айтыс,
жарыс, сайлау
– үстеме мағынаға ие болған сөздер ретінде сөздіктерде
бір реестр ішінде қаралады. Ал дәл осы сияқты тағы бір сөздер, мәселен
ай
(аспан денесі),
ай
(календарлық ұғым);
күн
(аспан денесі),
күн
(календарлық ұғым) екі сөз, яғни омоним ретінде қаралады. Мұны қалай
түсінуге бо лады? Шынында да, кез келген тілде осындай мағыналық
даму нәтижесінде бір сөздің жарылып, мағыналары бір-бірінен
мүлдем алшақтап, омонимге айналып кететіндері болады. Оны орысша
58
«разошедшие омонимы» деп атайды. Оған мәселен, қазақ тіліндегі
жақ
(адамның жағы, кимешектің жағы),
ауыздық
(жүгеннің ауыздығы),
ауыздық
(екі езуге шығатын жара),
жабағы
(тай),
жабағы
(жүн),
бауыр
(дене мүшесі),
бауыр
(туыс адам),
тіл
(дене мүшесі),
тіл
(қатынас
құралы), т. б. сөздерді жатқызуға болатын сияқ ты. Бірақ оған қандай
теориялық негіз бар? Осындай қажетті зерттеудің жоқтығынан біздің
лексикографиялық еңбектерімізде көптеген кемшіліктер кездесіп жүр.
Мәселен, дұрыс шешілмеуі тек сөз мағыналарын анықтауда ғана емес,
сонымен бірге сөз қорымыздың мазмұнын, мағыналық единицалардың
санын, сапасын, даму жолының дұрыс айқындалмауына да байланысты.
Арасы алшақ кеткен сөздер фонетикалық варианттардан да табылады:
өкімет – үкімет, ғылым – ілім, кәде – қағида, т. б.
Егер біз тіл байлығымызды тек сөз санымен ғана бағамдайтын
болсақ, сонда гомогенді, гетрогенді омонимдер мен синонимдерге
лексикалық дублеттер мен фонетикалық варианттарға қатысты сөз
қорының мазмұны түгел ашылмай қалуы ықтимал.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»: а) «қазақ тілі түркі тілдердің
ішіндегі ең бай тілдердің бірі» деп қалыптасқан пікірді нақтылы тілдік
деректермен дәлелдеу керек; ә) ол үшін қазақ тілінің байлығын күн санап
туындап, сәтті де сәтсіз жасалып жатқан терминологиялық лексикадан
емес, әлі күнге дейін қазына сандығын айқара ашып, өз мүмкіншілігін
толық пайдалана алмай келген байырғы сөздік қорымыздан іздегеніміз
жөн; б) сөз байлығымыздың нәр алып, сусындап отыратын жоғарыда
аталған қайнар бұлақтарының көзін ашып, то лық пайдалану керек; в) сөз
байлығын тек сөз санымен ғана өлшемей, сөздер мен сөз тіркестерінің
мағына санымен, рухани қазына болып ғасырлар бойы қалыптасқан
мазмұн, сапасымен өлшеген абзал; г) сөз қорының қайнар көздерін ашып
қана қою аз, ондағы барымызды берекелі етіп көрсете білуіміз де ке-
рек; осыған орай лексикологиялық, лексикографиялық жұмыстардың
көпжылдық тәжірибесін ескере оты рып, тіл байлығын толық та жан-
жақты қамтитын жаңа да тиімді тәсілдерді қарастыру керек, тез аурус,
идеографиялық, этнолингвистикалық сөздіктер жасауға кірісетін уақыт
жеткен сияқты.
Тіл байлығы – халықтың рухани қазынасы, тарихтың куәсі, өмірдің
айнасы.
«Қазақ тілі мен әдебиеті», 1991. № 97 3-10 б.
|