1.ҚАржылық ҚҰралдар есебі мен бағалануы және инвестициялар есебі



жүктеу 93,5 Kb.
бет2/2
Дата19.05.2020
өлшемі93,5 Kb.
#30507
1   2
1 дәріс

Баланстық есеп беру

Ағымдағы активтер

Алынуға тиіс пайыздар $2000

Ұзақ мерзімді инвестициялар

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар,

амортизацияланған құны бойынша $48226



Табыстар мен шығыстар туралы есеп беру

Басқа да табыстар мен пайда

Пайыздар бойынша табыс $4765
Сауда бағалы қағаздары шынайы құнымен бағаланады, кезең сайын қайта бағалау жүргізіледі және олардың нәтижесі таза табыста танылады.

Сауда бағалы қағаздары аз уақыт ішінде сату ойымен ұсталынады.Бұл бағалы қағаздарды иемдену кезеңі әдетте 3 айдан аз және мүмкіндігінше күндер немесе сағаттармен өлшенеді.

ҚЕХС сәйкес сауда бағалы қағаздары есепті кезең соңында шынайы құнына дейін түзетілуі тиіс.Құнның өзгеруі басқа да жалпы табыс емес, таза таза пайданың бөлігі ретінде көрсетіледі.

Мысалы, 2000 жылдың 31 желтоқсанында “Азимут” компаниясы сауда бағалы қағаздар қоржынының жалпы құны $200000 екенін анықталады, олардың шынайы құны $204520 құрайды.Қайта бағалаудан түскен пайда не береді $4520(204520-200000).

2000 жылдың 31 желтоқсанында құнның көбею есебіне арналған және иемденуден түскен пайданың шынайы құнына дейінгі бағалы қағаздарды түзетуге арналған түзету проводкасы жасалынады.

Сауда бағалы қағаздары 4520

Сауда бағалы қағаздарын қайта бағалаудан түскен табыс 4520
Сатылып жатқандары да есепте шынайы құны бойынша көрсетіледі, қайта бағалау акционерлік капиталдың бөлек компонеті - өткізілмеген пайда/шығын/ ретінде көрсетіледі.

Мысалы, ”Грация” компаниясы 2000 жылдың 1 қаңтарында құны $50000 болатын 3-жылдық 10%-дық пайыздары 1 шілде мен 1 қаңтарында төленетін облигациялар алды. Облигациялар $52620 сатылады, бұл облигациялар бойынша сыйақылардың мөлшерін $2620 және 8% нақты пайыздық ставкаға әкеледі.

Негізгі соманың ағымдағы құны 50000*0,7903(6пер,4%) 39515

Пайыздың ағымдағы құны 2500*5,2421(6,4%) 13105

Облигацияның ағымдағы құны $52620

Сыйақылар 50000-52620 $2620


2000 жылдың 1 қаңтарындағы инвестицияны көрсету проводкасы келесідей:

Сатылуға бар бағалы қағаздар 52620

Ақша құралдары 52620
Сыйақылар 2000-2003 үш жыл аралығында әр кезеңде көрсетілетін пайыздық пайдаға өтелуі тиіс.Әр жылы есептен шығарылатын сыйақылар көлемін анықтау үшін амортизациялық кестені құраймыз.

Облигациялар бойынша пайыздық пайда мен сыйақылар амортизациясы – тиімді пайыздар әдісі.


1.2.-кесте. Сатып алынған 10% облигация 8%–дық табыспен бірге.



Мерзімі

Алынған ақша қаражаттары

Пайыздық пайда

Облигациялар бойынша жеңілдіктер

Облигацияның баланстық құны

1.1.00













1.7.00

2000(1)

2105(2)

395(3)

$52620

1.1.01

2500

2089

411

52225(4)

1.7.01

2500

2073

427

51814

1.1.02

2500

2055

445

51387

1.7.02

2500

2038

462

50942

1.1.03

2500

2020

480

50480




$15000

$12380

$2620

50000

(1) 50000*5%=2500, вексель бойынша жылдық пайыздық ставка 10%, пайыздарды төлеу жылына 2 рет, онда 10%/2=5%

  1. Алдыңғы жылдың соңғы баланстық құны алынады және тиімді нарықтық ставкаға көбейтіледі 52620*4%=$2105

(3) Сыйақылар амортизациясы=Алынған ақша қаражаттары – Пайыздық пайда

2500-2105=$395

(4) Кезең соңындағы баланстық құны= Алдыңғы жылдың баланстық құны- Сыйақылар амортизациясы

52620-395=$52225

Есепте келесідей проводкалар жүргізіледі:


  1. 2000 жылдың 1 шілдесінде пайыздарды алу.

Ақша қаражаттары 2500

Сатуға бар бағалы қағаздар 395

Пайыздар бойынша табыс 2105
2. 2000 жылдың 31 желтоқсанында “Грация” компаниясы пайыздар бойынша табыстарды тану үшін келесідей проводкалар жасайды:

Алынуға тиіс пайыздар 2500

Сатуға бар бағалы қағаздар 411

Пайыздар бойынша табыс 2089


3. 2001 жылдық 1 қаңтарында пайыздарды алуға келесідей проводка жүргізіледі:

Ақша қаражаттары 2500

Алынуға тиіс пайыздар 2500
2000 жылы “Грация “компаниясы келесідей мөлшерде табыс таниды:

2105+2089=$4194

Егерде, 2000 жылдың аяғында облигацияның шынайы құны $50000 құрайды.Баланстық құнмен салыстырамыз 51814-50000 1814. “Грация” компаниясы иемденуден пайда болған өткерілмеген шығынды тануы тиіс.

2000 жылдың 31 желтоқсанында

Иемденуден пайда болған өткерілмеген шығын(Меншікті капитал) 1814

Сатуға бар бағалы қағаздардың шынайы құнын түзету 1814


Үлестік бағалы қағаздар- бұл иемдену үлесін көрсететін бар бағалы қағаздар,олар жәй,артықшылықты және басқа да акциялар болуы мумкін.Бұдан басқа олардың келісілген не анықталған бағасы бойынша иемдену үлесін алуға не пайдалануға құқығы жатады,мысалы,варранттар,опциондар.

Сатып алынғаннан кейінгі инвестициялар есебі әдетте дәрежесімен анықталады,мұнда бір корпорация(инвестор) келесі бір корпорацияның(инвестицияланатын компания) жәй акйияларындағы үлестік қатысуын иемденеді.Бір корпорацияның екінші бір корпорацияның жәй акцияларындағы инвестициялары инвестор иемделген инвестицияланатын корпорацияның дауыс беру құқығымен бірге акцияның пайызымен сәйкес сыныпталуы мүмкін:



  1. Иемденуі 20%-дан кем (шынайы құн әдісі)- инвестордың пассивті үлесі бар.

  2. Иемденуі 20%-50% аралығында (үлестік қатысу әдісі)- инвестордың әжептеуір салмағы бар.

  3. Иемденуі 50%-дан жоғары (консолидацияланған есеп беру)- инвестордың бақылау пакеті бар.

Осы нұсқаларды мысал ретінде көрсетейік.

1.Иемденуі 20%-дан кем.Үлестік бағалы қағаздар құны байынша есептелінеді.Кей жағдайда құнды анықтау қиын.Мысалы,үлестік бағалы қағаздар мүлікке не қызметке айырбасталып алынуы мүмкін,онда олар есепте қай құны бойынша дәл анықталатынына байланысты,осы мүліктің шынайы құны бойынша не бағалы қағаздың шынайы құны бойынша көрсетіледі.

Егер инвестордың үлестік қатысуы 20%-дан кем болса,онда инвестордың әсері инвестициаланатын компонияға өте аз не жоқ есебі. Мұндай жағдайда, егер нарықтық баға белгілі болса,онда инвестиция сатып алынған соң, шынайы құн әдісі бойынша бағаланады және көрсетіледі.Шынайы құн әдісі компаниядан үлестік бағалы қағаздарды сатуға бар нақты не сауда бағалы қағаздары ретінде сыныптамалауды талап етеді.Үлесте бағалы қағаздардың жабу мерзімі жоқ болғандықтан,олар жабылғанға дейін ұсталынатын болып сыныпталмайды.

“Рашен”компаниясы 2005 жылдың 15 қаңтарында үш компанияның жәй акцияларын алды,әр инвестицияның үлестік қамту мөлшері 20%-дан кем.

Компания “Сэм” $156000

Компания “Лала” 287300

Компания “Ритм” 141200

584500


Бұл инвестициялар былай көрсетіледі:

2005 жылдың 15 қаңтарында

Сатуға бар бағалы қағаздар 584500

Ақша қаражаты 584500

2006 жылдың 6 желтоқсанында «Рашен» компаниясы «Лала» компаниясының жәй акцияларына салынған өзінің инвестициясынан ақшалай $3100 сомада дивиденд алды. Дивидендтер келесідей тіркелінді:

2006 жылдың 6 желтоқсанында

Ақша қаражаттары 3100

Дивидендтер бойынша табыс 3100


Жыл бойына барлық үш компания таза пайда тапты. Біздің мысалда компания тек 20% жәй акциясын иеленеді және инвестордың әсері инвестицияланатын компанияға өте аз, сондықтан инвестицияланатын компаниядан алынған табыс инвестордың инвестициядан алынған табысы болып танылмайды. Мұндай жағдайда шынайы құнмен есептеу әдісі қолданылады, бұған сәйкес инвестор тапқан табыс теек дивидендтер жарияланғаннан кейін соның мөлшерінде танылады.

Егер 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы есепті кезеңнің соңында бағалы қағаздар пакетінің шынайы құны $500000 құраса, онда бағалы қағаздардың құнын түзету керек 584500-500000 = $84500

2006 жылдың 31 желтоқсанында

Иемденуден пайда болған өткерілмеген шығын (Меншікті капитал) 84500


Сатуға арналған бағалы қағаздардың шынайы құнына дейін түзету 84500
«Рашен» компаниясы 2006 жылдың 10 қаңтарында «Сэм» компанияның барлық жәй акцияларын сатты, $200000 көлемінде табыс алды

Ақша қаражаттары 200000

Сатуға бар бағалы қағаздар 156000

Акцияларды сатудан түскен табыс 44000


Құнның кез-келген өзгеруі таза табыстың бөлігі ретінде көрсетілгеннен басқа, сауда акционерлік қағаздарды көрсетуге арналған бухгалтерлік проводкалар сатуға бар үлестік бағалы қағаздардың құнына арналғанмен бірдей.
жүктеу 93,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау