18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылықтар. Әкімшілік жауаптылық



жүктеу 142,86 Kb.
бет9/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

26-тақырып.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар. Әкімшілік жауаптылық.

Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы мен негізгі белгілері.

Әкімшілік жауаптылықтың заңнамалық негіздері.

Әкімшілік жауаптылықтан босату.

Әкімшілік жауаптылық – заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен бірге заңды жауаптылықтың жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауаптылыққа сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.

Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналарға саяды:

1) Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де, немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.

2) Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.

3) Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.

4) Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.

5) Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы:атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар (судьялар) қолданылады.

6) Органдармен мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша әкімшілік жауаптылық жоғары тұрған органның, лауазымды адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен қызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жауаптылық шаралары (әкімшілік жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген жеріне келтірген зияны үшін және т.б.) қолданылуы да мүмкін.

7) Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды.Жазғы тартылған адам тағайындалған мерзімі өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлеріне айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшелігі, оның негізгі әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына – әкімшілік жазалар жатады.

Кінәлілер құқық бұзушылық жасаған уақыты мен орны бойынша күші бар заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яғни осы актілер шыққанға дейінгі жасалған құқық бұзушылықтарға да таратылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың үшін жауаптылық тағайындайтын немесе ауырлататын актілердің кері күші болмайды.

Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың:

а) адамдарға:

б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге және басқа ұйымдарға қолданылатын екі тармағы белгілі болып отыр.

Адамдардың әкімшілік жауаптылығын таағайындайтын акті Қазақ ССР-нің әкімшілік право бұзушылық туралы кодексі болып табылады. Ол 1984 жылғы 22 наурызда қабылданып, 1984 жылдың 1 қазаңынан бастап күшіне енгізілген.

Қазақ ССР-нің ӘПБтК-нің ерекшелігі сол, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді және де әкімшілік жазалар тағайындау туралы қаулыларды орындауды реттейтін нормалар оның құрамдас бөлігі болып табылады.

Сол 1984 жылдан бері бұл кодекске көптеген өзгерістер енгізіледі. Солар ескеріліп бұл кодекстің жаңа нұсқалары 1996 және 1998 жылдары орыс тілінде басып шығарылды. Ал қазақ тілінде оның өзгертілген нұсқалары шығарылмады.

Сөз болып отырған кодекс өте ескірді, біраз ережелері қазіргі кездегі қолданылып жүрген Конституцияға және басқа заңдарға сай келмейді.

Іс-әрекетімен өкінгендігін білдіруіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату.

Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейін келтірілген залалды өз еркімен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өзге де жолмен ретке келтірсе, судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда әкімшілік жауаптылықтан босату.

Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектеліп, әкімшілік жауаптылықтан босата алады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың елеусіздігі - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген санкцияның әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерінен асып кететіндігі немесе айыппұл сомасы бір айлық есептік көрсеткіштен аспағанда немесе әрекет әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін шартты түрде қамтитындығы, алайда елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіп туғызбайтындығы ескерілетін жағдайлар.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату.

Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - оны жасаған күннен бастап алты ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар, салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін, ал салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес

Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде, сондай-ақ қаржы мен бюджет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінің ережелері әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септігін тигізген және бұл туралы қылмыстық істі тергеу немесе сотта қарау барысында мәлім болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен мұндай құқық бұзушылыққа кінәлі адамға, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау мерзімінің барысы істі сот инстанцияларына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамына жіберген кезден, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілетті лауазымды тұлға әкімшілік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған уақыттан бастап тоқтатыла тұрады.

Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) кемшіліктерді жою үшін іс қайтарылған жағдайларда, қайтадан басталады.

Құқық бұзушының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Судьяның немесе уәкілетті органның әкімшілік іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге қарамастан, ол заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде босату.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде, егер ол әкімшілік жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкін.

Рақымшылық жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Парламенті жеке белгілі емес адамдар тобына қатысты шығарады.

Жағдайдың өзгеруіне, науқастануға байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруіне, нәтижесінде олар жасаған әрекет құқық бұзушылық болып танылмайтын болса, сондай-ақ әкімшілік жазаны орындауға кедергі келтіретін науқасына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату.

Осы Кодекстің 9-тарауында, сондай-ақ 195 (үшінші бөлігі), 420, 555-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен бітімгершілікке келгеннен кейін тоқтатылуға жатады.

Бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.

Қамау түріндегі жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату.

Қамау түріндегі жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқықты мойындайтын мінез-құлқы, әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін оны өтеуден мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Бұл ретте ол адам қосымша әкімшілік жаза түрін орындаудан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Мерзімінен бұрын босату адам тағайындалған қамау мерзімінің кемінде жартысын өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін. Қамау мерзімін нақты өтеу мерзімі екі күннен кем болмауы керек.

Қамауды өтеу кезеңінде қасақана қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ бұрын мерзімінен бұрын босатылған адамға мерзімінен бұрын босату қолданылмайды.




жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау