2018 жылы 12 сәуірде «Студент және ғылым»



жүктеу 168,37 Kb.
бет1/2
Дата15.05.2018
өлшемі168,37 Kb.
#13734
  1   2





АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ақжан Машани атындағы

Базалық білім беру институтының ағылшын тілі кафедрасы 2018 жылы 12 сәуірде

«Студент және ғылым»

атты 3-ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді


Конференция мақсаты - студенттердің ғылыми әлеуетін қолдау және дамыту, студенттердің оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, материалдарды талдау және жинақтау дағдыларын дамытып, өз тұжырымдарын жазбаша білдіріп, оны ауызша қорғай алу іскерліктерін қалыптастыру.
Конференцияға барлық мамандықтар бойынша 1-4 курс студенттері шақырылады.
Жұмыс келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

1. Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар

2. Ағылшын тілі мәдениетаралық қарым-қатынаста
Конференцияға қатысушы әрбір студент сертификат алу мүмкіндігіне ие. Cондай-ақ, студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Ең үздік ғылыми жұмыс» атты марапатқа ие бола алады.

Конференцияның өту орны: Алматы қаласы, Сатбаев көшесі 22а, бас оқу ғимараты, 535-аудитория

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция бағдарламасы

Конференцияда қарастырылатын бағдарламалар: пленарлық отырыс, секциялық және қорытынды отырыстар. Конференцияның өту реті:

Қатысушыларды тіркеу: 09.30 – 10.00

Пленарлық отырыс: 10.00 – 10.30

Секция отырыстары: 10.40 – 14.50

Кофе-брейк: 12.00-12.30

Марапаттау рәсімі: 15.00

Секцияларда баяндама жасау уақыты: 5-7 мин.


Эксперттік комиссия ұсынылған жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • зерттеудің өзектілігі мен ғылыми жаңалығы;

  • материалды жеткізудегі дәлелділік;

  • өз бетінше жүргізілген жұмыс нәтижесін көрсете алу іскерлігі;

  • тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алу іскерлігі;

  • баяндамашының сөйлеу мәдениеті.



Конференцияға қатысу шарттары және материалдарды техникалық тұрғыдан рәсімдеу:

1. Тезистің жоғары жағында: 1) студенттің толық аты-жөні; 2) оқу орны (факультет, курс, қала); 3) электрондық мекенжай және байланыс телефоны; 4) баяндама тақырыбы; 5) секция атауы; 6) ғылыми жетекшінің толық аты-жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі көрсетіледі. Тезистер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 150 сөз көлемінде қабылданады.

2. Мәтін Times New Roman қарпінде терілуі тиіс, қаріп өлшемі – 14, жоларалық қашықтық – 1,5 см, сол жағы, оң жағы және жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жол – 3 см, азат жол – стандартты.

2. Қолданылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында қолданылу реті бойынша көрсетіледі. Әдебиетке берілген сілтеме мәтінде квадратты жақшада рәсімделеді [1, 256 б.].


Ғылыми-практикалық конференцияның тезистері бағдарламада беріледі.

Баяндама тезистерінің электрондық нұсқасы 2018 жыл 4-сәуірге дейін «Сәтбаев университеті конференцияға» атты белгімен студенттің аты-жөні көрсетіліп, келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: eld.studconference@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарын іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімделмеген тезистер қарастырылмайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы, Сәтбаев көшесі, 22а, бас оқу ғимараты, 604 және 821 кеңселер.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті мүшелерінің телефондары:

Кәкімова Жамиля Карабайқызы: 8 705 580 32 73

Утеғалиева Лаура Мұратқызы: 8 775 326 63 26





жүктеу 168,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау