№№19-20 (251-252) 13 қазан 2016 жыл «Ұстаз аты – мәңгілік»


№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата13.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#19049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

№№19-20 (251-252)   13.10.2016 ж.

6

«Ата – ана салған дара жол...»

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

            Адам  өміріндегі  ең  қымбат  жанның  бірі  -  ұстаз. 

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі 

қоғам  қайраткерлері,  небір  данышпан  адамдар  -  бәрі-

бәрі  бір  адамға  қарыздар.  Ол  -  ұстаз.  Ұстазсыз  өмірдің 

нақты  тұтқасын  ұстау  мүмкін  емес.  Жан  дүниеңді 

түсінетін,  қиындық  кезінде  сүріндірмей  құтқаратын  ұстаз 

екені  анық,  өйткені  ол  диқан  сияқты.  Адамның  жанына 

ақыл,  білім  дәнін  сеуіп,  аялап,  көңілін  де  табады. 

            «Ұстаз»  деген  ардақты,  киелі,  үлкен  құрметпен 

айтылатын  сөз,  ол  өз  адамның  жастайынан  сауатын 

ашатын,  өнерге  үйретіп,  тәрбие  беретін    «Білім»    атты 

кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін адам! 

      Бүгінгі менің мақаламның кейіпкері – Сарсеновтер 

жанұясы. Бұл отбасыны «Ұстаздар жанұясы» - деп айтуға 

болады.    Отағасы  Серік  Жұбанұлы    Әбіш  негізгі  жалпы 

білім беретін мектебінің директоры, ардагер ұстаз,  қырық 

екі  жыл  өмірін мектепке арнап келеді. Жұбайы Уасила 

Қонажанқызы  бастауыш  сыныптарға  ұстаздық  етіп, 

қазіргі күнде зейнет жасында. «Ұстаздық еткен жалықпас, 

үйретуден балаға деп» - Абай атамыз айтқандай  ата – ана  

жолын  балалары да  жалғастырып келеді.  Атап айтсам, 

қыздары  Ғазиза  Үлкен  Шаған  ауылында  «Балдәурен» 

бөбекжайының  меңгерушісі,  Жазира  осы  бөбекжайда  

тәрбиеші,  Айнұр  Теректі  ауданындағы  Подстепныйдағы 

«Бәйтерек»    бөбекжайының    әдіскері,  бала  –  келіндері 

Абат  ұстаздық  жолда  жүре  отырып,  қазіргі  күнде  басқа 

салада  қызмет  атқарып  жүрсе,  келіні  –  Алтын  Орал 

қаласындағы «Өркен» бөбекжайының тәрбиешісі, баласы 

Абзал  Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің   дене 

тәрбиесінің  мұғалімі,    келіні  Ғалия  шағын  орталықтың 

тәрбиешісі.    Қырық  жылдан  бері  қол  ұстасып  ауылдың 

түтінін түтетіп жас ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырларын 

арнап  келе  жатқан  ел  ағасы  мен  ел  анасы  ұл-қыздары 

немере-жиендерімен үлкен шаңыраққа келсе бір марқайып 

қалады.  Қасиетті  қара  шаңырақтың  қаншалықты  қадірлі 

екенін балаларының бойына сіңіре білген, ауылдастарына 

сыйлы осы бір үлкен ұстаздар әулетін  ұстаздар күнімен 

құттықтап, бақ-береке тілеуді өзіме бақыт санадым. 

Үміткер ОРЫНҒАЛИЕВ

Әбіш ауылы, Казталов ауданы

Ұстаз – ұрпақ мақтанышы

Ұстаз  –  ұлағатты  есім.  Шәкірттерін  білім  нәрімен 

сусындатып,  тәлім-тәрбие  беру,  жақсы  қасиеттерді  бойына 

дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың 

еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде 

ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар 

қауымына құрмет арта бермек! 

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі 

артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, 

елдің  болашағы  –  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  де  мықты  көңіл 

бөлінуі  қажет.Осы  егеменді,  тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар  жолдың 

бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп 

сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің 

дана  ойдың  ыстық  лебі  есіп  тұрғандай.  Иә,  адамның  жан  дүниесін  түсініп, 

ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?

Бала  бойына  ата-анадан  кейінгі  ақыл-ой,  адамгершілік,  әдептілік,  ар-

ұят,  ұлттық  сана-сезімді  сіңіруші  адам  –  Мұғалім.  Ендеше  өз  ісіне  берілген, 

жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі 

де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем,- деп жүретін ұстаздардың 

жөні  де,    жолы  да  бөлек.  “Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға”  деп 

Абай  атамыз  айтқандай,  ұстаз  еңбегінің  қыр-сыры  мол,  қиын  да  жауапты, 

шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Мен бастауыш сыныпта оқып жүргенімде – ақ осы ұстаздық жолды таңдап, 

болашақта  өскенде  менде  ұстаз  боламын,  бала  тәрбиелеп,  білім  нәрімен 

сусындатамын деген ой туындады. Сол ойым өскенге дейін өзгермей, мектеп 

аяқтап, жоғарғы оқу  орнын таңдау болды. Сол кезде мен ойланбастан мұғалім 

болуды,  соның  ішінде  бастауыш  сынып  мұғалімі  мамандығын  таңдадым. 

Ұстаздық жолды таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын. Себебі, 

біз  ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да,  тілінен  бал  тамған  ақын  да, 

тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін 

төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, 

тәлім алған.

«Ұстаз – ұрпақ мақтанышы»,«Ұстаз болу – жүректің асылдығы» деген нақыл 

сөздермен  аяқтай  келе,  жүрекке  жылу  беретін,  бойға  күш-қуат  дарытатын 

ұстаздық  жолдың  қиында,  қызықты    кездерін  кешіп,әрі  қарай  жұмыс  істеуге 

талпындыратын шәкірттеріміз көп болсын. 

Майра ТӨЛЕБАЕВА  

№45 орта жалпы білім беретін мектебінің  

бастауыш сынып мұғалімі 

Орал қаласы

Алғыс айтамыз...

1  тамыз  бен  30  қыркүйек  аралығында  жылма-жыл  «Бақытты  балалық  шақ  мекені»  атты 

дәстүрлі республикалық «Мектепке жол»  акциясы өтіп келеді. Акция мақсаты-әлеуметтік жағынан 

қорғалмаған  отасы  балаларына  қолдау  көрсету  және  барлық  мектеп  жасындағы  балаларды 

міндетті орта біліммен қамтамасыз ету.

Кірісі  аз  және  көпбалалы  отбасылар  балаларына  көмек  көрсету,  оларды  мектепке  қажетті 

оқу құралдармен қамтамасыз етуге Шабдаржап ауылындағы Харькин орта жалпы білім беретін 

мектебі де өз үлесін қосып келеді. Ауыл бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылар 

анықталып, 22 балаға 67500 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, оқу-құралдар мен сөмкелер, киім-

кешектер берілді.

Осы  игі    шараға  ұйытқы  болып  жүрген  мектеп  ұжымынан  Б.Имангалиева,  Ә.Қайырғалиев, 

Б.Мұхамбетов,  «Степной»  орман  бөлімшесінің  басшысы  С.Жұмағалиев,  «Жігер»  шаруа 

қожалық иесі С.Құспанов, «Айберген» шаруа қожалық иесі М.Габдуллин, «Ерік» шаруа қожалық 

иесі  К.Сембаев,  «Сахи»  шаруа  қожалық  иесі  Б.Габдуалиев,  «Мирас»      шаруа  қожалық  иесі 

Ж.Кашимов, кәсіпкерлер С.Габдуллин, Т.Мұхамбетьяров, ауылдық фельдшерлік пункт қызметкері 

Н.Есқалиева,  ауыл  азаматтары  Ә.Нашанов,  Ж.Нашанов  және  Тайпақ  ауылынан  кәсіпкерлер 

М.Абишева мен М.Жангирова  ақшалай, заттай демеушілік жасады.

«Берсең  балаға  бер»  дегендей,  балаларды  зор  қуанышқа  бөлеген  қайырымды  жандарды 

қалай мақтасаң та жарасады. Оларға ата-аналардың да мектеп әкімшілігінің де алғысы шексіз.

 

Жемис  БИСЕНОВА

Харькин ОЖББМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Шабдаржап ауылы, Ақжайық ауданы

1- қазан – қарттар күні. Бұл күн - саналы ғұмырларын 

Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін 

салуға  жол  ашқан  алдыңғы  буын  ата-  әжелеріміздің  төл 

мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас 

қазына.  Халқымыз  қашанда  дария  көңіл,  кең  кеуде 

қарттарымен  мақтана  білген.  Ақсақалы  мен  ақ  шашты 

ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. 

Бүгінде  біздің  аталарымыз  бен  аналарымыз  да  сондай 

құрметтен  кенде  емес.  Орны  –  төр,  қатары  –  алдыңғы 

сапта.


Ата  -  ардақты  тұлға.  Иә,  «Әкеден  ұл  тусайшы,  ата 

жолын  қусайшы»  деп  халық  ұрпаққа  атаның  мұрасын 

жалғастыруды  уағыздайды.  Ата  ұрпағының  қайырымды, 

мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық 

іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге 

көрсетеді, өсиет айтады. 

Әже - ақ сүт берген аналардың анасы. Әже - әрқашан да 

балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, 

аялаушы,  тәрбиелеуші  басты  кісі.  Өмір  өрнектеріне, 

тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әже-

нің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп 

әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін 

салып  нәрестені,  бүлдіршін 

жасөспірімді тәрбиелейді. 

Осындай ардақты жандарға 

құрмет  көрсету  мақсатында 

Харькин  ОЖББ  мектебінде 

«Қарттарын  қадірлеген  ел 

ардақты»  атты  мерекелік  кеш 

ұйымдастырылды. 

Ата  –  әже,  мерекелеріңіз 

құтты болсын,

Жанұяңызға 

тек 


қана 

шаттық толсын, 

Немерелеріңіздің  өнерін 

тамашалап,

Жүздеріңізге 

көтеріңкі 

көңіл толсын!- деп басталған кеште 8-сынып оқушылары 

ата-әжелеріне өз өнерлерін көрсетті.   «Ана туралы жыр»,  

«Мен  қазақпын»    әндерін  Талапов  Бүркіт  Саясатұлы 

гитарамен әуелетіп шырқаса, бишілер тобы «Қара жорға»  

биімен  қазақтың  дархан  көңілін,  асқақ  арманын  білдірді.  

«Асыл әжем» әні Қанатова Диана мен  Азаматова Әсемнің 

орындауында  қарттардың  көңілінен  шықса,  Бірімжарова 

Камила, Оразова Фатима, Серікбаева Мадина,  Асылбекова 

Гүлжанаттың «Әжелерге арнау» сөзі әжелердің көзіне жас 

келтірді.  Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  арналып  көрініс 

көрсетілді. 

Ауылдағы  аталарымыздың  бірі  бірнеше  жыл  мал 

бағып,  шопан  болса,  енді  бірі  сол  малдың  азығын 

дайындап,  ауыл  шарушылығының  өркендеуіне  үлес 

қосқан тракторшы-механизатор, шофер болып еңбек етсе, 

ақ жаулықты әжелеріміз көпшілігі алтын, күміс алқа таққан 

батыр аналар. 

«Қарттары  бар  ел-  қазыналы  ел».Бабаларымыздың 

өнеге,  өсиеті  ұлдың  батыр,  қыздың  әдепті  болып  өсуіне 

ықпал етіп, ұрпақты ұлттық тұлға етіп  қалыптастырады.Ата-

әжелеріміз  балаларға  өздерінің  ақыл-өнегесін  айтып,  ақ 

батасын берді. Кеш соңында мерекелік дастархан жайылды. 



Ақмарал МЫРЗАҒАЛИЕВА

«Харькин ЖОББМ-нің  әлеуметтік педагогы

Ақжайық ауданы



жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау