1С: Кәсіпорында конфигурлеу және администрирлеу негіздері



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет15/19
Дата15.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13853
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

46

 

 



> оң бұрыштық жақша «үлкен» логикалық операциясын білдіреді. 

>= «үлкен немесе тең» логикалық операциясы. 



< сол бұрыштық жақша «кіші» логикалық операциясын білдіреді. 

<= «кіші немесе тең» логикалық операциясы. 

= тең белгісі меншіктеу немесе «тең» логикалық операциясын білдіреді. 



<> екі бұрыштық жақшалар «тең емес» логикалық операциясын білдіреді. 

 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. Модуль дегеніміз не? 

2. 1С Кәсіпорынның қосқан жағдайда автоматты түрде 

орындалатын модуль? 

3. Негізгі қызметі конфигурацияның түрлі модульдерден 

қолжетімді жалпы алгоритмдер модулі қалай аталады? 

4. Бағдарламалық модульде тіл операторлары екі категорияларға 

бөлуге болады. Атаңыз? 

5. Конфигурация формаларындағы модуль? 

6. 1С:Кәсіпорынның құрамдас тілі туралы не білесіз? 

7. Резервтелген сөздер дегеніміз не? 

8. Негізгі бағдарламалар бөлімі? 

9. Бағдарламалық модульдің ағымдағы мәтіні нені құрайды? 

10.  1С бағдарламасында барлық кілттік сөздерді қандай тілде 

жазуға болады? 

 

 



47

 

 



Тақырып 6. Тауарлы - материалдық қорлардың есебі 

 

Мақсаты: Тауарлы–материалдардың тағайындалуын және түсiнiгiн, 

олардың жiктелуiн және бағасын қарастыру  



Жоспары:   

6.1 Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсiнiгі 

6.2 Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі 

6.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 

6.4 Материалдардың бухгалтериядағы есебi 

6.5 Тауарлы-материалдық қорлар есебі бойынша жалпы құжаттар 

 

6.1 Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсiнiгі  

Кәсiпорындар  мен  ұйымдарды  қызметi  барысында  өздерiнiң  өндiрген 

дайын  бұйымдары,  сату  сату  үшiн  сатып  алған  тауарлар,  сатып  алған  бiрақ 

әзiрге  ұйымға  келiп  түспеген  тауарлары  (жолдағы  тауарлар),  аяқталмаған 

өндiрiс, басқаларға көрсеткен қызметтерi, сондай-ақ жұмыстарды орындау және 

қазметтердi  көрсету  барысында  пайдалануға  арналған  қосалқы  бөлшектерi, 

отындары,  ыдыс  және  ыдыстық  материалдары,  жартылай  фабтикаттар  және 

басқа  да  материалдары  сол  ұйымның  тауарлық-материалдық  қоры  түрiндегi 

ағымдағы активi болып табылады. 

Материалдарды есептеудiң негiзгi мiндеттерi: 

Дайындалған,  келiп  түскен  және  өндiрiске  немесе  сыртқа  босатылған 

материалдарды уақытында есептеп, кiрiске алу немесе есептен шығару. 

Материалдардың  қоймада  және  тасымалдау  кезiнде  түгел  сақталуын 

бақылау. 

Материалдық  қорлар  қалдығының  белгiленген  мөлшерден  артып  немесе 

төмендеп кетпеуiн бақылау. 

Материалдарды өндiрiсте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен 

анықталған мөлшерiн және тұтыну мөлшерiнiң қорын анықтау. 

Материалдардың өндiр iсте ұтымды пайдалануын бақылау. 

Дайындалған  материалдардың  өзiндiк  құнын  анықтап  және  олардың 

жоспарлы  есептеу  бағасынан  айырмашылығын  тауып,  пайдаланылған 

материалдар құнын әр объектiнiң шығынына қосу.  

Жақсы  және  дұрыс  ұйымдастырылған  есеп  материалдардың  түгел 

сақталуына,  үнемдi  пайдаланылуына  көмегiн  тигiзедi.  Материалдардың  түгел 

және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшiн алдын 

ала мыналарды жасау қажет: 

-  тиiстi  түрде  жабдықталған  материалдық  қорларды  сақтайтын  қойма 

немесе  бөлме  болуы  қажет  және  бөлмелердiң  әрқайсысы  материалдардың 

белгiлi бiр түрiн сақтауға арналған болуы керек; 

-  материалдар  қойманың  әр  бөлiгiнде  өздерiнiң  түрлерi,  сорттары, 

өлшемдерi  бойынша  керектi  кезiнде  тез  алуға  және  босатқаннан  кейiнгi  кезде 

қалдығын тексерудi қамтамасыз ететiндей етiп орналастырылуы керек. 




48

 

 



Материалдардың есебiн дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшiн мыналар 

керек: 


- материалдардың бiрiңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу 

бағасын белгiлеу; 

-  құжат  айналымының  дәл  жүйесiн  белгiлеу  және  материалдарды  есепке 

алу мен есептен шығару операцияларының тәртiбiн сақтау; 

-  бiрiңғайланған  алғашқы  есеп  құжаттары  нысандарының  түрлерiн 

белгiлеу және олармен ұйымның барлық бөлiмдерiн қамтамасыз ету. 

Сонымен  қатар  материалдарды  алдағы  уақыттарда  пайдалану  үшiн 

өндiрiске  босату  және  басқа  жаққа  берiлетiн  мөлшерiн  белгiлеп,  оларды 

жетiлдiрiп отыру керек. Белгiленген тәртiп бойынша материалдардың қалдығын 

жаппай  түгендеу,  бақылау  арқылы  тексерiп  және  олардың  нәтижесiн  дер 

кезiнде есепке алып отыру қажет. 

 

6.2 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі 

Еңбек  заттары  біртекті  емес.  Олардың  бір-бірінен  өндірісте  атқаратын 

міндеттеріне  қарай,  сондай-ақ  физикалық  және  химиялық  қасиеттеріне  қарай 

өзара  айырмашылықтары  бар.  Сондықтан  да  материалдар  есебін  дұрыс 

ұйымдастырудың  ең  басты  мәселесі  –  оларға  экономикалық  жағынан 

дәлелденген  жіктеу  жасау  болып  табылады.  Өздерінің  өзгешеліктері  мен  өнім 

дайындауда атқаратын міндеттеріне қара материалдар: 

шикізат; 

негізгі материал; 

көмекші материал; 

жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді. 

Материалдық  қорлардың  ішінде  бөлек  топ  болып  отындар,  ыдыс  және 

ыдыстық  материалдар,  қосалқы  бөлшектер,  құрылыс  материалдары,  тағы  да 

басқалар  есептеледі.  Отындар  тобына  техникалық  мақсатта  энергия  өндіруге, 

үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.  

Ұйымның    бухгалтерлік  есепшоттар  кестесінің  арнайы  бөлімінде 

«Қорлар» есебі мына аналитикалық шоттарда жүргізіледі: 

-  шикізат пен материалдар;  

-  сатылып алынған жартылай фабрикаттар; 

-  отындар; 

-  ыдыс және ыдыстық материалдар; 

-  қосалқы бөлшектер; 

-  басқадай материалдар; 

-  өңдеуге берілген материалдар; 

-  құрылыс материалдары. 



6.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 

Кәсіпорындар  мен  ұйымдарда  материалдық-техникалық  жабдықтармен 

қамтамасыз  етужұмысымен  арнайы  бөлім  және  мамандар  шұғылданады.  Олар 

ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау