1С: Кәсіпорында конфигурлеу және администрирлеу негіздері



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата15.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13853
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

51

 

 



«Печать»  немесе  «Счет  на  оплату»  кнопкасына  баса  отырып,  құжаттың 

төменгі бөлігінде баспа формасын қалыптастырамыз. 

Тауарлар  мен  қызметтерді  өткізуді  рәсімдеу.  «Реализация  ТМЗ  и  услуг» 

құжатының журналы (мәзір «Продажа» - «Счет») және «Добавить» кнопкасына 

баса  отырып,  жаңа  құжат  ашылады.  Операция  құжатының  түрі  («Операция» 

кнопкасы) алғашында сақталғандай түрде қалады. 

«Реализация  ТМЗ  и  услуг»  құжатының  «Контрагент»  графасында  жеке 

кәсіпкер,  ал  «Договор»  графасында  жеке  кәсіпкермен  жасасқан  келісімшарт 

белгіленеді (іс жүзінде келісімшарт жасалмаса да, келісімшарт жайлы мәлімет 

жүйелі  түрде  енгізіледі).  «Номенклатура»  анықтамасынан  алынған  тауарлар 

туралы мәліметтер «Товары» закладкасының кестелік бөлімінде толтырылады.  

Әр номенклатураның позициясы үшін мөлшерін, бағасын және ҚҚС ставкасын 

белгілейміз. 

Форманың  төменгі  жағындағы  «Записать»  кнопкасына  баспай-ақ  құжат 

автоматты түрде жазылады. 

Шот  фактураны  рәсімдеу.  ҚР  Салық  Кодексіне  сәйкес  кәсіпорын  ҚҚС 

төлеуші  болып  табылса,  тауарларды  өткізу  кезінде  шот-фактура  өткізуге 

міндетті.  Бұл  операцияны  бухгалтерден  басқа  өнімдерді  сату  жөніндегі 

менеджер де жүргізе алады. 

«Реализация ТМЗ и услуг» құжат журналында операция жазылған жазуды 

тауып, тышқанды екі рет баса отырып, форманы ашамыз. 

Ашылған  «Реализация  ТМЗ  иуслуг»  құжатының  формасында  «Ввести 

Счет-фактура» құжатының жаңа формасы ашылады. 

Ашылған  «Счет  –  фактура»  құжатының  формасында  «Платежно  – 

расчетный  документ»  графасын  «Приходной  кассовый  ордер»  құжатының 

мәліметтерімен  толтырамыз.  Құжаттың  баспа  формасын  алу  үшін  «Записать» 

және «Печать» (немесе «Счет-фактура»)  кнопкасына басамыз. 

Тауарларды  қайтару.  Сатып  алушыдан  алдында  сатып  алынған 

тауарларды  қайтарып  алу  «Возврат  ТМЗ  от  покупателя»  (мәзір  «Продажа»  - 

«Возврат ТМЗ покупателю») құжатымен рәсімделеді. 

Тауарларды қайтарып алу сатып алушы үшін де рәсімделуі мүмкін. 

Сатып  алушыдан  қайтарып  алуды  сатып  алушыға  тауарларды  өткізу 

құжатының негізінде жасауға болады. Бұл құжатты толтырған кезде құжаттың 

құрамы  көшіріледі.  Тауарларды  қайтару  кезінде  құжатсыз  да  рәсімдеуге 

болады.  Сонда  «Заполнить»  кнопкасы  арқылы  жүкті  түсіру  құжатының 

негізінде құжаттың кестелік бөлімін толтыруға мүмкіндік бар. 

Егер  құжатта  «Покупка»  операциясы  таңдалса  «Услуги»  бөлімінде 

қайтарылатын қызметтер бөлімінде көрсетіледі. 

 «Счета  учета  возвратов»  закладкасында  «Счета  учета  возвратов» 

белгілемеуге де болады, бұл жағдайда қайтарып алу есебі шоты ретінде құжат 

шотсыз  проводкаларды  қалыптастырады  (мысалы,  3391  шоты  «өткізілген 

дайын  өнім,  тауар,  жұмыс  және  қызметтерді  қайтарып  алу  бойынша 

қарыздар»).  Көп  жағдайда  тауарларды  жеткізушілерден  қайтарған  кезде 

кестелік  бөліктегі  тауардың  өзіндік  құнына  сәйкес  келмеуі  мүмкін.  Бұл 

жағдайда, кіріс/шығыс айырмасы өзіндік құнын шығындау шотына енгізіледі. 



52

 

 



Басқа  да  ұйымдардың  қызметі.  Кәсіпорыннан  көрсетілген  қызметттерді 

рәсімдеу үшін бірнеше құжат қажет: 

- «Покупка»  операциясымен  бірге  «Поступление  ТМЗ  и  услуг»  құжаты. 

Бұл  құжатта  «Услуги»  бөлімі  толтырылады.  Құжат  өткізілген  кезде 

бухгалтерлік жазу жазылады, яғни, дебетте «Услуги» сілтемесінде көрсетілген 

шығындар  шоты,  ал  кредитте  –  жеткізушілермен  есеп  айырысу  шоты 

көрсетіледі. 

- «Поступление  доп.расходов»  құжаты.  Бұл  құжат  арқылы  қызметтердің 

келіп түсуі, алдын-ала келіп түскен ТМҚ-дың құнына кіретін шығындар сомасы 

көрсетіледі.  Бұл  құжаттың  өткізілу  барысында  дебетінде  –  келіп  түскен  ТМҚ 

есебі,  кредитінде  –  жеткізушілермен  есептесуі  көрсетілетін  бухгалтерлік  жазу 

жазылады. 

- «Авансовый  отчет»  құжаты.  Бұл  құжатта  «Прочее»  сілтемесін  толтыру 

қажет.Мынадай бухгалтерлік жазу жазылады: кредитінде – есепті тұлғалармен 

есептесу  шоты,  дебетінде  –  осы  сілтемеде  көрсетілген  пайдаланушылардың 

шоты.  Мұнда  ТМҚ-ң  құнынна  енгізілген  шығындарды  да  көрсетуге  болады. 

Егер құжатта «Оплата» сілтемесі толтырылған болса, онда «Авансовый отчет» 

құжаты есепті тұлғалардың алған қызметтері үшін төлемдерін рәсімдейді. 

Қызмет  көрсету.  8110  «Основное  производство»  және  8310 

«Вспомогательное  производство»  шоты  арқылы  көрсетілген  өндірістік 

қызметке  кеткен  шығындарды  рәсімдеу  үшін  «Акт  об  оказании 

производственных  услуг»  құжаты  қолданылады.(мәзір  «Продажа»  -  «Акт  об 

оказании производственных услуг»). 

Басқа  да  қызметтер  көрсету  ,  мысалы,  сауда  ұйымдарына  көрсетілген 

қызметтер  «Реализация  ТМЗ  и  услуг»  құжаты  арқылы  рәсімделеді.(мәзір 

«Продажа»  -  «Реализация  ТМЗ  и  услуг»).  Сонымен  қатар,  бұл  құжатта 

«Услуги» сілтемесінің кестелік бөлімі толтырылады. 

Аяқталмаған  өндірісті  түгендеу.  Әрбір  айдың  соңында  кәсіпорында 

аяқталмаған  өндірісті  түгендеп  отыру  қажет.  Түгендеу  нәтижесі  аяқталмаған 

өндіріске  қатысты  шығындар  ағымдағы  айда  өндірілген  өнімнің  (жартылай 

фабрикат, қызметтің) өзіндік құнына есепкеалынғандығын көрсетеді. 

Аяқталмаған  өндіріс  қалдықтарын  мәлімдеу  үшін  «Инвентаризация 

незавершенного  производства»  құжаты  арналған.  (мәзір  «Производство»  - 

«Инвентаризация незавершенного производство»). 

Бұл  құжат  ай  соңында  аяқталмаған  өндіріс  қалдықтары  бар  әрбір 

өндірістік  бөлімшелерде  қолданылады.  8110  «Основное  производство»  шоты, 

8210  «Полуфабрикаты  собственного  производство»  шоты  немесе  8310 

«Вспомогательное  производство»  шоттары  көрсетілетін  «Счет  затрат» 

реквизитінде  бұл  өндірістің  негізгі  немесе  қосымша  екендігін  осы  құжат 

көрсетеді. 

Әрбір  номенклатуралық  топтың  аяқталмаған  өндірісінің  құндық  бағасы 

нормативтік  құжаттарға  сәйкес  номенклатуралық  топтарға  жеке-жеке 

есептеледі  және  құжаттың  кестелік  бөлімінде  көрсетіледі.  Құжаттың  өткізілу 

барысында  ешқандай  бухгалтерлік  жазу  жазылмайды.  Мұнда  көрсетілген 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау