49
бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап,
жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт
жасайды. Яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті
есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып
келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды ашу
үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты
алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан
материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған
экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А
сенімхаты беріледі.
Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен
келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі»
жасалынады. Сонымен қатар үлгі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу
құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Материалдар кәсiпорындар
мен ұйымдардың iшiндегi цехтарына, бөлiмшелерiне, өзiнiң аумағы
сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгiлi түрi М-15А
материалдарды босату (iшкi ауыстыруды) “талап ету жүкқұжаты” бойынша
босатылады.
Материалдарды босату (iшкi ауыстыруды) “талап ету жүкқұжаты” екi
дана етiлiп жазылып, оған бас бухгалтердiң немесе ол сенiм бiлдiрген тұлғаның
қолы қойылуы арқылы шешiледi.
Егер материалдар қоймадан кәсiпорынның өзiнiң шаруашылықтарына
(цехтарына, бөлiмшелерiне) босатылатын жағдайда үлгiлi түрi М-15А
материалдарды босату (iшкi ауыстыруды) “талап ету жүкқұжаты кейiннен
бухгалтерияға табыс етiледi. Үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан,
бөлшектегеннен алынатын iске жарамдыматериалдарды кiрiске алу үшiн үлгiлi
түрi М-35 санды акт толтырылады.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiсiнде жиi пайдаланылатын
материалдық құндылықтар үшiн толтырылатын талап ету қағаздарының санын
кемiтiп, есеп жұмысын жеңiлдету үшiн және материалдарды өндiрiске босату
лимитiнiң сақталуына ағымдағы бақылау жүргiзу үшiн лимиттiк-заборлық
(шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Лимиттiк-заборлық картаға
барлық бiр дана болып жазылатын бухгалтерлiк құжаттар негiзделiнiп
жасалады.
6.4 Материалдардың бухгалтериядағы есебi
Материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебi сандық және
ақшалай өлшемде жүргiзiледi. Мұндай есептi ұйымдастырудың көп
қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есептi ұйымдастыру жұмыс
үздiксiз жетiлдiрiлiп келедi. Есеп жұмысына есеп тiркелiмдерiнiң өте ұтымды
жаңа түрлерi еңгiзiлiп, есеп жұмысының тәртiбi жақсартылып, есеп
машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңiлдетудiң
басқа да түрлерi қолданылуда. Соңғы кезгi уақыттарға дейiн ұйымдардың
бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық
50
есебiн карточкаларда жүргiзiп келдi. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр
номенклатуралық номiрiне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кiрiс
етiлуiне, босатылуына жасалған әр құжат деректерi тиiстi карточкаға жазылуы
керек. Ай бiткеннен кейiн немесе ай соңында әр карточка бойынша
материалдардың кiрiске алынуы мен шығыс етiлуiнiң қорытындысы
шығарылып, олар материалдардың айналым тiзiмдемесiне жазылады.
Материалдардың есебiн одан әрi жетiлдiру негiзiнде оперативтiк-бухгалтерлiк
(жедел-сальдолық) әдiсi пайда болды.
Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгiлi түрi М-20
түрлi тiзiмдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкерi мiндеттi түрде
тексерiп, қол қояды.
Қазақстан Республикасында осы күнгi қолданылып жүрген ереже
бойынша кәсiпорындар жылына кем дегенде бiр рет өздерiнiң меншiгiндегi
материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргiзу керек.
Түгендеу – бұл барлық материалдардың әрқайсысын бiртiндеп санап
шығып, одан кейiн материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлiк
баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел
сақталуын қамтамасыз етудiң басты құралы болып табылады. Салыстыру
тiзiмдемесi түгендеу кезiнде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлiк
есептегi қалдығына сәйкес келмейтiнi тауарлық-материалдық қорлар бойынша
жасалады. Салыстыру тiзiмдемесiнде артық немесе кем шыққан материалдық
құндылықтар бухгалтерлiк есепте көрсетiлген бағасымен есептеледi. Түгендеу
комиссясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнiнде оларға
жауапты тиiстi адамдардан жазбаша түсiнiк алуға тиiс.
Кәсiпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесi бухгалтерлiк
есепте түгендеудiң бiткен айына көрсетiлуi тиiс. Кем шыққан және бүлiнген
материалдардың құны кiнәлi адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен
өндiрiледi.
6.5 Тауарлық-материалдық қорлар есебі бойынша жалпы құжаттар
Сатып алушыға есептемені рәсімдеу. Егерде жаңа сатып алушы болса,
онда құжатты рәсімдеуден бұрын сатып алушы туралы мәліметтерді енгізу
қажет. «Контрагенты» анықтамасында сатып алушы туралы мәліметтерді
«Покупатели» тобына тіркеу керек.
«Счета на оплату покупателю» құжатын ашып (мәзір «Продажа» - «Счет
на оплату покупателю») журналда «Добавить» кнопкасына баса отырып жаңа
құжат ашамыз.
Ашылған құжат формасының бір бөлігі толтырулы болады: онда біздің
кәсіпорын жайлы, банктік шот, шот нөмірі және датасы жайлы мәліметтер
енгізіледі. Бұл мәліметтерді керек кезде өзгертуге де болады. Содан соң
«Контрагент» графасында сатып алушы туралы мәліметтер, ал «Договор»
графасында контрагентпен келісімшарт туралы мәліметтер белгіленеді.
«Номенклатура» анықтамасынан алынған мәліметтерді «Товары»
закладкасының кестелік бөлігінде толтырамыз. Әр номенклатураның
позициясы үшін мөлшерін, бағасын және ҚҚС ставкасын белгілейміз.