18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


-тақырып. Әкімшілік-мәжбүрлеу шаралары



жүктеу 142,86 Kb.
бет7/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

24-тақырып.

Әкімшілік-мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік-мәжбүрлеу шараларының өзіне тән белгілері, олардың әсер етудің басқа шараларынан айырмашылығы.

Әкімшілік-мәжбүрлей шараларының мақсаттары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары – негізінен, құқық бұзушылықтың алдын алуға немесе келеңсіз жағдайлардың туындауын болдырмауға бағытталған. Ал егер де құқық бұзушылық орын алған жағдайда, оның мақсаты – сол құқық бұзушылықты жою, тыйып тастау болып табылады. Тек содан кейін құқық бұзушыны жазалау қажеттілігінің туындауы мүмкін.

Бұл жерде әкімшілік жазалау тағайындау – құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады, ал ескерту, алдын алу, жедел тыю сипатындағы әкімшілік шаралар құқық бұзушылықтың болу-болмауына қарамастан қолданылады.

Жоғарыда аталған әкімшілік алдын алу шараларын қолдану, тұлғалардың өздеріне жүктелген құқықтық міндеттерді бұзу фактілеріне байланысты болады.

Бірақ, осыған орай айта кететін бір жәйт, қоғамдық немесе жеке мүдделерге қауіп төндіру не болмаса залал келтіру тек құқық бұзушылықтың салдарынан ғана емес, сонымен бірге төтенше жағдайлардың, табиғи дүлей апаттардың және т.б. негізінде пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекет алдын алу, ескерту шараларын құқықтық нормаларды бұзбаған, кінәлі емес тұлғаларға қолдануға мәжбүр болады.

Құзыретті органдар заңда көзделген жағдайларда жаңағы тұлғалардың құқықтарын шектейді. Мәселен, ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалардың белгілі бір санаттарына әкімшілік қадағалау белгілеумен айналысады.

Мемлекеттің осы қорғаштау шараларының басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңды міндеттерді орындаудан жалтаруды болдырмау және т.б. болып табылады. Демек, әкімшілік алдын алу шараларын колданудың негізі тек құқық бұзушылық емес, сонымен бірге адамның іс-қимылына байланысты немесе оған қатысы жоқ, заңда белгіленген айрықша жайлардың туындауы болып саналады. Осы жайларға аварияларды (апаттарды), су тасқындарын, індеттерді (эпидемияларды), жануарлар індетін (эпизоотияларды), өрттерді, қылмыстық іздестірулерді және т.б. жатқызуға болады.

Заңдарда атқарушы органдардың мынадай мәжбүрлеу шараларын: карантин, иеліктен алу (реквизиция), жүктерді мәжбүрлі тексеру және тағы басқаларын қолдану жөніндегі заңи-өктем уәкілеттіліктерін белгілеумен қатар осы шараларды жүзеге асыру тәртібі де айқындалады . Осыған орай әкімшілік алдын алу шараларына тән қасиет – олардың айқындалған алдын алу бағыт-бағдары деп тұжырымдауға болады.

Осы шараларды мемлекет тарапынан пайдалану кезінде зиянды, залалды, зардапты және қауіпті жағдайларды болдырмау, алдын алу, тыю жайлары ескеріледі, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды қорғау көзделеді. Жоғарыда айтылғанды тұжырымдасақ, әкімшілік-алдын алу шараларын құқықты шектеу сипатына және тікелей бағыттарына байланысты мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Тиісті субъектілердің өз міндеттерін орындаудан жалтаруларын болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар;

2. Қатерлі, зиянды, кейде өте ауыр жағдайлардың туындау қаупін болдырмау бағытында жүзеге асырылатын шаралар;

3. Әкімшілік теріс қылықтармен қоса қылмыстардың да алдын алуға бағытталған шаралар;

4. Қоғамдық қауіпсіздікті және тағы басқа жайларды қорғау, қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін емдеу-алдын алу сипатындағы шаралар.

Кейбір кездерде, қоғамдық қатынастарға тікелей кауіп төндіретін және зиян келтіретін кенеттен пайда болған құқық бұзушылықтарды яғни құқықтық әмірлі талаптарды бұзатын іс-қимылдарды шапшаң тыю мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен әкімшілік шапшаң тыю немесе тыйып тастау шараларын қолдану негіздері мыналар болып табылады: 1. құқық бұзушылық жасау; 2. нақты құқыққа қайшы әрекеттің жасалуы немесе құқыққа қайшы қатерлі жағдайлардың туындауы.

Осыған байланысты шапшаң тыю шаралары жедел және тиімді қолданылу қажеттілігімен шартталады. Реті келгенде осы шаралардың мына келесідей түрлерін атап өтейік: құқық бұзушыларды әкімшілік ұстау; ақаулы машиналар мен механизмдерді жүргізуге тыйым салу; санитарлық ережелерді бұзған кездерде дүкендердің немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыстарын тоқтатып тастау.

Қысқаша түқжырымдасақ, әкімшілік шапшаң тыю шараларының мәні азаматтардың, лауазымды тұлғалардың, кәсіпорындар мен мекемелердің және ұйымдардың белгіленген тәртіпті бұзатын құқыққа қайшы әрекеттері мен қызметтерін мәжбүрлі түрде тыйып, тоқтатып қою.

Әкімшілік тыйып тастау шаралары әралуан болғандықтан мына келесідей бірнеше түрлерге топтастырылады:

1. құқық бұзушының тікелей, жеке басына байланысты қолданылатын шаралар: әкімшілік ұстау (кідірту); полицияға әкелу; құқыққа сай емес әрекетті тоқтатуын талап ету; күш көрсету арқылы ықпал ету. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, айрықша немесе төтенше жағдайларда жеке басқа (тұлғаға) байланысты мына шаралар қолданылуы мүмкін: атылатын қаруды қолдану; қол кісендерін, су шашқышты, резеңке таяқшаларды, көзден жас ағызатын химиялық заттарды пайдалану.

2. құқық бұзушыға қолданылатын мүліктік сипаттағы шаралар: рұқсатсыз салынған немесе тұрғызылған үй-жайлар мен қора-қопсыларды бұзу (қирату); атылатын аңшылық қаруды тәркілеу;

3. дәрігерлік-санитарлық сипаттағы шаралар: санитарлық жағдайы нашар (төмен) қоғамдық тамақтандыру немесе сауда-саттық кәсіпорындарының жұмыстарын тоқтатып қою; жұқпалы ауруы бар деп табылған адамдарды жұмыстан шеттету;

4. техникалық сипаттағы шаралар: ақаулы көлік құралдарын жүргізуге тыйым салу; техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзған кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтатып қою; қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталмаған жағдайда көшелер мен жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу, құрылыс жұмыстарына шектеу қою немесе тоқтатып тастау;

5. лицензиялау-рұқсат беру қызметтерін жүзеге асыруға байланысты шаралар: лицензия беруден бас тарту; лицензия беруді тоқтатып қою немесе берілген лицензияның күшін жою (алып қою); лицензияланатын белгілі бір қызмет түріне лицензия беруден бас тарту;

6. қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға байланысты шаралар: бюджеттен қаржыландыруды қысқарту; қаржылық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны қайтып алу; несиелеуді тоқтату; қаржылық заңдарды, қаржылық тәртіптерді бұзу нәтижесінде кәсіпорындар мен ұйымдар тапқан сомаларды бюджет кірісіне мәжбүрлеп алып қою.

Әкімшілік тыйып тастау шаралары әкімшілік жауапкершілік шараларымен тығыз байланыста болады және көбінесе алдымен қолданылатындықтан әкімшілік жауапкершілікті іс жүзінде жүзеге асыруға жағдай туғызады.

Енді жиі қолданылатын кейбір әкімшілік шапшаң тыю шараларына қысқаша сипаттама берейік.

Әкімшілік ұстау (кідірту) шарасы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жүріс-тұрыстары мен бас бостандықтарын аз уақытқа шектеу түрінде қолданылады. Мысалы, үш сағат көлемінде, кейбір заңда көзделген аса қажет жағдайларда, үш тәулікке дейін болуы мүмкін . Сонымен әкімшілік ұстау тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана жүзеге асырылуға тиіс. Бірақ кейбір жағдайларда жүйкесі ауыратын ауруларды және жасөспірімдерді қоғамдық орындарда немесе өздеріне байланысты қауіп төндірілетіндіктен ешбір негізсіз, яғни құқық бұзушылық жасамаса да ұстауға болады.

Мына келесідей жағдайларда әкімшілік ұстауды жүзеге асыруға жол берілмейді:

1. әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту немесе айыппұл төлету түріндегі жаза белгілеуге негіз бар болған жағдайда;

2. әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты болған, жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтауға және хаттама жасауға мүмкіндік болған жағдайда;

3. әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы онша елеулі болмаған және оны басқа жолдармен тыюға болатын жағдайда.

Жеке басты тексеру және тауарлар мен жүктерді тексеру-тінту шаралары мына жағдайларда жүзеге асырылады:

1. тұлғаны әкімшілік құқық бұзушылық жасау үстінде немесе оны жасағаннан кейін ұстаған жағдайда;

2. техникалық бақылау құралдарының көрсетулері болған жағдайда;

3. көрген адамдардың нақты тұлғаны құқық бұзушы ретінде көрсетулері кезінде;

4. тұлғаның киімінде немесе заттарында қалдырылған іздер түріндегі құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда.

5. тексеру-тінту заңда тікелей көзделген жағдайда.

Әкімшілік тексеру-тінтуді жүзеге асырудың мәні азаматты не болмаса оның мүліктері мен заттарын мәжбүрлі түрде қарап тексеру барысында құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып табылатын құжаттар мен заттарды, сондай-ақ басқа да мүліктерді табу және алып қою, жеке бастың-тұлғаның кім екенін анықтау болып саналады.


жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау