№№19-20 (251-252) 13 қазан 2016 жыл «Ұстаз аты – мәңгілік»


№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет7/15
Дата13.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#19049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж.

7

Ұстазым мақтанышым

«Бала шақтан болашаққа білім берген ұстаздарым»

Ұстаз, ана – ардағым

Бақытын тапқан еңбектен 

Шөптікөл  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  -  балабақшасы 

оқушыларының  жүрегінен  ерекше  орын  ала  білген, 

жауапкершілігі мол, тәжірибелі әрі ізденімпаз, жаңашыл ұстаз, 

жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұғаманова Жанна 

Қабиқызына  педагогикалық ұжым құрметпен қарайды.

Әріптесіміз  1994  жылы  Шөптікөл  мектеп-  балабақшасында 

еңбек жолын бастаған. Шәкірт бойына қазақ тілі мен әдебиетінің 

сан  қырлы  сырын  меңгертіп,  адамгершілікті,  жауапкершілікті 

сезінуді, өз күшімен және білетіндей дәрежеге жеткізіп келеді. 

Мектебіміздің  оқушыларын  олимпиадаларға  дайындап, 

аудандық    байқауларда  шәкірттері  жүлделі  орындардан 

көрінуде. Баспасөз беттеріне еңбектері жарияланып, облыстық 

семинарларда  өзінің    іс-тәжірибесін  ұсынды.  Ұстаздық  еңбегімен  өрге  жүзген 

Жанна Қабиқызының мұғалімдік еңбегі бағаланып, облыстық білім басқармасының 

Құрмет  грамотасымен  және  бірнеше  мәрте  аудандық  білім  беру  орындарынан 

марапатқа  иеленді.

 

Жаны  жайсаң  ауыл  тұрғындарының  ілтипатына  бөленген  әріптесімізді 



кәсібіи мерекесімен құттықтап, жанұя бақытымен шәкірт тәрбиелеуде биік шыңнан 

көріне беруіне тілектеспіз.



Жаңылсын ҒАЛЫМҚЫЗЫ 

Шөптікөл ЖОББМБ-ның

ұзартылған күн тобының жетекшісі, Қаратөбе ауданы

Мерейлі ұстаз, Мереңізбен!

«Ұлы істің басында – ұстаз тұрар» демекші оқушымен жұмысына ата-ана 

ретінде  бастауыш  сынып  мұғалімі  Тусупкалиева  Алма  Сатыбалдықызына 

разы екенімді айтқым келеді. Ол балам-Максим Манарбектің алғашқы ұстазы 

ретінде 2014 оқу жылынан бастап №25 ОЖББ мектебінде еңбек етіп  келеді. 

Ұзтаздар алдында беделді, үлгілі, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, үнемі 

ізденіп, әр сабағын түрлендіріп, жаңа технологияларды пайдалана отырып, 

оқушы  санасында  қалатындай  қызықты,  сапалы  түрде  қызықтыра  отырып  

өткізеді. Еңбек ете бастағанына жылдар өтсе де, тәжірибелі ұстаз өзінің ізденімпаздығымен 

оқушыларға  талап  қоя  білетіндігімен,  сабақ  сапасын  арттырудағы  әдістемелік  жұмыстары, 

жетістіктері  көрініп  жүр.  Оқушылармен  жақсы  тіл  табыса  біледі  және  ата-аналармен  тығыз 

байланыста  болады.  Әр  түрлі  шараларға  оқушыларды  тиянақты,  мұқият  дайындықпен 

қатынастырады. 

      Еңбекқор ұстаз ешбір қиындықтардан қаймықпай үнемі ізденіс үстінде жүреді.

Алма  Сатыбалдықызының  ұстаздық  еңбегі,  білімі,  білігі,  дағдысы  және  адамгершілік 

тәрбиесінен де көрінеді деген сенімдемін. Көркем жазуы, ұқыптылығы, тазалығы және берілген 

әр іске жауапкершіліпен  қарайтын мінезімен ерекшеленетін бұл мұғалімнің әріптестері үлгі 

болар істері көп деп ойлаймын. 



Ата-аналар атынан:

 Жанаргүл  НҰРМАҒАМБЕТОВА

Орал қаласы

«Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге 

Ықыласпен  тоқылық»  -  деп,  барша  қазақ 

жұртының  қамын  ойлап,  алғаш  мектеп  ашқан 

Ыбырай  атамыз  жырлағандай,  алғаш  мектеп 

табалдырығын аттағанда алдымыздан қарсы алып, 

қырык екі әріпті үйретіп, қолымызға қалам ұстатып, 

әліппені оқытқан ұстазымыз  Айбарша Әскерқызы. 

 

Айбарша  Әскерқызы  бізге  қамқорлығын 



аямай әрі ұстаз, әрі анамыз бола білді.  «Адамның 

адамшылдығы...  жақсы  ұстаздан  болады»  -  деп 

Абай  атамыз  айтып  кеткендай  апайымыздан  

адамгершілік, еңбекқорлық,  ұқыптылық  қасиеттерді 

бойымызға сіңіріп өстік. Төрт жыл білім мен тәрбие 

дәнін қатар егіп өсірген аяулы ұстазымызбен қимай 

қоштасып, өмір мектебінің екінші баспалдағына аяқ 

басып бесінші одан, міне, алтыншы сыныпқа көшіп, 

оқып келеміз. «Ұстаз» атты құрметті мамандықтың 

иесі  болып,  ұлағатты  ұстазға  тән  үлгі  көрсеткен, 

талай  шәкірттердің  жүрегінен  орын  алып,  тәлімді 

тәрбие  берген  ардақты  ұстаздарымыздың  бірі 

де  бірегейі  болып  саналатын,    негізгі  буынға 

көшкенде    сынып  жетекшіміз  болып  қуана  қарсы 

алған  ұстазымыз  Гүлдана  Әлібекқызы  болатын.  

             Гүлдана Әлібекқызынан  ізденімпаздық, 

сабырлы  да  салмақтылық  секілді    қасиеттерді 

оқушылар  бойына  сіңіріп,  бүршік  атқан  гүлдің 

иісін  сездіріп,  жүрегіндегі  сәуле  шашқан  күннің 

нұрын  сеуіп,  санамызға  «білім»  атты  жырдың  

жүйесін  түсіндіріп,  сол  арқылы  іші  нұр  мен 

шуаққа  толы  «мектеп»  атты  кемемен  «білім» 

атты  теңізбен  жүздіріп,  «болашақ»    атты  тұғырға 

шәкіртерін  қондырып  жүрген  жандардың  бірі. 

              Қай  ұстаздарымызды  алсақ  та    шәкірттерін 

білім  нәрімен  сусындатып,  тәлім-тәрбие  беру, 

жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік 

рухта  бағыт-бағдар  беруде    еңбектері  зор. 

Олар  да  дихан  сияқты  әр  адамның  жанына  білім 

дәнін себеді, «өмір»  деген шексіз ғаламға қанатын 

қатайтып  ұшырады.  Сондықтан  да  ұстаз  еңбегі  – 

ұлы еңбек. Олардың алдынан ұлағатты ой иелері 

де, диханшы да, парасатты қоғам қайраткерлері де 

өткен. 


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,  

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын 

Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің 

мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың 

бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз 

жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, 

ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз 

шеберлік емес пе?!  Мұғалім болу әркімнің 

қолынан келеді. Бірақ нағыз ұстаз болу – 

барлығының бағына бұйырмайтын бақыт 

дегендей  ұстаз бақытына бөленіп жүрген 

барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен 

құттықтап, отбасыларына амандық, еңбектеріне 

шығармашылық табыстар тілеймін!



Аружан ТҰРДЫҒАЛИ

С.Есетов атындағы орта мектебінің 

6-сынып  оқушысы  

Талдықұдық ауылы, Казталов ауданы, 

Жаңашыл жас ұстаз

әріптес, әріптес туралы

Егеменді еліміздің өсіп келе жаткан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де 

батыл, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы 

дұрыс  қалыптасқан  азамат  етіп  тәрбиелеуде  мектептің  алатын  орны 

айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен 

тығыз  байланысты.  Мектеп  өмірі  балаға  жаңа  әлемнің  есігін  ашып 

беріп,  рухани  дүниесінің  қалыптасуна  негіз  салады.  Осы  мақсатта 

менің  мақаламның  кейіпкері,  әріптесім  Көктерек  орта  жалпы  білім 

беретін  мектебінің  информатика  пәнінің  мұғалімі,  жас  маман  –  Аягөз 

Есқайырқызы.

Аягөз  –  100  жылдан  астам  тарихы  бар  Жаһанша  Досмұхамедов 

атындағы  педагогикалық  колледжінде  «информатика»  мамандығы 

бойынша  оқуын  үздік  аяқтап,  өзінің  туған  жерінің    мектебінде  2013 

жылдан бастап жұмыс жасайды.

Ол  –  өз  кәсібін,  шәкірттерін  сүйетін  ұстаз.  Мектепке  келгеннен 

бастап, мектепішілік, аудандық байқауларға қатысып мадақтамалармен 

марапатталған болатын. Атап айтар болсам, мектепішілік «Ең үздік жас 

ұстаз - 2015» байқауында «Зерделі жас ұстаз», аудандық «Мұғалімнің 

жетістігі  шеберлігінде»  атты  жас  ұстаздар  сайысында  «Шығармашыл 

жас  ұстаз»,  аудандық  волейбол  жарысында  «Ең  үздік  ойынша» 

аталымдарына ие болды.

«Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»  демекші  Аягөз 

2013-2015  оқу  жылында  сынып  жетекшілік  еткен  болатын.  Шәкірттері 

Іңкәрім Салауатова мектеп тарихындағы  алғашқы «Алтын белгі» иегері 

атанып, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «филология» мамандығының грантын 

ұтып  алса,  ал  Лунара  Габдуллина  Батыс  Қазақстан  Медициналық 

колледжінде грант иегері атанды. Сонымен қатар  Жазира Жұмагереева, 

Жайық Теміржанов, Аңсар Орынғалиев сынды шәкірттері «Ақпараттық 

технологиялар»  және  «Информатика»  мамандықтарында  ұстазының 

жолын қуып оқып жатыр. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 10 – 

сыныпқа сынып жетекшілік етіп, 4 оқушысы «Алтын белгіге» үміткер.  

Әріптесімді  ұстаздар  күнімен  құттықтай  отырып,  жұмысына 

шығармашылық табыстар тілеймін. 

Орынша АХМЕТЖАНОВА

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Казталов ауданы

Аяулы ұстазым

Ұстаз  –  ұлағатты  есім.  Ұстаз 

барлық  өмірін  балаға  арнайды. 

Ел  басқарған  басшы  да,  егін 

еккен  егінші  де  ұстаздан  білім 

алған.  Сондықтан  ұстаздарды 

қадірлеуіміз керек. 

Біздің  мектепте  ұстаздар  өте 

көп.  Соның  ішінде  менің  аяулы 

ұстазымның 

орны 

ерекше. 


Ол  –  Сандуғаш  Алпысқызы. 

Ұстазымды  өте  жақсы  көремін.  

Ол  кішіпейіл,  өзгенің  бақытын 

аялаған,  өз  уақытын  аямаған 

асыл  жан.  Болашақта  жеткен 

жетістіктеріміздің  көп  үлесі  осы 

ұстазымның арқасы деп білемін. 

Мен ұстазымды мақтан етемін.



Тоғжан ЖҰМАБАЕВА

Ғ.Абдуллин атындағы 

ЖББОМ-нің

2 – сынып оқушысы

Тау ауылы,Жәнібек ауданы

Менің ұстазым

Менің  ұстазым  Құмарғалиева  Раушан  Ғаділқызы.  Ұстазым 

ақылды,  сабырлы,  мейірімді.    Ұстазымның  арқасында  жақсы  білім 

алып жатырмын. Ұстазым бізге ақылын айтып, білімін беріп отырады. 

Сыныпта біздер «Самал» газетінің әр санын асыға күтеміз және бірге 

оқимыз.  Мен  ұстазымды  құрметтеймін,  сыйлаймын.  Мен  ұстазыммен 

мақтанамын.

   Раушан  Ғаділқызын келе жатырған ұстаздар күнімен құттықтаймын.

Деніне саулық, жұмысына шығармашылық табыс тілеймін.

 

Айназ СИСЕНОВА

Сарықұдық НЖББМ-нің 4-сынып оқушысы

Сарықұдық ауылы, Казталов ауданы

Менің  сүйікті  ұстазым  Гульфайруз  Тілегенқызы.      Ол 

қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі.  Білікті  мұғалім 

оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасай біледі. 

Апайымыздың  жетістіктері  де  жетерлік.Ол  оқушылардың 

қабілетін ұштауға көп мән береді. Өз ұжымының ортасында 

ойып алар орны бар. Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға 

үйретеді.  Сонымен  бірге  ата-аналармен  оқушыларды 

қатыстырып,  түрлі  шаралар  жиі  ұйымдастырады.  Мен 

ұстазымды  құрметтеймін,  сыйлаймын.  Гүльфайруз 

Тілегенқызын ұстаздар күнімен құттықтай отырып, ұстаздық 

еңбек жолында шығармашылық табыстар тілеймін.

 

   Айнаш БЕКБОЛАТОВА

Сарықұдық НЖББМ-нің  7- сынып оқушысы

Казталов ауданы

Жаны сұлу апайым

Әліппе  мен  жазуды»  -  деп  мен  өз  апайым 

туралы  әрқашан  тақпақ,  айтамын.  Өйткені 

мен  ұстазымды  жақсы  көремін.  Менің  апайым 

Жансұлу  Елемесқызы.  Ол  өте  мейірімді,  қамқор,  

ақкөңіл  жан.  Біздің  сабақтар  өте  қызықты  өтеді.  

Сондықтан  мен  күнде  мектепке  көтеріңкі  көңіл 

күймен барамын. 



Еркежан УСПАНОВА

Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-нің

 

2-сынып оқушысы



Қамыстыауылы, Жәнібек ауданы


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау