1С: Кәсіпорында конфигурлеу және администрирлеу негіздері



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата15.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

4

 

 



Кіріспе 

 

Бухгалтерлік  ақпараттық  жүйелер  бұл  экономикалық  объектіні  басқару 

үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады. 

Курстың  мақсаты    бухгалтерлік  есептің  және  аудиттің  компьютерлік 

жүйелері  бойынша,  яғни  1С:  Кәсіпорын  жүйесі  бойынша  арнайы  тәжірибелік 

және теоретикалық білімдерді құруда болады.  

Курста  1С:  Кәсіпорын  бухгалтерлік  есебінің  компьютерлік  жүйесі 

қарастырылады,  негізінен  алғашқы  шаруашылық  құжаттарды,  есеп  берулерді, 

анықтамалықтарды,  сұраныстарды  және  бағдарламалық  модульдердің  басқа 

түрлерін  жобалау,  метамәліметтерді,  ақпараттық  модульдерді  жобалау 

қарастырылған.  

Бухгалтерлік  есеп  компоненті  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін 

қамтиды.  Бұл  шоттар  жоспарын,  операциялар  мен  проводкаларды  және 

бухгалтерлік  қорытынды  есепті  қамтамасыз  етеді.Жинақтамалы  шоттар 

бойынша  көп өлшемді  және  деңгейді  есеп  жүргізуге  мүмкіндік  береді.Есептің 

қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары 

оның  қосымша  бөлігі  болып  табылады,  кейде  олар  пайдаланбауы  да 

мүмкін.Есеп  ақшалай  да,  заттай  да  жүргізіледі.  Көп  өлшемді  талдамалы  есеп 

қорытындыларын  әртүрлі  бөліктерде  алуға  мүмкіндік  береді.  Құжаттарды 

жүргізу  кезінде  бухгалтер  проводкаларды  қолмен  немесе  автоматты  түрде 

еңгізе алады. 

Кез  келген  кәсіпорында  бухгалтерлік  есепті  автоматтандыру,  онда 

бухгалтерлік  ақпараттар  жүйесін  жасау  дегенді  білдіреді.  Қазіргі  уақытта 

осындай  ақпарат  жүйелерін  құру,  кәсіпорынның  өз  күшімен  программалық 

кешендер  жасау  мүмкін  емес,  сондықтан,  осындай  жүйелерді  құрастыруға 

арналған  автоматтандыру  мәселелерін  тиімді  шешетін,  дайын  программалық 

өнімдерді арнайы фирмалар құрастырады. 

«Қазақстан  үшін  1С:Бухгалтерия  8.0»  -  бухгалтерлік  және  салықтық 

есептің  автоматизациясы  үшін  көпжақты  бағдарламасы  болып  саналады. 

Бағдарлама  негізінде  «1С:Кәсіпорын  8.0»  жүйесінің  икемді  технологиялық 

платформа  жатыр, оның  мүмкіндігімен  әр  түрлі  бизнес  қосымшаларды  құруға 

және  модификациялауға  болады.  Сонымен  қатар  «Қазақстан  үшін 

1С:Бухгалтерия 8.0» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есебін 

жалпы ақпараттық базада да жүргізуге мүмкіндік береді. 




5

 

 



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 

 

1 Тақырып. 1С:Кәсіпорын жүйесіне сипаттама 



 

Мақсаты:  1С: Кәсіпорын жүйеінің анықтамасын, негізгі тағайындалуын 

қарастыру.  



Жоспары:   

1.1  1С:Кәсіпорын жүйесіне қысқаша сипаттама 

     1.2 1С:Кәсіпорын жүйесіне шолу 

     1.3 1С: Кәсіпорын жүйесінің негізгі мүмкіндіктері  



    

        1.4 1С:Кәсіпорын жүйесінің басқа қосымшалармен қарым - қатынасы 

 

1.1  1С:Кәсіпорын жүйесіне қысқаша сипаттама 

1С  жүйесі  қарапайым  да  күрделі  бухгалтерлік  есеп  программасы  болып 

саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы 

кәсіпорындарда  қолданылуы  мүмкін.  Жүйенің  жұмысы  мынадай  негізгі  3 

компонентке  негізделіп  жасалған:  «Оперативтік»,  «Бухгалтерлік  есеп»  және 

«Есептеу» компоненті. 

«Бухгалтерлік  есеп»  компоненті  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін 

қамтиды.  Бұл  шоттар  жоспарын,  операциялар  мен  проводкаларды  және 

бухгалтерлік  қорытынды  есепті  қамтамасыз  етеді.  Жинақтамалы  шоттар 

бойынша  көп  өлшемді  және  көп  деңгейлі  есеп  жүргізуге  мүмкіндік  береді. 

Есептің  қалған  бөліктеріне,  мысалы  валюталық  есеп,  қосалқы  шоттар  және 

басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да 

мүмкін.  Есеп  ақшалай  да,заттай  да  жүргізіледі.  Көп  өлшемді  талдамалы  есеп 

қорытындыларын  әртүрлі  бөліктерде  алуға  мүмкіндік  береді.  Құжаттарды 

жүргізу  кезінде  бухгалтер  проводкалары  да  қолмен  немесе  автоматты  түрде 

енгізе алады. 

«Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық 

операцияларды басқаруға арналған. Бұл компонентінің негізі қалдықтар немесе 

айналымдардың  көп  өлшемді  есеп  жүйесін  құрайтын  тіркелімдер  болып 

есептеледі.  Тіркелімдегі  ресурстар  қозғалысы  Кіріс  және  Шығыс  сияқты  2 

тәсілмен  туындауы  мүмкін,  сонымен  қатар  бұл  ереже  тіркелімнің  барлық 

ресурстар  үшін  орындалуы  тиіс.  Сонымен,  қалдықтар  тіркелімі  кірістелетін 

және  шығысталатын  ресурстар  бойынша  балансты  бейнелеп  қана  қоймай,  

оның  «Жедел  есеп»  компонентінің  негізгі  тетігі  болып  табылады.  Барлық 

құжаттар  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметіндегі  іс-әрекеттер  тізбегін 

қайталайтын бірыңғай хронологиялық тізбекті құрайды. 

1С:Кәсіпорын 

жүйесі 


кәсіпорынның 

ұйымдастырушылық 

және 

экономикалық  қызметін  әмбебап  автоматтандыруға  арналған  жүйе  болып 



табылады.  Мұндай  қызмет  түрлерінің  алуан  түрлі  болғанына  қармастан, 

1С:Кәсіпорын жүйесіның нақты бір қызмет саласына бейімделе алу қасиеті бар. 

Мұндай қасиетті сипаттау үшін конфигурациялану термині қолданылады, яғни, 

нақты  кәсіпорынның  жұмыс  істеу  ерекшеліктері  негізінде  жүйені  баптау 

мүмкіндігі бар. 



6

 

 



Программа  жеке  немесе  желі  бойынша  жұмыс  істейді    әртүрлі 

объектілермен  бір  уақытта  жұмыс  істеу  үшін  қолайлы  көп  терезелі 

интерфейспен  қамтамасыз  етілген.  Бухгалтерлік  программаны  жұмысқа 

дайындаудың ең бірінші, жауапты және көлемді кезеңі тұрақты немесе шартты-

тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады. 

«Қазақстан үшін 1 С Бухгалтерия 8» бухгалтерлік және салықтық есепті 

автоматтандыруға  арналған,  сонымен  қатар  коммерциялық  қызметтің  кез-

келген  түрін  орындайтын  ұйымдарда  міндетті  (регламентті)  есеп  беруді 

дайындау қарастырылады.  

«Қазақстан  үшін  1  С  Бухгалтерия  8»  кәсіпорынның  алдында  тұрған 

бухгалтерлік қызметтің барлық тапсырмалары өз шешімдерін қамтамасыз етеді. 

«Қазақстанға  арналған  1С  Бухгалтерия  8»-ге  қоса  1С  кәсіпорын  8  жүйесінің 

«Қазақстанда  сауда  басқару»  және  «Қазақстанда  жалақы  және  персоналдарды 

басқару» қолданбалы шешімдерін пайдалануға мүмкіндік қарастырылған.  

Есепшот  құрамы,  аналитикалық,  валюталық,  сандық  есеп,  ұйым 

есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және оларда көрсетілген деректер заң 

талаптарына  сай  жүргізіледі.  Қажет  болған  жағдайда  пайдаланушылар 

қосымша  қосалқы  шот  және  аналитикалық  есеп  қимасын  (разрез)  құруға 

болады.  

 

1.2 1С:Кәсіпорын жүйесіне шолу 

1С:  Кәсіпорын  8.0  бағдарламаларының  жүйесі  олардың  негізінде 

құрылған платформа мен қолданбалы шешімдерден тұрады. 1С: Кәсіпорын 8.0 

жүйесі  ұйымдар  мен  жеке  тұлғалардың    қызметін  автоматтандыру  үшін 

тағайындалған.  1С:  Кәсіпорын  8.0  бағдарламасының  платформасы  бір  немесе 

бірнеше  қолданбалы  шешімдермен  (конфигурациялармен)  жұмыс  істейтін 

ақырлы  қолданушылар  үшін  бағдарламалық  өнім  болып  саналмайды.  Мұндай 

көзқарас 1С: Кәсіпорын 8.0 жалғыз технологиялық платформасын колданумен 

қызметтердің  әр  түрлерін  автоматтандыруды  қамтамасыздандырады.  Келесі 

түрді қамтамасыз етеді: 

Ақырғы қолданушылар 

1С: Кәсіпорын 8.0 бағдарламаларының жүйесі 

Қолданбалы шешімдер (конфигурациялар) 

1С: Кәсіпорын 8.0 платформасы 

Қолданбалы  шешім  (конфигурация)  1С:  Кәсіпорын  8.0  механизмдерін 

қолданады және платформаның басқаруымен ғана жұмыс жасайды, сондықтан 

ол жеке түрде, жеке қосымша сияқты қолданыла алмайды. Ақырғы қолданушы 

әрқашанда  платформадан  және  қолданбалы  шешімдерден  тұратын  1С: 

Кәсіпорын 8.0 бағдарламаларының жүйесімен жұмыс жасайды. Технологиялық 

платформаның жаңа версиясы үшін ең бірінші шығарылған қолданбалы шешімі 

болып  Тауар  алмасуын  басқару  (Өңдеуші  1С  фирмасы,  шығару  күні  –  31  07 

2003) болады.  

Қолданбалы шешімді өңдеу және модификациялау Конфигуратор арнайы 

режимінде  жүргізіледі.  Берілген  режимде  өңдеуші  қолданбалы  шешімнің 

жалпы  архитектурасын  және  мәліметтерінің  құрылымын  анықтайды, 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау