№№19-20 (251-252) 13.10.2016 ж.
14
өздерің жазған хаттардан
Ардақты
ұстазым
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден
балаға» деп Абай атамыз айтқандай, бізге
бар ықылыстарын төгіп, білім, тәрбие беретін
ұстаздарымыз мектебімізде өте көп. Мен
өзімнің алғашқы ұстазым, сынып жетекшіміз
Еслямова Айжан Бақтығалиқызын мақтан
тұтамын. Сынып жетекшіміз ретінде бізге әр
тәрбие сағаттарында достық, адамгершілік,
әдептілікке баулитын сыныптан тыс шаралар
ұйымдастырады. Айжан Бақтығалиқызы –
мейірімді, сабырлы, қолы шебер , шәкірт
жанын керемет түсінетін адам. Мен ұстазымды
әрқашан сыйлап, мақтан тұтамын.
Линура СҰЛТАНОВА
№1 ЖОББМ-нің 4 «а» сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
«Мейірімді жүрек»
Қазан айы – мектебімізде жыл сайын
қайырымдылық айлығы боп есептеледі. Қазан
айының алғашқы күні қарттар күніне орай
қарттарға көмек көрсету жұмыстары да басталды.
Олардың ауласын жинап, бақшаларына қопсыту
жұмыстары жүргізілді.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері
«Мейірімді
жүрек»
акциясы
аясында
ауылымыздағы жалғызбасты қарттар мен Ұлы
Отан соғысы ардагері Ж. Жүнісов, атай мен тыл
еңбегінің ардагерлері Наукен Ажмұратов ата
мен Маржан Ажмұратова әженің үйіне барып,
халдерін біліп көмек көрсетіп қайтты.
Н.ИХСАНОВА
Подстепный қазақ жалпы білім беретін
мектебінің тәлімгері, Теректі ауданы
«Балаға мейірім сыйла»
Тихонов
мектеп-балабақша
кешенінде
«Мектепке
жол»
республикалық акция аясында көптеген жұмыстар жүргізілді.
Мектеп – балабақша
кешенінде
аудандық
бұйрық келгеннен кейін
акцияның жұмыс жоспары
құрылды. Акция аясында
мектептің аз қамтылған, көп
балалы және толық емес
отбасы балаларына Ақсай
қаласындағы
«Бестау»
және
«Жаңа
базар»
кәсіпкерлеріне
қатынас
қағаз жолданды. Қатынас
қағаздың
нәтижесінде
«Бестау» және «Жаңа базар» кәсіпкерлері қолдарынан келгенше көмектерін
аямады. Кәсіпкерлер мектептің аз қамтылған, көп балалы және толық емес
отбасы балаларына мектеп формаларын берді.
Сонымен қатар, мектеп ұжымынан мектеп мұғалімдері мектептің
аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балаларына мектептің
оқу құралдарын алып берді. Берілген заттардың барлығы ата – аналарға
табыс етіліп, ауыл әкімі К.Муканов кәсіпкерлерге алғысын айтты. Ата –
аналар атынан аз қамтылған отбасының отанасы Л.Распутняя сөз сөйлеп,
кәсіпкерлерге аналық алғысын айтып, мектеп ұжымына балаларды шаттыққа
бөлегендері үшін алғыс жаудырды. Әр жыл сайын балғындарды мектепке
дайындауда көпшіліктің басын қосатын игі бастама мектебімізде жалғасын
табуда.
Жаннат АМАНҚҰЛОВА
Тионов мектеп – балабақша кешенінің әлеуметтік педагогы
Бөрлі ауданы
«Үлкенге – құрмет»
Қ а р и я л а р
күні мерекесіне орай
мектебіміздегі
«Жас
Ұландықтар» ауылдағы
ата,
әжелерімізді
мерекемен
құттықтау
үшін үйлерді аралап,
құттықтау
хаттарын
табыстап,
гүл
шоқтарын
ұсынды.
Жас
жеткіншектерді
ауылымыздағы «Алтын
алқа
иегерлері»
Марфуға Дүйсенғалиева
әже, Қаташ Қарағойшина
әже, ІІ топ мүгедегі
Гүлнар Ихсанова апалармыз бен көмекке мұқтаж
ата- әжелеріміз жайдары қарсы алып, «Көмегін
аямайтын жастардың барына ризамыз»,- деп
ризашылықтарын білдірді
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қанымызда
бар қасиет. Біз оқушыларымыздың осындай
қайырымдылық шараларда өзіндік ойларымен
ұсыныс
білдіріп,
көмек
беруге
асығып
тұратындықтарын мақтан етеміз. Отбасы өнегесінен
тәлім алған ұландарымыздың мерейі үстем
болсын.
Назерке ИХСАНОВА
А.Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК» -нің
тәлімгері
«Жұбан жыры от жүректі жандырып»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай және облыс көлемінде жыл сайын
Жұбан Молдағалиевтың туған күні қарсаңына дәстүрлі
«Жұбан оқулары» аясында бүгін 5 қазан «Мәңгілік ел
идеясы – Жұбан жырында» атты акция өткізілді.
Шараға Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің
9-10 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Тасқала ауылдық кітапханасының меңгерушісі
Н.Желаева мен кітапханашы Ж.Сепетова акция мен
Жұбан Молдағалиев туралы мәлімет берді және
оқушыларға документалдық фильмі көрсетілді.
Оқушылар ақынның патриоттық тақырыбында
жырларын оқыды. Ең үздік мәнерлеп оқығандар Аделя
Киреева, Мерей Гайнулина, Кенже Сердалиева, Артем
Шуменов, Юлия Хамидуллина. Балалар жырларын
оқыған кезде ақынның сезімін көрерменге толықтай жеткізе білді. Соңында ұстаздар Б. Измагамбетова
Б.Сұлтангалиевалар ақын туралы кеңірек таныстырыпап, кітвапханашы Т. Нұрғазиева «Поэзия
толқынында» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Ж. СЕПЕТОВА
Тасқала ауылдық кітапханашысы
Тасқала ауданы
Ұстазым мақтанышым
Менің сүйікті ұстазым Гульфайруз Тілегенқызы. Ол қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі .Гульфайруз Тілегенқызы-білікті мұғалім. Оқушылармен тығыз
қарым-қатынаста жұмыс
жасай біледі.Гульфайруз
апайдың
жетістіктері
де
жетерлік.Ол
оқушылардың қабілетін
ұштауға
көп
мән
береді.Өз
ұжымының
ортасында ойып алар
орны бар.Оқушылардың
өз
ойларын
еркін
айтуға
үйретеді.
Сонымен қатар, ата-
аналармен оқушыларды
қатыстырып,
түрлі
шаралар жиі ұйымдастырады.Мен ұстазымды құрметтеймін,сыйлаймын.Ұстаздық
өміріне шығармашылық табыс тілеймін.
Айнаш БЕКБОЛАТОВА
Сарықұдық орта мектебінің7-сынып оқушысы.
Сарқұдық ауылы,Казталов ауданы
«Альпинист
аюлар»
Қызықты мәлімет
Әлемде аюлардың көп түрі
бар. Мысалы, ақ аю солтүстік
аймақта суық жерлерде өмір
сүреді. Ал қоңыр аю болса, орманды алқапта өзен су
тораптарының жанында тіршілік етеді. Солардың ішінде
биік таулы өлкелерде өмір сүретіндері де кездеседі. Олар
қарапайым адамдарға қиындық тудыратын қыраттарға
мықты тырнақтарымен оңай шығып кете алатын қабілетке
ие. Оларды жергілікті тұрғындар «альпинист аюлар» деп
атайды.
Жансезім ЖҰРАҚБАЕВА
№37 ЖОББМ 4 «г» сынып оқушысы
Орал қаласы
Ақнұр ТӨЛЕГЕН
Қараөзен мектеп-лицейінің оқушысы
Казталов ауданы
Білімді
баламыз
Мектепке барамыз,
Біз білім аламыз.
Әрқашан алдамыз,
Білімді боламыз.
Қарақат ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ
№1 ЖОББМ-нің
4 «а» сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
Нұрбек ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ
№ 3 ЖОББМ-нің
1 «в» сынып оқушысы
Жаңақала ауданы
Түлкі мен қоян (
ертегісі
Айнара МАХМЕТ№ 3
ЖОББМ-нің
1«в» сынып оқушысы
Жаңақала ауданы
Туған жер
Мен демалысымда өзімнің
туған
жерім
Шыңғырлау
аданының, Ақсуат ауылына
бардым. Ауылдың табиғаты
өте тамаша. Күн ыстық болған
кезде біз ауылдың маңындағы
үлкен Сарқырамаға барамыз.
Сарқыраманың суы өте тұнық,
таза, салқын. Бұлақ суының
емдік қасиеті бар дейді
аталарымыз. Мен ауылдың
табиғатын мақтан тұтамын.
Дильяра АЛМАҒАМБЕТОВА
№1 ЖОББМ-нің
4 «а» сынып оқушысы
Бөрлі ауданы