2. АҒымдағы жағдайды талдау


-сурет – 100 мың адамға шаққанда турбелкулезбен сырқаттанушылық (өмірінде алғаш рет диагнозы анықталғандар), 2014 жыл



жүктеу 4,2 Mb.
бет11/18
Дата11.01.2020
өлшемі4,2 Mb.
#26349
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

19-сурет – 100 мың адамға шаққанда турбелкулезбен сырқаттанушылық (өмірінде алғаш рет диагнозы анықталғандар), 2014 жыл

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті


Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуеті

2014 жылдың соңында облыста барлығы 3702 дәрігер мен 6942 АМҚ жұмыс істеді, бұл 10 мың адамға шаққанда 45,4 және 85,1 көрсеткішін құрады. Оның ішінде, мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2669 дәрігер және 5015 АМҚ жұмыс істейді, бұл 10 мың адамға шаққанда 32,7 және 61,5 көрсеткішін құрайды.

Облыста, штаттарды қоса атқарушылық пен жұмыс істейтін дәрігер-зейнеткерлер есебінен жасырын тапшылықты есепке алмағанда, дәрігер кадрлардың іс жүзіндегі тапшылығы 94 дәрігерді құрады.

Облыстың денсаулық сақтау саласына шығындар:

2012 жылы 29,065 млрд. теңгені, 2013 жылы – 29,209 млрд. теңгені және 2014 жылы – 30,873 млрд. теңгені құрады. Атап айтқанда ТМККК-не арналған шығындар 2012 жылы 22,57 млрд. теңгені, 2013 жылы – 23,94 млрд. теңгені және 2014 жылы – 27,87 млрд. теңгені құрады.

Облыста «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиісті деңгейде жүзеге асырылуда. Өткен кезеңде мемлекеттік бағдарламаның барлық нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелеріне қол жетізкізілді және 2015 жылы төмендегілерді қоспағанда оларға қол жеткізу күтіліп отыр:

Ақтөбе облысының салауатты өмір салтын облыстық орталығының сауалнама деректеріне сәйкес халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану дәрежесі 87,7% деп жоспарланған кезде, іс жүзінде 2013 жылы 87,8% көрсеткішіне жетті.

Облыстың денсаулық сақтау саласының жиынтық бюджеті 2013 жылы 14,5%-ға өсті және 29,2 млрд. теңгені құрады.

Зиянды әдеттердің зияны туралы және темекі тартатындар, ішімдік ішетіндер мен есірткі қолданатындар санын төмендету бойынша, салауатты өмір салтын және дене шынықтыру, спортпен шұғылдануды насихаттау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Облыс шегінде телемедициналық консультациялар, компьютерлік диагностика және кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігі өзінің оң нәтижелерін беруде. Сондай-ақ дәрігер мен медицналық ұйымды еркін таңдау, білікті және жоғары маманданған медициналық көмектің қолжетімділігі, квота бойынша республиканың жетекші клиникаларында емделу мен тексерілудің қолжетімділігі.

Кадрлардың жетіспеушілігімен байланысты проблемаларды шешу үшін Оспанов атындағы БҚММА студенттерінің санын 2 есеге ұлғайту керек, сонымен қатар ЖПД дайындауға арналған грандтардың да санын ұлғайту қажет. Сонымен қатар гранд бойынша білім алған медициналық ЖОО түлектерін бөліуді, ең алдымен, АМСК объектілері бойынша, міндетті түрде 3 жыл жұмыс істеу бойынша бөлуді ұсынамыз.

Учаскелік дәрігерлердің нормативтік жүктемесін қайта қарауды ұсынамыз. ЖПД жүктемесін 1,0 мөлшерге, адамдар саның 2000-нан 1500-ге төмендету қажет. 1200 адамға қызмет көрсетілетін ірі ФАБ үшін үшінші СМР мөлшерлемесін қарастыру. 500 адамға қызмет көрсетілетін ірі МБ үшін екінші СМР мөлшерлемесін қарастыру.

ЖАО шешімдері негізінде (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №114 Қаулысы) жұмыс істейтін тіркелген тұрғындар саны 2000 адам болатын кішігірім ВА үшін 6-8 кабинеттен тұратын типтік МБ құрылысын салу қажет.

Тіркелген тұрғындар саны 2000-4000 адам болатын кішігірім ВА үшін 12 кабинетен тұратын типтік ВА ғимаратының құрылысымен шектелу. Тек қана тіркелген тұрғындар саны 4000 адам болатын ірі ВА үшін 16 және одан да көп кабинеттен тұратын типтік ВА салу қажет

Облыста салынған, күрделі жөндеуден өткен медициналық объектілердің есебін ескере отырып, медициналық объектілердің құрылысына бірнеше медициналық объектілер мұқтаж. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, облыста 18 ВА құрылысқа мұқтаж (с.і. 5 ғимарат ВА, 4 ірі МБ ғимараты және 9 кішігірім МБ ғимараттары), 5 ФАП (с.і. 1 ірі МБ ғимараты және 4 кішігірім МБ ғимараты) және МБ үшін шамамен 50 кішігірім типтік ғимараттар.

Sanigest консалтингтік компаниясы Қазақстанда жүргізген зерттеулер бойынша Атөбе облысында 2018-2023 жылдары 4 аудан аралық емхананың құрылысын салу; әрбірі 200 кереуеттен Хромтау, Қандыағаш және Шұбарқұдық қалалары мен 300 кереует Ақтөбе қасындағы АМСК үшін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Облыстың еңбек нарығындағы жағдай, жалдамалы тұрғындардың жоғары үлесі оң тенденциясымен және орташа республикалық мәнінен төмен жұмыссыздық деңгейімен сипатталады.

2012-2014 жж экономикалық белсенділіктің деңгейі 1,3 пайыздық пунктіге төмендеп 2014ж 71,1% құрады (2012ж. – 72,4%, 2013ж. 72,2%, 2014 ж. – 71,1%) (республика 81,6%). Қаралып отырған кезеңде жұмыспен қамту деңгейі 2012ж 95%, 2014ж 95,1%.

Облыстағы өз бетінше қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 2014 жылы 21,4% құрады (республика бойынша орташа 30,3%). Облыстағы экономикалық белсенді емес деңгейі 2013 жылы 27,8% құрады (республика бойынша орташа 28,3%).

2012-20014 жж. кезеңде жұмыссыздық деңгейі Ақтөбе облысында 5,0%-дан (21,4 мың адам) 4,9%-ға дейін (20,9 мың адам) қысқарды.

Облыстың аудандары бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Ырғыз (5,3%), Ойыл (5,2%) және Байғанин (5,1%) аудандарында белгіленді.

Жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі Байғанин, Алға, Мұғалжар аудандарында және Ақтөбе қаласында байқалады.



Облыс бойынша тұрғындардың экономикалық белсенділігінің жоғары деңгейі Мұғалжар, Ырғыз, Байғанин және Хромтау аудандарында байқалады.

34 кесте – Ақтөбе облысының аудандары қимасында еңбек нарығының индикаторлары, 2014 ж.




Жұмыссыздық деңгейі, %

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жаста), %

Экономикалық белсенді халық деңгейі, %

Ақтөбе облысы

4,9

3,1

71,1

Ақтөбе қ.ә.

5,0

3,8

69,5

Алға

4,6

3,9

68,0

Әйтеке би

4,6

2,7

72,7

Байғанин

5,1

4,2

74,9

Қарғалы

4,5

2,7

71,3

Қобда

4,5

1,5

72,4

Мартөк

4,5

0,8

65,2

Мұғалжар

4,6

3,9

79,8

Ойыл

5,2

1,9

73,3

Темір

5,0

1,2

74,2

Хромтау

4,2

1,8

74,8

Шалқар

5,0

1,1

70,3

Ырғыз

5,3

1,6

75,6

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Облыста 2012-2014 жж. кезеңде табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аз халық үлесі (2,4%-дан 1,8%-ға дейін), кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі (сәйкесінше 0,3 және 0,1) төмендеуде.

Халықтың жан басына шаққанда орташа таза ақшалай табысы 2012-2014 жж. сәйкесінше 52847 және 62108 теңгені құрады. халықтың орташа жан басына шаққандағы таза ақшалай табысының арақатынасы орташа республикалық деңгейден шамалы асып түседі.

Бір жұмысшының орташа айлық таза жалақысы 2014 ж. 105 670 теңгені құрады, бұл 2012 ж. орташа айлық таза жалақыдан 15429 теңге көп.

2014 ж. облыста 15725 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ұйымдарға жүгінген адамдар ішінде жұмысқа қабылданғандар үлесі 72,8% құрады.

Жыл сайын жұмысқа орналастырылған еңбекке қабілетті мүгедектер саны өсуде. 2012-2014 жж кезеңінде еңбекке қабілетті мүгедектер саны 5 есеге өсті.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша 2012-2014 жж аралығында тұрғын үй жәрдемін алушылар 498 жанұяға азайып 3637 жанұяны құрады. Арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған тұлғалар үлес салмағы төмендеп облыс бойынша 99,6%, МАӘК алушылар саны 322 адамды (2013ж 304 адам, 2012 ж 469 адам), құрады. Ай сайын мемлекеттік пособия алатын 18 жасқа дейінгі балалар саны 1,2 есеге азайды. Облыстың 3637 жанұяға тұрғын үй жәрдемі үшін 55,5 млн. теңге.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында 19 аз қамтылған отбасылар бір жолғы тұрғын үй жәрдемі алушылар болып табылады. Оларға 405,4 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемі тағайындалды.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша құрамы 148 адам 30 жанұя арыз беріп «оралман» статусын алған.

Облыс бойынша мүгедектер және жалғыз басты қарттармен жұмыс жүргізілуде.

Облыста 01.01.2015ж жағдайы бойынша арнайы мемлекеттік пособия алатын 19656 мүгедектер тіркеуде тұр оның ішінде жастайынан мүгедектер 16 жасқа дейінгілер 2315 балалар.

2015 жылдың 1 қаңтарына 6219 мүгедектер мүгедектерді оңтайландырудың жеке бағдарламаларымен сәйкес 261,4 млн. теңгеге техникалық және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді.

Облыстың әлеуметтік қорғау органдарымен ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша 2014 жылы облыс аумағында орналасқан компаниялардан 1890 шетел мамандарын тартуға өтініштер түсті, оның ішінде 1610 шетел маманына еңбек қызметіне рұқсат берілді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанында шетел қатысуымен 49 компаниямен 908 жұмыс орны құрылды. 114 қазақстандық мамандар (біліктілікті арттыру есебімен)оқытылды. шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар кәсіпорында қызмет ететін қазақстан тұрғындарының саны 20130 адамды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдармен жұмыспен қамтуда көмектесу белсенді шаралар қабылдау есебінен жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда көмектесу бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 ауқымында шаралар қабылдануда.

Облыста 2012 – 2014 жылдар аралығында Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 82 инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына 1157 адам жұмысқа орналасты, 3267,1 млн.теңге бөлінді, ол 2012 жылдың сомасынан 5,8 есе жоғары.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» 382 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 654,2 млн.теңгеге шағын несие берілді. Оның ішінен өз ісін ашу үшін – 180 адам, бизнестер нығайтуға – 202 адам. Қосымша ашылған жұмыс орындарына 466 адам жұмысқа орналасты.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша 2014 жылы оқытуға (қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату) 418 адам бағытталды, ол 2012 жылға қарағанда 264 адамға төмен. Жастар жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында 1165 адам Жастар тәжірибесіне бағытталды, тәжірибе біткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына 1003 адам жұмысқа орналасты, ол 2012 жылға қарағанда 3,5 есе артық. Осы бағыт бойынша қаржыландыру 734,4 млн.теңге құрды.

Мәдениет

Ақтөбе облысы аумағында 486 мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелері жұмыс істейді. Мемлекетік меншіктегі мәдениет саласы ұйымдары – 474. Олардың 239-ы кітапхана, 203-і Мәдениет үйлері мен клубтық мекемелер, 19 мұражай (оның 3-і филиал), 2 мемориалды кешен, 1 аудандық, 1 облыстық Достық үйі, облыстық филармония, облыстық Планетарий, облыстық Халық шығармашылығы үйі, 2 кәсіби театр және т.б. Мәдениет пен өнер саласында қазіргі таңда 2880 штаттық бірлік бар. Соңғы үш жылда облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шаралардың көлемі 200 бірлікке ұлғайтылып, 2014 жылы 5200 бірлікті құрады. Келушілердің ең үлкен үлесі - мұражайларда, мұражайға келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа саны 2014 жылы 344,1 адамды құрады. (39-кесте).



39-кесте – Ақтөбе облысы бойынша мәдениет саласының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны

бірл.

5000

5100

5200

Мәдениет мекемелерінің желісі, барлығы

бірл.

482

484

486

соның ішінде мемлекеттік

бірл.

470

472

474

1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны

адам










кітапханалардың келушілері




289,7

286,4

284,6

театрлардың келушілері




176

170,7

146,1

концерттік ұйымдардың келушілері




222,2

247,3

243,1

мұражайлардың келушілері




339

340,7

344,1

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы
Облыс аумағында 13 мемлекеттік мұрағат (облыстық мұрағат, оның екі филиалы және 10 аудандық мұрағат) жұмыс істейді . Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының толықтырылуына, олардың сақталуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға басты назар аударылуда. 2015 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік сақтауда 983,1 мың сақтау бірлігі (с.б.) есепте тұр.

Облыста «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша тарихи-мәдени зерттеулер жүргізілді. Зерттеу және практикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Табиғат ескерткіштерінің және тарихи-мәдени мұрасының жинағы басылды, монографиялар, ғылыми мақалалар шығарылды.



Бүгінгі таңда облыс бойынша мәдениет үйлері/клуб түріндегі мекемелер арасында күрделі инвестицияларда қажеттілікті 40-кестеден қараңыз. 

40-кесте – Ақтөбе облысының мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелерінің күрделі инвестицияларға қажеттілігі




Мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің жалпы саны, бірл.

Олардың ішінде жеке ғимараттары барлары

Жөндеуді қажетсінетін мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің саны, бірл.

Апаттық күйдегі мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің саны, бірл.

Ақтөбе облысы

203

161

49

4

соның ішінде:













Ақтөбе қ.

6

3

2




Алға

12

9

3




Әйтеке би

17

12

-




Байғанин

16

14

5




Ырғыз

14

13

5

2

Қарғалы

10

8

3




Қобда

26

17

2




Мартөк

22

17

8




Мұғалжар

20

18

7




Ойыл

18

17

6

1

Темір

14

12

1




Хромтау

16

11

2

1

Шалқар

12

10

5




Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы
Дене шынықтыру және спорт

Бүгінгі күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқарманың құзіретіне 17 мемлекеттік мекеме-ұйым қатысты, атап айтқанда: 9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиядалық резервтің 4 мамандардырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спорт шеберлігінің жоғарғы мектебі, олимпиядалық резервті даярлау орталығы, спорттық ойын түрлері бойынша «Намыс» спорт клубы және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы.



Дене шынықтыру ұжымдарының саны және дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны Ақтөбе облысында жыл санап өсіп келеді (41-кесте).

41-кесте – Дене шынықтырудың және спорттың даму көрсеткіштері




2012ж.

2013ж.

2014ж.

Дене шынықтыру ұжымдарының саны, бірл.

1781

1781

1837

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны, адам

185460

199513

212700

оның ішінде ауылда

49098

72309

58736

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
2012 ж. бастап 2014 ж. дейінгі кезеңде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықты қамту өсу үрдісіне ие (42-кесте).

42-кесте – Ақтөбе облысының аудандары қимасында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықты қамту, 2012-2014 жж.

Аудандар

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Алға

24,8

25,0

22,41

Әйтеке би

18,08

19,5

19,54

Байғанин

15,8

15,8

16,98

Ырғыз

16,5

17,7

19,9

Қарғалы

21,7

22,0

21,72

Қобда

22,1

22,6

22,06

Мартөк

20,3

22,1

20,07

Мұғалжар

18,8

18,8

18,58

Темір

22,0

22,0

24,03

Ойыл

19,8

19,9

20,12

Хромтау

23,5

23,6

25,13

Шалқар

24,0

24,3

25,7

Ақтөбе

26,9

27,9

28,01

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі ұлғаюда. Соңғы екі жылда спорттың су түрлері бойынша көп бейінді облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, сондай-ақ спорт шеберлігінің жоғарғы мектебі ашылды (43-кесте)

43-кесте – Облыстың спорт объектілері




2012г

2013г

2014г

Спорттық құрылыстар саны, бірл.

1520

1567

1591

олардың ішінен ауылда, бірл.

873

878

885

Спорт объектілері жөнделді, бірл.

4

2

3

Спорт объектілері енгізілді, бірл.

27

1

24

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қазіргі уақытта облыста 62 спорт түрі дамыған олардың 42 ОБЖСМ. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыста 2014 ж. 2014 жылы 2153 спорттық-жаппай іс-шара (ауылда 1118) өткізілді, оған 400 мың адамнан астам қатысты (олардың 171 мыңы ауылда).

Жабық спорттық құрылыстарды тексеру талдауы көрсеткендей, бүгінгі күні спорт залдарына мұқтаждық Ырғыз, Мұғалжар аудандарында байқалып отыр. Қазіргі уақытта облыстың 9 ауданында (Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мартөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл) жүзе бассейндері бар типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жоқ, бұл дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушыларды қамтуға ықпал етеді.

Облыста мүгедектер спортына ерекше назар аударылады. Мүгедек спортшылар ерекше назарда, спорт мектептерінде спортшыларға дене шынықтыру үшін, спортпен шұғылдану үшін спорт жарақтары ұсынылған және жаттығулар мен жарыстар өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

Облыстың спорт мектептерінде 16126 бала мен жасөспірім айналысады, олардың ішінен ауылда - 35,7 % немесе 5765 адам (44-кесте).



44-кесте – Балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спорт саласының даму көрсеткіштері




2012ж.

2013ж.

2014ж.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны, адам

15748

16112

16126

олардың ішінен ауылда, %

37,3

36,9

35,7

Жаттықтырушы-оқытушылар саны, адам

620

632

522

олардың ішінен:

арнайы білімі бар, %



48

54

72

жоғары физикалық білім беру, %

211

366

341

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту ерекше назарды талап етеді. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің желісі облыстың мектеп жасындағы 14 % балаларының спортпен шұғылдану мүмкіндігін ұсынады.

2014 ж. облыстың спорт ұйымдары 35 спорт шеберін және халықаралық сыныпты 9 спорт шеберін дайындады. ҚР ұлттық құрама командаларының құрамында әр түрлі спорт түрлері бойынша Ақтөбе облысының 16 спортшысы кірді, республикалық және халықаралық жарыстарда (ҚР/Азия/әлем) жеңіп алынған медальдар саны 126 медальды құрайды (45-кесте).

2014 ж. 2194 спортшы мен жаттықтырушы 207 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.

Ауылдық жерде ұлттық, көпшілік спорт түрлерін насихаттау мақсатында Хромтау ауданында облыстық ауылдық жасөспірімдер ойындары, Темір ауданында V Халық ойындары өткізілді, 12 спорт түрі бойынша 1200 мыңнан астам адам қатысты.



45-кестеДене шынықтыру және спорт саласының қызмет нәтижелері




2012ж.

2013ж.

2014ж.

Спорт мектептерінің саны, бірл.

27

27

27

Насихатталатын спорт түрлерінің саны (олимпиядалық/ олимпиядалық емес), бірл.

21/19

22/19

22/20

Дайындалды (СШК/СШ/ХССШ), адам

111-СШК,36- СШ, 2- ХССШ

5 ХССШ, 42 – СШ, 100- СШК

9 ХССШ, 35 СШ,122 чел СШК

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Туризм

Өңірдегі орналастыру жерлері арқылы келушілерге қызмет көрсетілген орындардың саны үшінші жыл қатарынан ұлғаюда. 2013-2015 жылдардағы даму динамикасында орналастыру орындарының саны 47 бірліктен 70 бірлікке дейін артты, қызмет көрсетілген келушілер саны 84,3 мың адамнан 83,6 мың адамға дейін азайды.



2015 жылы Ақтөбе облысы ҚР өңірлері арасында орналастыру орны бойынша (70 бірлік) 12-орында және орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны бойынша (74,2 мың адам) 14-орында тұр.



23-сурет – ҚР өңірлері қимасындағы орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны, мың адам


24-сурет – ҚР өңірлерінде орналастыру орындарының саны, бірлік

Мәлімет көзі: ҰЭМ статистика жөніндегі комитеті




25-сурет – ҚР өңірлері қимасындағы орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі, млн. теңге

Мәлімет көзі: ҰЭМ статистика жөніндегі комитеті


46-кесте – 2015 жылы Ақтөбе облысы қимасындағы туризімді дамытудың негізгі көрсеткіштері




Орналастыру орындарының саны, бірлік

Қызмет көрсетілген келушілер, адам.

Көрсетілген қызмет көлемі, мың теңге

резиденты

нерезиденты

Облыс

70

74178

9411

1445833,9

Ақтөбе қаласы

37

59883

8071

1293508,8

Алға ауданы

1

26

1

320,0

Мартөк ауданы

2

272

-

457,5

Әйтеке би ауданы

2

1957

268

6941,0

Байғанин ауданы

2

766

-

1589,0

Қарғалы ауданы

1

54

-

776,0

Қобды ауданы

2

662

-

1133,0

Мұғалжар ауданы

4

3980

-

12295,0

Ойыл ауданы

1

10

-

253,0

Темір ауданы

1

296

-

3402,0

Хромтау ауданы

7

2965

1071

78631,7

Шалқар ауданы

8

3144

-

46224,4

Ырғыз ауданы

2

73

-

302,5

Мәлімет көзі: ҰЭМ статистика жөніндегі комитеті
Ақтөбе облысында туристер үшін қызығушылық танытатын қызықты көрнекі орындар, тарихи, табиғи және сәулеттік теңдесі жоқ ескерткіштер, діни объектілер бар. Мысалы, Батырлар отаны – Абат-Байтақ қорымы Алтын Орда кезеңінің ескерткіші, Қобды ауданындағы Қобыланды батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы XIII ғасырдағы қолбасшы, билеуші және саясаткер ұлы Әбілхайыр ханның Хан моласы, Мұғалжар – көне жанартаулар өлкесі, Мұғалжар ауданындағы ақық және яшма алаптары, Айдарлыаша халықаралық қимасы – Хромтау ауданындағы карбон және пермь эталоны.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, кіші қорықтар, табиғи музейлер жұмыс істейді: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қоры – 2007 жылы құрылған, табиғи-ғылыми және технико-экономикалық негіздемесін құру экологиялық жолдарды, туристік бағыттарды және қонақ үйлерді, табиғи музейлерді ұйымдастыруды қарастырады; Торғай мемлекеттік табиғи қоры (зоологиялық) - Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорына берілген және Торғай қорының инфрақұрылымын құру мәселелері қор кешенінде шешілу қажет. Қорда бердвочинг – күлгін қоқиқазды және құстардың басқа түрлерін бақылау, жабайы жануарларды бақылау дамыған.

Ұлы Жібек Жолы ежелгі өркениеттердің мәдени мұрасы және ғажайып жетістіктерінің бірі болып табылады.

Бұл Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекаралық аймақтарында туризмді дамыту үшін тамаша алаң болып табылады. Өзара тиімді ынтымақтастық жасау үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер бар. Бұл мектеп және студенттік топтармен алмасу, демалыс күндер турлары, қажылық турлар мен Күш орындарына турлар, ЕҚТА-мен, геологиялық және археологиялық ескерткіштерімен танысу, әр түрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу. Ынтымақтастық мүмкін, өйткені біз жақын көршілерміз, бізді біріктіретін және біздің қарым-қатынастарымызбен шексіз туризмді дамытуға жаңа серпін беретін Ұлы Жібек жолы бар.

Ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасынын сайтында «Туризм» бөлімі жұмыс жасайды және жаңартылып тұрады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің жұмыс жасап тұрғаны, соның ішінде жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының даму арқылы ішкі туризмді дамуына құатты жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында туризмді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп бекітілді, оның ішінде туризм дамуына келесідей негізгі іс-шаралар аңықталған:

- туризм нысандарына қолжетімділікті арттыру және туризм инфрақұрылымын дамыту (жолдарды қайта құру, туристік нысандарға коммуникацияларды өткізу және т.б.);

- туристік нысандарының құрылысы мен қайта құруы (қайта құру, абаттандыру, этно-ауылдар мен мейман үйлерді құру және т.б.);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру;

- оқиғалық туризмді дамыту (ҚР бойынша мәдени, спорт, ойын-сауық және басқа да іс-шаралардың онлайн-күнтізбесі аясында жыл сайынғы іс-шаралар өткізу);

- кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру жүйесі (оқыту, қонақ үй, мейрамхана және экскурсиялық қызметтерді көрсету саладағы қызметкерлерді қайта даярлау);

- туристік саланың ақпараттық қамтамасыз етілуі (ақпараттық туристік орталығын құру, туристік брендпен ұранды, ғаламтор-порталды, мобильді қосымшаны, туристік картаны, бейнероликтерді, промо-роликтерді, жол сілтегішін, кәдесыйларды әзірлеу);

- туристік брендті ішкі және сыртқы нарықта ілгерілету (халықаралық телеарналар эфиріне Ақтөбе облысының имидждік бейнеролигін, әуе компанияларының борттық журналдарына шығару).

Бағадарламаны іске асыру аясында 2020 жылға дейін арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Үш тілді дамыту

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бағыттары бойынша жүйелік шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Облыс Әкімінің 03.03.2014 ж. № 59 қаулысымен Ақтөбе облысында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2014-2016 жж. арналған іс-шаралар жоспары бекітілді және 2014 жылға бөлінген 77 млн. 302 мың теңге мөлшерінде ақша қаражаттары толық игерілді.

Облыста Ұлттық тестілеу орталығымен бірге (2013-2014 жж.) мемлекеттік көрсетілетін қызметкерлер және халыққа қызмет көрсету аясында қызмет ететін жеке тұлғалар үшін Қазтест жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді игеру деңгейін бағалау тестілері ұйымдастырылды. В2, С1 мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері бойынша 2014 жыл көрсеткіштері (27,53%) 2013 жылмен салыстырғанда (15,86%) 11,67%-ға өсті.

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы «Ақтөбе облысындағы тілдік жағдай: облыста тұратындардың тілдерді меңгеру деңгей» тақырыбында әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жүргізу бастамасы көтерілді. Зерттеу нәтижелері бойынша оң үрдіс байқалуда:

- мемлекеттік тілді меңгерген ересек халық үлесінің ұлғаюы;

- үш тілді меңгерген халық үлесінің ұлғаюы (47 кесте).


жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау