1тақырып. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есептің құрылу тарихы Кілттік сөздер


Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуі



жүктеу 20,15 Kb.
бет3/3
Дата04.01.2022
өлшемі20,15 Kb.
#31492
1   2   3
1tak r p daris bett 2019-2020zhzh

2. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуі

« Бухгалтерлік есеп принциптері » курстық бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп және Аудит» мамандығының студенттеріне арналып жасалған.

Қазақстан Республикасының қзіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп Жуйесін реформалаумен сипатталады. Бухгалтерлік есеп принциптері курсын оқу барысында студенттер экономиканы ұйымдастыру мен басқаруды, іскерлікті, экономикадағы саясат пен шешімді,стратегия мен тактиканы қабылдау ісін, бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерімен танысып оны уйренулеріне мүмкіндік алады.

«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсында: бухгалтерлік баланстың құрылымы, шарттар мен екі жақты жазудың жүйесі, шаруашылық құралдары мен процестерін есепке алу үшін балансты пайдалануды, есеп беруді құрастыруды қарастырылған.

Сондықтан “ Бухгалтерлік есеп принциптері ” пәніннің мақсаттары мыналар:


  • әрбір кәсіпорын, шаруашылық жүргізуші субъектісі бойынша экономикалық бағдарламаны, экономикалық саясатты,нарықтық қатынастар жағдайында сауда жүйесін жүзеге асыруға арналған.

  • Кәсіпорында, шаруашылық субъектісінде өндірілген өнім, жұмсалған шығын , түскен пайда есебін нақтылы есептеу;

Кәсіпорын жұмысына орынды және тиімді басшылық жасау
3. Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің «Buchhaltund»–кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған).

Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз–экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.

Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.

Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда:

- Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.


  • Уақыты жағынан үздіксіз (күннен–күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы– шаруашылық қызметіндегі брлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).

  • Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).

Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.

Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.

Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай

салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б.

Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары).



Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.

Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зерттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады.

Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында.

Бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді.



Бухгалтерлік есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.

Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
жүктеу 20,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау