2. АҒымдағы жағдайды талдау



жүктеу 4,2 Mb.
бет13/18
Дата11.01.2020
өлшемі4,2 Mb.
#26349
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

24сурет 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі, 2014 ж.

Мәлімет көзі: ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша


50-кесте. 2012-2014 жж. аудандар қимасындағы Ақтөбе облысындағы қылмыс деңгейі

Аудандар

Тіркелген қылмыстар саны

Олардың ішінде ауырлық санаттары бойынша

Ауыр

Аса ауыр

Шағын ауырлықтағы орташа бөлікті




2013

2014

2013

2014

2013

2014

2013

2014

Ақтөбе облысы

20 651

17697

1667

1182

79

54

18905

16461

Ақтөбе қ.

16305

13950

1239

975

53

29

15013

12946

Әйтекеби

227

206

16

12

-

1

211

193

Алға

301

299

19

19

1

4

281

276

Байганин

216

165

10

6

2

-

204

159

Ырғыз

107

130

3

2

-

-

104

128

Қарғалы

335

299

8

13

-

3

327

283

Қобда

166

213

12

7

2

-

152

206

Мартөк

357

283

21

13

2

2

334

268

Мұғалжар

611

590

59

54

3

3

549

533

Темір

275

327

12

7

-

1

263

319

Ойыл

90

81

5

4

-

-

84

77

Хромтау

595

725

55

44

5

5

535

676

Шалқар

505

429

37

26

5

6

463

397

Мәлімет көзі: Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша
2014 жылдың қорытындысы бойынша облыста 17 697 қылмыс тіркелген (2013ж. - 20 651), оның ішінде ауыр қылмыс түрі 1182 (2013ж.- 1667), аса ауыр 54 (2013ж.-79), ауырлығы орташа қылмыстар 16461 (2013ж. - 18905). Тіркелген қылмыстардың көп үлесі Ақтөбе қаласында (78,8%), Хромтау (4,1%), Мұғалжар (3,3%) аудандарында.

Жалпы 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы Ақтөбе облысында тіркелген қылмыстар саны 14,4%, оның ішінде Байғаныда на 23,6%, Қарқаралыда 10,8%, Әйтеке биде 9,3% азайды. Аталған көрсеткіш бойынша жағымсыз жағдай Қобды (128%), Темір (118,9%), Хромтау (121,8%) аудандарында орын алады.

Барлық қылмыс түрлері азайған жағдайда, қылмыстың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда тек қана 3% ұлғайды.

Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының (ЖКО) деңгейі. Егер 2012ж. ЖКО деңгейі 100 мың адамға шаққанда 75,8 бірлікті құрады, 2014 ж.-90 бірлік. Аталған көрсеткіш бойынша облыс ӨР блыстары арасында 11 орында тұр.





28 сурет 100 мың адамға шаққандағы жол-көлік оқиғасы, бірлік, 2014 ж.

Мәлімет көзі: ҚРБас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша


Жол-көлік оқиғасының негізгі түрлері: - жаяу жүргіншілерді басып кету; - көлік құралдардың соқтығысуы; - көлік құралдардың аударылуы және т.б.

Облыста жол қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету деңгейін жоғарлатуға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Мүдделік танытқан мемлекеттік органдармен және бұқаралық ақпарат құралдырының, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен тұрақты түрде кең ауқымда «Қауіпсіз жол!», «Автобус», «Абайлаңыз балалар!», «Жаяу жүргінші», «Мас жүргізуші» және т.б. алдын алу әс-шаралары өткізіледі.

Жол қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дер кезінде пайдалануға енгізу мақсатында Ақтөбе қаласындағы БДПП ІІБ ғимаратында жерге тұйықталуы бар Процессигтік орталықтың серверлік үй-жайы пайдалануға берілді.

Облыс бойынша қылмыстық жағдайдың өсуіне қарамастан жағдай тұрақты болып, криминалдық жағдайлардың күрделенуіне жол берілмеді.

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге бағытталған біріңғай мемлекетік саясатты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар реті қарастырылған: мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесін енгізу, электронды үкімет, мемлекеттік көрсетілетін қызметке конкурстық іріктеу, көптеген мемлекеттік органдардың жұмысы «бір терезе» принципі бойынша ұйымдастырылған.

Сыбайас жемқорлықпен күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында облыста сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша Аймақтық комиссия қызмет атқарады. Тоқсан сайын комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы бойынша проблемалық сұрақтар талқыланып, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің, облыстық атқарушы орган басшыларының есебі тыңдалады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бағытталған материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады.



Табиғи және техногенді тәуекелдерді талдау

Көпжылдық бақылау бойынша Ақтөбе облысы тайғанақ, боран, қыс уақытындағы автомобиль және темір жолдарындағы қар басып қалу көктем кезеңіндегі көп сулы жылдары қатты су тасқындарының өтуі, дала өрттері, жаз кезеңіндегі қуалама желдер, эпидемия және эпизоотия сияқты табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен расталады. Вегатативті кезеңде ауыл шаруашылық өсімдіктері аурулармен және зиянкестерден зақымданады.

Сонымен қатар адамдардың қайтыс болуына, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне елеулі зиян тигізуі мүмкін, материалдық шығындар мен тұрғындардың өмір сүру жағдайының бұзылуына алып келетін, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда орын алуы мүмкін. Осындай қауіп көздерінің бірі Қарғалы, Ақтөбе, Саздын сияқты ірі су қоймалары, күшті әсер ететін және уытты заттарды (КӘЕУЗ) пайдаланатын мұнай кен орындары мен мұнай, газ құбырларындағы апаттар, тау-кен металлургиялық кешендеріндегі, газ шаруашылықтарындағы, жылу кәсіпорындарындағы электр энергиясын өндіретін кәсіпорындары объектілеріндегі апаттар және т.б. болып табылады

Табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардың алдын алу

Өткен жылдардың зерттеулері мен талдауларының қорытынды нәтижесі бойынша Ақтөбе облысының аумағында 46 учаске анықталған. Ақтөбе аумағындағы қауіпті су тасқыны учаскелерінің төлқұжаты жинақталды және бекітілді. Су тасқыны болуы мүмкін аймақтарға 106 әлеуметтік объектілер, 140 бау-бақша ұжымдары, 17 мың адамнан көп тұрғындары бар 2 879 тұрғын үйлер кіреді.

Облыс аумағындағы қолда бар 2276 өрт гидранттарының 325 бұзылған, олардың: 532 облыс орталығының көшесінде, 211 облыстың қалаларында, 849 елді мекендерде, 474 облыстың шаруашылық объектілерінде.

Облыс орталығының шет аймақтарында: Кирпичный, Заречный-1, Заречный-2, Россовхоз кенттерінде, Жанңа-қоныс ауылында және Промзона ауданында толығымен өрт қауіпсіздігінің сумен қамту жүйесі жоқ.

Қазіргі уақытта облыс орталығының негізгі және жақын маңдағы аумақтарында өрт қауіпсіздік күзетін төрт өрт бөліктері жүзеге асырады, әрбір қызмет көрсетуші бөлімшенің радиусы нормативтік талаптарды бірнеше есе басып озады.

Ақтөбе облысының аумағын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының гарнизонында қрт деполарының құрылысын салу үшін жер учаскелерінің қосымша бөліктерін дайындау үшін жұмыстар жүргізілуде.

Көктем кезіндегі өзеңдердің арнауынан шығуынан, дамбылардың, тоғандардың бұзылуынан немесе ұзақ жауын-шашынның салдарынын болуы мүмкін шыққан су тасқындарынан тұрғындардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады:

Кенеттен қардың еруі мен көктемгі қатты жаңбыр салдарынан Елек өзені арнасынан шығып, бірнеше елді мекендерді су басуы мүмкін. Сондықтан да Песчанка, Жіңішке, Қос-етек, Қобда, Шіле, Ойсылқара, Ор, Уыл, Нұра және т.б. өзендерге су тасқындарына қарсы бөгеттер қойып, өзең жағаларын нығайту, тазалау, тереңдету жұмыстарын жүргізіп, өзен арналарын нығайту керек.

2. Кенеттен қардың еруі мен көктемді қатты жаңбыр салдарынан Ырғыз өзеңі өз арнасынан шығып, 20 елді мекенді су басуы мүмкін. Сондықтан да су тасқындарына қарсы дамбыларды көтеріп, 9 су тасқындарынан қорғайтын дамбыларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (Ырғыз, Әйтеке би, Қарқаралы аудандырындағы елді мекендер), сондай-ақ су қоймасымен байланысқан желілі хабарландыру жүйесін орналастыру қажет.

Су қоймалары (Ақтөбе, Қарқаралы және Саздын) бұзылған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз аймақа көшіру бойынша дер кезінде іс-шараларды қабылдап, хабарландыру мақсатында, сонымен қатар аталған су қоймаларындағы суды апаттық лақтыру жағдайында әрбір су қоймасы үшін жекелеме түрде суды апаттық лақтырумен, мүмкін болатын жарылулармен байланысты жағдайларды үлгілеуді жүргізу қажет. Үлгілеу нәтижесінде су тасқынының көлеміне байланысты су басатын аймақтар картографиялануы қажет.

Осыған ұқсас жұмыстарды облыстың Ілек, Қарғалы, Ор, Ырғыз, Көлденең темір, Ресчанка, Жеңішке, Үлкен Қобда, Темір, Уыл, Қиыл, Қайынды, Ойсылқара сияқты өзеңдерде де жүргізу қажет.

Сонымен қатар, ағыс бойы төмен орналасқан Ақтөбе, Қарқаралы және Сазды су қоймалары бұзылған жағдайда су тасқыны аймақтарына түсетін елді мекендерді хабарландырудың желілік жүйесін орнату қажет.

3. Ақтөбе облысында төтенше жағдайлардың алдын алу инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді одан әрі дамытуды қажет етеді.

Облыс аумағында «Табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу» ММ деректері бойынша барлығы, 146 су шаруашылық объектілері бар, олардың 8 республикалық, 119 коммунальдық және 19 жеке меншікте.

Дегенмен, органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін құру қажет. Сондықтан, 7 өрт өауіпсіздік бекеттерін құру қажет (Мұғалжар, Хромтау, Әйтеке би, Мартөк, Қарғалы, Темір аудандары).

ҚР ҚН 2.02-30-2005 «Өртке қарсы қызмет органдары объектілерін жобалау нормалары» құрылыс нормаларына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында өрт қауіпсіздік қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе, Хромтау, Қандыағаш, Алға қалаларында және Шұбаршы ауылында 19 өрт депосының құрылысын салу қажет.

Осылайша, Мұғалжар ауданындағы ӨБ-12, Қобды ауданындағы ӨБ-15 жеке постындағы қолданыстағы өрт депосының ғимаратының апаттық деңгейін анықтау бойынша ғимаратты техникалық зерттеу нәтижесі бойынша апатты болып табылып, фундаменті, қабырғасы және төбе жабындысы апаттық жағдайда және ҚНжЕ 2.01.07-85 «Жүктеме және әсер»; ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005 «Бетонды және темір бетонды конструкциялар»; ҚР ҚН 1.04-26-2004 «Коммуналдық және әлеуметтік-мәдени мағынасы бар тұрғын үй ғимараттары мен объектілері қайта, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу» нормалары мен талаптарына сәйкес келмейді.

Ауданның өрт бөлігі өртті сөндіруге арналған өрт техникасының барлық жасанды және табиғи су көздері суды жинауға арналған пирсалармен жабдықталмау мәселесіне кез болады.

Аталған жағдай қойылған міндетті өртке қарсы құрылымның жеке құрамының орынауына жағымсыз әсер етеді. осыған байланысты 30 өрт пирстерін орналастыру қажет (Ақтөбе қаласында-14, Әйтеке би, Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандарында бір-бірден, Алғы, Қарғалы және Мартөк аудандарында екі-екіден, Қобды ауданында -5).

4.Ақтөбе облысының аумағында 242 Ерікті өртке қарсы құрылымдар бар, оларда 6 өрт машиналары, 345 сүйретпесінде инвентары бар тракторлармен, 115 су таситын машиналармен, 296 жабдықталған техникалардың бірлігімен, 214 өрт мотопомпа орталығымен, 1430 аспалы өрт сөндіргіштер (бүркпелермен) жабдықталған.

5.Үлкен қалалардағы апаттарға, зілзалалдарға және табиғи апаттарға қарсы түру бойынша инфрақұрылымды дамыту үшін 2012-2020 жылдарға арналған үлкен қалаларды дамытудың іс-шаралар жоспарының 34-тармағына сәйкес, Хромтау қаласындағы су-өқтқарушы станциясының құрылыс жобасын жүзеге асыру үшін «Үлкен қалалардағы апаттарға, зілзалаларға және табиғи апаттарға қарсы тұратын инфрақұрылымды дамытуды» жүзеге асыру қарастырылған.

Хромтау қаласындағы 3 разрядтағы су-құтқарушы станциясының құрылысы Хромтау қаласының маңында орналасқан Ор, Абай су қоймаларындағы және терең сулы шахталардағы көптеген адамдарды тиімді және қазіргі заманғы қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері мен сұрақтарының шешімі болып табылады.

Хромтау қаласында құтқарушы станциясы болған жағдайда Әйтеке би, Мұғалжар, Қарғалы және Ырғыз аудандарындағы төтенше жағдайларға шұғыл түрде әсер ету мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар тозығы жеткен вагонда орналасып, 25 жыл бойы суға сүңгушілердің жабдықтары мен құралдарын сақтауға арналған кезекші бөлме қызметін атқарып келе жатқан 1№ құтқарушы станция базасында Ақтөбе қаласының Тұрғын үй қалас жағажайындаға Ілек өзеңінің 2 разрядындағы суқұтқарушы құрылысы туралы мәселе туындауда.

Шалқар ауданындағы, Шалқар қаласындағы «ОСО» ММ құтқарушы постында, Шалқар өзеңінде 4 разрядты құтқарушы станциясының құрылысын көтеру қажет, онда үш құтқарушы жыл бойы УАЗ маркалы автокөлігімен Шалқар өзеңінде кезекшілік атқарады, себебі құтқару постысы жоқ. Әкімдік арқылы алаңы 1 га болатын жер учаскесі бөлінді.

Алғы ауданындаы Бестамак бекетіндегі, Ілек өзеңінде 4 разярдты құтқару станциясының құрылысы жүргізілуде, өзең Бестамак кенті арқылы өтіп, Ақтөбе су қоймасының құйылады. Барлық арақашықтық бойы кәсіптік балық шаруашылығының бригадалары құрылған. Аталған орын балық аулау тек қана балық аулаушы бригадалар ғана қолданып қоймай, сонымен қатар Ақтөбе, Алға, Мұғалжар аудандарының және Ресей Федерациясының балықшылары арқылы да қолданылады.

Ақмола облысының аумағында мыналар бар:

411 халық пунктілері, оның ішінде облыстық ішілік хабарландыру жүйесі бар, оны жаңашалау республикалық деңгейде жүргізілетін Ақтөбе қаласындағы және 12 облыстың аудан орталықтары;

Ақтөбе облысындағы 398 елді мекенде хабарландыру жүйесі жоқ.

29.05.2014 ж. ӨР ТЖМ «Азаматтық қорғаныс құралдарына деген қажеттілікті анықтау бойынша нұсқаулық» № 260 бұйрығының 3 және 4 тармақтарына сәйкес жеке қорғаныс құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ) мұмкін болатын химиялық ластану аймағында тұратын және өмір сүретін тұрғындарды 100% қамтамасыз ету үшін, оның ішінде атаған жинақтардың 35% балаларға арналған ЖҚҚ - балаларға арналған қорғаныс немесе газға қарсы камералардан тұрады.

Қазіргі күні ЖҚҚ қамтамасыз ету мақсатында 6500 бірлік мөлшеріндегі ЖҚҚ сатып алу қажет. Қазіргі уақытты 1 газға қарсы қорғаныс құралының (УЗС-ВК) құны 30 000 теңгені құраса, онда сатып алудың жалпы сомасы 195 млн теңгені құрайды.

«Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес азаматтық қорғаныс (бұдан әрі - АҚ) жөніндегі санаттарға кіретін жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар арқылы алдын ала АҚ үй-жайларын қорғау құрылысы мен қорын жинақтау жүзеге асырылып, оларды дайындық деңгейінде ұстау қажет. Осыған байланысты Ақтөбе қаласында 200 адам сиятын азаматтық қорғаныс үй-жайларының құрылысын қамтамасыз ету қажет.

Ақтөбе облысының 18.02.2015 жылғы АТК отырысының №1 хаттамасына сәйкес терроризім актілерінің салдарын азайтуға және жобаға бағытталған аудандық жедел топтарын материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

«Кәсіби апаттық-құтқаруды қалыптастыру және кинологиялық қызметті қамтамасыз етудің нормаларын бекіту туралы» ҚР үкіметінің 02.10.2007 жылғы №872 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың және жол-көлік оқиғаларының кезіндегі салдарларды жою (қүрылыс конструкцияларының, металл конструкцияларының бөліктерінің және т.б. астында қалып қалған адамдарды құтқару мақсатында) үшін аудандық өрт бөлімдері апаттық-құтқарудың гидравликалық жабдықтарымен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты аудандық өрт бөлімдері үшін апаттық-құтқару құралдарының жиынтықтарын сатып алу қажет, атап айтқанда Holmatro апаттық-құтқару жабдықтарының жиынтықтары (SP-4040 C жақтық кеңейткіш (қысқыш), CU-4220 C GP жақтық кескіш, HTW-1800C қолмен жұмыс атқаратын гидравликалық сорғы, В5 SOU-5 гидравликалық шлангісі).

Жыл сайын қыс айында қарлы борандар әсерінен республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында қарлы боран астында көмек қажет болатын адамдар қалып қоюда. Аудандағы жергілікті атқарушы органдарда өткізгіштігі жоғары техниканың болмауы салдарынан жағдайы ауыр сырқаттарға дер кезінде медициналық көмек көрсету, автомобиль жолдарындағы адамдарды құтқару, азық-түлік тағамдарын жеткізу мен жолда қалған ауыр жүк машиналыранын жүргізушілеріне көмек көрсету бойынша мәселелер туындауда.

Жоғарыда жазылғандар негізінде барлық аудандық әкімдіктерді өткізгіштігі жоғары техникалармен қамтамасыз ету керек (вездеход-болотоход «Трэкол» сазды және қарлы жерде жүретін жүретін машиналар). Сонымен қатар аталған техникаға деген қажеттілік жолсыз жерлердегі алыс елді мекендердегі ауыр қалдегі науқастарды тасымалдау, тұрғындарды эвакуациялау, үй-жайларға гидравликалық тексеру жүргізу кезіндегі су тасқыны кезінде туындайды.

Ақтөбе облысның автомобиль жолдарында 76 қармен басып қалатын учаскелер бар (49 – республикалық және 27 облыстық жолдар бойында), ұзақтығы 709,1 км, қар басып қалған жерлерден оларды қорғау қар ұстап қалушы қалқандармен және орман жолдарын отырғызумен қамтамасыз етілуі керек.

Соңғы он жылда ағаш отырғызу жүргізілмегендігін ескере отырып, 1970 жылдан бастып 1975 жылға дейінгі орман жолдарынығ қурап, өртенуі салдары нәтижесінде орман жолдары арқылы қарды ұстап қалатын орман жолдар «нөлге» жеткізілген.

Осыған байланысты қармен басып қалатын автомобиль жолдарын қармен басып қалудан қорғау мақсатында қар басып қалатын автомобиль жолдарының учаскелеріндегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда орман ағаштарын отырғызу және 423,2 км жолдарда қалқандарды орнату қажет.

«Саламатты қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ЖКО қайтыс болғандардың саныны азайту мақсатында жол пунктеріндегі жауапты аймақтарда, сондай-ақ жедел көмекті көрсетудің уақытын қысқарту бойынша мәндеттер анықталған. Алайда, ЖБДҚП орналасқан жерлерін ескере отырып, қыс уақытында қар басып қалу салдарынан жедел әрекет ететін құтқарушы жабдықтары бар медициналық бригадалар жолға шыға алмайды. Бұл зардап шегушілерге көрсетілетін көмек уақытын уақытты жоғалтуға және «уақыт алтыннан да қымбат» қағиданы сақтамауға алып келеді.

Жоғарыда жазылғандар мақсатында, жол пунктеріндегі республикалық мағынасы бар автомобиль жолдарының бойындағы қарды тазалау үшін «Қазақавтожол» РМК АҚ үшін ақша қаражатын бюджтке салу керек.

Талдау нәтижесі бойынша облыс аумағындағы өртке қарсы сумен қамту үшін Ақтөбе облысының аумағында 3121 өрт гидранттары (бұдан әрі - ӨГ) бар, олардың 651 ӨГ облымтың орталық көшелерінде орналасқан, 2323 ӨГ облыс қалалары бойынша, 1614 ӨГ елді мекендерде, 659 ӨГ облыстың шаруашылық объектілерінде орналасқан.

Облыс аумағы бойынша орналасқан өрт гидранттарының 582 ӨГ күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді, оларды: 242 ӨГ облыс орталығында, 30 облыс қаласында, 189 елді мекендерде және 121 облыстың шаруашылық объектілерінде орналасқан.

Облыс орталығынығ алыс елді мекендерінде: Кирпичный, Заречный-1, Заречный-2 кенттерінде, Жаңа-Қоныс ауылында және Промзоны аумағында толығымен өртке қарсы сумен қамту жүйесі жоқ.

Әйтеке би, Шалқар және Байғана аудандарында жеткіліксіз ҚГ орналасқан, осыған байланысты сумен қамту жабдықтау суқысымы қоймалары арқылы, сондай-ақ табиғи су көздері арқылы жүргізіледі.

«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» бағыты бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Мүмкіндіктер

Қылмыс жасаған тұлғалар қатарында кәмелеттікке толмағандардың үлестік санын азайту.

Халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру.

Апаттылық көрсеткішінің төмендеуі.

Қаза болғандар мен жарақатталғандар санының азаюы.

Есірткіні пайдаланушылар санының азаюы


Азаматардың жалпы жиналу орындарында сырттай бақылау жүйелерін енгізу.

Аса қауіпті жолдар учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, оның ішінде, облыстың жолдар желісінде ЖКО шоғырлану ошақтарын жою.




Әлсіз жақтары

Қауіптер

Қылмыс деңгейін арттыру.

Автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін жол инфрақұрылымының дамымағандығы.



Қозғалыс белсенділігінің артуы.

Облыста тіркелген автокөліктер санының артуы.



«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» бағыты проблемалар:

Кенеттен қардың еруі мен көктемгі қатты жаңбыр салдарынан Елек өзені арнасынан шығып, бірнеше елді мекендерді су басуы мүмкін;

су тасқындарына қарсы дамбыларды көтеріп, 9 су тасқындарынан қорғайтын дамбыларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;

облыста мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелері жоқ;

өрт бөлігі өртті сөндіруге арналған өрт техникасының барлық жасанды және табиғи су көздері суды жинауға арналған пирсалармен жабдықталмау;

Аудандағы жергілікті атқарушы органдарда өткізгіштігі жоғары техниканың болмауы.
БАҒЫТ: Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникациялар

2014 жылы Ақтөбе облысында 806,1 млн. теңге сомасында пошталық және курьерлік қызмет көрсетілген, бұл 2013 жылға көлеммен салыстырғанда 6,7% (пошталық өзге де қызметер бойынша өсу – 54%, «Директ-мейл» пошталық қызметі бойынша – 47%) жоғары. 2013 жылы 688,3 млн. теңге сомасына почта және курьерлік қызметтер көрсетілген, ол салыстырмалы бағаларда 1,7%-ға жоғары, 2013 жылы почта және курьерлік қызметтердің өсу қарқыны 2012 жылмен салыстырғанда 14%-ды құрады.

Байланыс қызметтерінің көлемі 2012 жылғы 8 791 млн.теңгеден 2013 жылы 9 930,7 млн.теңгеге артты. Байланыс қызметтері көлемінің артуы Интернет желісі қызметтері көлемінің өсуімен байланысты (27,4%-ға). 2014 жылы байланыс қызметінің көлемі 10 672 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда Интернет желісі қызметінің (20%), өзге де телекоммуникациялық қызметінің (33,7%), ұялы байланыс қызметінің (21,5%), шоғырсым инфрақұрылымы бойынша бағдарламаларды тарату бойынша, сымсыз желі бойынша және спутник арқылы (21,4%) қызметінің көлемінің ұлғайю арқылы 11,5% жоғарлады.

Пошталық және курьерлік қызметтің жалпы көлемінен тұрғындарға 319,1 млн.теңгеге (барлық көлемнің 6%) қызмет көрсетілді, оның ішінде басым көлемді пошталық өзге қызметтер (39,2%) және жөнелтпелер мен бандеролдармен байланысты қызметтер (21%) алып жатыр. Почта және курьерлік қызметтердің жалпы көлемінде халыққа көрсетілетін почта және курьерлік қызмет үлесі 2013 жылмен (41,6%) және 2012 жылмен (42,3%) салыстырғанда төмендеп жатыр.

Халықтың байланыс қызметінің көлемі 6 167,6 млн. теңгені құрады (барлық байланыс қызметі көлемінің 57,8%-ы), оның ішінде басым көлемі жергілікті телефон байланысының (36,2%) және Интернет желісі қызметінде (37,1%, жылдық өсім 5,8 п.п.).

2013 жылы тіркелген Интернет абонеттерінің саны 69,2 мың бірлікті құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артты. 2014 жылғы тіркелген Интернет абоненттерінің саны 76,1 мың бірлікті құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 10%-ға ұлғайды.

2013 жылдың соңында облыста тіркелген телефон желілерінің саны 225,4 мың бірлікті құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық, оның ішінде, халықта 183,5 мың бірлік (0,4%-ға арту). Ауылдық жерлерде тіркелген телефон желілерінің саны 1,7%-ға артты.

Тіркелген телефон желілерінің саны 2014 жылы 225,2 мың бірлікті құрады (2013 жылмен салыстырғанда 0,1% аз, олардың ішінде халықта – 182,0 мың бірлік (жылдық төмендеу 0,8%). Ауылдық жердегі тіркелген телефон желілерінің саны - 58,8 мың бірлік (төмендеу 2,4%).

Байланыс пен коммуникация саласы бойынша негізгі көрсеткіштер 51 кестеде көрсетілген.



51-кесте – Байланыс пен коммуникация бойынша негізгі көрсеткіштер



Көрсеткіш атауы

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

1

Байланыс қызметінің нақты көлем индексі

%

106,2

108,7

110,8*

2

100 тұрғынға бекітілген телефон желілерінің тығыздығы

%

-

28,4

27,6

3

100 тұрғынға бекітілген кең жолақты интернет абоненттерінің тығыздығы

%

-

8,5

9,3

Мәлімет көзі: Статистикалық жинақ. Ақтөбе облысы.2014 жылға алдын ала деректер. Ақтөбе облысы Әкңмдігінің деректері
Сәулет және қала құрылысы

Облыстың елді мекендері жерінің дамуы мен оларға құрылыс салу бекітілген бас жоспар мен толықтай жоспарлау жобалары негізінде жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысы статистика департаменті мәліметтері бойынша облыста 380 елді мекен бар, оның ішінде 8 қала, 372 село, және ішіндегі 22 село Ақтөбе қаласы әкімшілігіне қатынасты. 341 ауылдық елді мекеннің тұрғындар саны 5 мың адамнан кем. Оның ішіндегі 33 ауылдық елді мекен бойынша 2014 жылы, ал 3 ауылдық елді мекен бойынша 2015 жылы бас жоспарларды дайындау басталған.

Жаңартылған бас жоспарлармен Ақтөбе облысының 8 қаласы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Ембі, Хромтау, Жем, Темір, Шалқар) қамтылған. 9 АЕМ жаңартылған бас жоспарлармен қамтылған, оның ішіндегі 5 ауылдық елді мекен бойынша бас жоспарлар 2015 жылы бекітілген. Жаңартылған бас жоспарлармен Алға ауданының 3 АЕМ-і, Байғанин ауданының 2 АЕМ-і, Қобды ауданының 1 АЕМ-і, Мұғалжар ауданының 3 АЕМ-і қамтамасыз етілді.

Ақтөбелік шоғырландырудың бас жоспарының маңыздылығын арттыруда жағдай келесідей болып табылады.

Ақтөбелік шоғырландыруға енген 70 елді мекеннің 14-і: Хромтау қ., Алға қ., Тамды с., Алға ауданының Маржанбұлақ с. және Есет батыр Қоқиұлы с., Қандыағаш қ., Ақкемер с., Жарық с., Мұғалжар ауданының Елек с., Мартөк с., Мартөк ауданының Сарыжар с. (Хлебодаровка с.), Қобда с., Бестау а., Қобда ауданының Талдысай с. бекітілген жаңартылған бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. Хромтау ауданының Ақжар с. бас жоспары бекіту барысында.

9 елді мекеннің бас жоспарлары келісу барысында: Алға ауданының Бестамақ с. және Бесқоспа с., Қарғала ауданының Ш. Қалдаяқов с., Петропавлов с., Қос-Естек а., Мәртөк ауданының Қаратоғай с., Родников с., Хазірет с., Жайсан с.

Алға ауданының Қарақұдық с., Қарақобда с. және Үшқұдық с. 3 елді мекеннің бас жоспарлары 2014 жылдан бастап байындалуда, аяқталу мерзімі 2015 жыл. "Ақтөбе қаласы бас жоспарын түзету" жобасы бойынша қала құрылысы құжаттары кешенді қала құрылысы сараптамасын өту барысында.

2015 жылы Ақтөбе қ. 3 толықтай жоспарлау жобасы дайындалуда, 7 толықтай жоспарлау жобасын дайындауға мемлекеттік сатып алуға байқау жарияланды.

Шалқар ауданының Қауылжыр с. және Темір ауданының Қопа с. бас жоспарларын дайындау қажет, онда 2016 жылы жалдамалы-коммуналды тұрғын үйлер құру жоспарлануда. Жеке тұрғын үй құрылысына және кіші және орта бизнесті дамытуда сауда мақсаттарына жер учаскелеріне деген жоғары сұраныс себебінен Шалқар ауданының Біршоғыр с., Темір ауданының Кеңқияқ с. бас жоспарларын, Темір ауданының Шұбаршы с, Сарыкөл с. дамуы мен құрылыс салуының сызбасын (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы) дайындау қажет.

Бүгінгі таңда 296 ауылдық елді мекенді жаңартылған бас жоспарлармен қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ Заңына қала құрылысы жобаларын дайындау жұмысында демпингті бағаларды қолдануды анықтау жөнінде толықтырулар енгізу.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №536 бұйрығымен "Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларының құрамы, дайындау кезегі, келісу және бекіту ережесі" ҚРҚН (ҚР ҚН 3.01-00-2011 - ары қарай ҚН) енгізілген. ҚН 4.1.3.1.3 бабына сәйкес қала құрылысы жобаларын дайындауға қаржылай мүмкіндігі бар заңды және жеке тұлғалар жеке жағдайларда аудандағы жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші болуы мүмкін.

Берілген нормативке сай қала құрылысы құжаттамасын дайындауда елді мекендерді толықтай игеру, бизнесті дамыту мақсатында осы мәселені шешуде жеке инвестицияларды тарту ұсынылды.

Құрылыс

Облыстың ЖӨӨ құрылымында құрылыс 9,1% (2014 ж.) алады. Жалпы республика бойынша құрылыс саласында Ақтөбе облысының үлесі 7,2% құрайды.



Ақтөбе облысындағы құрылыстық жұмыстар нақты көлемінің индексі 2014 жылы 106,5% құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 6,5% жоғарлады (52-ші кесте).

52-кесте – 2012-2014 жж. құрылыс саласының негізгі көрсеткіштер



Көрсеткіш атауы

Өлш. бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі

%

124

142,7

106,5

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы

мың ш.м

436

461

476

Соның ішінде













Бюджеттік тұрғын үй

мың ш.м

63,6

139,4

113,4

Мәлімет көзі: Статистикалық жинақ. Ақтөбе облысы.2014 жылға алдын ала деректер. Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
Облыста тұрғын үй құрылысының тұрақты өсуі байқалады. 2014 жылы енгізілген тұрғын үй ғимараттарының есебінен 3981 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2013 ж. – 4371 отбасы тұрмысқа жайлы тұрғын үймен қамтылды (53-ші кесте).

жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау