1С: Кәсіпорында конфигурлеу және администрирлеу негіздері


Тақырып 4. Анықтамалықтар мен құжаттар және оларды



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет10/19
Дата15.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13853
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

28

 

 



Тақырып 4. Анықтамалықтар мен құжаттар және оларды 

қолдану тәсілдері 

Мақсаты: 

Анықтамалықтар мен құжаттардың жалпы түсінігін анықтау, үйрету және 

түсіндіру. 

Жоспары: 

4.1 Анықтамалықтардың құрылымы, элементтері 

4.2 Құжаттар және оларды қолдану тәсілдері 

4.3 Құжаттың формасының диалогы 



 

4.1 Анықтамалықтардың құрылымы, элементтері 

Талдамалы  есеп  жүргізу  және  алғашқы  құжаттарды  құру  барысында 

анықтамлықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып саналады. 

1С:Бухгалтерия  жүйесінде  көп  деңгейлі  анықтамалықтар  (10  деңгейге  дейін  ) 

ұйымдастыруға болады.  

 

 



 

12-сурет. Анықтамалықтарды құрастыру формасы 

 

Жүйеде бағынышты анықтамалықтар механизмі қарастырылған. Мұндай 



механизм 

әр 


түрлі 

анықтамалақтардың 

элементтерін 

бір-бірімен 

байланыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бағынышты  анықтамалықтардағы  әр  бір 

элемент  негізгі  анықтамалықтың  нақты  бір  элементімен  байланысты.  Жұмыс 

барысында  бағынышты  анықтамалық  терезесінен  таңдалған  элементтер 

жиынтығы  негізгі  иеленуші  анықтамалықтың  ағымдағы  элементі  болып 

табылады. 

Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүреді: 

1. Анықтамалықпен элементті таңдау, 



29

 

 



2. Анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу. 

Қарап  шығу  және  таңдау  режимінде  анықтамалықтарды  программаның 

басты  мәзірінен,  құралдар  тақтасынан,  басқа  арқылы  ашуға    болады.  Таңдау 

режимінде  субконто  мәнін,  тұрақтыларды,  басқа  анықтамалық  деректемелерін 

немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін немесе кнопкасын басу 

арқылы анықтамалықты ашуға болады. Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда 

таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, ENTER 

пернесін  немесе  құралдар  тақтасынан  керекті  кнопканы  басу  арқылы 

түзетілетін деректемені (реквизитті) немесе тұрақтының  мәні ретінде ағымдағы 

элементті  енгізе  аламыз.  Анықтамамлық  формасына  программаны  басты 

мәзірдегі      «Амалдар  (Операции)»  пунктінен  «Анықтамалық  (Справочник)» 

бөлімін  немесе  құралдар  тақтасынан  кнопкасын  таңдау  арқылы  қол  жеткізуге 

болады.  

 

 



 

13-сурет. «Банки» анықтамалығының формасы 

 

Экранға  жүйедегі  тізімге  бар  анықтамалықтар  тізімі  шығады.  Маустың 



немесе  перненің  көмегімен  тізімнен  керекті  анықтамалықтың  атауын  таңдап 

OK  кнопкасын  басыңыз.  Экранға  жүйеде  бар  анықтамалықтар  тізімі  шығады. 

Егер  анықтамалық  көп  элементтен  жолдан  және  көп  бағанадан  тұрса,  онда 

анықтамалық  кестесіне  оның  нақты  бөлігі    (тек  экранға  сыйған)  шығады, 

кестенің  сол  жағына  төменгі  бөлігіне  қарау  (оқу)  сызығы  шығады.  Егер 

ағымдағы  анықтамалық  үшін  мәзірдің  әрекет  пунктіндегі  сатылы  тізім 

командасы  таңдалған  болса,  онда  анықтамалық  бағанасының  сол  жағына 

жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады. 

Анықтамылықтағы  жолдың  екі  түрі  болуы  мүмкін:анықтамалықтың 

элементі  және  анықтамалық  тобының  атауы.  Анықтамалықтағы  топты  ашу 

келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін. 



30

 

 



Кестедегі  керекті  топ  атауының  таңбасына  маустың  көмегімен  екі  рет 

басу  немесе  Курсорды  керекті  топ  атауына  қойып    Ctrl    +  немесе  Курсорды 

керекті топ атауына қойып программаның басты мәзірдегі  «Әрекет» пунктінің 

«Келесі деңгей» командасын таңдау. Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу. 

Топтың  бұтақ  тәріздес  түрінің  құрамы  анықтамалықтағы  топтың  атауынан 

тұрады  және  ол  біріншіден,  анықтамалықтың  құрылымын  қарап  шығу  үшін, 

екіншіден,  анықтамалықтың  нақты  тобына  кіретін  элементтерге  тез  өту  үшін 

ыңғайлы.  Бұтақтағы  «+»  таңбасы  осы  бұтақтың  ішінде  қосалқы  бұтақ  барын 

білдіреді.  Топтың  ашу  маустың  көмегімен  таңбаға  екі  рет  басу  арқылы 

орындалады  «+»  таңбасы    «-»  кеауысады.  Ал  топты  жабу  үшін  «-»  таңбасын 

маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті. 

 

 



 

14-сурет. Анықтамалықтарды жасаудың формалары 

 

Анықтамалық  терезесі  көруге  немесе  элементтерді  таңдауға  ашылғанда 



оның  коды,  элементтердщің  атауы  немесе  кез  келген  деректемесі  бойынша 

реттеуге  болады.  Реттеуді  программаны  басты  мәзіріндегі  «Әрекет»  пунктінің 

«Реттеу»  командасын  таңдау  арқылы  орындалады.  Реттеуді  жылдамдату  үшін 

келесі пернелер қосындысы қолданылады: 

Ctrl  +1  элементті коды бойынша реттеу 

Ctrl  +2  элементті атауы бойынша реттеу 

Ctrl  +3  кез келген деректеме бойынша реттеу. 

Анықтамылыққа жаңа элемент енгізу. 

Анықтамалыққа жаңа элемент жүргізу үшін келесі амалдар орындалады: 

Анықтамалық  тезесіндегі  құралдар  тақтасынан  кнопкасын  таңдаңыз 

немесе Ins пернесін басыңыз немесе Программаның басты мәзіріндегі «Әрекет» 

пунктіндегі  «Жаңа»  командасын  таңдаңыз.  Анықтамалықтағы  элементтерді 




31

 

 



түзету  үшін  курсорды  түзетілетін  ұяшыққа  қойып  ENTER    пернесін  басыңыз 

немесе  маустың  көмегімен  сол  элементке  екі  рет  басыңыз.  Анықтамалық 

элементтерін  қарап  шығу  үшін  курсорды  жолдың  кезекті  элементіне  қойып, 

келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз. 

 

 

  



15-сурет.Анықтамалықтардың түрлері 

 

Анықтамалық  терезесіндегі  құралдар  тақтасынан  кнопкасын  таңдаңыз 



немесе  Программаны  басты  мәзіріндегі  «Әрекет»    пункті  бойынша  «Қарау» 

командасын  таңдаңыз.  Анықтамалықтың  элементтерні  жою  (жоюға  белгілеу) 

Анықтамалықтан  элементтерді  жою  және  жоюға  белгілеу  үшін  курсорды 

керекті элементке қойып келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз. 

Del пернесін басыңыз немесе мәзірдің Әрекет пунктінің Жою командасын 

таңдаңыз.  Жойылуға  белгіленген  белгіні  алып  тастау.  Анықтамалық 

элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін курсорды кңеректі элементке қойып, 

келесі әрекеттердің бірін орындаңыз: 

Del    пернесін  басыңыз  немесе  Программаның  басты  мәзірінің  Әрекет  

пунктінің Жоюдағы белгіні алып тастау командасын таңдаңыз.  

Анықтамалық элементін көшіру.  

Жаңа  элемент  немесе  элементтер  тобын  көшіру,  анықтамалықта  бар 

элементтерді немесе элемент тобын көшіру арқылы енгізілуі мүмкін. Ол үшін 

курсорды  керекті  элементке  немесе  элементтер  тобына  қойып,  келесі 

әрекеттердің бірін орындау жеткілікті: 

F9  пернесін  басыңыз  немесе  Программаның    Әрекет  пунктінен  Көшіру 

командасын таңдаңыз. 

Кәсіпорын  жайлы  барлық  ақпарат  Тұрақтылар  тізіміне  енгізіледі. 

Анықтамалықтың ыңғайлығы сонда, оған ақпарат бір рет енгізіліп, құжат құру, 

нәтижелерді  есептеу,  есеп  беру  қүұжаттарын  алу  барысында  көп  рет 

қолданылады.  Тұрақтылар  анықтамалығы  экранға  программаның  басты 

мәзірінің Амалдар пунктінен Тұрақтылар бөлімін таңдаңыз. 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау