№№19-20 (251-252) 13 қазан 2016 жыл «Ұстаз аты – мәңгілік»


№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата13.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#19049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж.

5

ТәУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ТәТТІ 

ЖЫРМЕН ЖЫРЛАДЫҚ

Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Халықтарының 

Тілдер күніне тілдер апталығы өткізілді. Тілдер апталығында гуманитарлық 

бірлестік жетекшісі Назгүл Темірболатқызы жоспармен таныстырып, тарих 

пәні  мұғалімі  Н.Ерекешова  тіл  туралы  баяндама  жасап,  тапсырмалар 

орындатты.

      Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үміткер Орынғалиев Қазақстан 

Республикасынының  Тәуелсіздігінің    25  жылдық  мерекесіне  арнап 

оқушылар арасында «Тәуелсіздікті жырлаймын» мәнерлеп оқу байқауын 

өткізді. Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысып, өз жанынан  өлеңдер 

шығарып,  ақындардың  өлеңдерін  жатқа,  мәнерлеп  оқыды.    Ағылшын 

тілі  пәні  мұғалімі  А.Ғилманова,  «My  language,  my  friend»  орыс  тілі  пәні 

мұғалімі А.Базарова  «Язык - мой, язык – мой» тақырыбында бастауыш 

сыныптарға өткізген    интеллектуалды сайыстарытартымды өтті. Сайыс 

қызықты өтіп, оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап берді. әрі  «Smile» тобы 

(2 – 3 сыныптар) жеңіске жетіп,  «Star»  тобы (4 сынып) белсене қатысқаны 

үшін марапатталды.   

           Апталықтың соңғы күні үш тілде тақпақтар мен әндер айтылып, 

Әсем  Қойшиеваның  сөзіне  жазылған,  Сейдолла  Бәйтерековтың  әні 

«Қазақ тілі» әнімен аяқталып, белсене қатысқан оқушылар дипломдармен  

марапатталды.

Жайнагүл ЖОМАРТҚЫЗЫ,

Саян  ФАЙЗУЛЛИН,

Анна АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Әбіш НЖББМ-нің «Жас тілші» үйірмесінің мүшелері

Казталов ауданы

 «Қат


Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Тіл –асыл қазына

 

Мен бақыттымын. Өйткені, менің кең байтақ Отаным, 



ардақты  ата-анам,  тұғыры  берік  айбынды  тілім  бар.  Әрбір 

адам баласына туған анасы қандай қымбат болса, туған тілі 

де сондай қадірлі. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған 

тілімізді қастерлеуіміз қажет. Тіл – біздің байлығымыз, асыл 

қазынамыз. Сондықтан байлығымызды бағалай білейік. 

Арман НҰРМҰҚАН

Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-нің 4 – сынып оқушысы

Борсы ауылы, Жәнібек ауданы

Қазақ тілі – ертеңім, 

болашағым

Осы сұрақтар аясында ауылдық кітапханамызда 

«Қазақ  тілім-болашағым,ертеңім»  атты    дөңгелек 

үстел  өтті.  Шараға  кітапханамыздың  тұрақты 

оқырмандары,  9-11-сынып  оқушылары,  мәдениет 

қызметкері,  бала-бақша    тәлімгерлері  қатысты. 

Пікір талас барысында үш тілдік оқу бағдарламасы  

сыналып,  әркім  өз  ойын  айтып,талқылады.    22-

қыркүйек тілдер күніне орай өткізілген  бұл дөңгелек  

үстелдің  өскелен  жас  ұрпақтың  тілімізді  танып 

білуіне  жол  ашары  хақ.  Осындай  шаралардың 

жиі  өтуі  оқушының  сана  сезімінің  қазақ  тілінің 

құдіреттілігін сезінуге, ұлылығын ұғынуы себепкер 

болады. Тіл мәселесі ежелден айтылып келеді,бұл 

тақырып кеңінен талқыланып та келеді,талқылана 

бермекте. Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай өзге 

тілді білсекте,өз тіліміздің мәртебесін   биік  тұтып 

құрметтеуіміз  қажет.  Еліміз  мәңгілік  ғұмыр  кешуі 

үшін  мәңгілік  тілімізді  қалыптастырып  алуымыз 

керек.  Тіліміздің  болашағы  жарқын  болған  кезде 

ғана біз кемел келешекке аяқ баспақпыз. Қазағым 

сөйлей  қалса  тілінен  бал  төгіліп,  қара  сөздің 

қаспағын  қырып,салиқалы  сөздің  сорпасын  ішіп  

сөйлеген.  Рухани  байлықтың  қайнар  көзі  болған 

тілімізді  қастерлеп,    қадірлейік,    қазағым.  Жасай 

бер, жалындай бер, қазақ тілім!



Мирамгүл ОРАЗБАЙ

Госплемстанция ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы

Теректі ауданы

Ана тілі-бәріміздің анамыз,

Өйткені ол-ұлтымыздың анасы.

                                                             Н.Ә.Назарбаев.

Дүниедегі  ең  қымбат  жандарым  әкем  мен  анам.  Әкем 

есімі-Абай.  Анам  есімі-Тыныштық.  Әкемнің  есімі  қазақтың 

ұлы, данышан ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне қойылған 

есім.  Сақ  болып  жүрсін,  абайлап  жүрсін  деген  мағынада 

қойылған.  Ал  анамның  есімі  әлемде  бейбітшілік  болсын, 

еліміз тыныш болсын деген терең мағынада. Мен осындай 

керемет,  терең  мағыналы  есімдерге  ие  әкем  мен  анамның 

болғанына  қуаныштымын.  Ал  өзімнің  есімім-Бибінұр. 

Айналасына нұрын, шуағын шашып жүрсін деген ұғымға ие. 

Мен  мұны  неліктен  айтып  отырмын?!  Себебі,  ана  тілімнің 

құдіреттілігі, қасиеттілігі, тілімдегі әр сөздің терең мағыналы 

болуы.

Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Адамды 



мұратқа  жеткізетін-ана  тілі.  Тіліміздің  байлығы-еліміздің  де 

байлығы. Ол-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес 

асыл қазына, алтын мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін 

қадірлеп, қастерлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол 

бермеуі керек. «Ана тілі-ар өлшемі» дегендей тілді шұбарлап 

сөйлегеніміз бұл арымызды шұбарлағанымыз. Тіл арқылы біз 

адамды қуантып, көңілін шаттыққа толтырамыз, сол секілді 

біз  тіл  арқылы  адамның  сағын  сындырып,  оны  мұңайтып, 

жылатамыз. «Бал тамған тілден у да тамады»-деп Бауыржан 

Момышұлы  атамыз  бекер  айтпаса  керек.  Менің  ойымша 

әрбір  адам  өз  тілін,  анасының  ақ  сүтімен  бойына  дарыған 

туған тілін құрметтеуі тиіс.

Біз  қазіргі  таңда  тәуелсіз,  еңсесі  биік,  зайырлы 

мемлекетпіз. Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Мемлекетіміздің 

әрбір  азаматы  мен  азаматшасының  қазақ  тілінде  сөйлеп, 

оны  жетік  меңгеруі-ел  алдындағы  парызы.  Өкінішке  орай 

кейбіреулер туған тілінде сөйлей бермейді. Өзінің ана тілін 

біліп тұрып өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз 

емес. Осы кезде «Неге осылар қаншама қиындықпен мұраға 

қалдырылған  тілімізде  сөйлемейді?»-деп  налисың.  Бұндай 

жағдайларда  қолдан  келер  шара  аз...  Дүние  жүзі  бойынша 

алты мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз байлығы 

жағынан қазақ тілі үшінші орынды иемденіп отыр.

Бүкіл  әлемге  белгілі  Шекспир  шығармашылық  өмірінде 

он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының 

ағартушысы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында 

он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан-ақ қазақ тілінің 

қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін аңғаруға болады. Ақын 

Мұқағали Мақатаев: 

«Ал екінші бақытым-тілім менің ,

 Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

 Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

  Қасиетті  тілімнен  түңілмедім»-деп  жырлады.  Ешқашан 

тілімізден  түңілмей,  туған  тілімізді  дамытуға  зор  үлес 

қосайық!

Бейбінұр КЕНЖЕҒАЛИ

Жаңабұлақ ОЖББМ-нің 8 – сынып оқушысы  

Пән мұғалімі: Жайнагүл  ӨТЕШҚАЛИЕВА

Ақжайық ауданы

Тіл-ұлттың 

жаны


Сарықұдық  негізгі  жалпы  білім  беретін 

мектебінде, Қазақ тілі және Әдебиет пәнінің 

мұғалімдері  Темірғалиева  Гүлфайруз 

Тілегенқызымен  Қарекенова  Ақмарал 

Айдынғалиқызының 

ұйымдастыруымен 

тәрбие  шаралар  оздырылды.  Онда: 

«Тіл  татулық  тірегі»,  «Ана  тіл-дана  тіл», 

«Әдеби 

монтаж», 



«Ы.Алтынсаринге 

175 


жыл»,«Поезия 

менімен 


егізбе 

едің»,«Жыр  мүшайрасы»,  «Поем  и 

говорим  по  русски»,«Мәдени  шара», 

«Тіл  мәртебесін  ұлықтайық»,  «Зияткерлік 

сайыс»  сайыстар оздырылды. Бұл шараға 

мектеп ұстаздарымен оқушылары белсене 

атсалысты.  Ел  басымыз  Н.Назарбаев 

«Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегінді 

ашуын  керек»  демекші  біздің  ана  тіліміз-

Қазақ  тілі.  Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл.  Бұл 

дәстүрлі  мереке  туған  тіліміздің  мықты 

болуына, әр оқушының жүрегіне потриоттық 

сезім  ұялатып,  тіліміздің  қадір-қасиетін 

арттыратыны  сөзсіз.  Туған  тіліміздің 

асқақтай беруіне біз тілектеспіз.

 

Айшад РАХЫМОВА                                                                                    

Сарықұдық НЖББМ-нің 7-сынып оқушысы 

Сарықұдық ауылы,

Казталов ауданы

Мен өз тілімді 

көркейтемін

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі-

қазақ тілі. Әр елдің болашағы-оның ана тілінде. Қазақ 

тілі-елдің,  ұлттың  мақтанышы,  мызғымас  берекесі.  

Ең  алдымен  ұлттық  құндылықтарымызды  сақтау 

үшін қазақ тілін бірінші орынға қоюымыз керек. «Тілі 

жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», - деп ұлы тұлға 

Ахмет  Байтұрсыновтың  осы  сөздерін  ұмытпауымыз 

керек.  Себебі,  тіл  елдің  ертеңгі  күні.  Ыбырай,  Абай 

аталарымыз осы тілде жырлап, бізге аманат ретінде 

тастады.  Сол  аманатты  басқаларға  насихаттап, 

көркейту біздің міндетіміз. 

Қазіргі  Елбасымыздың    яғни  Нұрсұлтан  

Назарбаевтың  айтуынша,    елдің    әрбір  азаматы  үш 

тілді білуі тиіс. Тіл білетін адам жан дүниесі, ой-өрісі 

бай адам. Бірақ та басқа шет тілін біле отырып, ана 

тілімізде сөйлеуді міндет деп санаймын. Мектептегі, 

теледидар, компьютер бағдарламаларының бәрі қазақ 

тілінде.  Бұл  қазақ  тілінің  өркендеуі  деп  ойлаймын. 

Қоғамдық қатынастарда жұмыскерлер ана тілін білуі 

керек. Қай жерде жүрсекте қазақша сөйлесуіміз қажет, 

солай біз қазақ тілінің үстемдігін одан әрі арттырамыз. 

«Өзге  тілдің  бәрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте»  демекші 

елімізде  тұрып  жатырған  азаматтардың  әрбіреуі 

қазақша  сөйлессе,    бұл  үлкен  жетістік  болар  еді. 

Тілегі бір, тірегі бір қазақ елінің өз ана тілін қастерлеуі 

керек. 

әсем БАЙМБЕТ

№1 мектеп – балабақша кешенінің 

8 «ә» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз ел. 

Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойламақшымыз. 

Осыған байланысты байланысты «Мен өз Отанымның 

патриотымын!»  атты  сынып  сағаты  өтті.  Біз  сынып 

сағатында  Ту,  Елтаңба,  Әнұран  және  Отан  туралы 

өлеңдерді  мәнерлеп  оқыдық.  Түрлі  сұрақтарға  жауап 

беріп,  өз  ойымызды  айттық.  Ұстазымыз  Сандуғаш 

Алпысқызы  үнемі  Отанымызды,  туған  жерімізді  сүюге, 

еліміздің  рәміздерін  және  ана  тілімізді  құрметтеуге 

баулып отырады. 

Біздің  ана  тіліміз  -  қазақ  тілі.  Ана  тілі!  Біз  үшін  ең 

қасиетті  сөз.  Өйткені,  ана  тіліміз  біздің  бойымызға 

ананың әлдиімен бірге дариды. Ана тілі – халқымыздың 

ұлттық байлығы. Сондықтан әр адам өз ана тілін білу 

керек.  Ал,  ана  тілін  дұрыс  білмеген  адам  сауатты  да 

жаза  алмайды.  Мен  ана  тіліммен  мақтанамын  және 

құрметтеймін!  Біздің  болашағымыз  ана  тілінде  екенін 

естен шығармайық, достар!



 Тоғжан ЖҰМАБАЕВА

Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ-нің 

2-сынып оқушысы

Тау ауылы, Жәнібек ауданы

Біздің болашағымыз – ана тілімізде!



жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау