53
мәліметтер өнімнің (жартылай фабрикат, қызметтердің) өзіндік құнын
есептегенде ескеріледі.
Басқа да тапсырыс берушілерге қызмет көрсету. Өндірістік қызмет
көрсету бойынша операциялар «Акт об оказании производственных услуг»
құжатымен
рәсімделеді.
(мәзір«Продажа»
-
«Акт
об
оказании
производственных услуг»).
Құжаттың
жоғарғы
жағына
қызмет
көрсететін
контрагентті,контрагентпен келісімшарт және қызмет көрсетілетін өндірістік
бөлімшелерді көрсету қажет. «Услуги» сілтемесінде әрбір қызмет үшін
мыналар көрсетілу қажет:
- Көрсетілген қызмет түріне сәйкес номенклатуралық позиция – сөздік
элементі – «номенклатура».(«Услуга» флагы көрсетілген);
- Көрсетілген қызмет мөлшері;
- Көрсетілген қызметтен түскен түсім;
- Жоспарлы құны;
- Кіріс шоты – көрсетілген қызметтен түскен түсім көрсетілетін шот;
- Шығыс шоты – көрсетілген қызметке байланысты ай соңында
шығарылатын шығын сомалары көрсетілетін шот.
Бір ай көлемінде қызметтер жоспарлы құны бойынша есептеледі.
Көрсетілген қызметтің нақты құны өнімнің өзіндік құнына кеткен шығындарды
бөле отырып, айдың соңында жоспарлы құнға пропорционалды түрде
есептеледі.
Егер
құжатта
көрсетілген
қызметтің
жоспарлы
құны
қарастырылмаса, онда ай соңында қызметтің нақты құны шықпайды. Егер
көрсетілген қызметтің өндірістік қызметпенбайланысы жоқ болса және
олардың өзіндік құнын есептен шығарып немесе есепке алуға негіз жоқ болса,
онда «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты рәсімделеді.
Бақылау сұрақтары:
1. ХҚЕС 2 “Қорлар” ата?
2. Тауарлы-материалдық қорлардың жiктелуi?
3. Өзiндiк құнының ең кiшi бағасы және нарық құны?
4. Материалдардың кiрiсiнiң құжаттары және ретi?
5. Тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық
ресiмделуi?
6. Тауарлы-материалдық
қорлардың
есебiнiң
жүйесiн
ұйымдастыру: мерзiмдi түгендеу және ағымды түгендеу?
7. Үздiксiз
жүйесiнiң
есебi
кезiнде
тауарлы-материалдық
қорлардың есебi?
8. Құжаттың жоғарғы жағына қызмет көрсететін контрагенттерді
ата?
9. Бір ай көлемінде қызметтер ненің көмегі арқылы есептелінеді?
10. Егер
құжатта көрсетілген қызметтің жоспарлы құны
қарастырылмаса, не туралы ақпаратты ала алмаймыз?
54
Тақырып 7. Жылдық жиынтық табыс және регламинттенген есеп
берулер
Мақсаты: Жылдық жиынтық табыстың есебінің негізгі кезеңдерін
қарастыру, үйрету,оқыту.
Жоспары:
7.1 Жылдық жиынтық табыстың есебі
7.2 Сатылған тауарлардың өздік құнының және негізгі емес
қызметтердің шығыстарының есебі
7.3 Регламинттенген есеп берулердің жиынтығы
7.1 Жылдық жиынтық табыстың есебі
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен
қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған
келісімшартта (контрактіге) анықталады. Ал, мәміледе шығатын табыс сомасы
бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың
(мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін
төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан түскен табыс
келесі жағдайды сақтаған кезде табылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі
дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмлеге қатысқан кезде , сатушы
қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы
төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаның
және соны субьектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.
Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып
табылады., бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі
ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса,онда ол сатылған болып
табылмайды және табыс танылмайды.; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен
нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметте және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына
жағдайларда қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
-есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезенін үлкен деңгейдегі дәлдікпен
анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтаушы
үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына
әдістердің бірін пайдаланады:
-белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың
пайыздық қатынасы ;
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің
пайыздық қатынасы;
-орындалған жұмысты талдау.
Аралық негізде жасалатын төлемде , яғни сатып алушылардан алынған
аванстар, табыс болып танылмайды.
55
Қызмет көрсетутін, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі
дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған
шығыс мөлшерінде танылады, яғни сол шығыстың орынын жабады.
Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі «Негізгі қызметтен
түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа төмендегі
синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады.
Субъекті қаржылық есеп берген түсіндірме жазбасын бірге тапсырады,
онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары;
дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды
сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезең үшін
танылатын табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау
немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек
ашып көрсетіледі.
7.2 Сатылған тауарлардың өздік құнының және негізгі емес
қызметтердің шығыстарының есебі
Сатылатын тауардың (қызметтердің, жұмыстардың) өздік құнының есебі.
Сатылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын
есепке алуға «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік
құны» деп аталатын бір топ шоттары арналған.
Жыл аяғында шығындардың барлығы табыс (зиян) шотына көшірілгеннен
кейін, шот жабылуы тиіс.
Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығындары жөнінде жасалатын
шоттар корреспонденциясы төменде келтірілген.
Өнім өндіруне кеткен шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне
тәуелді емес. Шаруашылық жүргізуші субьект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі
бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
-жалпы және әкімшілік шығыстар;
-пайыз бойынша шығыстар;
-тауарлы –материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.
Жалпы және әкімшілік шығысы. Шығыстың бұл түріне бүкіл және
өндірістік-шаруашылық қызметін басқару байланысты кезеңдік шығыстар
жатады..
Қажет болған жағдайда болған жағдайда кәсіпорын осы келтірілген
типтік номенклатураны толықтыра алады немесе кәсіпорын олардв әрбір
экономика саласының ерекшеліктеріне қарап қысқартуға да, біріктіруге де құқы
бар. Жалпы және әкімшілік шығыстары жиынтық табысқа есептен
шығарылғаннан кейін, жабылуы тиіс.
Пайыздар (проценттер) бойынша шығысқа банк несиесі және
жабдықтардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін
пайыздар жатады.
Пайыздар (марапаттау) –несие алушының ақша капиталын несиеге
алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің
көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |