркіні «бір ұлтта
екі ана тілі болмайды» дегенге барып саяды және одан «басқа тілдерді
білме» деген ұғым тумайды. Демек, ұлттың бір белгісі – өз тілін білуде
және жеттік білуде екен. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ тілін жақсы
білу қара шаңырақтағы қазақтар үшін де, шетелдегі туыстар үшін де
үлкен сын.
Осыған орай айтылар ең бірінші тұжырым: аталмыш жеті топтағы
шетел қандастармыздың тіл жағдайы бір-біріне ұқсамайтын жеті
түрлі ерекшеліктерге ие, және ол өзгешеліктер сол туыстарымыздың
этностық шығу тегіне, немесе жағрапиялық (шығыс, батыс деген сияқты)
төркініне байланысты емес. Өйткені, соншама жерді алып жатқан қазақ
халқының тілі өзінің ғажайып бір тұтастығымен көзге түседі. Әрине,
онда да кейбір жергілікті ерекшеліктер жоқ емес. Ол болмаса, екі томдық
диалектологиялық сөздік жасалынбас та еді. Бірақ, бұл ерекшеліктер
кейбір туыстар (өзбек, ұйғыр, татар, т.б) тілдеріндегідей көзге ұрып, тіл
тұтастығына нұқсан келтіріп тұрған жоқ.
Сондықтан да шетелдегі туғандарымыздың тілінде байқалатын
өзгешеліктер өз ішінен бөліну емес, сыртқы әсерден, атап айтқанда,
аралас-құралас отырған көрші халықтардың тілі мен өмір салты
әсерінен, қоғамдық ықпалынан пайда болған өзгешеліктер. Сыртқы әсер
дегенде біз ең алдымен, Қытайдың Тарбағатай, Алтай, Іле өлкелеріндегі
қазақтар тіліне – қытай, ұйғыр, моңғол тілдерінің, Орта Азиядағы
қазақтар тіліне – өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік тілдерінің, Ресей
жеріндегі қазақтар тіліне – орыс, қалмақ, башқұрт, татар т.б тілдерінің,
Моңғол жеріндегі қазақтар тіліне – моңғол тілінің, Ауғанстан жеріндегі
қазақтар тіліне – ауған (пұшты) тілінің, Түркиядағы қазақтар тіліне –
түрік тілінің, Ирандағы қазақтар тіліне – иран (парсы) тілінің, сондай-ақ,
Еуропа елдеріндегі қазақтар тіліне ағылшын, неміс, француз, швед, т.б
тілдердің әр түрлі дәрежедегі әсерін, тікелей ықпалын мойындауымыз
керек. Бұл тілдердің жалпы саны 15-тен асады. Соншама тілді біздің
шетелдік қандастарымыз еріккеннің ермегі үшін емес, күн көру үшін,
186
өмір сүру үшін қажет болғандықтан үйреніп отыр. Демек өз тіліне
қосымша, тіпті оны ұмытса да басқа тілдің біреуін, бірнешеуін меңгеру
– өмір сүрудің кепілі екен. Соған қарамай, әр жерде, әр дәрежеде болса
да, ана тілің көздің қарашығындай сақтап, ретіне қарай пайдаланып,
ұрпағына үйретіп отырған шетел қандастарымызды көргенде, өз
ауылында жүріп ана тілін мақұрым болып, мәңгүрттене бастаған көптеген
ұл мен қыздарымыз жайында айтуға ауызың бармайды.
Тіл жағынан әр түрлі күй кешіп жүрген шетел (оның ішінде ТМД
мемлекеттері де бар) қандастымыздың жағдайы 7 топқа сәйкес 7
түрлі екендігін аңғару киын емес. Олар, жоғарыда ескертілгендей,
негізінен бірнеше объективті (саяси-әлеуметтік, этно-демографиялық,
географиялық, т.б) себептерге, атап айтқанда, қазақ тілінің толыққанды
қызмет етуі, не ете алмауы: біріншіден, қазақтардың жасайтын жерінде
сан жағынан аз, не көп болуына, екіншіден, біріңғай шоғырлана немесе
шашырап, бытыраңқы отыруына, үшіншіден, көрші отырған халықтармен
сандық ара салмағына, төртіншіден, мемлекет құрамында өзіндік ресми
құрылымның, автономиялық басқару жүйесінің болуына, болмауына,
бесіншіден, құзырында отырған мемлекеттің, жалпы қоғамның
диаспораға деген ықылас-ниетіне, жасаған жағдайына (білім беру, жазу-
сызу, мәдени ошақ, баспасөз, бұқаралық ақпарат т.б.) байланысты.
Осы тұрғыдан алып қарасақ, ең алдымен «жақын шетел» мен «жырақ
шетел» қазақтарының арасындағы елеулі-елеулі парықтар көзге түседі.
Қазақстан жеке ұлттық республика болып тұрғандықтан болар, «жақын
шетелдің» бірде-біреуінде бұрын-соңды қазақтардың автономиялық
құрылымы болған емес. Бұл жағынан алып қарағанда Өзбекстан (бір
миллионға тарта) мен Ресей жеріндегі (600 мыңнан астам) қандастарымыздың
тіл жағдайы Қытай мен Моңғолия жеріндегі қандастырмыздан әлдеқайда
төмен. Шыңжаңдағы туыстарымыз ауылды жерде тұрғандықтан қытай,
ұйғыр тілдерінің әсері негізінен қала жағдайында көбірек байқалады. Қазақ
жазба әдеби тілінде мыңдаған қытай сөз-терминдерінің, ал ауызекі тілге
ұйғыр тілі элементтерінің енуі, міне, осыған байланысты. Қазақстандағы
жалпы қазақ әдеби тілінен бұл өлкедегі қазақ тілінің жазу-емле, сөйлесу
саласындағы кейбір айырмашылықтары, демек, тілдік орта мен екі елдегі
екі түрлі (кириллица және араб) жазуды пайдалануына байланысты. Басқа
жағдайлардың бәрі де Қытайдағы диаспора тіліне оң әсер етуде. Сондықтан
да болар, ондағы туыстарымыз жалпы қазақ әдеби тілінің бір тұтқасы өз
қолымызда деп сезінеді де, ортақ тілмен санасуды кейде қажет етпейтін
сияқты.
187
Қазақ тілін сырттай бақылап жүрген түрколог ғалымдардың
байқауынша, бүгінде оның шұрайлы да таза сақталған жері – Байөлке. Бұл
пікір дұрыс та. Оның басты себебі: біріншіден, Моңғолия қазақтарының
өз басына отау тігіп отыруында болса, екіншіден, негізінен осы өлкеде
98 процент болып шоғырлана, бірыңғай жайласуында. Моңғолияның
ішкері жағындағы қазақтар жағдайы басқашалау болса да, дәл Байөлкенің
өзінде бар жоғы 2 процент құрайтын моңғол, тыва, алтай, ұраңқай сияқты
тіл өкілдерінің оған әсері онша байқалмайды. Бірақ мұңдай томаға
тұйықтықтың екінші жағы бар, ол тілді өркениет елдердің үлгілерінен,
ғылым дүниесінің табыстарынан біршама шектеуі.
Ауғанстан мен Иран қазақтарының тіл жағдайы, біздің пайымдауымыз
бойынша, шамалас, «түркістандықтар» деп аталып кеткен, негізінен
Маймана, Бағлан, Құңдыз, Талқан, Мазар-Шериф уалаяттарында топтасып
жасайтын 40 мыңдай бұл туыстарымыздың Иран қазақтарынан бір
айырмашылығы – олар ауғандардың өздерінен басқа 6 миллиондай түркі
тілдес (өзбек, түркімен, қырғыз т.б.) халықтар өкілімен араласа отырса,
Иранда негізінен ирандықтармен көрші тұрады. Демек, бұл қазақтардың
тіліне бірден екі түрлі тілдің әсері бар да, соның нәтижесінде өз тілінде тек
ересектер ғана сөйлеп, жастар көбінесе ауғанша, иранша сөйлеп, ана тілін
ұмыта бастаған.
Кейінгі жылдары Ауған қазақтары сондағы соғыстың зардабынан
қашып Иран ауып, одан Түркия мен Еуропа елдеріне бара бастаған. Біз
олардың осындай бір тобымен 1991 жылы Түркі халықтарының дүниежүзілік
құрылтайына барған сапарымызда Түркияның Кайсери қаласында кездесіп,
әңгімелескен едік. Орта жастағы туыстарымыз өз тілін әлі ұмыта қоймаған,
бірақ таза да сөйлей алмайды, иран, түрік сөздерін араластырып отырады
екен. Оның себебі, әрине, белгілі. Бұлардың тілін сақтап қалуға қажетті
жоғарыда аталған жағдайлардың біреуі де жоқ. Олардың білетіндері – латын
мен араб жазулары. Сондықтан да Қазақстандағы туыстарынан келген орыс
әріпімен жазылған хаттарды олар оқи алмайды екен.
Енді Түркия қазақтарына келсек, мұнда басқалардан біршама
айырмашылықтар бар. Бұл диаспораның 40-жылдары зобалаңға ұшырап,
Қытайдағы атамекенін тастап үдере көшіп, Тибет асып, Үндістан барып,
Пәкістанды біраз паналап, содан Түркияға жеткен «азап көшінен» аман
қалған 25 мыңдай шағын қауым екендігі белгілі. Олар бақытына жараса,
дүние жүзіндегі ең ірі түркі мемлекетінің құзырына тап болып, 60
миллиондай ұлы халықтың ықылас-мейіріне, қамқорлығына бөленді. Аз
топ болса да өзінің ұлттық қасиетін, тілін, дінін сақтап қалды. Бүгінде
188
Еуропа мемлекеттерінде жасап жатқан біршама қазақтар негізінен, осы
қауымның әулеттері. Ел дәстүріне, рухани мұраға деген сергектік пен
сезімталдық та осы қауымға тән.
Тіл мәселесіне байланысты мұндағы бір ерекшелік: бұл туыстарымыз
жаппай түрікше сөйлейді. Егер жастар жағы қазақ тілін ұмыта бастаса,
оның жоғарыда айтылған жалпы жағдайларынан басқа тағы бір себебі
бар: ол қазақ тілі мен түрік тілінің өзара жақындығында. Ал туыс тілдер
қатарласа қолданылған жағдайда көпшілік сөйлейтін туыс тілге көшу
әлдеқайда жеңіл, оны тосырқау көп байқалмайды. Дәл осындай жағдайды
біз қазақ тіліне Өзбекстандағы өзбек тілінің ықпалынан, Түрікменстандағы
түрікмен тілінің, Шыңжаңдағы ұйғыр тілінің ықпалынан айқын көріп
отырмыз. Демек, Түркия қазақтары тілінен де біз осы заңдылықты
байқаймыз.
Және бір жәйт: бір этностың үш түрлі жазуды (кириллица, араб, латын)
пайдалануы да оның ортақ мәдени-рухани мұрасын меңгеруіне нұқсан
келтіретіні сөзсіз. Түркия қазақтары қазақстандықтардың жазғанын, ал
олар өз ретінде Шыңжаңдағы туыстарының жазғанын оқи алмаған жерде
тілдік, ұлттық, рухани тұтастық деген – бәрі жәй сөз. Сондықтан бүкіл қазақ
қауымына ұлттық негіздегі ортақ бір жазуды ойластыратын уақыт жеткен
сияқты. Әрбір халық тілінің мәңгілігін армандайды. Сол мәңгіліктің бір
шарты – ұлттық ортақ жазу.
Алыстағы ағайынның аңсары ауып, сағынышпен іздейтін атамекеніне
келгендегі бір арманы – ана тілінің сәнді әуезін, ән-күйінің сиқырлы сазын
есту ғой. Бұл, әрине, қара шанырақтың өз халіне байланысты. Жер бетінде
ана тілінде сөйлейтін бір қазақ қалғанға дейін ғылым үшін ол тілді өлді
деуге болмайды. Сондықтан да егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып, ана
тіліне мемлекеттік мәртебе алып беріп отырған халқымыз үшін кешегі
әңгіме бір басқа, дәл бүгін
Достарыңызбен бөлісу: |