43
5.3 Бағдарламалық модуль форматы
Бағдарламалық
модульдің
ағымдағы
мәтіні
операторлар
мен
комментарийлерден тұруы мүмкін.
Комментарий бағдарламалық модульдің ағымдағы мәтініне модульдің
жұмыс жасауына түсініктемелер енгізуге қолданылады. Бағдарламалаудың түрі
егер ағымдық мәтінде алгоритмнің сипаты бар комментраий болса жақсы деп
есептелінеді.
Бағдарламаны
орындау
режимінде
комментарийлер
қарастырылмайды. Бағдарламалық модуль мәтінінде комментраийлер «//»
символдар жұбымен басталып және жолдың соңымен аяқталады. Бұл
комментарийлерді жолдың басынан бастауға болады немесе оператордан кейін
сол жолда жазуға болмайды, комментраийді жолдың соңымен аяқтау керек.
Мысал:
А=B; // Бұл – комментарий (түсініктеме).
Операторлар форматы.
Операторларды өз аралығында міндетті түрде «;» (нүктелі үтір)
символымен бөліп қойған дұрыс. Жолдың соңы оператордың соңы екенін
білдірмейді, яғни операторлар жолдардан оңай өтіп келесі жолдарда жалғасуы
мүмкін.
Өзіңі қажетті операторлар санын бір жолға «;» символымен ажыратып
жазуға болады.
Бағдарламалық модульде тіл операторларын екі категорияларға бөлуге
болады: айнымалыларды жариялау операторлары және орындалатын
операторлар.
Айнымалыларды жариялау операторлары орындалатын операторлар
манипуляциялайтын айнымалылар аттарын құрастырады. Кез келген
орындалатын операторда Перейти (өту) операторына өтетін нүкте (.) ретінде
қолданылатын белгі болуы мүмкін.
Жалпы жағдайда тіл операторының форматы келесідей:
~ метка: Оператор [(параметры)][ДобКлючевоеСлово];
Белгі ретінде «~» және әріптер, цифрлер және символардан «_» (сызу)
басталатын арнайы идентификаторлар қолданылады. Операторды белгілеу
үшін оның алдында белгіні қойып және одан кейін келесі символды қою керек
« : ».
Мысал: ~ метка: А=В;
Айнымалылар, жарияланған процедуралар немесе функциялар атаулары
болып, кез келген әріптер, цифрлар және сызу белгілері «_» болуы мүмкін, олар
әріптен немесе сызу белгісінен «_» басталады. Қайта құрастырылатын таулар
ағымдағы контекстіде қолжетімді резервтелген тілдер сөздерімен немесе
қасиеттер атауларымен сәйкес келмеуі керек.
1С:Кәсіпорынның құрамдас тілі екі тілді болып табылады. Барлық
резервтелген, мәндер, қасиеттер, әдістер, жаңалықтар типінің атауларында екі
аты бар: орысша және ағылшынша. Орыс тілінде аналогы жоқ сөздер ерекше
сөздерді құрайды.
Бағдарламалық модульдердің тестінде бұл атауларды араластыра беруге
болады, яғни не орысша, не ағылшынша атауларды ешқандай шектеулерсіз
44
қолдана беруге болады. Әріптер регистріне айнымалылар, қасиеттер, әдістер,
процедуралар
мен
функциялар,
сонымен
қатар
құрамдас
тілдің
функцияларының аттарын жазған кезде мән аударылмайды.
Резервтелген сөздер. Ары қарай құрамдас кілттік сөздер резервтелген
болып
табылады
және
құрастырылатын
айнымалылар
атаулары,
конфигурацияның
объектілерінің
реквизиттері
және
жарияланатын
процедуралар мен функциялар ретінде қолданылуы мүмкін. Берілген тіл
нұсқасында әрбір кілттік сөздің екі түрлі көрінісі бар – орысша және
ағылшынша.
1 кесте. Модулді анықтаудың тіл нұсқасы
Орысша
атауы
Ағылшынша атауы
Если
If
Тогда
Then
ИначеЕсли
ElsIf
Иначе
Else
КонецЕсли
EndIf
Для
For
Каждого
Each
Из
In
По
To
Пока
While
Цикл
Do
КонецЦикла
EndDo
Процедура
Procedure
Функция
Function
КонецПроцедуры
EndProcedure
КонецФункции
EndFunction
Перем
Var
Перейти
Goto
Возврат
Return
Продолжить
Continue
Прервать
Break
И
End
Или
Or
Не
Not
Попытка
Try
Исключение
Except
ВызватьИсключение
Raise
КонецПопытки
EndTry
Новый
New
Выполнить
Execute
45
Бағдарламалық модуль құрылымын келесі бөлімдерге бөлуге болады:
Айнымалыларды анықтау бөлімі;
Процедуралар мен функциялар бөлімі;
Негізгі бағдарламалық бөлімі;
Нақты бағдарламалық модульде кез келген бөлімнің болмауы мүмкін.
Айнымалыларды анықтау бөлімі модульдің мәтінінің басынан бастап,
бірінші Процедура операторына дейін немесе Функция операторына дейін
немесе кез келген орындалатын операторға дейін орналасады. Бұл бөлімде тек
айнымалыларды жариялау операторлары ғана орналаса алады.
Функциялар мен процедуралар бөлімі бірінші Процедура операторынан
немесе Функция операторынан бастап функция мен процедураларды сипаттау
денесінен тыс орындалатын операторға дейін орналасады.
Негізгі бағдарламалар бөлімі. Процедуралар мен функциялар денесінен
тыс орындалатын бірінші оператордан бастап модульдің соңына дейін
орналасады. Бұл бөлімде тек орындалатын операторлар ғана болуы мүмкін.
Негізгі бағдарламалық бөлімі модульдің инициализациялануы кезінде
орындалады.
Негізгі
бағдарламалар
бөлімінде
айнымалыларды
инициализациялау операторларын қандай да бір нақты мәндер мен
орналастырған жөн, мұны модульдің процедурасы мен функцияларының
бірінші шақырылуына дейін орындау қажет.
Бастапқы мәтінде қолданылатын арнайы символдар
// екі белгімен «қисық сызық» комментарий басталады. Комментарий деп
«//» белгісінен бастап ағымдағы жолдың соңына дейінгі мәтін саналады.
| жолдың басындағы тік сызық тек жолдық константаларда ғана
қолданылады және бұл жол алдынғының жалғасы екенін білдіреді.
~ тильда белгісімен оператордың белгіленуі басталады.
: қос нүкте мен оператордың белгіленуі аяқталады.
; нүктелі үтір операторларды бөлу символы болып табылады.
() дөңгелек жақшаларға әдістер, процедуралар, функциялар және
конструкторлар параметрлерінің тізімі ендіріледі.
[] «тік жақшалар» операторының көмегімен қасиеттің атының жолдық
көрінісі бойынша объектінің қасиетіне қатынау жүзеге асырылады. Осылайша
индекс бойынша немесе басқа параметр бойынша коллекциялар элементтеріне
қатынау мүмкіндігі бар.
,
әдістер,
процедуралар,
функция
және
конструкторлардың
параметрлерінің тізіміндегі параметрлерді үтір арқылы ажыратуға болады.
“” қос тырнақшаға жолдық литералдар алынады.
‘’ бірлік тырнақшаларға уақыт литералдары алынады.
. сандық литералдағы ондық нүктелер.
+ «қосу» символы қосу операциясымен конкотенацияны білдіреді.
- «алу» символы азайту операциясын білдіреді.
* «жұлдызша» символы көбейту операциясын білдіреді.
/ «қисық сызық» символы бөлу операциясын білдіреді.
% бөлуден қалған қалдықты қабылдау. Бөлгіш пен бөліндінің бөлшектік
мәндерін қолдану рұқсат етіледі.