1«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының


Атмосфералық ауа мониторингі



жүктеу 2,44 Mb.
бет18/45
Дата19.03.2022
өлшемі2,44 Mb.
#37872
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының аймақтың қоршаған орта компоненттеріне тигізетін антропогендік әсері

2.2 Атмосфералық ауа мониторингі

Атмосфералық ауа мониторингі оның күйі мен ластану дәрежесін бағалау және бақылау үшін жасалады.

Күнделікті тәжірибеде аэрополютанттардың концентрациясы мен түрлерін анықтаудың төмендегідей тәсілдері қолданылады:


  • атмосфераға шығарылатын заттардың сапалық және сандық қүрамын анықтау;

  • атмосфераның жер төңірегіндегі қабаттарындағы ластанудың нақты деңгейін анықтау;

  • Шығарынды ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті деңгейін анықтау;

  • Инженерлік-техникалық зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, өндірістік алаңдар мен оған шектес аумақ территорияларының бас жоспарына түзетулерді уақытында енгізу;

Атмосфералық ауаның сынамасындағы зиянды заттардың концентрацияларын анықтау үшін газ анализаторлармен бірге иодометрлік және нитрометрлік әдістерді қолданатын химиялық анализ әдісі қолданылды. РД 5.04.186-89 нормативтік құжатына сәйкес атмосфералық ауаның күйі «АХҚЗ» АҚ өндіріс алаңдары мен жинақтағыш тоғандар аймағы мен санитарлық қорғау аймағы шекарасында, сонымен қатар фондық нүктелерден алынатын сынамалар арқылы анықталды. «АХҚЗ» АҚ маңындағы бақыланатын нүктелерден ластаушы заттардың оннан артық түрі табылды, әсіресе бейорганикалық шаң, азоттың қос тотығы (NO2), көміртегі тотығы (СО), күкіртті сутек (Н2S), хром (Cr). Желдің жылдамдығы көктемнің соңы мен жаз айларының аяғында күшейеді, сонымен бірге бұл уақытта жауын -шашын мөлшері азаяды. Сондықтан да ылғалдың аздығы мен желдің күшеюі аймақтың атмосферасына кәсіпорын шығаратын ластаушы заттардың тигізетін зиянын күшейтеді. Ластану дәрежесін нақтылау үшін өлшеулер жаз және қыс мезгілдерінде де жүргізіледі. Қар жамылғысынан алынған сынамалар тозаң құрамындағы Cr (ІІІ), Cr(VІ) мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. 2.2-суретте 2007 Атмосфералық ауа және қар сынамасы алынған жердің картасы картасы көрсетілген.

Сурет 2.2 Атмосфералық ауа және қар сынамасы алынған жердің картасы

● - алынған қар сынамасы

○- атмасфералық ауа сынамасы



2.1 - Кесте АХҚЗ өндіріс алаңында және осы кәсіпорынның оңтүстік – батыс бағытындағы саяжайлар аймағынан алынған сынамалар


Ластаушы заттың атауы

ШРКм.б.

Ластаушы заттардың концентрациясы

Фондық нүкте

Санитарлық- қорғау белдемі

Саяжай орналасқан аймақ

шаң

0,5

0,2

0,34

0,16

SO2

0,5

0,13

0,115

0,057

NO2

0,085

1,01

0,081

0,031

CO

5,0

0,34

0,28

0,12

Cr(VІ)

0,0015

0,0012

0,00079

0,00063

H2S

0,008

2,01

0,78

0,81

жинақтағыш- Тоғандардың өндірістік аймағы

Ластаушы заттың атауы

ШРКм.б.

Ластаушы заттардың концентрациясы

Фондық нүкте

Санитарлық- сақтау белдемі

Саяжай орналасқан аймақ

шаң

0,5

0,22

0,12

0,96

SO2

0,5

0,2

0,031

0,061

NO2

0,085

1,3

0,63

0,31

CO

5,0

0,24

0,16

0,52

Cr(VІ)

0,0015

0,6

0,59

0,45

H2S

0,008

0,29

0,59

0,79

Жүргізіліп отырған шараларға байланысты шлам тоғандарының атмосфераға тигізетін зиянды әсері жоқ деп есептеуге болады. Ұйымдасқан көздерден атмосфераға келетін зиян, күкіртті сутек пен азоттың қос тотығы элементтенрінің әсерінен болып тұр, оның себебі осы кәсіпорынмен бірге АФЗ мен ЖЭО көрші орналасуына байланысты. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылғы сынамалар күкіртті сутегі мен азоттың қос тотығының концентрациясының ауадағы өсуі байқалғанмен, бірақ оның деңгейі ШРК деңгейінен аспайды.



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау