21
Метаберілгендер деп 1С:Кәсіпорын жүйесінде ақпаратты өңдеу және
сақтау үшін қолданылатын объекттер жиынтығын айтамыз.
Қолданушы интерфейсі деп 1С:Кәсіпорын жүйесіндегі басты мәзірдің
командаларының және құралдар панелінің жиынтықтарын айтамыз. Олар
арнайы берілгендер объектілерімен жұмыс жасайды. Қолданушы интерфейсі
қолданушы категорияларына байланысты жасалынады. Интерфейсті жасау
мақсаты болып қолданушыларға ақпаратты ыңғайлы түрінде жеткізу.
Хұқық деп 1С:Кәсіпорын жүйесінде ақпаратпен кімнің жұмыс істегенің
анықтағанын айтады. Қолданушылардың құқығының жиынтығы олардың
міндетімен анықталады.
Конфигурацияның негізгі үш бағыты бір-бірімен тығыз байланысқан,
сондықтан да барлық өзгертулер алдын-ала келісім арқылы қарастырылған.
Конфигурацияның өзінің қасиеттері болады, оларды редактірлеуге
болады. Конфигурацияның қасиетін редактілеу үшін қасиеттердің палитрасы
қолданылады.
Модул. Модул деп 1С:Кәсіпорын жүйесінде кірістірілген тілдегі
бағдарламаларды айтамыз. Модулдер метаберілгендердің құрылымының
нүктесінің берілген жерінде орналасады және орындалуы үшін 1С:Кәсіпорын
жүйесінің жұмысында алдын-ала шақырылады.
Глобальдік модул. Глобальдік модул деп 1С:Кәсіпорнын қосқан жағдайда
автоматты түрде орындалатын модульді айтамыз.
Глобалдік модулде процедуралар және функциялар қолданалады.
Процедуралар мен функциялар глобалдік модулдің глобалдік контексінің
құрамды бөлігі болып табылады.
Глобалдік модулде жұмыс жасау үшін Конфигурацияның –
Метаберілгендер терезін ашып, Конфигуратордың «Іс-әрекеттер» мәзірінен
«Глобальный модуль» пунктін таңдап алу қажет.
Глобальдік модул конфигурацияның бөлігі бола отыра, конфигурацияның
құрамында ғана сақталады.
Кестелер. Жалпы кестелердің механизмі баспа беттерінің формасының
шаблонын жасауға мүмкіндік береді, ағымдағы конфигурацияның кез келген
модулінен қол жетім болып табылады. Мысалы, жалпы кестелерді қолдану
глобалдік модул арқылы құжаттың кестелерін қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Жалпы кестелерді қолдану үшін Конфигуратордың «Іс-әрекеттер»
мәзірінен «Общие таблицы» пунктін таңдау қажет.
Конструктор.
1С:Кәсіпорын
жүйесінің
конфигураторы
өзіне
конструкторлар жиынтығын қосады. Олар конфигурацияның типтік
элементтерін тез және жеңіл түрде жасау үшін қосымша инструмент ретінде
қолданылады.
Басып-шығару
конструкторы
анықтамалықтардың,
құжаттардың, журнал құжаттарының басу формасын шығару үшін жасалған.
Есеп беру макетін тағайындау конструкторы- метаберілгендердің
объектерінің басу формасының шаблоның автоматикалық түрде жасайды.
Бухгалтерлік сұраныстарын тағайындау конструкторы – есеп беру
автоматты түрде жасау.
22
Сұраныстар
конструкторы
1С:Кәсіпорын
жүйесінің
сұраныстар
механизмі қолданылатын модулдерді өндеуді жеңілдетеді.
Шығаруды негізге алған конструктор құжаттың модулінің формасында
шығаруды негізге алған процедураны жасау үшін қолданылады.
1С:Кәсіпорын жүйесіндегі конфигурация объектілері көмегімен жүзеге
асқан пәндік аймақтың нақты ұғымының компьютердегі аналогын
конфигурация объектісі деп атаймыз.
Кез келген конфигурация объектісі әмбебап қасиеттер жинағына ие. Бұл
жинақ жүйе деңгейінде сипатталған және есептің конфигурациясын баптау
кезінде өзгертілмейді. Кез келген конфигурация объектісінің негізгі қасиеті
оның аты болып табылады. Жаңа конфигурация объектісін құру кезінде оған
автоматты түрде, объект түрі бойынша анықталатын, сөзден және саннан
тұратын шартты ат меншіктеледі. Бұл атты конфигурация объектісін баптау
кезінде, оның уникалдылығын сақтай отырып өзгертуге болады.
1С:Кәсіпорын жүйесіндегі конфигурация объекттері:
1.Тұрақтылар (константы). Жүйеде тұрақты және шартты тұрақты
ақпаратпен жұмыс істеу үшін «Константа» («Тұрақты») типті объектілер
қолданылады. Тұрақтыларда сақталатын ақпарат сирек өзгеріп, жұмыста көп
қолданылады.
7-сурет.Тұрақтыларды сипаттау формасы
2. Анықтамалықтар (справочник). Анықтамалықтар есеп берулер
кезіндегі мәліметтерді енгізу үшін немесе құжаттарды толтыру үшін
қолданылатын бір типті объектілер. Әдетте, материалдар, қызметкерлер,
тауарлар тізімдері және т.б. анықтамалықтар болып табылады.
23
Конфигурациялау кезеңінде әрбір нақты анықтамалықтың қасиеттерін
сипаттауға болады. Конфигурацияда бір пәндік аймақты автоматтандыру үшін
қолданылатын мәліметтерді сақтау үшін қажетті анықтамалықтар саны
құрылады. 1С: Бухгалтерия көп сатылы анықтамалықтар мен және бағынышты
анықтармен жұмыс жасайды.
3. Тізбектеу (перечисление). Тұрақты мәліметтер жиынтығын тізбектеу
үшін қолданылады. Мысалы: ақшаны тізбектеу қолма-қол, қолма-қол емес.
8-сурет. Тізбектеуді құрастыру формасы
4. Бухгалтерлік шот. Бухгалтерлік есептің жоспарланған шотын
сақтауға арналған. 1С:Бухгалтерия бір мезетте бірнеше жоспарланған шоттарда
жұмыс істей алады. Жоспарланған шоттардың әрқайсысында өздерінің кез-
келген шоттарының кодының ұзындығы және суб. счеттардың сатысыныңсаны
болады.
5. Операциялық және проводкалар. Мүліктердің қозғалысын
бухгалтерлік есеп беруде операциялар және проводкалар түрінде жазады.
Операция кәсіпорында бухгалтерлік есепте болған толықтай шаруашылық
операциясын басқарады, ол бірнеше проводкаларды сақтай алады. Проводкалар
өз бетімен операциядан бөлек бола алмайды.
6. Субконттар термині бухгалтерлік счеттарбойынша аналитикалық есеп
беруді қолдануға арналған жиынтық мәндерін енгізу үшін қолданылады.
7. Құжаттар. Конфигурацияның «Құжат» объектісі ақпаратты сипаттауға
арналған қолданбалы объект болып табылады. Конфигурацияның «Құжат»
объектісінің негізінде платформа мәліметтер қорында құжаттар сақталатын
ақпараттық құрылым құрады. Құжат жүргізу қасиетімен мәліметтер қорының
басқа объектілеріне қарағанда ерекшеленеді. Құжатты жүргізу дегеніміз, өзі
көрсетіп тұрған оқиға есептің жағдайына әсер еткендігі. Құжатты жүргізгенге
дейін есеп жағдайы өзгеріссіз болады. Ал құжатты жүргізе салысымен,
құжатпен есепке енгізілген өзгерістер өз күшіне еніп, есеп жағдайы өзгереді.