Мақсаты:
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілерін қарастыру. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуін қарастыру. Бухгатерлік есепті жетілдіруге әсер ететін факторларын анықтау. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуін қарастыру.
1. Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат бухгалтерлік есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.
Бухгалтерлік есептің алғашқы құрамы–субъектілердің шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау болып табылады. Бақылау дегеніміз–осы жұмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түйсіну.
Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға қажетті қаржылық экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайтын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтан да бухгалтерлік есеп бақылауға қоса субъектінің шаруашылық қыземтіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Бухгалтерлік есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір – бірімен ажырамас бірлікте болып, басшылықты есеп объектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс.
Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы қызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру қажеттілігі туады және осы кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашқы ақпарат қалыптасады. Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз– шаруашылық қызметтің басқару мен аудит үшін керекті кешенді көрінісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір субъект экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар.
Бухгалтерлік есептің тарихи шарттылығы. Бухгалтерлік есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттық база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл қоғамдық–экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай–ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.
Тарихи категория ретінде бухгалтерлік есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат қоғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама–тұтастың жартысы деген. Салсытырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6–мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы өркениеттің әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардың назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жөніндігі алғашқы баспадан шыққан кітапты 1494 жылы атақты математик Луко Пачоли (1445– 1515) жазды. «Есеп пен жазбалар туралы трактат» бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.
Есепті ұйымдастыруды І Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.
Бухгалтерлік есеп нарықтық қатыныстардың яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Қазіргі дәуірдегі негізгі заңдылықтардың бірі – барлық елдердің халықаралық өзара қарым – қатынастағы сыртқы экономикалық байланыстар рөлінің арта түсуі
Мемлекеттердің шаруашылық жағынан жақындаса түсуі экономикалық дамудың қарқыны мен сипатына бірте–бірте басымырақ ықпал етіп, мемлекеттердің бейбіт түрдегі ынтымақтастығына, тәжірибе алмасуына өскелен мүмкіндіктер ашуда. Белгілі дәрежеде бұл басқару мен талдау, аудит пен қаржылық шешім қабылдау саласындағы маңызды құрал болып табылатын есеп жұмысына да қатысты.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыптасып, олардың экономикалық мүдделерін неғұрлым сындарлы түрде білдіреді, демек тұтынушылардың ақпараттық талаптарының сипатын да білдіреді. Жекелендірудің жүргізілуі, қор рыногының қалыптасып, дамуы, күйзіліске ұшыраған кәсіпорындарға қаржылық жағынан көтермелу (санациялау) және тағы басқа да шаруашылық жүргізудің жағдайлары іскерлік ақпарат пен рынок субъектілерінің қаржылық–экономикалық мүдделерінің сәйкестендірілуін қажетсінеді. Ондай ақпараттың негізгі көзі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |